Об утверждении Правил осуществления выплаты и размера денежных средств, выделяемых на содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 137-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидалары және оның мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 306 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 13, 167-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидалары және оның мөлшері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 қаулысымен бекітілген Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидалары және оның мөлшері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидалары және оның мөлшері (бұдан әрi – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес әзірленген және патронат тәрбиешiлерге берiлген балаға (балаларға) бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру тәртiбi мен мөлшерiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымындағы, медициналық немесе өзге де ұйымдағы балаларға белгіленеді.
Тарау 2. 2. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу тәртiбi
2. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу тәртiбi
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 312 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 4
4. Баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау үшiн патронат тәрбиешi тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға (бұдан әрi – орган):
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ақша қаражатын тағайындау туралы өтiнiшті;
Тармақша 2
2) баланың (балалардың) бiлiм беру ұйымында білім алатыны туралы анықтаманы;
Тармақша 3
3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты ұсынады.
Тармақ 5
5. Орган патронат тәрбиешінің баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын алуға құқығын осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде бес жұмыс күні ішінде тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес патронат тәрбиешілерге баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, ол тіркеу журналына тіркеледі. Білім беру ұйымдарында, медициналық немесе басқа ұйымда мемлекет толық қамтамасыз ететін қамқорлықтағы балаларға ақша қаражаты тағайындалмайды.
Тармақ 6
6. Патронат тәрбиешілерге ақша қаражатын тағайындау туралы шешімнің негізінде орган бес жұмыс күні ішінде патронат тәрбиешілерге ақша қаражатын төлеуді жүргізеді.
Тармақ 7
7. Патронаттық тәрбиедегі балаға (балаларға) бөлінетін ақша қаражатын төлеудi мерзiмiнен бұрын тоқтатуға әкеп соғатын, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол қамқорлықтағы бала 18 жасқа толғанға дейiн патронат тәрбиешiге тағайындалады және төленедi.
Тармақ 8
8. Патронат тәрбиешіге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді орган патронат тәрбиеші мен орган арасында жасалатын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың негізінде ақша қаражатын тағайындау туралы шешім шыққан күннен бастап ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірмей ай сайын жүргізеді.
Тармақ 9
9. Патронат тәрбиешiге баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылады:
Тармақша 1
1) қамқорлықтағы баланың кәмелетке толуы;
Тармақша 2
2) қамқорлықтағы баланың жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, стационар үлгісіндегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттік қамтамасыз етуге орналасуы;
Тармақша 3
3) қамқорлықтағы баланы асырап алу;
Тармақша 4
4) патронат тәрбиешiнiң өз мiндеттерiн атқарудан шеттетілуі;
Тармақша 5
5) шарт мерзiмiнiң өтуi немесе оның мерзiмiнен бұрын бұзылуы.
Тармақ 10
10. Патронат тәрбиешіге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді тоқтату органның шешiмi бойынша, төлеудi тоқтатуға әкеп соқтырған мән-жайлар туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi.
Тармақ 11
11. Орган шешiм қабылданған күнiнен бастап бір ай мерзiмде патронат тәрбиешіні ақша қаражатын төлеудiң тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 12
12. Органның кiнәсiнен патронат тәрбиешi уақтылы алмаған ақша қаражаты, егер ол үшiн өтiнiш қамқорлықтағы бала он сегіз жасқа толғанға дейiн берiлсе, органға өтініш түскен күннен бастап барлық өткен кезең үшiн төленедi.
Тармақ 13
13. Патронаттағы балаға (балаларға) ақша қаражатын тағайындау және төлеу бойынша құжаттар органда қамқорлықтағы балалардың жеке істерінде сақталады.
Тармақ 14
14. Патронат тәрбиеші шығыстарды есепке алуды ақша қаражатының кірісі және шығысы бойынша жазбалар түрінде жүргізеді.
Тарау 3. 3. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу мөлшері
3. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу мөлшері
Тармақ 15
15. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу ай сайын мынадай мөлшерде жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) мектеп жасына дейiнгi бiр бала үшiн тамақтану – 6 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 2
2) мектеп жасындағы бiр бала үшiн тамақтану – 7 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 3
3) бiр баланың киiм-кешегi, аяқ киiмi және жұмсақ мүкәммалы – 3 айлық есептiк көрсеткiш.
Тармақ 16
16. Орган патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатының жұмсалуын бақылауды жарты жылда кемінде 1 рет жүргізеді.
Басқа 1. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау үшін өтініштің нысаны
Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы(балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларына және оның мөлшеріне 1-қосымша Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау үшін өтініштің нысаны (орган атауы) Өтініш Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) _________________________________________ күтіп-бағуға ақша қаражатын (баланың (балалардың) Т.А.Ә., туған күні) тағайындауды сұраймын. Патронат тәрбиешінің тегі __________________________________________ Аты _______________________Әкесінің аты_____________________________ Мекенжайы___________________________________________________________ Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақша қаражатын тағайындау туралы шешім ___________________________________ _____________________________________________________________________ _________________________ 20__ ж. «___» __________ Патронат тәрбиешінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі _____________________________________________ Сериясы _____________нөмірі ________________ кiм берген ____________ Жеке сәйкестендiру нөмiрi __________________________________________ Дербес шотының № _____________ Банктiң атауы _______________________ Жеке деректерде өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттарды бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы маған ескертiлдi. 20___ ж. «___» ________ _____________________ (өтiнiш берушiнiң қолы) Құжаттар қабылданды: 20___ ж. «___» _________ _____________________________________________________ _____________ (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы) (қолы) _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ (қию сызығы) Жеке деректерде өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттарды бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы маған ескертiлдi. Құжаттары қоса берiлген азамат ____________________________________________________________ өтiнiшi ________ данада 20___ ж. «___» ____ № _____ қабылданды. _____________________________________________________ ______________ (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы) (қолы)
Басқа 2. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім
Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларына және оның мөлшеріне 2-қосымша Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім 20 ___ жылғы «___» ___________ № ________ (орган атауы) Iстiң № ___________ Азамат ______________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) Өтiнiш берiлген күн _________________________________________________ Баланың туу туралы куәлiгi (туу туралы актiнің жазбасы) Берiлген күнi _______________________ №_____________________ Баланың туу туралы куәлiгiн (баланың тууы туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы________________________________________________ Баланың Т.А.Ә. ______________________________________________________ Баланың туған күні __________________________________________________ Баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт _____________________________ _______________________________________________________________ Қорытынды шығарылған күн 20__ ж. _________________ Тағайындалған ақша қаражатының сомасы 20__ ж. __________ бастап 20__ ж._________ аралығында __________________ теңге ________________________________ сомасында (жазумен) Айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты тағайындалған ақша қаражатының сомасы: Баланың Т.А.Ә. ______________________________________________________ ___________________________ бастап _______________________аралығында ___________ теңге _________________________________________ сомасында (жазумен) ____________________________________________ себебі бойынша ақша қаражатын тағайындаудан бас тартылды _________________________________________ себебі бойынша ақша қаражатының төленуі тоқтатылды М.О. (Орган басшысы) (қолы) (Т.А.Ә.)