Об утверждении Правил осуществления функций государства по опеке и попечительству Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 120-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 382 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және жергілікті атқарушы органдар арқылы кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары – бұл мақсаты өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың ерекше нысандарына мұқтаж азаматтардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау болып табылатын мемлекеттік саясат бағыттарының бірі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасыларға, баланы қабылдайтын кәсіби отбасыларға беруге, өздеріне қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат белгілеуге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, баланы қабылдайтын отбасыларда, баланы қабылдайтын кәсіби отбасыларда, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын білім беру/балалардың құқықтарын қорғау және денсаулық сақтау уәкілетті органдары, кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғау уәкілетті органдары (бұдан әрі – орган) арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 6-1
6-1. Кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мамандарының штат санының нормативі аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы балалар саны негізге алына отырып, бес мың балаға кемінде бір маман арақатынасында айқындалады.
Тармақ 7
7. Орган заңнамада белгіленген тәртіппен балалардың, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды:
Тармақша 1
1) баланың тұрғылықты жерін, ата-ананың баламен араласу және басқа адамдарда жүрген баланы айырып алу тәртібін, бала ата-анасының біреуімен республикадан тыс жерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін айқындауға, ата-ана құқықтарынан айыруға (оларды шектеуге) және оларды қалпына келтіруге, бала асырап алуға және оның күшін жоюға немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тануға, кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберуге байланысты, кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша, кәмелетке толмағанның әкесін анықтау және одан алименттер өндіріп алу туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз табыстарына өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша, кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация), әке болуды анықтау және баланы күтіп-бағуға пайыздық қатынаста немесе нақты ақшалай сомада алименттер өндіріп алу, алименттердің мөлшерін азайту, кәмелетке толмағандардың еңбек, тұрғын үй құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қарау кезінде сотқа қатысу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда кәмелетке толмағандардың тегін, атын қою немесе өзгерту мәселелерін шешу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 27-бабында көзделген істер бойынша, оның ішінде бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талап қоюларға бастама жасау;
Тармақша 4
4) егер балаға кері әсер етпесе, ата-ана құқықтарынан айырылған немесе құқықтары шектелген ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру;
Тармақша 5
5) баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының актісі негізінде сот шешімі қабылданғанға дейін баланы ата-анасынан немесе ол қамқоршылығында жүрген өзге адамдардан дереу айырып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) егер қорғаншылардың немесе қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, баланы қабылдайтын ата-аналардың, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің өз қамқорлығындағы баланың заңды мүдделерін білдіру бойынша әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қамқорлыққа алынушылардың мүдделеріне қайшы келетін болса не егер қорғаншылар немесе қамқоршылар қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырмаса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасылардағы, баланы қабылдайтын кәсіби отбасылардағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балалардың, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдардың заңды мүдделерін кез келген тұлғалармен қарым-қатынаста (оның ішінде соттарда) білдіру;
Тармақша 7
7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты мәселелер бойынша ата-аналар арасында келіспеушіліктерді шешу;
Тармақша 9
9) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға, олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін орындауына, сондай-ақ оларды үшінші тұлғалар тарапынан теріс пайдаланушылықтан қорғауға жәрдем көрсетуге келісім беру;
Тармақша 10
10) соттың жазбаша сұратуы негізінде бастапқы, орталықтандырылған есепте тұрған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпарат ұсыну;
Тармақша 11
11) кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру;
Тармақша 12
12) жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;
Тармақша 13
13) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру және патронаттық тәрбиеге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлемін тағайындау;
Тармақша 14
14) баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырап-бағуға ақшалай қаражат төлемін тағайындау;
Тармақша 14-1
14-1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасыға тәрбиелеуге беру және оларды асырап-бағуға ақшалай қаражат төлемін тағайындау;
Тармақша 15
15) жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау;
Тармақша 16
16) он жасқа толған баланың пікірін ескеру туралы қорғаншы және қамқоршы органның шешімін беру;
Тармақша 17
17) бала асырап алудың негізділігі және баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы комиссия қорытындысының негізінде сотқа баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты ұсыну;
Тармақша 17-1
17-1) баланы қабылдайтын кәсіби отбасылардың тұрғылықты жеріне оларға алдын ала ескертпей бару;
Тармақша 17-2
17-2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару жөніндегі, ал Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару мүмкін болмаған кезде – оларды отбасыға (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) тәрбиелеуге беру жөніндегі шараларды басым тәртіппен қабылдау;
Тармақша 18
18) кәмелетке толмағандардың, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдардың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 7-1
7-1. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдардың құқықтарды мен мүдделер қорғауды халықты әлеуметтік қорғау органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды отбасыға (қорғаншылық немесе қамқоршылық) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде – әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдарына беру арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Орган ата-ана қамқорлығынан айырылудың нақты жағдаяттарын негізге ала отырып, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу бойынша қызметті ұйымдастырады, олардың мүдделеріне сүйене отырып балаларды орналастыру нысандарын таңдауды және күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім алу жағдайларына кейіннен бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 8-1
8-1. Орган жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастырады.
