Об открытии регионального центра новых технологий в образовании Күшін жойған
Басқа 0
Білім саласында аймақтық жаңа технологиялық орталық ашу жөнінде
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 16 шешімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 3645 өкімімен бекітілген орта білім беру жүйесін информатикаландырудың Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі ШЕШІМ ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 1998 жылдың 1 қаңтарынан Петропавл қаласында орналастыра отырып, заңды тұлға құқы бар "Білім саласындағы Солтүстік Қазақстан аймақтық жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі құрылсын /БЖАҒТО/. Құрылтайшы - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі БЖАҒТО-ның Жарғысы бекітсін.
Тармақ 2
2. Облқаржы басқармасы /Сутулов Ф.Ф./ іссапарлық, шаруашылық және бағдарламалық-техникалық шығындарды ескере отырып, штаттық кестеге сәйкес БЖАҒТО-ны қаржыландыру қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Білім департаменті /Ваховский Ф.И./ БЖАҒТО-ның Ережесіне сәйкес БЖАҒТО-ның штаттық кестесін бекітсін, БЖАҒТО-ның сапалы қызмет істеуіне, есептеу техникалық құралдарының тиімді пайдалануын бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Петропавл қаласының әкімі /Ходеев П.Ф./ БЖАҒТО-ға жабдықталған үй-жай бөлу жөніндегі мәселені шешсін.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудан әкімдері сыныптарды оқу-есептеу техникасымен қамтамасыз ету мақсатында оны бағдарламалық және техникалық жағынан қамтамасыз етудің қаржыландыру мүмкіндігін іздестіріп тапсын.
Тармақ 6
6. Бұқаралық ақпарат құралдары /Моор И.И./, Мүстафин Б.М., Қанғожин М.М./ информатикаландырудың Мемлекеттік Бағдарламасына қолдау көрсетіп, насихаттау жүргізсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.П. Никандровқа жүктелсін.