Об утверждении Перечня документов, представляемых в Агентство Республики Казахстан по делам здравоохранения на согласование ввоза лекарственных средств Күшін жойған
Басқа 0
Дәрілік заттарды әкелуді келісуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне ұсынылатын құжаттар тізбесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 22.12.2004 N 885 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Дәрілік заттар туралы" жарлығын жүзеге асыру және дәрілік заттарды әкелуді келісу үшін ұйымдар ұсынатын құжаттарды дайындау мерзімін қысқарту мақсатында Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Дәрілік заттарды әкелуді келісу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне ұсынатын қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау экономика, қаржы және дәрілік саясат жөніндегі департамент директорының орынбасары М.А.Омароваға жүктелсін.
Басқа 3. Дәрілік заттарды әкелуді келісу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне ұсынылатын құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау істері
жөніндегі агенттігінің
2000 жылғы 21 сәуір
N 232 бұйрығымен
бекітілген
Дәрілік заттарды әкелуді келісу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне ұсынылатын құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Дәрілік заттарды әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне мына құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) дәрілік заттарды әкелуге келісу туралы өтініш;
Тармақша 2
2) фармацевтикалық қызметке берілген лицензияның көшірмесі; (лицензияның түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);
Тармақша 3
3) басты спецификасын қоса дәрілік заттарды сату-сатып алу шартының (келісімнің) көшірмесі (түпнұсқасы) салыстыру үшін беріледі;
Тармақша 4
4) келісім спецификасының немесе әкелуге жататын дәрілік заттардың тізбесі магниттік тасымалдауыштарда/дискет, сыйымдылығы 1,4 кбт/таблицалық түрде:
----------------------------------------------------------------------
N ! ТН ! Дәрілік ! Өлшем ! Саны ! Өндіруші, ! Дәрілік заттың
р/к! ВЭД ! заттың атауы,! бірлігі! ! өндірушінің ! Қазақстан Рес-
! коды! мөлшері, ! ! ! елі ! публикасында
! ! орамдағы ! ! ! ! тіркелген
! ! мөлшер көлемі! ! ! ! уақыты және N
----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
----------------------------------------------------------------------
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы "Бақылауға жатқызылатын есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар туралы" N 186 қаулысымен бекітілген тізімге кіргізілген есірткілік, психотроптық дәрілік заттарды және прекурсорларды әкелу үшін мына құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) есірткілік, психотроптық дәрілік заттарды әкелуді келісуге өтініш;
Тармақша 2
2) есірткілік, психотроптық дәрілік заттар және прекурсорлармен жұмыс істеу құқы бар фармацевтикалық қызметке берілген лицензия;
Тармақша 3
3) есірткілік, психотроптық дәрілік заттарды сатып алу-сату шартының (келісімнің) көшірмесі;
Тармақша 4
4) есірткілік, психотроптық дәрілік заттар мен прекурсорларды әкелуге аумақтық ішкі істер органы берген рұқсат;
Тармақша 5
5) есірткілік, психотроптық дәрілік заттар мен прекурсорларды жеткізіп беруге денсаулық сақтау басқармасының аумақтық органымен жасасқан келісім;
Тармақша 6
6) келісімге спецификацияның электрондық нұсқасы немесе есірткілік, психотроптық дәрілік заттар мен прекурсорлардың әкелуге жатқызылатын тізбесі осы тізбенің 1 тармағының 4 тармақшасында қарастырылған үлгідегі таблица түрінде ұсынылады.