О проведения тендера по государственной закупке оргтехники Күшін жойған
Басқа 0
Оргтехниканы мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 01.10.2003 № 51 шешімімен.
Ауылдық округ, поселке әкімдері аппаратын оргтехникамен қамтамасыз ету, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезеңінде облыстық бюджетті тиімді жұмсау мақсатында:
Тармақ 1
1. Мына құрамда оргтехниканы сатып алу жөнінен облыстық конкурстық комиссия құрылсын:
Громов С.Н. - облыс әкімінің бірінші орынбасары, төраға.
Қыдырбаев Ә.Б. - облыс әкімі аппаратының басшысының орынбасары,
төраға орынбасары.
Ендібаев А.Ж. - облыс әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі департаменті бастығының орынбасары.
Құрбанов А. - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚСжАО бағдарламалық-
техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
(келісімі бойынша).
Кенжебаев С.О. - облыс әкімі аппаратының әкімшілік-техникалық қызмет басшысы.
Әмзеев Н.Т. - облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің
бас маманы - заң кеңесшісі.
Қаржауов К. - облыс инфрақұрылым және мемлекеттік сатып алу департаментінің
бас маманы.
Сковородин С.Л.- облыс әкімі аппараты әкімшілік-техникалық қызметінің бас маманы,
хатшы.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - облыс әкімінің 2001 жылғы 21 қарашадағы N 224 шешімімен.
Тармақ 2
2. Конкурстық сатып алуды ұйымдастыру және облыстық конкурстық комиссияға керекті материалдарды дайындау облыс әкімі аппаратының әкімшілік-техникалық қызметіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметті жеткізіп берушілерге, оргтехника сатып алу бойынша тендерге конкурстық тапсырыстарды дайындау жөнінен нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ауылдық округ, поселке әкімдері аппараттарына оргтехниканы бөліп беру жұмыстары облыс әкімі аппаратының жетекшісі К. Махамбетовке жүктелсін.
Басқа 5. Конкурстық өтінімдерді әзірлеу және ұйымдастыру техникасын сатып алу бойынша конкурс өткізу үшін ықтимал жеткізіп берушілерге арналған
НҰСҚАУЛЫҚ
Облыс Әкімінің
2000.04.07.
N 132 шешімімен бекітілген
Конкурстық өтінімдерді әзірлеу және ұйымдастыру техникасын сатып алу бойынша конкурс өткізу үшін ықтимал жеткізіп берушілерге арналған
НҰСҚАУЛЫҚ
Конкурстық өтінімдерді әзірлеу және ұйымдастыру техникасын сатып алу бойынша конкурс өткізу үшін ықтимал жеткізіп берушілерге арналған НҰСҚАУЛЫҚ /әрі қарай - нұсқаулық/ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.12.1998 жылғы 1268 санды қаулысымен бекітілген "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулығына" сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1-тарау. Кіріспе
1-тарау. Кіріспе
Тармақ 1
1. Конкурстың пәні
Тармақша 1
1) Ұйымдастыру техникасын сатып алу бойынша ашық конкурс өткізу туралы бұл нұсқаулық ықтимал жеткізіп берушілерге олардың конкурсқа қатысуы туралы толық ақпарат беру мақсатында әзірленді.
Тармақша 2
2) Конкурс Оңтүстік Қазақстан облысының поселкелері мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қажеттілігі үшін ұйымдастыру техниканы жеткізіп берушіні анықтау үшін жүргізіледі.
Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің толық тізімі осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген.
Тармақша 3
3) Конкурстың ұйымдастырушысы Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты болып табылады.
Тармақ 2
2. Төлемнің базалық шарттары мен қаржыландырудың көздері.
Тармақша 1
1) Осы мемлекеттік сатып алу үшін тапсырыс беруші облыстық қаржы басқармасы арқылы қаржыландыратын, жергілікті бюджет қаражатын пайдаланады.
Тармақша 2
2) Төлемнің базалық шарттары: тауарлардың ақысы келесі шарт бойынша төленеді - қаржы жылының соңына дейін осы мақсатқа бюджет қаражатының лимиті бөлінгенге қарай.
Тармақ 3
3. Ықтимал жеткізушілердің құқықтылығы және біліктілігі.
Конкурсқа оргтехниканы жеткізумен айналысатын, Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген, тек отандық ықтимал жеткізіп берушілер жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін ықтимал жеткізіп беруші Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес келесі біліктілік талаптарын қанағаттандыруы тиіс:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа сәйкес мiндеттемелерiн орындауы үшiн кәсiптiк құзыретi, тәжiрибесi, беделi, сондай-ақ қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуға;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлетi болуға;
Тармақша 3
3) төлем қабiлетi болуға, таратуға жатпауға тиiс, мүлкi алып қойылмауға тиiс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтатылмауға тиiс;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысуға өтiнiм берген кезде және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан кезде бюджетке салық және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындауға тиiс.
Тармақ 4
4. Орындалуы тиіс, ілеспе қызмет көрсетулер. Ықтимал жеткізіп берушілер төмендегі қызметтерді көрсетулері керек:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші мен оның өкілдері тауарларды техникалық ерекшеліктеріне сәйкестігін растау үшін оларды бақылау мен сынауды өткізеді.
Тармақша 2
2) Сынауға кеткен шығындардың барлығын жеткізіп беруші көтереді.
Тармақша 3
3) Жеткізіп беруші тауарларды ықтимал жеткізіп берушілерге арналған нұсқаулықтың 1 қосымшасында көрсетілген жерге дейін жеткізіп беруі тиіс.
Тармақша 4
4) Тауарларды жеткізіп берудің жеріне дейінгі тасымалдауды жеткізіп беруші жүзеге асырады және төлейді, ал осыған байланысты шығындар Шарттың бағасына кіргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурстық құжаттама
2-тарау. Конкурстық құжаттама
Тармақ 5
5. Конкурстық құжаттаманың мазмұны. Конкурстық құжаттамаға конкурсты өткізу туралы хабарландырудан басқа мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) Осы Нұсқаулық;
Тармақша 2
2) Сатып алатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі /1-қосымша/;
Тармақша 3
3) Конкурсқа қатысу өтінішінің нысаны (2-қосымша);
Тармақша 4
4) Ықтимал жеткізіп берушінің біліктілігі туралы мәліметтер нысаны /3-қосымша/;
Тармақша 5
5) Бағалар кестесінің нысаны /4-қосымша/;
Тармақша 6
6) Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны /банктік кепіл, 5-қосымша/;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуының қамтамасыз етілуі /банктік кепіл, 6-қосымша/.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық құжаттамада және оған толықтыруларда қамтылған барлық нұсқауларды, нысандарды, шарттар мен техникалық сипаттамаларды зерделеуге тиіс. Конкурстық құжаттамада сұратқан ақпаратты толық бермеу немесе конкурстық құжаттаманың барлық талаптарына сай келмейтін конкурстық өтінімді беру ықтимал жеткізіп беруші үшін тәуекел болып табылады және оның конкурстық өтінімін конкурстық комиссияның қабылдамай тастауына әкеп соғуы мүмкін.
Ықтимал жеткізіп беруші өзінің конкурстық өтінімін әзірлеуге және беруге байланысты барлық шығындарды көтереді. Конкурсты ұйымдастырушы, тапсырысшы және конкурстық комиссия конкурсты жүргізудің сипатына немесе нәтижелеріне қарамастан осы шығындар бойынша міндеттемелерді көтермейді.
Тармақ 6
6. Конкурстық құжаттамаларды түсіндіру.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық құжаттама ережелеріне түсіндірме беру туралы сауал салуға құқылы, бірақ ол конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейінгі 10 күннен кешіктірілмеуі керек.
Тармақ 7
7. Конкурстық құжаттамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Тармақша 1
1) Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінім берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің жеке бастамасымен не қандай да бір ықтимал жеткізіп берушінің тарапынан түскен түсіндірме беру туралы сауалға жауап ретінде толықтыру шығару арқылы конкурстық құжаттаманы өзгертуге құқылы.
Тармақша 2
2) Конкурсты ұйымдастырушы бұл толықтыруды конкурстық құжаттаманы берген барлық ықтимал жеткізіп берушілерге дереу хабарлайды және олардың мұндай ықтимал жеткізіп берушілерге дереу хабарлайды және олардың мұндай ықтимал жеткізіп берушілер үшін міндетті күші болады, бұл орайда конкурстық өтінім берудің мерзімі осындай соңғы толықтырулар туралы ықтимал жеткізіп берушілерге хабарланған күннен бастап есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Конкурстық өтінім
3-тарау. Конкурстық өтінім
Тармақ 8
8. Конкурстық өтінімнің тілі.
Ықтимал жеткізіп беруші дайындаған конкурстық өтінім, сондай-ақ конкурстық өтінімге қатысты корреспонденция мен құжаттардың барлығы, осы конкурстық құжаттама жасалған тілде әзірленіп, ұсынылады.
Тармақ 9
9. Конкурстық өтінімнің мазмұны.
Ықтимал жеткізіп беруші дайындаған конкурстық өтінім 2-қосымшаға сәйкес келесі құрамнан тұруы тиіс:
Тармақша 1
1) Конкурсқа қатысу туралы өтінім;
Тармақша 2
2) Ықтимал жеткізіп берушінің құқылылығы мен біліктілігін дәлелдейтін құжаттар;
Тармақша 3
3) Тауарларды сатып алуға жарайтындығын және олардың конкурстық құжаттарға сәйкес екендігін дәлелдейтін құжаттар;
Тармақша 4
4) Бағалар кестесі;
Тармақша 5
5) Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Конкурстық өтінімге қол қоюға және конкурстық комиссия отырысына қатысуға сенімхат.
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысу өтінімінің нысаны.
Ықтимал жеткізіп берушілердің конкурстық өтінімінің нысаны 2-қосымшада көрсетілген және қатаң түрде соған сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 11
11. Конкурстық өтінімнің бағалар кестесі.
Ықтимал жеткізіп беруші 4-қосымшаға сай нысанындағы бағалар кестесінде және өзінің конкурстық өтініміне сәйкес, жеткізіп беруге ұсынып тауарлардың бірлігі үшін бағасын, жалпы бағасын көрсетеді.
Тауарлар бағасына, өзіндік құнынан басқа мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) Осы нұсқаулықтың 1-қосымшасында айтылған, тауарларды жеткізіп беру жеріне дейінгі тасымалдау шығындары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген барлық салықтар, баждар және басқа да міндетті төлемдер мен алымдар.
Ықтимал жеткізіп беруші ұсынған бағалар, мемлекеттік сатып алу туралы шарт орындалып болған мерзімге дейін қатаң түрде сақталып, ешқандай жағдайда өзгертілмеуі тиіс.
Тармақ 12
12. Конкурстық өтінімнің және төлемнің валютасы.
Тармақша 1
1) Отандық ықтимал жеткізіп берушілердің конкурстық өтінімдерінің бағасы теңгемен көрсетілуі тиіс.
Тармақша 2
2) Отандық жеткізіп берушілерге нақты төлем теңге түрінде облыстық қаржы басқармасының бюджет қаржысының лимитін бөлуіне байланысты жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Ықтимал жеткізіп берушінің құқықтылығы мен біліктілігін растайтын құжаттар тізбесі:
Тармақша 1
1) ұйым бланкісінде жасалған кәсіби білімі, тәжірибесі, беделі, мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілетін міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары барын растайтын, бірінші басшының қолы қойылған хат;
Тармақша 2
2) құрылтай құжаттарының, шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелгені туралы куәліктің және статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 3
3) ықтимал жеткізіп берушінің қаржылық жай-күйі туралы банктің анықтамасы. Бұл анықтама конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннің алдындағы ай бойынша табыс етіледі;
Тармақша 4
4) ықтимал жеткізіп берушінің салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындағандығы туралы тиісті салық органының анықтамасы. Бұл анықтама конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннің алдындағы ай бойынша табыс етіледі.
Тармақ 14
14. Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сатып алуға жарамдылығын растайтын құжаттардың тізбесі және олардың тізбесі және олардың конкурстық құжаттарға сәйкестігі.
Конкурсқа қатысу үшін ықтимал жеткізіп берушілер, тауарлардың сатып алуға жарамдылығын растайтын және олардың конкурстық құжаттамаларға сай екендігін дәлелдейтін келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) Сатып алынатын тауарлардың техникалық және сапалық сипаттамалары;
Тармақша 2
2) Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктері;
Тармақша 3
3) Тауарларға кепілдік мерзімі кезінде және одан кейін қызмет көрсету.
Тармақ 15
15. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық өтінімді қаржымен, банктік кепілдікпен, мүліктік кепілдік немесе ықтимал жеткізіп беруші жеткізіп беретін тауардың жалпы құнының 5 пайызы мөлшерінде құнды қағаздармен қамтамасыз етеді, олардың іске асу мерзімі конкурстық өтінімнің іске асу мерзімінен кем болмауы керек.
Конкурстық өтінімді қамтамсыз етуге ақша қаражаты конкурсты ұйымдастырушының /облыс Әкімі Аппаратының/ есепшотына конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін аударылады. Конкурстық өтінімді банктік кепіл ретінде қамтамасыз ету 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурстық өтінімді мүлік және бағалы қағаздар кепілі түрінде қамтамасыз ету, егер ықтимал жеткізіп беруші конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін барлық қажетті құжаттарды конкурсты ұйымдастырушымен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рәсімдеген болса, енгізілген болып есептеледі. Конкурстық өтінімді ақша қаражаты, мүлік және бағалы қағаздар кепілі түрінде қамтамасыз ету, конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанша ықтимал жеткізіп берушінің конкурс ұйымдастырушымен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлық қажетті құжаттарды нотариалды түрде рәсімдеген жағдайда, жүзеге асырылды деп есептеледі.
Барлық қамтамасыз етілмеген конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссия конкурс талабына сай еместігі ретінде қабылдаудан бас тартады.
Конкурсты ұйымдастырушы енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің ықтимал жеткізіп берушіге:
Тармақша 1
1) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі өтіп кеткен;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алу рәсімдері конкурс жеңімпазы анықталмай тоқтатылған;
Тармақша 4
4) конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінім кері қайтарып алынған;
Тармақша 5
5) басқа ықтимал жеткізіп беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайларда қайтарады.
Конкурстық өтінімді қайтарып беру жоғарыда аталған жағдайлар пайда болған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде қайтарылады. Конкурс жеңімпазының конкурстық өтінімді қамтамасыз етуін мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартты қамтамасыз ету жүзеге асырылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал жеткізіп беруші енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді, егер ықтимал жеткізіп беруші:
Тармақша 1
1) конкурстық өтінім табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алған немесе өзгерткен;
Тармақша 2
2) конкурс жеңімпазы деп танылып, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаған;
Тармақша 3
3) конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, егер осындай қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада талап етілсе, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін енгізбеген кездерде қайтарылмайды.
Тармақ 16
16. Конкурстық өтінімнің іске асу мерзімі.
Барлық ықтимал жеткізіп берушілердің конкурстық өтінімдерінің іске асу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап 45 күннен кем болмауы тиіс.
Тармақ 17
17. Конкурстық өтінімді рәсімдеу және қол қою.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық сұранымның түпнұсқасы мен көшірмесін "Түпнұсқа" және "Көшірме" деп көрсетіп тапсыруы қажет.
Конкурстық өтінімнің түпнұсқасы мен барлық көшірмелері басып шығарылуы немесе жуылып кетпейтін сиямен жазылуы және ықтимал жеткізіп берушінің қолы қойылған болуы тиіс. Қатарлар арасында ешқандай қыстырмалар мен жөндеулер болмауы тиіс.
Тарау 4. 4-тарау. Конкурсқа қатысу үшін
конкурстық өтінім беру
4-тарау. Конкурсқа қатысу үшін
конкурстық өтінім беру
Тармақ 18
18. Конкурстық өтінім бар конверттерді желімдеп жабу және талдау.
Ықтимал жеткізіп беруші конкурстық өтінімнің түпнұсқасы мен көшірмесін жеке-жеке конверттерге салып желімдеп, тиісінше оларды "түпнұсқа" және "көшірме" деп белгілеуі тиіс. Ол конверттерде ықтимал жеткізіп берушінің атауы мен мекен-жайы көрсетілуге, сонан-соң конверттер сыртқы конверттерге салынып жабылуы тиіс.
Тармақ 19
19. Конкурстық өтінімді табыс ету орны және соңғы мерзімі.
Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға мына мекен-жайға ұсынылады: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 6-үй, 2000 жылдың 2 мамыры сағат 18.00-ге дейін.
Тармақ 20
20. Конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін табыс етілген конкурстық өтінімдер.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушыларға келіп түскен барлық конкурстық өтінімдер қабылданбайды, ашылмайды және оларды ұсынған ықтимал жеткізіп берушілерге қайтарылады.
Тармақ 21
21. Конкурстық өтінімдердің өзгерістері және оларды кері қайтарып алу.
Ықтимал жеткізіп беруші, өзі енгізген өзінің конкурстық өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімдерін өзгерте алады немесе кері қайтарып ала алады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама, егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады.
Тармақ 22
22. Конкурстық өтінімдерді табыс ету.
Конкурстық өтінімдерге конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ешқандай өзгеріс енгізілмеуге тиіс.
Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі мен конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімінің аяқталуы күні аралығында конкурстық өтінімдерді кері қайтарып алуға тыйым салынады.
Тарау 5. 5-тарау. Конкурстық өтінімдерді
ашу және бағалау
5-тарау. Конкурстық өтінімдерді
ашу және бағалау
Тармақ 23
23. Конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді ашуы.
Конкурстық комиссия, конкурстық өтінім конверттерін барлық келген ықтимал жеткізіп берушілердің қатысуымен 2000 жылдың 11 мамырында сағат 11.00-де Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 үй мекен-жайында ашады.
Тармақ 24
24. Конкурстық өтінімдерді алдын ала зерделеу және бағалау.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейін 10 күнге дейін олардың мазмұнымен танысуға, сырттан компьютер техникасы саласындағы мамандарды ықтимал жеткізіп берушілердің оргтехникасына анықтама беруге тартуға құқылы.
Тармақ 25
25. Ықтимал жеткізіп берушілердің қойылатын талаптарға сәйкес келуін бағалау тәсілдері мен өлшемдері.
Конкурстық комиссия Заңның 10-бабы 1-тармағында айтылған, ықтимал жеткізіп берушінің біліктілік талаптарына сай келуін қарайды.
Тармақ 26
26. Конкурстық өтінім бағасын ортақ валютаға аудару.
Ықтимал жеткізіп берушілердің конкурстық сұранымдарындағы тауарлардың бағалары шет ел валютасында көрсетілсе, олар Қазақстан Республикасы валютасына ҚР Халықтық банкісінің конверттер ашылған күніндегі өлшеміне сай аударылады.
Тармақ 27
27. Конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді заңға, тәртіпке және осы нұсқаулыққа сәйкес бағалайды, салыстырады және бағаның төменгі критерийлерін ескере отырып, ең төменгі баға негізінде жеңімпаз конкурстық өтінімді анықтайды:
Тармақша 1
1) конкурстық өтінімдерде ұсынылған жеткізілім, жұмыстарды аяқтау және қызмет көрсету мерзімдері;
Тармақша 2
2) конкурстық өтінімдерде ұсынылған төлем шарттары;
Тармақша 3
3) конкурстық өтінімдерде ұсынылған тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге кепілдік шарттары;
Тармақша 4
4) тауарға байланысты пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындар;
Тармақша 5
5) ұсынылған жабдықтың пайдалану сипаттамасы және өнімділігі;
Тармақша 6
6) отандық ықтимал жеткізіп берушілерді және тауар өндірушілерді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау.
Тармақ 28
28. Басымдылық беру шарттары.
Ұйымдастыру техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурсты ұйымдастыруда конкурсты ұйымдастырушы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу үшін жалпы сатып алу көлемінен 10 пайызға дейін көлемді резервтеуді қарастырады.
Ұйымдастыру техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурсты ұйымдастыру барысында кәсіпкерлік субъектілерден конкурстық өтінім келіп түспеген жағдайда ұйымдастырушы заңда қарастырылған тәртіп бойынша жалпы негіздерде сатып алуды жүргізуге құқылы.
Отандық ықтимал жеткізіп берушілер мен тауар өндірушілер, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері ұтқан конкурстық өтінімдерді айқындаған кезде, егер Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген тауарлар бойынша жергілікті еңбек, шикізат және өндіріс ресурстарын пайдалану құндық көрінісінде олардың құнының кемінде 50 пайызын құраса, басымдыққа ие болады. Конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтінімдердің бағасын шартты түрде 10 пайызға кемітеді.
Тарау 6. 6-тарау. Жеңген конкурстық өтінімді
анықтау және шарт жасасу
6-тарау. Жеңген конкурстық өтінімді
анықтау және шарт жасасу
Тармақ 29
29. Жеңген конкурстық өтінімді анықтау.
Конкурстық өтінім жеңімпазын анықтау Заңға, Тәртіпке және осы нұсқаулыққа сәйкес әрбір конкурстық өтінімнің жалпы шартты бағасын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Шартты бағасы біршама төмен конкурстық өтінім жеңімпаз деп танылады.
Екі немесе бірнеше конкурстық өтінімнің шартты бағасы тең болған жағдайда эксплуатациялық сипаттамалары мен өнімділігі біршама жоғары тауар ұсынушының конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылады.
Конкурс қорытындысы Заңға және Тәртіпке сәйкес рәсімделеді.
Тармақ 30
30. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт конкурстың жеңімпазымен конкурстық өтінімі жеңді деп танылғаннан кейін 3 күн ішінде жасалады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюшы тараптар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа конкурс жеңімпазы және жеңімпаздан кейінгі артықшылықты ықтимал жеткізіп беруші анықталған шарттардан өзгеше әлдеқандай өзгерістер енгізуге құқылы емес.
Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт оны тапсырыс беруші қазыналық органда тіркеуден өткізгеннен кейін және жеткізіп беруші келісім шартты толық қамтамасыз еткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылған кезден бастап 10 күн ішінде жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттың орындалуына банктік кепіл, мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттың жалпы сомасына 5 пайыз көлемінде ақша қаражаттарын, мүлік немесе бағалы қағаздарды кепілге қалдырады.
Келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ететін ақша қаражаттарын жеткізіп беруші конкурсты ұйымдастырушының есеп шотына аударады. Банктік кепіл түрінде келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз ету осы нұсқаулықтың 6 қосымшасына сәйкес нысанда рәсімделеді.
Тапсырыс беруші өнім жеткізіп берушінің осы шарт бойынша міндеттемелерін толық және дұрыс орындап біткен сәттен бастап 5 күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуына енгізген қамтамасыз етуін қайтарып береді. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету егер жеткізіп беруші:
Тармақша 1
1) тауарларды жеткізіп беру мерзімін бұзса;
Тармақша 2
2) сапасыз тауар жеткізіп берсе;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарын бұзса.
Басқа 99
1-қосымша
N Тапсырыс Тауарлардың Тауарлардың Өлшем Өлшем Тауарды Тауарды
берушінің қызметтердің қысқаша бірлігі бірлігінің жеткізу жеткізіп
атауы атауы сипаттамасы саны мерзімі беру
/қажеттілік орны
көлемі/
Тауарлар мен қызмет көрсетулердің толық сипаты техникалық ерекшелігінде көрсетіледі.
Конкурс ұйымдастырушының басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы.
Басқа 100. Конкурсқа қатысуға өтінім
2-қосымша
Кімге ____________________________________________________________
конкурсты ұйымдастырушының атауы
Кімнен ____________________________________________________________ ықтимал жеткізіп берушінің атауы
Конкурсқа қатысуға өтінім
___________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап, оның алынғандығы осымен куәландырылады,__________________________________
___________________________________________________________________,
(ықтимал жеткізіп берушінің атауы)
мына тауарлардың жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер жеткізілімін жүзеге асыруды ұсынады:____________________________________________
___________________________________________________________________
(тауардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің егжей-тегжейлі
Тармақша сипаттамасы
сипаттамасы)
конкурстық құжаттамаға сәйкес, жалпы сомасы _______________________
___________________________________________________________________
(цифрлармен және жазумен)
Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:
1.________________________________________________________________
Тармақ 2
2.________________________________________________________________
Тармақ 3
3.________________________________________________________________
Тармақ 4
4.________________________________________________________________
Тармақ 5
5.________________________________________________________________
Тармақ 6
6.________________________________________________________________
7.________________________________________________________________
Тармақ 8
8.________________________________________________________________
Тармақ 9
9.________________________________________________________________
Тармақ 10
10._______________________________________________________________
Біз біздің конкурстық өтініміміз ұтып шыққан деп танылған ретте, тауарлар жеткізілімін (жұмыстар орындау, қызмет
Тармақша көрсету
көрсету)___________ күн
(жазумен)
ішінде бастауға және осы конкурстық өтінімде көрсетілген барлық тауарлардың жеткізілімін (жұмыстар орындау, қызмет көрсету), біздің конкурстық өтінімімізді ұтып шыққан деп тану туралы Сізден хабарлама алған сәттен бастап _____________ күн ішінде аяқтауға
міндеттенеміз. (жазумен)
Біз конкурстық құжаттамада көрсетілген төлемнің базалық ережелерімен келісеміз. Төлемнің мынадай балама ережелерін ұсынамыз: _________________________________________________________
___________________________________________________________________
(төлемнің балама ережелері, егер олар бар болса, тізіп көрсетіледі)
және бұл орайда мынадай мөлшерде баға шегерімін береміз
___________________________________________________________________
(ақша түрінде көрсетілсін, жазумен)
___________________________________________________________________
Біздің конкурстық өтініміміз танылған ретте, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының_______________проценті болатын сомада енгіземіз.
(жазумен)
Осы конкурстық өтінімнің конкурстық өтінім ашылған күннен бастап_________________күн ішінде күші болады.
(жазумен)
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейін осы конкурстық өтінім оны ұтып шыққан деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін атқарады.
___________________________________ атынан және тапсыруы бойынша (ықтимал жеткізіп берушінің атауы)
конкурстық өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар
____________________ _______________________________
(Қолы, күні, айы, жылы) (Қызметі, тегі,аты, әкесінің аты)
М.О.
__________________________
егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделген болса, көрсетіледі.
Басқа 111
3-қосымша
Біліктілік мәліметтері /ықтимал жеткізіп беруші толтырады/
Тармақ 1
1. Қатысушының заңды жағдайы___________________________________
/Мемлекеттік тіркеу бойынша құжаттардың көшірмесі қосылып беріледі/
Тіркелу орны:_________________________________________________
Негізгі қызмет атқару орны:___________________________________
_______________________________________берілген лицензияның нөмірі /лицензияның көшірмесі қосылып беріледі/
Өкілдің конкурсқа қатысуға және конкурстық құжаттарға қол қою
құқығын беретін сенімхат /қосылып беріледі/.
Тармақ 2
2. Алдыңғы үш жыл ішінде тауарларды жеткізу мен көрсеткен
қызметтердің теңгемен жалпы
көлемі_____________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Соңғы үш жылдың ішінде осындай сипаттағы негізгі жеткізіп
беруші /қызмет көрсетуші/ ретінде атқарған жұмыстары. Ақысы
теңгемен көрсетіледі.
__________________________________________________________________
!Тауардың /қызметтің/! Тапсырыс берушінің! Келісім шарттың !
! атауы ! атауы ! /контракттің/ бағасы !
__________________________________________________________________
! ! ! !
Тармақ 4
4. Жеткізіп беруші ұйымының шешуші лауазымдарындағы
қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибесі.
____________________________________________________________________
!Лауазымы! Т.А.Ә.! Жалпы жұмыс тәжірибесі!Жеткізіп беруші ретіндегі!
! ! ! /жыл/ ! тәжірибесі /жыл/ !
____________________________________________________________________
! ! ! ! !
Тармақ 5
5. Негізгі қосалқы мердігерлер бойынша ұсыныстар /егер бар болса/
____________________________________________________________________
!Сипаты немесе атауы!Қосалқы мердігер/аты, орналасу жері, сымтетігі!
!___________________!______________________________________________!
! ! !
Тармақ 6
6. Қаржы қорлары туралы мәліметтер /қаржы, кредит қорлары және т.
б./. Төменді тізімін келтіріп, дәлелдейтін құжаттардың көшірмелерін
қосып беру.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тармақ 7
7. Ұйымдастырушының мәлімет алуға жолдана алатын қатысушының
банкінің атауы, сымтетігінің, телексінің және телефаксінің нөмірі.
Тармақ 8
8. Қатысушы қатысып отырған ағымдағы сот даулары туралы мәліметтер.
____________________________________________________________________
!Даулардың басқа да жақтары!Дауд. негізі!Дауланып жатқан сома,тең.!
!__________________________!_____________!__________________________!
! ! ! !
Тармақ 9
9. Кепілдемелер туралы мәліметтер. Кепілдеме хаттардың , басқа да
заңды және жеке тұлғалардың сын пікірлерін тізімін және олардың
көшірмелері қоса беріледі.___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тармақ 10
10. Жеткізіп беруші Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып
алу туралы" Заңының басқа да талаптарына сай екендігін растайды.
Барлық мәліметтердің дұрыс екендігін растаймын.
Қолы________________
М.О.
Лауазымы_______________________ ___________________________
/Т.А.Ә./
Басқа 122. (Ықтимал жеткізіп берушінің атауы)
ықтимал жеткізіп берушінің конкурстық өтінімінің
4-қосымша
(Ықтимал жеткізіп берушінің атауы)
ықтимал жеткізіп берушінің конкурстық өтінімінің
Бағалар кестесі
____________________________________________________________________
| | Тауарлардың, жұмыстардың және
қызмет көрсетулердің атауы
| |
____________________________________________________________________
| | | |
|________________________________|____________|______________|______
|1. Қысқаша сипаттама | | |
|________________________________|____________|______________|______
|2. Шыққан елі | | |
|________________________________|____________|______________|______
|3. Өлшем бірлігі | | |
|________________________________|____________|______________|______
|4. Бірлік бағасы, ________ | | |
|___________(баратын жері) | | |
| | | |
|________________________________|____________|______________|______
|5. Саны (көлемі) | | |
|________________________________|____________|______________|______
|6. Жалпы бағасы, _________ | | |
|___________ (баратын жері) | | |
| | | |
|________________________________|____________|______________|______
|соның ішінде: | | |
|________________________________|____________|______________|______
|6.1. Тасымалдау құны | | |
|________________________________|____________|______________|______
|6.2. Сақтандыру құны | | |
|________________________________|____________|______________|______
|6.3. Кеден бажын төлеу | | |
|________________________________|____________|______________|______
|6.4. Салық төлеу | | |
|________________________________|____________|______________|______
|6.5. Салық төлеу | | |
|________________________________|____________|______________|______
|6.6. Алымдар төлеу | | |
|________________________________|____________|______________|______
|6.7. | | |
|________________________________|____________|______________|______
|6.8. | | |
|________________________________|____________|______________|______
|7. Жинақтаушы детальдардың, | | |
|міндетті запас бөлшектердің | | |
|және пайдаланудың бастапқы | | |
|кезеңі ішінде өлшем бірлігіне | | |
|қызмет көрсету құны | | |
|________________________________|____________|______________|______
|соның ішінде: | | |
|________________________________|____________|______________|______
|7.1. | | |
|________________________________|____________|______________|______
|7.2. | | |
|________________________________|____________|______________|______
|8. Басқа да пайдалану | | |
|шығындары | | |
|________________________________|____________|______________|______
_________________ _________________________________
(Қолы) (Қызметі, тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
Басқа 123. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны
5-қосымша
Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны
(банктік кепіл)
Банктің атауы:________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
N _______ Кепілдік міндеттеме
_____________________ "_____" ___________________ж.
(орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ____________________
__________________________________________________________________
(ықтимал жеткізіп берушінің атауы)
___________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырылатын _____________________ сатып алу жөніндегі
конкурсқа қатысатындығынан және жалпы сомасы
_____________________теңге болатын
(жазумен)
___________________________________________________________________
(тауардың, жұмыс пен қызметтің атауы және көлемі)
________________жеткізілімді (жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді)
жүзеге асыруға әзір екендігінен хабардар болдық.
Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі__________________ж.
"___"______________конкурстық құжаттамамен ықтимал жеткізіп
берушінің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі банктік
кепілдік түрінде көзделген.
Осыған байланысты біз ________________________ өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша, сондай-ақ Өнім берушінің:
- конкурстық өтінімдерді тапсырудың ақырғы мерзімі өткеннен
кейін конкурстық өтінімді кері шақырып алған немесе өзгерткені;
- белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа
қол қоймағаны;
- конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және
жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан
кейін мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз
етуді енгізбегені туралы жазбаша растама бойынша. Сізден төлеуге
арнап алынған жазбаша талап бойынша сомаға тең
_____________________________________
(сомасы цифрмен және жазумен)
төлеу үшін қайтарылып алынбайтын міндеттеме аламыз.
Аталған кепілдік міндеттеме конкурстық комиссияның Өнім берушінің конкурстық өтінімін қабылдауға тиісті сәтінен бастап күшіне енеді.
Аталған кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімі күшінің ақырғы мерзіміне дейін қолданылады және бізге бұл құжаттың қайтарылғандығына не қайтарылмайтындығына қарамастан, егер Сіздің жазбаша талап етуіңізді біз осы күннің соңына дейін ала алмайтын болсақ, автоматты түрде толық күшін жояды.
Осы кепілдік міндеттемемен байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Кепілдердің Күні мен мекен-жайы
қолы мен мөрі
Басқа 124. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты
орындауды қамтамасыз ету нысаны
6-қосымша
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты
орындауды қамтамасыз ету нысаны
(банктік кепіл)
Банктің атауы: _______________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:______________________________________________________________
(тапсырысшының атауы мен деректемелері)
N_______ Кепілдік міндеттеме
_________________ "____"___________2000 ж.
(орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі "жеткізіп беруші" деп аталатын_________________
____________________________________________________________________
(жеткізіп берушінің атауы)
____________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің сипаттамасы)
жеткізуге (орындауға, көрсетуге) арналған мемлекеттік сатып алу туралы
_______ж. N_____________________Шарт жасасқаны назарға алына отырып және осы Шартта Сіз Өнім жеткізуші Шарттың орындалуын жалпы сомасы
__________________________теңге болатын банктік кепіл түрінде
орындауды қамтамасыз етуді енгізетіндігін көздедіңіз.
Осыған байланысты біз ____________________________ осы арқылы
(банктің атауы)
жоғарыда аталған Шарт бойынша кепіл болып табылатындығымызды растаймыз және өзімізге Сіздің талап етуіңізге тең соманы, Сізден төлеуге арналған жазбаша талап, сондай-ақ жеткізіп берушінің Шарт бойынша өзінің міндеттемесін орындағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны туралы жазбаша растама алынған бойда
______________________________ төлеу үшін өзімізге қайтарып
(сомасы цифрмен және жазумен)
алынбайтын міндеттеме аламыз.
Аталған кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және жеткізіп берушінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтіне дейін қолданылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Кепілдің Күні мен мекен-жайы
қолы мен мөрі