Тармақ 9
9. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды отбасыға тәрбиелеуге (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырады.
Осы мақсаттарда орган:
Тармақша 1
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), асырап алуға, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына не аталған санаттағы балаларға арналған ұйымға орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оларды уақытша орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа, баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасыға, бала қонақтайтын отбасыға алуға, асырап алуға тілек білдірген азаматтардың есебін жүргізеді, іріктейді және оларды қажетті әдістемелік, психологиялық және заңдық көмек көрсету арқылы дайындайды;
Тармақша 3
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ оларды тәрбиелеуге үміткер адамдардың тұрмыс жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді;
Тармақша 4
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдар мүлкінің тізімдемесін жасайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарға және (немесе) өзге ұйымдарға жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдарға тиесілі мүлікке қатысты мәмілелер жасауға тыйым салу туралы хаттар жібереді;
Тармақша 6
6) қорғаншылықта немесе қамқоршылықта жүрген, патронаттық тәрбиеге, баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген не жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлкін басқаруды, сондай-ақ осы мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) қорғаншыға немесе қамқоршыға, патронаттық тәрбиешіге, баланы қабылдайтын ата-аналарға қамқорлыққа алынушының мүлкін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөніндегі мәмілелерді жасасуға немесе оның атынан кепілгерлік, тұрғын үйді жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу шартын, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартуына, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соғатын мәмілелерді жасасуға, сондай-ақ қамқорлыққа алынушы мүлкінің азаюына әкеп соғатын кез келген мәмілелерді жасасуға рұқсат береді;
Тармақша 8
8) осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген мәмілелерді жасасу нәтижесінде қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдаушы ата-ана алған қаражаттың қалай жұмсалатынын айқындайды;
Тармақша 9
9) қорғаншыларды немесе қамқоршыларды тағайындайды және оларға белгіленген үлгідегі анықтама береді;
Тармақша 10
10) қорғаншылықта және қамқоршылықта, патронатта жүрген және баланы қабылдайтын отбасына берілген жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды және төлейді;
Тармақша 10-1
10-1) баланы қабылдайтын кәсіби отбасыға берілген, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды және төлейді;
Тармақша 11
11) қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, баланы қабылдайтын ата-аналардың, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің қызметін, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін ұйымдарды бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 11-1
11-1) жылына бір реттен сиретпей ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттар мен мәліметтер алу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қамқоршыларды немесе қорғаншыларды, патронаттық тәрбиешілерді, қабылдайтын ата-аналарды, қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді Кодекстің 122-бабы 1-тармағының 5), 6), 7), 10), 11) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
Ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттар мен мәліметтерді алу мүмкін болмаған кезде оларды органға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, қабылдайтын ата-аналар, қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер ұсынуға міндетті;
Тармақша 12
12) қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, баланы қабылдайтын ата-аналардың, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
Тармақша 13
13) қорғаншыға немесе қамқоршыға, оның жұбайына немесе туыстарына, баланы қабылдайтын ата-анаға олар қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана болып тағайындалғанға дейін туындаған қамқорлыққа алынушылардың борыштарын төлеуге рұқсат береді;
Тармақша 14
14) қамқорлыққа алынушының тәрбиеленуіне және құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына жағымсыз әсер етпеуі шартымен қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлыққа алынушымен бөлек тұруына рұқсат береді;
Тармақша 15
