О материальном стимулировании развития животноводства Күшін жойған
Басқа 0
Мал шаруашылығын өркендетудi материалдық ынталандыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Мал шаруашылығы саласын тұрақтандыру, мал саласын және өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында облыс Әкiмi шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыстың ауыл шаруашылығы департаментi жасаған, мал шаруашылығын өркендетудi материалдық ынталандыру туралы Ереже, қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстың ауыл шаруашылығы департаментiне, аудандардың, қалалардың, сельпосокругтердiң әкiмдерiне түсiнiк жұмыстарын кеңiнен жүргiзiп, меншiктiң барлық түрiндегi товар өндiрушiлердi мал шаруашылығын өркендетудi материалдық ынталандыру туралы Ережемен таныстыру мiндеттелсiн.
Осы мәселеге байланысты материалдар, бiр жылдың жұмыс қорытындысы бойынша комиссияның қарауына ары кеткенде қаңтардың 20-на дейiн тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуына жеке жауапкершiлiк аудандардың,
қалалардың, сельпосокругтердiң әкiмдерiне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалу барысына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң
орынбасары С.Ә. Үмбетовке жүктелсiн.
Басқа 5
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
20 ақпандағы N 2-70 шешiмiне
ҚОСЫМША
Мал шаруашылығын дамытуды материалдық
жағынан ынталандыру жөнiндегi
ЕРЕЖЕ
Облыстық агроөнеркәсiптiк кешенiндегi биылғы жылдың негiзгi басым бағыты мал шаруашылығы саласын тұрақтандыру болып саналады.
Тармақ 1
1. Осы ереже мал санын, оның өнiмдiлiгiн көбейтуде, малды асылдандыру сапасын жақсартуда материалдық жағынан ынталандыру шараларын Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының 1998 жылғы республикалық бюджетi" Заңына сәйкес қарастырылады. Қайтарымсыз негiзде қаржы бөлу механизмiн және шартын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы ереженiң шарттарын орындаған шаруашылық жүргiзушi мал шаруашылық субъектiлерiн материалдық ынталандыру жөнiндегi ұсыныстарды жүзеге асыру үшiн облыс басқармалары мен комитеттерi мамандарынан комиссия құрылады.
Комиссия материалдарды қарайды және жыл көлемiндегi жұмыс нәтижелерi бойынша ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 3
3. Нормативтегi көрсеткiштерге қол жеткiзетiн барлық нысандағы тауар өндiрушi шаруашылықтар мына тәртiппен материалдық жағынан марапатталады.
Iрi қара мал басын - 1 процентке өсiрсе - әр бас iрi қара малына 1000 теңге, қой басына 150 теңге, жылқыға - 1000 теңге, шошқаға - 100 теңге, түйеге - 2000 теңге. Мал басы 1 проценттен әрi қарай өскен жағдайда әр процентке әрбiр iрi қара мал басына 200 теңге, қойға - 25 теңге, жылқыға - 200 теңге, шошқаға - 20 теңге, түйеге - 500 теңге көбейедi.
Аналық мал басын 1 процентке өсiрсе, әр бас сиырға - 1500 теңге, саулыққа - 250 теңге, биеге - 1500, мегежiнге - 200, iнгенге - 2000 теңге. Аналық мал басын 1 проценттен әрi қарай өскен жағдайда әр процент сиыр үшiн - 200 теңге, саулыққа - 50 теңге, биеге - 200 теңге, мегежiнге - 30 теңге, iнгенге - 250 теңге төленедi.
100 аналықтан мал алудың есептi нормативi белгiленедi: 90 бұзау, 95 қозы, 75 құлын, 850 торай, 35 бота. Осы нормативтi көтергенi үшiн әр басқа мына мөлшерде төленедi: бұзауға - 500 теңге, қозыға - 50 теңге, құлынға - 600 теңге, торайға - 30 теңге, ботаға - 800 теңге.
Ауыл шаруашылығы кәсiпорындары басқармаларының шешiмi бойынша мал басын сақтағаны үшiн (мал өлiмi жыл бойынша 3 проценттен төмен болған жағдайда) сол шығынның 50 процентi малдай берiледi.
Тармақ 4
4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жыл қорытындысымен комиссияға :
- Тиiстi үлгiдегi арыз (тiркеледi)
- Фермер қожалығын тiркеу жөнiндегi акт
- Аудандық статистика орындары мен ауыл әкiмдерi бекiткен мал басының әр түрi бойынша айналымы, санақ актiлерi құжаттарының көшiрмелерiн тапсырады.
Тармақ 5
5. Қаржы беру ауыл әкiмiнiң, аудандық стат және аудандық ауыл
шаруашылық басқармалары берген құжаттар бойынша жүзеге асырылады.