Об установлении охранной зоны и режима природопользования Чарынского государственного национального природного парка на территории Алматинской области Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысының аумағындағы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123–бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10, 18, 43, 48-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркін қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы облысының аумағындағы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер пайдаланушылар мен меншік иелерін жер учаскелерін алып қоймай, ені екі шақырымнан кем емес күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне күзет аймағының шекарасын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Облыс әкімі аппаратының заң,
мемлекеттік құқығы
бөлімінің меңгерушісі Руслан Төлендіұлы Қалиев
Алматы облыстық орман
және аңшылық шаруашылығы
аумақтық инспекциясының
бастығы Темірлан Болатұлы Мәмиев
Облыстық ішкі істер
департаментінің бастығы Халықұлы Жайлаубек
2012 жылғы 9 ақпан
Басқа 5
Облыс әкімдігінің
2012 жылғы 9 ақпандағы
"Алматы облысының аумағындағы
Шарын мемлекеттік ұлттық
табиғи паркінің күзет аймағы
мен табиғатты пайдалану режимін
белгілеу туралы N 23 қаулысына
қосымша
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағындағы
табиғатты пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (бұдан әрі-ұлттық паркі) күзет аймағында жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін дәстүрлі шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Ұлттық паркінің күзет аймағында мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік табиғи паркінің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;
Тармақша 3
3) жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін зәрлі улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізуге;
Тармақша 4
4) атмосфера және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
Тармақша 5
5) пайдалы қазбалар өндіруге;
Тармақша 6
6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
Тармақша 7
7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
Тармақша 8
8) Ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға;
Тармақша 9
9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлері жерсіндіруге;
Тармақша 10
10) Ұлттық парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Ұлттық парктің күзет аймағында оның экологиялық жүйесіне келеңсіз әсер етпейтін шаруашылық әрекеттің әр алуан түрлері жүзеге асуы мүмкін:
Тармақша 1
1) орман шаруашылық әрекеті;
Тармақша 2
2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның біріктігін қамтамасыз ету щеңберіндегі өзге де қызмет;
Тармақша 3
3) туристік және рекрециялық қызмет;
Тармақша 4
4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
Тармақша 5
5) кәсіпшілік және әуесқой (спорттық) балық аулау;
Тармақша 6
6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авияциялық жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 7
7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;
Тармақша 8
8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;
Тармақша 9
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
Тармақша 10
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, ұлттық парк қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кардондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.
Тармақ 4
4. Ұлттық паркінің күзет аймағында "Алматы облысының аумағындағы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы" облыс әкімдігінің қаулысына қосымшасының 3-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ ұлттық паркінің өзге де объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.