15) қорғаншылардың, патронат тәрбиешілердің және баланы қабылдайтын ата-ананың алты айда бір реттен сиретпей, сондай-ақ баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің тоқсанына бір реттен сиретпей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баланың денсаулық паспортының көшірмелерін және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны тәрбиелеу, оны асырап-бағуға бөлінген ақшаның жұмсалуы және оның мүлкін басқару жөніндегі жұмыс туралы есептерді ұсынуын есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 15-1
15-1) кәмелетке толмаған тәрбиеленуші өзінің ата-анасына немесе асырап алушыларына қайтарылған, сондай-ақ Кодекстің 122-бабының 1 және 6-тармақтарында көзделген ережелер бұзылған жағдайда қамқоршыларды немесе қорғаншыларды, патронат тәрбиешілерді, қабылдайтын ата-аналарды, қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерін өз міндеттерін орындаудан босатады;
Тармақша 15-2
15-2) қорғаншының немесе қамқоршының, патронат тәрбиешілердің, қабылдайтын ата-аналардың, қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің бастамасы бойынша немесе дәлелді себептер (науқастануы, мүліктік жағдайының өзгеруі, қамқорлыққа алынушымен өзара түсіністіктің болмауы және басқалар) болған кезде өз бастамасы бойынша оларды өз міндеттерін орындаудан босатады;
Тармақша 16
16) қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, баланы қабылдайтын ата-аналар, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған жағдайларда, оның ішінде олар қорғаншылықта немесе қамқоршылықта пайдакүнемдік мақсатты көздеген не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған кезде оларды өз міндеттерін орындаудан шеттетеді және қажетті шаралар қабылдайды;
Тармақша 17
17) сотқа асырап алудың бала мүддесіне сәйкестігі туралы қорытындыны ұсынады;
Тармақша 18
18) жылына бір реттен сиретпей асырап алынған баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену жағдайлары және денсаулық жағдайы туралы есептерді талап етеді;
Тармақша 19
19) он жасқа толған баланың өзін отбасына орналастыруға, өзінің мүлкіне қатысты мәміле жасауға келісімін анықтайды және оған түсінікті түрде аталған рәсімдердің мәнін түсіндіреді.
Басқа 0
Мемлекеттің қорғаншылық
және қамқоршылық
жөніндегі функцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша
Нысан
Қамқоршының (патронат тәрбиешінің, баланы қабылдайтын ата-ананың) есебі
_______________________________________________________________
қамқоршының (патронат тәрбиешінің, баланы қабылдайтын ата-ананың) Т.А.Ә.
(бар болса), тұрғылықты мекенжайы
1. Қамқорлыққа алынушы туралы мәліметтер ___________________________________
(қай уақыттан бастап отбасыда жүр, онда жүру себептері)
2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары, тұрғын үйдің сипаты
___________________________________________________________________________
(тұрғын үй кімге тиесілі)
3. Отбасындағы өзара қарым-қатынас __________________________________________
4. Қамқорлыққа алынушының бөлмесінің, бұрышының болуы______________________
5. Қамқорлыққа алынушының жеке жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің болуы
___________________________________________________________________________
(оның жай-күйі, жылжымайтын мүліктің қамқоршысы кім болып табылады,
егер бар болса, қамқорлыққа алынушының тұрғын үйінде кім тұрады)
6. Қамқорлыққа алынушының ерекшеліктері:
1) білімі: жетістіктері, проблемалары ___________________________________________
(бала қандай қосымша білім беру мекемелеріне баратынын көрсету);
2) денсаулық жағдайы: физикалық дамуы, проблемалар, қабылданған шаралар, жыл сайынғы медициналық қаралудан өтуі.
7. Қамқорлыққа алынушының табысы туралы мәліметтер
Табыс түрі
Сомасы, ай сайын
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Алименттер
Қамқорлыққа алынушыны асырап-бағуға берілетін жәрдемақы
Ай сайынғы сақтандыру төлемдері
Мұраға қалған немесе сыйға берілген ақша қаражаты
Тұрғын үй алаңын жалға беруден түсетін табыстар
Тармақ 8
8. Қамқорлыққа алынушының шығыстары туралы мәліметтер
Табыс түрі
Сомасы
Күні
Есептік кезеңде азық-түлік сатып алу
Киім-кешек, аяқ киім сатып алу
Гигиена құралдарын, бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу
Дәрі-дәрмектер, күтіну құралдарын сатып алу
Тұрмыстық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу (киім-кешекті, аяқ киімді жөндеу)
Ұзақ уақыт пайдаланатын тауарлар сатып алу (нақты не екенін көрсету)
Ай сайынғы салымдар (білім алуға, ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларға)