О присвоении наименований улицам без названий в селе Коктума Ыргайтинского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ырғайты ауылдық округінің Көктұма ауылындағы атаусыз көшелерге ат беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық ономастика кеңесінің келісімі және Көктұма ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ырғайты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ырғайты ауылдық округіне қарасты Көктұма ауылының оңтүстік шығысында орналасқан жаңа көшелерге келесідей көше аттары берілсін: бірінші көшеге - Қабанбай батыр; екінші көшеге - Төле би; үшінші көшеге - Қазыбек би; төртінші көшеге - Ахмет Байтұрсынов; бесінші көшеге - Мағжан Жұмабаев; алтыншы көшеге - Дінмұхамед Қонаев; солтүстік батысында орналасқан бірінші көшеге - Әсет Найманбаев; екінші көшеге - Шәкәрім; үшінші көшеге – Абай.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ырғайты ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Мизамбаев Ермек Арынханұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.