Об утверждении Правил учета отчетов и информации о постановке усыновленных детей на консульский учет Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидаларын бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 114-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі _____________ Е. Қазыханов 2012 жылғы «___» __________
Басқа 0. Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 114-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу тәртібі
2. Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу тәртібі
Тармақ 4
4. Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi (бұдан әрі – Министрлiк) уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 5
5. Министрлiк консулдық есепке алынған балалардың тізімдерін уәкілетті органға ай сайын ұсынады.
Тармақ 6
6. Бала асырап алу жөніндегі филиалдар және (немесе) өкілдіктер аумағында асырап алынған бала тұратын мемлекеттің құзыретті органы дайындаған баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену және денсаулық жағдайы туралы бала асырап алушылардың есептерін (бұдан әрі – есептер) уәкілетті органға беруді ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Бала асырап туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейінгі алғашқы үш жыл бойы есеп алты ай сайын ұсынылады. Кейіннен есептер жыл сайын ұсынылады.
Тармақ 8
8. Түскен есептерді уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдарына жеті жұмыс күні ішінде жібереді.
Тармақ 9
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдары есептерді кіріс хаттар журналында тіркейді және бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға (бұдан әрі – орган) есепке алу, тіркеу және сақтау үшін жеті жұмыс күні ішінде одан әрі жөнелтеді.
Тармақ 10
10. Орган асырап алынған баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену жағдайлары және денсаулық жағдайы туралы есепке алу журналына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді енгізу арқылы түскен есептерді есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.
Тармақ 11
11. Есептер асырап алынған балалар он сегіз жасқа толғанға дейін жеке үй-жайда (бөлмеде) асырап алынған балалардың жеке істерінде сақталады, кейіннен мұрағатқа тапсырылады.
Тармақ 12
12. Орган есептерге талдау жүргізеді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдарына түскен есептер туралы ақпаратты жарты жылда бір рет ұсынады.
Тармақ 13
13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдары ұсынылатын есептер туралы ақпаратты уәкілетті органға жарты жылда бір рет есептік кезеңнен кейінгі айдың бесінші күніне жібереді.
Басқа 0. Асырап алынған баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену және денсаулық жағдайы туралы есептерді есепке алу журналы
Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидаларына қосымша Нысан Асырап алынған баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену және денсаулық жағдайы туралы есептерді есепке алу журналы Ба­ла­ның асы­рап алын­ған­ға дей­ін­гі Т.А.Ә. Ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы сот ше­ші­мі шық­қан күн Қа­был­да­у­шы ата-ана­лар­дың Т.А.Ә. Қа­был­да­у­шы ата-ана­лар­дың тұр­ғы­лық­ты же­рі, ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны Асы­рап алын­ған ба­ла­ға тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын агент­тік ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Ба­ла асы­рап алу рә­сі­міне қа­ты­са­тын агент­тік өкі­лі асы­рап алын­ған ба­ла кәме­лет­ке толған­ға дей­ін есеп­тер­дің тү­су мер­зім­де­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ҚР аза­мат­та­ры бо­лып та­бы­ла­тын және ҚР ау­ма­ғын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ба­ла асы­рап алушы­лар үшін жы­лы­на бір рет Кей­ін­гі жыл­да­ры бар­лық асы­рап алушы­лар үшін жы­лы­на бір рет ҚР ау­ма­ғы­нан тыс жер­де тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ҚР аза­мат­та­ры үшін ба­ла асы­рап алу­дан кей­ін­гі бі­рін­ші жы­лы және ше­тел­дік­тер үшін – ал­ты ай сай­ын ҚР ау­ма­ғы­нан тыс жер­де тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ҚР аза­мат­та­ры үшін ба­ла асы­рап алу­дан кей­ін­гі екін­ші жы­лы және ше­тел­дік­тер үшін – ал­ты ай сай­ын ҚР ау­ма­ғы­нан тыс жер­де тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ҚР аза­мат­та­ры үшін ба­ла асы­рап алу­дан кей­ін­гі үшін­ші жы­лы және ше­тел­дік­тер үшін – ал­ты ай сай­ын