О переименовании улиц в селе Маканчи Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақаншы ауылындағы көшелердің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мақаншы ауылының Береговая көшесі – Абикен Саржановтың атындағы көше, Тарбағатай көшесі – Орал Арғынбеков көшесі деп атаулары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы З. Семизбаевға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.