О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 391 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтiк оқу жүктемесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 43, 389-құжат).
Тармақ 2
2. "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 89-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1261 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 606-құжат).
Тармақ 4
4. "Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 639-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 27-тармағы.