О взимании платы за использование особо охраняемых территорий Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Табиғат қорғау, орманды қалпына келтiру жұмыстар кешенiн жүргiзу мақсатында және Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 73, 77-баптары мен Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10, 29, 30-баптарының негiзiнде облыс Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ерекше қорғалатын аумақтарды ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациондық мақсатта пайдаланғаны үшін ақы мөлшерi (N 1 қосымша) белгiленсiн. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - Алматы облысы Әкімінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 6-125 шешімімен.
Тармақ 2
2. Iле Алатауы Мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi (Бегiмбетов А.), Алтын Емел Мемлекеттiк ұлттық паркi (Байдусенов Б.), Алматы, Талдықорған орман және аң шаруашылығы бiрлестiгi (Чукарин В.Д., Демесiнов А.) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын аумақтарға келу және оларды пайдалану ережелерiн жасасын және тиiстi орындарға бекiтуге тапсырсын.
Тармақ 3
3. Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланудан түсетін қаржы облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына, ал мемлекеттік парктер мен қорықтардан түсетін қаржы осы мекемелердің арнаулы есеп шоттарына жолдансын. 📌 ЕСКЕРТУ. 3 тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Әкімінің 1999 жылғы 7 маусымдағы N 6-183 шешімімен.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары В.П. Меренковқа жүктелсін. 📌 ЕСКЕРТУ. 4 тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Әкімінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 6-215 шешімімен.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын ұйымдастыру мен ақы алу тәртiбiн белгiлеу облыстық экономика басқармасына жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Шешiм әдiлет басқармасында тiркелуге жатады.
Басқа 7
Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы сәуiрдiң 2-гi N 4-131 шешiмiне қосымша 📌 ЕСКЕРТУ. N 1 қосымша күшін жойды - Алматы облысы Әкімінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 6-215 шешімімен.