О правилах застройки территорий населенных пунктов Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының елдi мекендерiнiң аумақтарында құрылыс салу ережесi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО мәслихатының 2007 жылғы 16 қазандағы N 2/19-IV шешімімен. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41 бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумақтарында құрылыс салу ережесi бекiтiлсiн (қоса берiлген).
Тармақ 2
2. 2000 жылдың 1 шiлдесiнен Ереже өз күшiне енсiн.
Тармақ 3
3. "Дидар" (Әдiлбаев Ж.А.), "Рудный Алтай" (Посачилина Т.П.), облыстық газеттерi берiлген Ереженi жарияласын және облыстық телерадиокомпаниясымен (Городнянский Е.А.), бiрлесiп, облыс аумағында орындалу барысын жарыққа шығаруын қарастырып отырсын.
Тармақ 4
4. Негiзгi ереженi өз күшiне енгiзудi ұйымдастыру және бақылау қызметiнiң органдарына жүктелсрiн.
Басқа 5. ЕРЕЖЕСI
2000 жылғы 27 маусымдағы N 4/4-II Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихаттың шешімімен бекітілген ЕРЕЖЕСI Шығыс Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумақтарында құрылыс салу Ережесi "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 4100 заңының 41-бабына сәйкес жасалған.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1. 1. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар
1. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар Қала құрылысындағы қозғалмайтын объектiлер (бұдан былай қозғалмайтын объектiлер) - үйлердi, құрылыстарды және осы объектiлер орналасқан жер учаскелерiн пайдалану, құрылыс салу және жаңғырту жөнiнде iс-қимылдар жүзеге асырылатын объектiлер. Инженерлiк, көлiктiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдар - қалалар мен елдi мекендердiң тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн көлiк, байланыс және коммуникация кешендерi, жабдықтары, сондай-ақ халыққа әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететiн объектiлер. Құрылыс салу нормалары мен ережелерi - елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салу кезiнде мiндеттi түрде орындауға тиiстi құрылыс жөнiндегi техникалық және құқықтық ереже белгiлейтiн актiлер. Құрылыс салу регламентi - облыс қалалары мен елдi мекендерiнде жер учаскелерiн және басқа қозғалмайтын объектiлердi санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және құрылыс салу нормалары мен ережелерiне сәйкес, сондай-ақ қозғалмайтын объектiлерге рұқсат етiлген өзгерiстер енгiзудiң осы ережедегi қолдану түрлерi мен параметрлерiнiң жиынтығы. Құрылыс салу кезiнде жер учаскелерi мен басқа қозғалмайтын объектiлердiң рұқсат бойынша пайдалануы - қозғалмайтын объектiлердi құрылыс салу регламентiне сәйкес қолдану және көрсетiлген объектiлердi қолданылып жүрген Заңға сәйкес қолданудағы шектеулер. Қызыл сызықтар - облыс қалалары мен елдi мекендерiндегi кварталдар, ықшам аудандар және жоспарлау құрылымындағы басқа элементтердi көшелер, алаңдар мен жолдардан бөлетiн шекаралар. Аумақтарды реттеу сызықтары - ғимаратттар мен құрылыс объектiлерiн орналастыруда қызыл сызықтан немесе жер учаскелерiнiң шекарасынан шегiнiс жасап белгiленетiн құрылыс салу шекаралары. Сервитут - азаматтардың және заңды тұлғалардың жекеменшiк құқысындағы немесе басқа адамдардың жердi пайдалану құқысындағы жер учаскелерiн шектi пайдалану құқысы.
Тармақ 2
2. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiн пайдалануда құрылыс салу талаптарын орындауын қамтамасыз ету Жер учаскелерiнiң иелерi, жалгерлерi болып табылатын азаматтар мен заңды тұлғалар жер учаскелерiн пайдалану және құрылыс салу, пайдалануға рұқсат етiлген қозғалмайтын объектiлердi санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және құрылыс салу регламенттерi мен ережелерiне, қызыл сызық шеңберiнде, белгiленген жоспарлау жобасына сәйкес жургiзiледi.
Тармақ 3. 3. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салуды жүзеге асыруда азаматтар мен заңды тұлғалардың мiндеттерi
3. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салуды жүзеге асыруда азаматтар мен заңды тұлғалардың мiндеттерi Азаматтар мен заңды тұлғалардың мiндеттерi: - күнкөріс сүру ортасын қорғау; - құрылыс салуды жобаға сәйкес жүргiзу; - қоршаған ортаға, табиғатқа, мәдени және тарихи ескерткiштерге, қалалық, ауылдық және табиғи ландшафттарға, инженерлiк, көлiктiк инфрақұрылымдар мен аумақтарды көркейтуге әсер ететiн, меншiк иелерiнiң, жалгерлердiң немесе көршiлес учаскелердi және басқа қозғалмайтын объектiлердi пайдаланушылардың заңды мүдделерiн қозғайтын және кедергi жасайтын iс-қимылдардарды жасамау; - жер учаскелерiндегi ғимараттар, құрылыс объектiлерi мен басқа қозғалмайтын объектiлердi дұрыс ұстау жұмыстарын және жер учаскелерiн сәулеттiк-құрылыс салу құжаттарына, құрылыс салу нормалары мен тәртiптерiне, санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өзге арнайы нормативтерге сәйкес жүргiзу; - құрылыс салу саласында бақылауды жүзеге асырушы мемлекеттiк қадағалау органдарының (Мемсәуқұринспекциясы, Мемсанқадағалау, Мемөртқадағалау) нұсқамасын орындау; - құрылыс салу саласында бақылауды жүзеге асырушы мемлекеттiк қадағалау органдарының лауазым иелерiне олардың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету; - қозғалмайтын объектiлерiн техникалық түгендеу, территорияларда құрылыс салу мониторингiн және мемлекеттiк құрылыс салу кадастрiн жүргiзудi жүзеге асырушы мекемелерге өздерiне тиесiлi қозғалмайтын объектiлердегi өзгерiстер жөнiндегi толық мағлұматтарды табыс ету; - жергiлiктi сәулет және құрылыс салу органының мұражайына, не ол жоқ болған жағдайда облыстық сәулет және құрылыс салу органына жобалық құжаттарын, сондай-ақ құрылыс салу жөнiндегi толық iзденiстiк материалдардың көшiрмесiнiң бiр данасын тегiн тапсыру.
Тармақ 4. 4. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салу мониторингi және мемлекеттiк құрылыс салу кадастрiн жасаудың мақсаты
4. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салу мониторингi және мемлекеттiк құрылыс салу кадастрiн жасаудың мақсаты
Тармақ 4.1
4.1. Мемлекеттiк құрылыс салу кадастрi - елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салуды жүзеге асыруға қажеттi мемлекеттiк ақпараттық мәлiмет жүйесi.
Тармақ 4.2
4.2. Мемлекеттiк құрылыс салу кадастрi мәлiметтерi, мемлекеттiк, арнайы және коммерциялық құпия мәлiметтерден басқасы, азаматтар мен заңды тұлғалардың барлығына бiрдей ашық болып табылады, және республикалық мемлекеттiк сәулет және құрылыс салу қызметiн басқару органы белгiлеген тәртiппен берiледi.
Тармақ 4.3
4.3. Елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салу мониторингi - қозғалмайтын объектiлердiң жағдайы мен өзгерiсiн күнкөрiс ортасын ортақ әдiстеме бойынша зерттеу арқылы бақылау жүйесi. Елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салу мониторингiнiң мәлiметтерi мемлекеттiк құрылыс салу кадастрiне енгiзiлуi тиiс.
Тармақ 2
2-тармақ. Елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салуды реттеу
Тармақ 5. 5. Елдi мекендердегi жер учаскелерiн пайдалануға қалақұрылысының талаптары
5. Елдi мекендердегi жер учаскелерiн пайдалануға қалақұрылысының талаптары
Тармақ 5.1
5.1. Құрылыс салу үшiн берiлген жер учаскелерiн пайдалануға қалақұрылысының талаптары елдi мекендердiң бас жобаларына, жоспарлау жобаларына, құрылыс салу жобаларына, сондай-ақ құрылыс салудың функционалдық аймаққа бөлу жоспарына және қоршаған ортаны қорғау ережелерiне сәйкес белгiленедi.
Тармақ 5.2
5.2. Құрылыс салу үшiн осы жер учаскесiне меншiк немесе қолдану құқығына ие болуға үмiттi азаматтар мен заңды тұлғалар қала (аудан) әкiмiне өтiнiш жазады. Ґтiнiште құрылыс объектiсiнiң болжанған мөлшерi, мақсаты, жер учаскесiнiң тұрған жерi көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 5.3
5.3. Қала (аудан) әкiмiнiң тапсырмасымен сәулет және құрылыс салу органы құрылыс салу үшiн сұралған жер учаскесiн елдi мекеннiң бас жобасына және басқа жобаларға сәйкес пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды.
Тармақ 5.4
5.4. Объектiнiң құрылысын салуға сұралған жер учаскесiн сұралған мақсатта беру мүмкiн болмағанда жергiлiктi сәулет және қалақұрылысы органы қала (аудан) әкiмiнiң қарсылығы негiзделген шешiмiн дайындайды.
Тармақ 5.5
5.5. Объектiнiң құрылысын салуға сұралған жер учаскесiн берген жағдайда жергiлiктi сәулет және құрылыс салу органы құрылыс объектiсiне бастапқы рұқсат құжаттарын дайындайды, онда мыналар көрсетiледi: - жер учаскесiнiң орналасқан орны; - берiлген аумақтың алаңы; - учаскенiң жоспарлау жобасына, құрылыс салу аумағы мен қоршаған объектiлердiң шекарасына дейiнгi ара қашықтыққа сәйкес жобалық шекарасы; - жер учаскелерiн рұқсат етiлген мақсатта қолдану; - жер учаскесiн инженерлiк, көлiктiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету; - мемлекеттiк қадағалау органдарының (Мемсәуқұринспекциясы, Мемсанқадағалау, Мемөртқадағалау, Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы) қорытындылары. Мемлекеттiк құрылыс салу кадастры мекемесi тапсырысшысы (құрылысты салушы) арасындағы келiсiм бойынша қозғалмайтын обьектiлердi жобалау, жаңғырту және құрылыс салу үшiн жер учаскелерiн таңдау кезiнде бастапқы рұқсат құжаттарын дайындайды. Жер учаскесiн таңдау құжаттары табиғатты қорғау органдары мен басқа осы жер учаскесiн бөлуде мүдделерi қозғалатын жеке және заңды тұлғалармен, азаматтармен келiсiледi.
Тармақ 5.7
5.7. Құрылысы салынуы тиiс объектiнiң бекiтiлген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген жобасына сәйкес қала (аудан) әкiмi жер учаскесiн меншiкке немесе жердi қолдану құқығын беру жөнiнде шешiм қабылдайды.
Тармақ 5.8
5.8. Елдi мекендердегi жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының Жер туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5.9
5.9. Қала (аудан) әкiмi жер учаскелерiн берерде елдi мекеннiң дамуын ескере отырып оларды пайдалануға байланысты қосымша талаптар белгiлеуi мүмкiн.
Тармақ 5.10
5.10. Қала (аудан) әкiмi жер учаскелерiн ұзақ жылға жалға немесе меншiкке берген жағдайларда ашық конкурстар немесе аукциондар жариялауға құқығы бар. Елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салу үшiн жер учаскелерiн азаматтар мен заңды тұлғаларға сату жөнiнде конкурстар өткiзгенде оған қатысушыларға мынадай қосымша талаптар белгiленедi: - тұрғындарды көшiруге, қозғалмайтын объектiлердi, көлiк, байланыс коммуникациялары мен инженерлiк жабдықтарды көшiруге кеткен шығындарды өтеу; - инженерлiк, көлiктiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдардың құрылысын салу; - қозғалмайтын объектiлер құрылысын салу мерзiмдерiн сақтау; - ортақ қолданылатын аумақтарды көркейту. Осы талаптар жер учаскесiн иелену құқығы басқа тұлғаға көшкен кезде де сақталады.
Тармақ 5.11
5.11. Жер учаскесiне меншiк немесе ұзақ мерзiмге арендаға алу құқығына ие заңды тұлға оны игерудi мынадай мәлiметтер кiретiн құрылыс салу төлқұжаты негiзiнде жүзеге асырады: - мемлекеттiк құрылыс салу кадастрiнде тiркелген коды; - меншiк иесi (жалгер) жөнiнде жалпы мағлұматтар; - учаске жөнiндегi жалпы мағлұматтар; - құрылыс салу ережелерi белгiленген аумақтық аймақтың коды; - жер учаскесi орналасқан щеңбердегi аумақтық аймақтың функционалды-мақсаттық мұраты; - инженерлiк-геологиялық, сейсмикалық жағдайы жөнiндегi мағлұматтар; - құрылыс салу жағдайы жөнiндегi мағлұматтар; - жер учаскесiнiң шекарасы белгiленген жобасы; - меншiк иесiне, пайдаланушыға немесе жалгерге тиесiлi ғимараттар мен құрылыс объектiлерiнiң параметрлерi; - жер учаскесi шеңберiнде орналасқан инженерлiк жүйелер мен жабдықтар, олардың параметрлерi мен пайдалануға шектеулер; - жер учаскелерiн пайдалануға құрылыс салу регламенттерi мен сервитуттары.
Тармақ 5.12
5.12. Жер учаскелерiн бөлу немесе шекаралары мен параметрлерiн өзгерту кезiнде қызыл сызықтар, құрылыс салуды шектеу сызықтары және құрылыс салу регламенттерi сақталады. Қозғалмайтын объектiлердi бөлген жағдайда олардың жекедара жұмыс iстеуi қамтамасыз етiлуi қажет.
Тармақ 6. 6. Құрылыс салу рұқсаттамасы
6. Құрылыс салу рұқсаттамасы
Тармақ 6.1
6.1. Құрылыс салу рұқсаттамасы - қозғалмайтын объектiлердiң меншiк иесiне, пайдаланушысына немесе жалгерге жер учаскесiнде құрылыс салуға, ғимараттар мен үйлердi, аумақтарды көркейтудi жүзеге асыру құқығын куәлендiретiн құжат.
Тармақ 6.2
6.2. Құрылыс салу рұқсаттамасы Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi мүдделi азаматтар мен заңды тұлғаларға өтiнiштерi, жер учаскелерiне ие құқығын куәлендiретiн құжаттары мен белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк қадағалау (Мемсанқадағалау, Мемөртқадағалау, Мемсараптама, экология, Мемсәуқұринспекция) және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген және бекiтiлген жобалық құжаты негiзiнде берiледi.
Тармақ 6.3
6.3. Құрылыс салу рұқсаттамасы және бекiтiлген жобалық құжаты, мемлекеттiк сараптамасы қорытындысы сәулет және құрылыс салу органында тiркелiнуi тиiс.
Тармақ 6.4
6.4. Қала (аудан) әкiмi мынадай жағдайларда құрылыс салу рұқсаттамасын бермеуi мүмкiн: - жер учаскесiн мақсатына сай пайдаланбағанда; - жобалық құжаттардың жер учаскесiн рұқсат етiлген мақсатта пайдалануына сәйкессiздiгi; - орындаушысында лицензия болмағанда; - жобалық құжаттардың құрылыс салу нормалары мен ережелерiне, сондай-ақ санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай келмегенде; Бұл жағдайда қала (аудан) әкiмi тапсырысшыға рұқсат бермеуiнiң себептерi мен негiздерi жөнiнде жазбаша өтiнiш иесiне хабарлайды, ал өтiнiш иесi ол шешiм бойынша жоғары орындарға шағымдануына құқықты.
Тармақ 6.5
6.5. Қала (аудан) әкiмiнiң құрылыс салу рұқсаттама беру не бермеуi жөнiндегi шешiмi сотта даулануы мүмкiн.
Тармақ 6.6
6.6. Құрылыс салу рұқсаттамасы бiр жылдан аспайтын уақытқа берiледi. Құрылыс салу рұқсаттамасының мерзiмi тапсырысшының өтiнiшi негiзiнде ұзартылуы мүмкiн. Құрылыс салу рұқсаттамасының күшiнiң ұзартылу мерзiмi мен тәртiбi қала (аудан) әкiмiмен белгiленедi. Жұмыстар жүргiзу тәртiбiн бұзу, бекiтiлген жоба мен басқа қолданылып жүрген заңдылықтарды орындамау фактiлерi кездескен жағдайларда рұқсаттаманың қолданылу күшiн тоқтатуы мүмкiн. Бұл жөнiнде тапсырысшыға жазбаша нұсқама берiледi.
Тармақ 6.7
6.7. Қозғалмайтын объектiлерге меншiк құқығы ауысқан жағдайда құрылыс салу рұқсаттамасының кұшi сақталады. Бұл рұқсаттама қайта тiркелуi тиiс.
Тармақ 6.8
6.8. Қозғалмайтын объектiлердi жаңғырту және салу құрылыс салу рұқсаттамасына, сондай-ақ құрылыс салу регламенттерiне, құрылыс салу нормалары мен тәртiптерiне сәйкес жүзеге асырылуына бақылау жасау мемлекеттiк сәулет және құрылыс инпекциясына, санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына қатысты мәселелер бойынша тиiстi мемлекеттiк қадағалау органдарына (Мемсанқадағалау, Мемөртқадағалау, Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы) жүктеледi.
Тармақ 7. 7. Құрылыс салу саласындағы сервитуттар
7. Құрылыс салу саласындағы сервитуттар
Тармақ 7.1
7.1. Құрылыс салу саласындағы қозғалмайтын объектiлерге қатысты көпшiлiк және жеке сервитуттар белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 7.2
7.2. Көпшiлiк сервитут - қала (аудан) әкiмiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiмен бекiтiлген құрылыс салу саласындағы жобаның негiзiнде, егер бұл мемлекеттiк немесе көпшiлiк мүддесiмен анықталған жағдайларда (қалалық көшелер мен магистральдарды кеңiту мен салу, инженерлiк құрылыс объектiлерiн салу, негiзгi қала құрылысы түйiндерiн қалыптастыру және т.б.) белгiленедi.
Тармақ 7.3
7.3. Қала құрылысындағы жеке сервитуттар бөтен (көршiлес) жер учаскелерiн, басқа қозғалмайтын объектiлердi шектеулi пайдалану мына мақсаттарда белгiленуi мүмкiн: - ғимараттар мен құрылыс объектiлерiн салу, жаңғыртуу, жөндеу және пайдалану; - инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарындағы объектiлердi салу, жаңғырту, жөндеу және пайдалану; - аумақтарда инженерлiк дайындық, аумақты су басуы мен көшкiнiнен қорғау және бөгеттер орнату жұмыстарын жүргiзу; - бөтен (көршiлес) жер учаскесi арқылы өтетiн жолды пайдалану; - ғимараттар мен құрылыс объектiлерiн тұрғызғанда белгiленген биiктiкте бөтен (көршiлес) жер учаскесiне өтiп кететiн құрылғы қолдану; - бiрiккен үйлердегi ортақ қабырғаларды жөндеу және пайдалану; - сервитут белгiлемей қозғалмайтын объектiлердiң иелерiнiң басқа мүдделерiн қамтамасыз ету мүмкiн болмағанда.
Тармақ 7.4
7.4. Жеке сервитуттарды белгiлеу мен тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықталады.
Тармақ 3
3-тармақ. Елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салу ережесi
Тармақ 8. 8. Аумақтарда құрылыс салудың жалпы талаптары
8. Аумақтарда құрылыс салудың жалпы талаптары
Тармақ 8.1
8.1. Аумақтарда құрылыс салудың Ережесi қолданылып жүрген нормативтiк актiлер негiзiнде жасалған.
Тармақ 8.2
8.2. Облыс территорияларында сәулеттiк қала құрылысы қызметiн жүзеге асырушы барлық жеке және заңды тұлғалар Ереженi орындауға мiндеттi.
Тармақ 8.3
8.3. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының территориясында қолданылатын жобалау мен құрылыс салу нормалары мен тәртiптерi ескерiлiп қолданылады.
Тармақ 8.4
8.4. Облыс аумақтарында құрылыс салу жұмыстарының барлық түрлерi азаматтармен белгiленген Ереже бойынша сәулет және құрылыс салу, сондай-ақ басқа мемлекеттiк қадағалау, жергiлiктi атқарушы органдардың берген рұқсат құжаттамаларымен жүзеге асырылады.
Тармақ 8.5
8.5. Елдi мекендердiң аумақтарында құрылыс салу (түрлi құрылыс жұмыстарын жүргiзу) жөнiндегi белгiленген Ереженi бұзуға жол берген азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 8.6
8.6. Рұқсат беру құжаттамалары жобалау мен құрылыс жұмыстарының төмендегiдей түрлерiне ресiмделедi: - ғимараттар, құрылыс объектiлерi мен түрлi мақсаттағы кешендердi салу, жаңғырту, кеңейту, техникалық жаңғырту және күрделi жөндеу; - тарихи, археологиялық, мәдени және сәулет өнерiнiң ескерткiштер қатарына жататын ғимараттар мен объектiлердi күрделi жөндеу, жаңғырту және консервациялау, қорғау аймақтарын анықтау; - жер үстi және жер асты инженерлiк коммуникациялары мен объектiлерiн, автомагистральдар, көшелер, өткелдер мен көлiк объектiлерi, темiр жол торабтары мен объектiлерi, трамвай жолдары мен объектiлерi, троллейбус жолдары мен объектiлерi, көпшiлiк көлiк аялдамаларының құрылысын салу, жаңғырту, кеңейту, техникалық жаңғырту және күрделi жөндеу; - алаңдар, парктер мен басқа түрлi мақсаттағы жасыл желектер, бассейндер мен фонтандар, қоршаулар мен кiшi сәулеттiк нысандар, көше, ғимараттар мен кешендердiң жарық желiлерiн, түрлi жарнамалық құрылғылар мен көше белгiлерiн және басқа көпшiлiк мақсаттағы аумақтарды жайластыру жұмыстарын жүргiзу, құрылысын салу, жаңғырту, күрделi жөндеу; - геотехникалық iзденiстер үшiн топырақты қазу және бұрғылау, түрлi мақсатта каръерлердi игеру, скважиналарды бұрғылау; - табиғи ландшафтты қалпына келтiру; - уақытша қойылған объектiлер: павильондар, дүңгешектер, жазғы алаңшалар, базарлар, аялдамалар, гараждар, жанармай құю, техникалық тексеру және диагностика бекеттерi, түрлi мақсаттағы қосымша ғимараттар мен объектiлер, қоршау орнату, уақытша инженерлiк жүйелер, жарық желiлерi және басқаларды орналастыру мен жайластыру; - аумақтарындағы жердi жайластыру жұмыстары, дүңгешектер мен жасыл желектердi алып тастау, ғимараттар мен құрылыс объектiлерiнiң iшкi және сыртқы негiзгi қабырғаларын бұзу, тротуарлар тақталары мен алаңдарда жол төсенiштерiн төсеу, түрлi басқа жұмыстар; осының салдарынан объектiнiң функционалдық не сыртқы параметрлерiн өзгерiске ұшырататын жұмыстар жүргiзу;
Тармақ 8.7
8.7. Орындаушысында лицензия болған жағдайда, жергiлiктi сәулет және құрылыс салу органының қадағалауымен және құрылыс салу нормалары мен тәртiптерiн, санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын орындай отырып, рұқсатсыз мынадай құрылыс жұмыстары орындалады: - жабу материалдарын, түсiн және конфигурациясын өзгертпестен шатырды жөндеу; - үлгiсi мен мөлшерiн өзгертпестен ағаш бұйымдарын ауыстыру; - iшкi әрлеу жұмыстары; - фасад элементтерi мен түрiн өзгертпестен сыртқы әрлеу жұмыстары; - ғимараттар мен құрылыс объектiлерiнiң, үйлердiң фасадын, жобасы мен инженерлiк қамсыздандыру схемасын өзгертпестен санитарлық техникалық құрылғылар мен жабдықтарын жөндеу және ауыстыру; - көпшiлiк қатысатын мерекелiк шараларды өткiзу кезiнде халыққа қызмет көрсету үшiн сауда нүктелерiн орналастыру;
Тармақ 9. 9. Елдi мекендердiң құрылыс объектiлерiн салу және жаңғыртуды жобалау
9. Елдi мекендердiң құрылыс объектiлерiн салу және жаңғыртуды жобалау
Тармақ 9.1
9.1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 1995 жылғы 17 сәуiрдегi жарлығына сәйкес облыс аумағында құрылыс салу және жобалар жасау жұмыстарын жүзеге асыру мақсаты бар азаматтар мен заңды тұлғалар, меншiк түрi мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан осы жұмыс түрiне лицензия алуы тиiс.
Тармақ 9.2
9.2. Жаңа құрылысты, жаңғыртуды (реставрация, кеңейту, күрделi жөндеу, техникалық жаңғырту) және көркейтудi жобалау жұмыстары қала (аудан) әкiмiнiң шешiмi бойынша, учаскенi таңдау сатысында материалдарға келiскеннен кейiн жүзеге асырылады.
Тармақ 9.3
9.3. Жобалау құжаттарын жасау сәулет және құрылыс органы беретiн сәулеттiк-жобалық тапсырма негiзiнде құрылыстық, санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сәйкес жасалады. Сәулеттiк-жобалық тапсырма түрлi мақсаттағы объектiлердi табиғи-климаттық, сейсмикалық және қала құрылысы жағдайына, сондай-ақ сәулеттiк шешiмге, фасадтар мен iшкi жайлардың, шатырлар мен чердактардың жаңа құрылыс және әрлеу материалдарын қолданып, шатырлардан атмосфералық шашындар мен объектiге шектес аумақтардан су ағызу жүйесi, аумақтарды көгалдандыру мен көркейту, көшелердiң мен тротуарлар төсенiштерiн, кiшi сәулеттiк нысандар, жарнама мен жарық желiлерiн жобалау жөнiндегi жалпы ұсынымдар енедi.
Тармақ 9.4
9.4. Жасалынған жоба, қарау үшiн, мемлекеттiк сараптамаға тапсырылады. Жоба құрылыстық нормалар мен тәртiптерден, санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарынан немесе сәулеттiк-жобалық тапсырмадан ауытқыған жағдайда ескертпелермен толықтыруға қайтарылады және оның қайта қаралуы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 10. 10. Жеке (усадьбалық) үй құрылысын салуды жобалау
10. Жеке (усадьбалық) үй құрылысын салуды жобалау
Тармақ 10.1
10.1. Жеке үй құрылысы ауданының сәулеттiк бейнесi, оның жобалық құрылымы, үйлердiң типi мен қабаттылығы, фасадтарының түстiк шешiмi және көркейту жергiлiктi сәулет және құрылыс органының сәулеттiк-жобалау тапсырмасы негiзiнде жасалған құрылыс салу жобасымен анықталады.
Тармақ 10.2
10.2. Жеке тұрғын үйлердi жобалау және құрылысын салу құрылыстық нормалар мен тәртiптерге сәйкес белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 10.3
10.3. Жеке құрылыс салу алаңында шаруашылық объектiлерi мен дәретханаларды салу жергiлiктi сәулет және құрылыс органының сәулеттiк- жобалау тапсырмасына, бекiтiлген жоба мен құрылыстық нормалар мен тәртiптерге сай болғанда рұқсат етiледi.
Тармақ 10.4
10.4. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi нормативтi-құқықтық актiлер мен бекiтiлген жобамен белгiленедi.
Тармақ 11. 11. Тұрғын және тұрғын емес үйлердi жаңғырту
11. Тұрғын және тұрғын емес үйлердi жаңғырту
Тармақ 11.1
11.1. Тұрғын және тұрғын емес үйлердi жаңғырту, олардың конструктивтiк шешiмiне және жайлардың параметрлерiне өзгерiстер енгiзу көзделген жағдайда, үйдiң иесi үйдi жаңғыртуға рұқсат ету жөнiнде қала (аудан) әкiмiне өтiнiш жазады. Қала (аудан) әкiмiнiң тапсырмасы бойынша сәулет және құрылыс органы белгiленген тәртiппен, құрылыстық нормалар мен тәртiптерге, санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сәйкес үйге жаңғырту жүргiзу мүмкiндiгi жөнiнде қорытынды дайындайды.
Тармақ 11.2
11.2. Қала (аудан) әкiмi үйдi жаңғыртуға рұқсат беру жөнiндегi шешiмi берiлген соң, меншiк иесi белгiленген тәртiп бойынша жоба жасауы және сараптама органынан жобаға қорытынды алуы тиiс. Келiсiлген шешiм негiзiнде және орындаушыда лицензия болған жағдайда Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi жұмыс жүргiзуге рұқсаттама бередi.
Тармақ 11.3
11.3. Тұрғын және тұрғын емес жайларды жаңғырту талаптарын бұзған меншiк иелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақ 11.4
11.4. Тұрғын және тұрғын емес үйлердi жаңғыртуды бiтiрген соң белгiленген тәртiппен жайды қабылдау актiсi ресiмделедi.
Тармақ 12. 12. Инженерлiк желiлер мен объектiлердi жобалау
12. Инженерлiк желiлер мен объектiлердi жобалау
Тармақ 12.1
12.1. Магистралдық инженерлiк желiлер мен құрылыстарды жобалау қызметтер мен ұйымдардың тапсырысы бойынша жүзеге асырылады. Магистралдық инженерлiк желiлер мен құрылыстарды салуға мүдделi жеке және заңды тұлғалар оларды жобалау және салуға тапсырысшы бола алады, кейiн желiлердi қаланың (ауданның) тиiстi қызметiнiң балансына бередi.
Тармақ 12.2
12.2. Объектiлердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тартылатын және iшкіалаңдық инженерлiк желiлердi жобалау, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстың iшкi желiлерiн олардың ұзындығына қарамастан жобалау құрылыс салушылардың тапсырысы бойынша қаланың (ауданның) инженерлiк қызметтерiнiң техникалық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Инженерлiк желiлер мен құрылыстарды жобалауды жобалау ұйымдары немесе тиiстi лицензиялары бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 12.3
12.3. Инженерлiк желiлердiң барлық сатыдағы және түрдегi жобалары жаңа және толық топогеодезиялық негiзде жасалуы тиiс. Инженерлiк желiлердiң жобалары сәулет және құрылыс органдарымен мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс. Инженерлiк желiлердiң жобалары белгiленген тәртiппен сараптамадан өтедi.
Тармақ 12.4
12.4. Инженерлiк желiлер мен құрылыстарын салу жұмыстарын жүргiзуге рұқсаттаманы, тапсырысшысында келiсiлген жобалау құжаттары мен оның жұмыстың осы түрiне лицензиясы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi бередi.
Тармақ 12.5
12.5. Инженерлiк желiлер мен құрылыстарды салу бiткен соң, құрылыс салушы немесе құрылыс мекемесi, ол жерлердi топырақпен жаппас бұрын, сәулет және құрылыс органдарына инженерлiк желiлердiң жаңадан салынған учаскесiнiң геодезиялық сызбасын тапсыруы тиiс.
Тармақ 12.6
12.6. Жаңадан салынған инженерлiк желiлер мемлекеттiк қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауынсыз, қалалық (аудандық) қызметтер оны қабылдамайды.
Тармақ 12.7
12.7. Инженерлiк желiлер мен қалақұрылысы мен жөндеу жұмыстарын лицензиясыз, келiсiлген жобалау құжаттарынсыз немесе жұмыстарды жүргiзуге мемлекеттiк сәулет және құрылысты қадағалау органының рұқсатынсыз жүзеге асырушы құрылыс мекемелерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк шаралар қолданылады.
Тармақ 13. 13. Көше-жол желiлерi мен көлiктiк құрылыстарды жобалау
13. Көше-жол желiлерi мен көлiктiк құрылыстарды жобалау
Тармақ 13.1
13.1. Көше-жол желiлерi мен көлiктiк құрылыстарды салуға мүдделi жеке және заңды тұлғалар (тапсырысшылар) көрсетiлген объектiлердi жобалау мен салуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiшпен қала (аудан) әкiмiнiң аппаратына жүгiнедi. Жол жүйелерi мен көлiктiк құрылыстарды салуға жасалған жобалау құжаттары, мемлекеттiк сараптама, басқа мемлекеттiк қадағалау органдарында сараптамадан өтедi, сондай-ақ қажеттi жағдайда басқа қалалық (аудандық) қызмет мекемелерiмен және жол полициясымен келiсiлуi тиiс.
Тармақ 14. 14. Объектiлер салу
14. Объектiлер салу
Тармақ 14.1
14.1. Жобалау құжаттамаларында сараптау органының дұрыс қорытындысы бар, азаматтар мен заңды тұлғалар (тапсырысшылар) жер учаскесiне меншiк немесе пайдалану құқықтарын белгiлейтiн актiлерiн тепсыру арқылы мемлекеттiк сәулет қала құрылысы инспекциясына объектiнi тұрғызуға байланысты құрылыс жұмыстарын жүргiзуге мынадай құжаттарды тiркеу арқылы өтiнiшпен жүгiнедi: - қала(аудан) әкiмiнiң объектiнi жобалау жөнiндегi шешiмi; - Мемсәуқұринспекциясының облыстық органына өтiнiшi; - құрылыс жұмыстарын жүргiзу құқығын беретiн мердiгердiң лицензиясы; - сараптама органының құрылыстың жобасы жөнiндегi қорытындысы; - Мемөртқадағалау органының жоба жөнiндегi қорытындысы; - өнеркәсiп объектiлерi, қызмет, автокөлiк және басқа қоршаған ортаға және өзендердiң судан қорғау аймақтарында тастамалар орналастыруға қатысты объектiлердiң жобаларына Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының қорытындысы; - сәулет және қалақұрылысы органымен келiсiлген құрылыстың бас жобасы; - жобалау мекемесiмен (жобалаушымен) авторлық қадағалауды жүргiзуге жасалған келiсiмi; - прораб пен техникалық қадағалауды (N 8 үлгi) жүргiзу жөнiндегi бұйрықтар мен қолхаттар, сейсмикалық аумақта жұмыс жүргiзуге рұқсаттамалар; - ғимараттарды орналастыру актiсi.
Тармақ 14.2
14.2. Тапсырысшы қажеттi құжаттарды берiсiмен Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi жұмыстар жүргiзуге және объектiнi нақты орналастыруға (бұл рұқсаттаманың қолдану мерзiмi жыл сайын ұзартылуы тиiс) рұқсат бередi.
Тармақ 14.3
14.3. Азаматтар мен заңды тұлғалар құрылыс мекемесiнiң өкiлдерiмен бiрге сәулет және қала құрылысы органында объектiнi немесе кешендi орналастыруға тиiстi құжаттарды ресiмдейдi және оның орындалуына жауапты.
Тармақ 14.4
14.4. Құрылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсаты бар азаматтар мен заңды тұлғалар ол туралы құрылыс басталардан бес күн бұрын Мемсәуқұринспекциясына хабарлайды. Жұмыс жүргiзу сәулет және қалақұрылысы органдары бекiткен жобада белгiленедi. Құрылыс салу кезiнде жобаны, құрылыс-монтаж және әрлеу жұмыстарының сапасын сақтамаған азаматтар мен заңды тұлғалар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 14.5
14.5. Объектiлер мен кешендердiң құрылысын салу кезiнде көршiлес орналасқан ғимараттар мен объектiлердегi тiршiлiк қызметiн, технологиялық процесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және құрылыстың эстетикалық көрiнiсiн қалыптастыру мақсатында құрылыс алаңын мiндеттi түрде жайластыру жұмыстарын: қоршаулар орнату, жүргiншiлер өткелдерi мен кiрме жолдары, автокөлiктi жуу және басқа құрылысты жүргiзу жобасына, бас жобаға, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сәйкес жүргiзу қарастырылады.
Тармақ 14.6
14.6. Объектiнiң немесе кешеннiң құрылысы бiткен соң тапсырысшы оны қабылдағанға дейiн сәулет және қалақұрылысы органына топографиялық сызбасын тапсыруы тиiс.
Тармақ 15. 15. Құрылысы бiткен объектiлердi қабылдау
15. Құрылысы бiткен объектiлердi қабылдау
Тармақ 15.1
15.1. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға қабылдау, олардың құрылысы, жаңғырту, кеңейту, техникалық қайта жаңғырту , реставрациясы және күрделi жөндеу жұмыстары бiткен соң, белгiленген тәртiп бойынша, мемлекеттiк қабылдау комиссиясымен оның құрамында мiндеттi тұрде Мемсәуқұринспекция, қоршаған ортаны қорғау, санитарлық және өрт қауiнсiздiгiн қадағалау органдарының қатысуымен жүзеге асырылады.
Тармақ 15.2
15.2. Тапсырысшылар мемлекеттiк қабылдау актiсi ресiмделгенге дейiн, қаланың (аудан) құрылыс ұйымдарымен және қызметтерiмен бiрге мынадай құжаттамалар дайындайды: - аралық қабылдау туралы актiлерi; - жасырын жұмыстар жүргiзу жөнiндегi актiлер; - жабдықтарды сынақтан өткiзу жөнiндегi актiлер; - құрылыс материалдары мен конструкцияларына сертификаттар мен төлқұжаттар; - жобалық құжаттарына сараптау қорытындылары; - басқа қажеттi техникалық құжаттар.
Тармақ 15.3
15.3. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға қабылдау мемлекеттiк комиссияның актiлерiмен ресiмделедi және оларды қаланың (ауданның) атқарушы органдары бекiтедi.
Тармақ 16. 16. Инженерлiк желiлер мен құрылыстарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi
16. Инженерлiк желiлер мен құрылыстарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi
Тармақ 16.1
16.1. Инженерлiк желiлер мен құрылыстарын зақымданудан сақтау және қажеттi алдын алу шараларын қолдану үшiн осы жұмыстарды жүргiзуге жауапты түлға жұмыстың басталуынан 24 сағат бұрын жұмыс орнына, мүдделi мекемелердiң өкiлдерiн шақырып, олармен бiрге инженерлiк желiлер мен құрылыстардың сол қалпында орналасуын белгiлеуi және оларды толық сақтау шараларын қолдануы тиiс. Мүдделi мекемелердiң басшылары өз өкiлдерiнiң жұмыс жүргiзу орындарына келуiн және оларға тиесiлi желiлерi мен құрылыстарды жұмыс жүргiзу кезiнде толық сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жазбаша нұсқаулар бередi. Жол төсенiштерiн, алаңдар мен көшелердi және басқа жалпы пайдаланылатын орындарда жер қазу жұмыстары тек техникалық инспекцияның немесе тиiстi аудан әкiмшiлiгiнiң ордерiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 16.2
16.2. Жұмыс жүргiзуге жауапты тұлға жұмыс басталғанға дейiн мыналарды орындауға мiндеттi:
Тармақша а
а) қазылған жерлердiң шекараларына қоршаулар мен белгiленген ұлгiдегi жол белгiлерiн орнату;
Тармақша б
б) жолаушылар жүретiн орындарда көпiрлер дайындау және қазылған жерлердi түнгi уақытта жарықпен қамтамасыз ету;
Тармақша в
в) арықтардың үзiлiссiз жұмысын қамтамасыз ететiн шаралар қабылдау;
Тармақша г
г) жұмыс алаңында жасыл желектер болған жағдайда оларды механизмдерден жабық қалқандармен қоршап, сонымен қатар лотоктар мен құдықтарға өтетiн жол қалдыруды қамтамасыз ету; Жолдарды жабуды қажет ететiн жағдайларда айналма жол тиiстi белгiлермен белгiленедi. Автокөлiк маршрутын өзгерту қажет болғанда тапсырысшы оны қала (аудан) әкiмiмен келiседi, ақпарат құралдары арқылы жұртшылықты хабардар етедi.
Тармақ 16.3
16.3. Жол төсенiшiн мейлiнше сақтауға кепiлдiк беретiн дайындықсыз траншея қазуды бастауға тиым салынады. 16.4 Жұмыс жұргiзiлетiн орынға материалдарды жеткiзу, жұмыстың басталуына 24 сағат қалғанға дейiн жүзеге асырылады. 16.5 Көшелер мен алаңдарда және басқа көркейтiлген аймақтарда жер асты коммуникацияларын салу үшiн траншеялар мен котловандар қазу мынадай шарттарды сақтай отырып жүргiзiледi:
Тармақша а
а) жұмыс жүргiзу жобасына сәйкес жұмыс қысқа учаскелермен жүргiзiледi;
Тармақша б
б) келесi учаскелердегi жұмыстарға тек алдағы учаскелердегi қалпына келтiру және аумақты тазарту жұмыстарын қоса барлық жұмыстар бiткеннен соң рұқсат етiледi;
Тармақша в
в) траншеялар мен котловандардан алынған топырақ, төсенiштен алынған асфальт жұмыс жүргiзу орынынан кiдiрместен тасылынуы тиiс;
Тармақша г
г) көшелерде магистралды инженерлiк желiлерiн төсегенде, енi 4-7 метр асфальт-бетон төсенiштерi жолдың толық енiне, ал енi 7 метрден көп болғанда асфальт-бетон жол төсенiшiн қалпына келтiру жұмыстары траншея бойымен және құрылыс механизмдерiнiң жұмыс алаңында жургiзiледi;
Тармақша е
е) телефон канализациясы, электркабелi және басқа инженерлiк желiлердi тарту кезiнде 1,5- 2 метр асфальт-бетон төсенiшiн тротуардың толық енiмен қалпына келтiредi. Жасыл желектердi, жер асты коммуникациялары құдықтарының қақпақтарын, су ағарлардың торлары мен астауларын топырақпен жабуға тиым салынады.
Тармақ 16.6
16.6. Жұмыс жүргiзуге жауапты тұлға, траншеяны қазып бiткеннен соң, коммуналдық қызмет орындарының, техникалық инспекцияның немесе аудан әкiмшiлiгiнiң тиiстi қызмет орындарының өкiлдерiне траншея қазу жұмыстары инженерлiк желiлердiң жобасына сәйкес жүргiзiлгендiгiн куәлендiруi және оны актiмен ресiмдеуi тиiс.
Тармақ 16.7
16.7. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде немесе бiткеннен соң, инженерлiк желiлердiң трассалары жобаларға сәйкес келмеген жағдайларда, мемлекеттiк сәулет және қалақұрылысын қадағалау органы, осы желiлердi қайта төсеуге нұсқау бередi. Инженерлiк желiлердi және оның жабдықтарын жобаға сәйкес келтiру үшiн қажеттi қайта орналастыру шығындары осы жұмыстарды жүргiзушi ұйым есебiнен орындалады.
Тармақ 16.8
16.8. Жолдарды қазу жұмыстарын жүргiзген мекеме, жұмыс бiткен соң оны топырақпен қабаттап қайта жабуы тиiс. Топырақты нығыздау мүмкiн болмаған жағдайда, қайта жабуды сығымдалмайтын топырақпен жүзеге асырады.
Тармақ 16.9
16.9. Инженерлiк желiлердi төсеген жерлердегi асфальт-бетон төсенiшiнiң беткi қабаты бұзылған, опырылуы байқалған жағдайда, олардың пайда болу себептерi негiзделген жағдайда құрылыс мекемесi бiр жылға дейiн асфальт-бетон төсенiшiн қайта қалпына келтiрудi техникалық инспекция белгiлеген мерзiм iшiнде жүргiзуге мiндеттi.
Тармақ 16.10
16.10. Инженерлiк желiлердi монтаждау жұмыстары және инженерлiк құрылыстарды салу бiткен соң, оны топырақпен жаппастан бұрын, құрылыс мекемесi орындалу сызбасының бiр данасын сәулет және қала құрылысы органына тапсырады. Орындалу сызбасын траншеялар, құдықтар мен люктер бар түзу учаскелерде (бұрылыссыз) коммуникациялар жабылғаннан және сыртқы көркейту нысандары қалпына келтiрiлгеннен кейiн жұргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 16.11
16.11. Барлық инженерлiк желiлер мен оның құрылыстарының орындалу сызбасының бiр данасы қала (аудан) сәулет және қала құрылысы органына тапсырылады. Орындалу сызбасы инженерлiк желiлер мен құрылыстарының төлқұжаты және салынып жатқан объектiнiң инструменталды геодезиялық суретiне сәйкес орындалған жоспары мен қырыны болып табылады.
Тармақ 16.12
16.12. Құрылысы бiткен инженерлiк желiлердi пайдалануға қабылдау, құрамында тапсырысшы, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттiк қадағалау органдары (Мемсәуқұрқадағалау, Мемсанқадағалау, Мемөртқадағалау, Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы), бас мердiгер, жобалау мекемесi, техникалық инспекция және басқа мүдделi мекеме өкiлдерi кiретiн жұмысшы немесе мемлекеттiк комиссияларымен жүргiзiледi.
Тармақ 16.13
16.13. Комиссия табыс етiлген құжаттарды тексерген соң, құрылысы бiткен объектiге толық тексеру жүргiзедi және мыналарды анықтайды:
Тармақша а
а) iстелген жұмыстардың орындалу сызбасына сәйкестiгiн;
Тармақша б
б) iстелген жұмыстардың сапасын;
Тармақша в
в) бiтпеген жұмыстарды (кемшiлiктердi). Комиссия атаған кемшiлiктердi жойғаннан соң инженерлiк желiлер тұрақты пайдалануға берiледi.
Тармақ 16.14
16.14. Инженерлiк желiлердi пайдалануға қабылдау, құдықтар мен люктер орнатылып, көркейту жұмыстары толық жүргiзiлген және басқа барлық жұмыстар толық бiткеннен соң жүргiзiлуi тиiс.
Тармақ 16.15
16.15. Қаланың (елдi мекендердiң) көшелер мен квартал аралық аумақтарындағы люктер, жылу камералары мен құдықтардың жағдайына жауапкершiлiктi пайдаланушы мекеме немесе қарауында осы инженерлiк желiлерi бар ведомство атқарады.
Тармақ 16.16
16.16. Єимараттар мен объектiлердiң құрылысын салғанда, сондай-ақ инженерлiк жер асты желiлерiнiң үстiнде орналасқан аумақтарды көркейту жұмыстарын жүргiзгенде байқалған, сәулет және қала құрылысы органында тiркелген және пайдалануға берiлген жобаға сәйкес емес төселген желiлер оны қабылдаған мекеме есебiнен қайта төселуi тиiс.
Тармақ 17. 17. Инженерлiк желiлер апаттарын жою жөнiндегi қалпына келтiру жұмыстары
17. Инженерлiк желiлер апаттарын жою жөнiндегi қалпына келтiру жұмыстары
Тармақ 17.1
17.1. Жер асты инженерлiк желiлерi мен құрылыстарының бүлiнуi өндiрiстiң тоқтауына, бақытсыздыққа ұшырауға себеп болған жағдайларда осы құрылыстарды пайдаланушы мекеме басшылығы немесе өкiлеттi өкiлi апат жөнiндегi хабарды алысымен:
Тармақша а
а) жауапты тұлғаның басшылық етуiмен апаттық топты тез шақырады;
Тармақша б
б) техникалық инспекциясын, көркейту қызметiн, жол полициясын, өртке қарсы күрес қызметiн және апатты орында ортақ жер асты шаруашылығы бар мекемелердi апат жөнiнде, ал қоршаған ортаға зиян келтiрiлген жағдайда- облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасын хабардар етедi. Ескертпе: Егер үлкен апат түн мезгiлiнде болса, телефонограмма қала (аудан) әкiмi аппаратының кезекшiсiне берiледi.
Тармақ 17.2
17.2. Зардаптарды жою жұмыстары жүргiзiлетiн жолдарды жабуды қажет ететiн жағдайларда қала (аудан) коммуналдық қызметi апат жөнiндегi хабарды алысымен, жолдарды жабу және зақымдарды жою мерзiмiн белгiлеу үшiн апат орнына жауапты өкiлдерiн жiберуi тиiс.
Тармақ 17.3
17.3. Апатты жою жұмыстары инженерлiк желiлер мен құрылыстардың зақымдануына жол берген мекемеге жүктеледi. Осы жұмыстарды жүргiзуге ордердi апатты жою жұмыстарын жүргiзушi мекеме жұмысын тоқтатпастан техникалық инспекциядан немесе әкiмшiлiктiң тиiстi қызметiнен алуға мiндеттi. Төсенiштердi және көркейтудiң басқа әлементтiрi жұмыс аяқталған соң 2 күннен кешiктiрмей басталуы тиiс.
Тармақ 17.4
17.4. Егер жер асты құрылыстарты қираған немесе оның орнына басқа құрылыстар салынған болса, онда бiрiншiлерi шығарылады және жерден алынып тасталынады.
Тармақ 17.5
17.5. Iстен шыққан құрылыстарды және қазылған жерлердi қалпына келтiру жұмыстары тек осы Ережеде белгiленген тәртiппен техникалық инспекцияның ордерiн алғаннан соң жүзеге асырылады. Қазу жұмыстарына берiлген ордерде белгiленген шарттарды бұзған жағдайда аудан әкiмшiлiгiнiң тиiстi қызметi немесе техникалық инспекциясы, жол полициясы басталған жұмыстарды тоқтата тұруға, жiберiлген кемшiлiктердi жоюға, келтiрiлген шығынын сот арқылы төлетiп алуға құқықты.
Тармақ 18. 18. Тұрғын-үй аумақтарында құрылыс салу
18. Тұрғын-үй аумақтарында құрылыс салу
Тармақ 18.1
18.1. Елдi мекендердiң тұрғын аудандары жобалық құрылымдық жағынан тұрғын үйлер, тұрғын кварталдар, ықшам аудандар, тұрғын аудандар және қалыптасқан кенттердiн тұрғын бөлiмдерi түрiнде келтiрiлген.
Тармақ 18.2
18.2. Жаңа тұрғын үй құрылысында қала құрылысы кешенi түрiнде тұрғын ортасын қалыптастыруды көздеуi тиiс, ол тұрудың, қолайлы жағдайын, халыққа, әлеуметтiк игiлiктiң кепiлдi мөлшерiн инженерлiк қамтуды қамтамасыз етуi қажет.
Тармақ 18.3
18.3. Тұрғын аумақтарында құрылыс салу сәулет қалақұрылысы құжаттамалары негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 18.4
18.4. Көп пәтерлi тұрғын үйлер кешенiн жобалағанда санитарлық, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын ескере отырып, жер бетiнде, балаларға арналған ойын алаңдары, спорт және шаруашылық алаңдарын, ал жер асты кеңiстiгiнде гараждар мен инженерлiк жабдықтарға арналған құрылыстар орналастыруды мейлiнше қарастыруы тиiс. Ауладағы шағын кеңiстiктi жайластыру үшiн қажеттi алаң мөлшерi сәулеттiк-жобалық тапсырмаға және қолданылып жүрген нормативтерге сай есептеледi.
Тармақ 19. 19. Индустриалық (усадьбалық) құрылыс салу аумақтарын ұйымдастыру
19. Индустриалық (усадьбалық) құрылыс салу аумақтарын ұйымдастыру
Тармақ 19.1
19.1. Индустриалық (усадьбалық) құрылыс салу деп, әрбiр тұрғын үйдiң (пәтердiң) өзiнiң аулалық жер ұчаскесi болған кезде усадьбалық (коттеджiта) дара құрылыс салуды атайды.
Тармақ 19.2
19.2. Облыста индустриалды (усадьбалық) үй құрылыс салу үшiн жер учаскелерiн бөлу, алаңы 0,1 гектардан кем емес мөлшерде жүргiзiледi. Сәулет қалақұрылысы құжаттамасына сай, аулалық жер учаскесiн 0,24 га-ға дейiн үлкейтуге болады. Азаматтарға тұрақты пайдалануға және жеке меншiкке тегiн берiлетiн мөлшерден тыс қосымша жер учаскелерi сатылады.
Тармақ 19.3
19.3. Шағын қабатты жеке тұрғын үй аудандарындағы көшелер енi қызыл сызық бойымен 12 метрден, жүретiн бөлiгi - 5,5 метрден кем болмауы тиiс. Тұйық көшелердiң ұзындығы 100 метрден кем болмауы және бұрылу алаңшаларының мөлшерлерi құрылыстық нормалар мен тәртiптерге сай болуы тиiс.
Тармақ 19.4
19.4. Шағын қабатты жеке тұрғын үй құрылыстарын салу ауданында: - тұрмыстық және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлердi орналастыру үшiн аумақтар резервiн жасау; - инженерлiк және жол желiлерiнiң озық құрылысын жүзеге асыру керек.
Тармақ 19.5
19.5. Инженерлiк жабдықтау орталық желiлерге қосуды сондай-ақ жекедара және кварталдық автономиялы желiлер орнатуды қарастыруы тиiс.
Тармақ 20. 20. Елдi мекендердiң территорияларында сауда дүңгiршектерi мен павильондарын орналастыру
20. Елдi мекендердiң территорияларында сауда дүңгiршектерi мен павильондарын орналастыру
Тармақ 20.1
20.1. Елдi мекендердiң айшықты сәулеттiк бейнесiн қалыптастыру, көшелердiң эстетикалық және санитарлық жағдайын қажеттi деңгейде ұстау мақсатында, сауда дуңгiршектерi мен павильондарын орналастыру Мемсанқадағалау , Мемөртқадағалау органдары және жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен орналастыру сызбасына сай жүзеге асырылады.
Тармақ 20.2
20.2. Бекiтiлген сызбаға сай орнатылған сауда дуңгiршектерi оларды бұзү немесе басқа учаскеге орынын ауыстыру жөнiнде негiзделген ескертпе берiлгенше жұмысын жүргiзе бередi.
Тармақ 20.3
20.3. Сауда дүңгiршектерi мен павильондары орналасқан жер учаскелерi олардың иелерiне тек жалға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 21. 21. Халыққа жататын көлiк құралдарын сақтау және қамту құрылыстарын орналастыру
21. Халыққа жататын көлiк құралдарын сақтау және қамту құрылыстарын орналастыру
Тармақ 21.1
21.1. Тұрғын-жай аудандарында, ықшам аудандарда, тұрғын-жай кварталында автокөлiк гараждары мен тұрақтарын орналастыру Мемсанқадағалау, Мемөртқадағалау, Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармаларының келiсiмiмен, қала (аудан) атқарушы органы бекiткен схемаға сай жүргiзiледi.
Тармақ 21.2
21.2. Мүгедектерге тиесiлi автокөлiк тұрақтарын орналастыру белгiленген тәртiпке сай жүргiзiледi. Бұл санаттағы азаматтарға жер учаскелерiн беру үшiн дайындау материалдарын ресiмдеудi сәулет қалақұрылысы органы жүзеге асырады.
Тармақ 21.3
21.3. Кооперативтiк автокөлiк тұрақтары мен гараждарын жобалау және салу қаланың (ауданның) атқарушы органы белгiлеген тәртiппен, қолданылып жүрген құрылыстық нормалар мен тәртiптерге сай жүзеге асырылады. Гараждарды, автотұрақтарды салуды, жабу құрылғыларын орнатуды өз бетiмен жүргiзуге жол берiлмейдi. Гараждар мен автокөлiк тұрақтарының құрылысын салу жөнiндегi белгiленген тәртiптi бұзұға кiнәлi азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 21.4
21.4. Iрi сауда, әлеуметтiк ғимараттарды жобалағанда, Мемөртқадағалау органымен мiндеттi тұрде келiсiлген, тiркес және iргелес жер асты гараждарын салу ескерiлуi тиiс.
Тармақ 21.5
21.5. Автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету бекеттерi, өнеркәсiн аумақтарында, жалпы қалалық магистральдарға жақын, тұрғын-жайлардан оқшау, өнеркәсiптiк, коммуналдық және көлiк кәсiпорындарын бөлетiн санитарлық қорғау аралықтарында орналастырылады.
Тармақ 21.6
21.6. Тұрақты жанармай құю және техникалық қызмет көрсету бекеттерi арнайы бөлiнген алаңдарда, көлiк өтетiн оңтайлы жолдар ұйымдастырылған магистральдарда, құрылыстық нормалар мен тәртiптерге санитарлық, экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай орналастырылуы тиiс. Контейнерлi жанармай құю бекеттерi экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын ескере отырып, уақытша резервке қойылған территорияларға орналастырылуы мүмкiн.
Тармақ 21.7
21.7. Бiр құрылыс алаңында, техникалық қызмет көрсету және тұрақты жанармай құю бекеттерiн, автокөлiктi жуу және басқа қызмет объектiлерiн бiрiктiруге болады.
Тармақ 21.8
21.8. Жанар май құю және техникалық қызмет көрсету бекеттерiн орналастыру бекiтiлген сызбаға сай жүрзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қала құрылысы қызметiнiң жүзеге асырылуын қадағалау және осы Ережелердi сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк 22. Қала құрылысы қызметiнiң жүзеге асырылуын қадағалау
4-тарау. Қала құрылысы қызметiнiң жүзеге асырылуын қадағалау және осы Ережелердi сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк 22. Қала құрылысы қызметiнiң жүзеге асырылуын қадағалау
Тармақ 22.1
22.1. Қала құрылысы қызметiнiң жүзеге асырылуына қадағалау елдi мекендердiң бас жобасына және өзге қала құрылысы құжаттамаларына, құрылыс салу тәртiбiне, мемлекеттiк қала құрылысы нормативтерi мен тәртiптерiне сай, қала құрылысы саласындағы мемлекеттiк саясаттың орындалуын қамтамасыз етудi қадағалайды.
Тармақ 22.2
22.2. Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органының лауазым иелерi, облыстық Мемсәуқұрқадағалау органы өз құзырлары шеңберiнде:
Тармақша 1
1) қолданылып жүрген заңдылық шегiнде құрылыс объектiлерiн, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын шығарушы объектiлерде болуға және олардағы жұмыстың барысына технологиялық жолдама жасауға;
Тармақша 2
2) сәулет және қала құрылысы органдары берген сәулет - қала құрылысы нормативтерiне, экологиялық талаптарға және сәулет - жоспарлау мiндеттерiне сай келмейтiн жобаларға келiсуден бас тартуға;
Тармақша 3
3) бекiтiлген жобалау құжаттарын, нормативтiк талаптарды бұзумен және одан ауытқумен орындалған, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, тарихи және мәдени құндыларға, оның iшiнде мәдениет ескерткiштерiне, қалалық және табиғи ландшафтарға қатер төндiретiн, сондай-ақ азаматтардың, мемлекеттiң және заңды тұлғалардың меншiктерiне, құқылары мен мүдделерiне нұқсан келтiретiн құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс және жұмыстың басқа түрлерiн жүргізуді, құрылысты бюджеттiк қаржыландыру мен несие берудi тоқтату туралы негiзделген ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 4
4) қолданылып жүрген нұсқамалар мен нормативтердi бұзумен орындалатын топогеодезиялық және инженерлiк-геологиялық iздестiру жұмыстарын жүргiзудi тоқтату туралы негiзделген ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 5
5) қала құрылысы тәртiбiн, құрылыс және сәулет саласында қолданушы заңдылықты бұзумен өз бетiмен құрылыс салуға кiнәлi адамдарды белгiленген тәртiпке жауапқа тарту немесе оған айып салу туралы тиiстi мемлекеттiк органдар алдында өтiнiш жасауға;
Тармақша 6
6) қолданылып жүрген заңдылықты, қала құрылысы, экологиялық және басқа нормативтiк талаптарды бұзушы жұмыс орындаушы жобалау, құрылыс және өндiрiстiк ұйымдарынан жобалау, құрылыс және құрылыс өнiмдерiн шығару құқысына лицензияларды алу туралы негiзделген ұсыныстар енгiзуге; Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органының лауазым иелерi, облыстық Мемсәуқұрқадағалау органдарының шешiмдерi және iс-қимылдары сотта даулануы мүмкiн.
Тармақ 23. 23. Осы Ережелердi сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк
23. Осы Ережелердi сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 23.1
23.1. Шығыс Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумақтарында құрылыс салу Ережесiн бұзу Қазақстан ССР-нiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексi белгiлеген әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкелiп соғады.