О наименовании улиц Қолданыста
Басқа 0
Көшелерге атау беру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
солтүстік бөлігінде орналасқан көшеге – "Тәуелсіздік" атауы;
оңтүстік бөлігінде орналасқан көшеге – "Жағалау" атауы.
Тармақ 2
2. Шыбыт ауылындағы оңтүстік бөлігінде орналасқан атауы жоқ көшеге "Шапағат" атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Қызылжар ауылындағы оңтүстік бөлігінде орналасқан атауы жоқ көшеге "Жауқазын" атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.