Об оплате труда работников, содержащихся за счет местного бюджета Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қызметкерлерге жалақы төлеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 01.08.2005 № 42 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентінің 6 қаңтар 2000 жылғы № 324 «Қазақстан Республикасы Президентінің 1 сәуір 1997 жылғы № 3436 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсаттарында:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалардың әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары өздерінің құрылымдары мен штат кестелерін Қазақстан Республикасы Президентінің 29 желтоқсан 1999 жылғы № 318 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері дәрежелерінің тізімдеріне сәйкестендірсін.
Тармақ 2
2. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын органдар 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, жалақы есептеуге кіріссін.
Тармақ 3
3. Қызметтік окладтар мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларды есептеу үшін үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 қаңтар 2000 жылғы № 123 Қаулысымен бекітілген 4600 теңге мөлшеріндегі базалық қызметтік оклад қабылдансын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің 21 сәуір 1997 жылғы № 1-32р өкімінің күші жойылсын.