Об изменении границ (черт) населенных пунктов Талгарского района Қолданыста
Басқа 0
Талғар ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес Талғар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Талғар ауданы елді мекендерінің шекаралары (шегі) ұсынылған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Алатау ауылдық округінің Байбұлақ ауылына жалпы көлемі 1,40 гектар, Береке ауылына жалпы көлемі 2,0 гектар, Қызыл-Қайрат ауылына жалпы көлемі 0,08 гектар, Рысқұлов ауылына жалпы көлемі 11,2328 гектар жер қосылсын.
Тармақша 2
2) Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылына жалпы көлемі 14,1063 гектар жер қосылсын.
Тармақша 3
3) Белбұлақ ауылдық округінің Белбұлақ ауылына жалпы көлемі 16,434 гектар, Бірлік ауылына жалпы көлемі 6,06 гектар жер қосылсын.
Тармақша 4
4) Бесқайнар ауылдық округінің Бесқайнар ауылына жалпы көлемі 1,13 гектар жер қосылсын.
Тармақша 5
5) Гүлдала ауылдық округінің Қайрат ауылына жалпы көлемі 41,77 гектар жер қосылсын.
Тармақша 6
6) Кеңдала ауылдық округінің Ақдала ауылына жалпы көлемі 3,9 гектар, Кеңдала ауылына жалпы көлемі 50,0 гектар жер қосылсын.
Тармақша 7
7) Көктөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылына жалпы көлемі 9,07 гектар, Бутаковка ауылына жалпы көлемі 1,70 гектар, Көлсай ауылына жалпы көлемі 2,40 гектар, Сұлусай ауылына жалпы көлемі 5,0 гектар жер қосылсын.
Тармақша 8
8) Нұра ауылдық округінің Нұра ауылына жалпы көлемі 144,8 гектар жер қосылсын.
Тармақша 9
9) Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылына жалпы көлемі 19,565 гектар жер қосылсын.
Тармақ 2
2. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына (Жұмағұлов Талғат Жапашұлына) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Талғар аудандық жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Тұрысбеков Рүстем Бейсенұлы
20 ақпан 2012 жыл
"Талғар ауданы сәулет және
қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Рысбеков Марат Тұқанұлы
20 ақпан 2012 жыл