Об утверждении Правил отнесения категорий государственных служащих подразделений государственного экологического контроля уполномоченного органа в области охраны окружающей среды к должностным лицам, осуществляющим государственный экологический контроль Күшін жойған
Басқа 0
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 116-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті осы бұйрықты Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің назарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық органдардың назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 41-ө бұйрығымен бекітілген
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары, (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 116-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес әзірленген және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарына жатқызу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комитеттің және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарының санаттарына жатқызу мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам тағайындалған кезде анықталады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын жатқызу тәртібі
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын жатқызу тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
Комитет төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы және бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.