Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих нефрологическую помощь населению Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына мамандандырылған нефрологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 15 ақпандағы
№ 86 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Халыққа (ересектер мен балаларға) көрсетілетін нефрологиялық көмек бүйректің созылмалы ауруларымен (бұдан әрі – БСА) ауыратын науқастарды уақтылы анықтауға, емдеуге және оңалтуға бағытталған.
Тармақ 3
3. Халыққа (ересектер мен балаларға) нефрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын штаттан тыс бас нефролог маман (республиканың, облыстың, қаланың) үйлестіреді.
Тармақ 4
4. Халыққа нефрологиялық көмек медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК), консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК), стационарлық, стационарды алмастыратын және жедел медициналық көмек нысанында көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Халыққа нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, салалық нормативтік-құқықтық актілерді, ұйымның Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады және өз қызметін медициналық қызметке мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Нефрологиялық науқастарға МСАК-ті амбулаториялық деңгейде «жалпы дәрігерлік практика», «терапия» немесе «педиатрия» мамандығы бар «нефрология» циклы бойынша даярлықтан өткен дәрігерлер:
Тармақша 1
1) ауылдық, аудандық, қалалық емханаларда;
Тармақша 2
2) дәрігерлік амбулаторияда көрсетеді;
Тармақ 7
7. Нефрологиялық науқастарға КДК-ні «нефрология» мамандығы бар дәрігерлер:
Тармақша 1
1) қалалық немесе аудандық емханада;
Тармақша 2
2) қалалық консультациялық-диагностикалық орталықта;
Тармақша 3
3) республикалық консультациялық-диагностикалық орталықта көрсетеді.
Тармақ 8
8. Нефрологиялық аурулармен ауыратын науқастарға стационарлық көмекті «жалпы дәрігерлік практика», «терапия», «педиатрия» немесе «нефрология» мамандығы бар дәрігерлер:
Тармақша 1
1) аудандық, қалалық, облыстық, ауданаралық ауруханалардың терапия, педиатрия бөлімшелерінде;
Тармақша 2
2) қалалық, облыстық, республикалық ауруханаларының, ғылыми зерттеу институттарының немесе қалалық, облыстық, республикалық балалар ауруханаларының, ғылыми-зерттеу институттарының нефрология (басқа соматикалық бөлімшемен бірлескен) бөлімшесінде көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нефрологиялық аурулармен ауыратын науқастарға стационарды алмастыратын көмекті «жалпы дәрігерлік практика», «терапия», «нефрология», «педиатрия» мамандығы бар дәрігерлер «нефрология» циклынан өткен дәрігерлер:
Тармақша 1
1) ауылдық, аудандық, қалалық емханаларда;
Тармақша 2
2) дәрігерлік амбулаторияда;
Тармақша 3
3) консультациялық-диагностикалық орталықта;
Тармақша 4
4) аудандық, ауданаралық, қалалық, қалалық балалар ауруханаларының, облыстық балалар ауруханаларының және республикалық клиникалардың терапиялық, педиатриялық, соматикалық бөлімшелерінде көрсетеді.
Тармақ 10
10. Жедел медициналық жәрдемді нефрологиялық аурулармен ауыратын науқастарға жедел медициналық жәрдем бригадасының «жедел және шұғыл медициналық жәрдем» мамандығы бар дәрігерлер және «фельдшер» мамандығы бойынша орта медициналық білімі бар қызметкерлер жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жанында амбулаториялық және балалар диализі бөлімшелерінде (орталықтарда) емхананың нефролог дәрігерінің қорытындысы негізінде бүйрек толықтырғыш еміне пациенттерді іріктеу жөніндегі комиссия құрылады.
Тармақ 12
12. Емдеуге жатқызуға себепші болған аурудың бейіні бойынша пациенттерді басқа стационарға емдеуге жатқызу пациентті диализге жеткізуді қамтамасыз ету кезінде санитариялық көлікпен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Халыққа нефрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штаттық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (нормативтік және құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген) бекітілген мемлекеттік штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Тарау 2. 2. Халыққа нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен функциялары
2. Халыққа нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 13
13. Халыққа нефрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары:
Тармақша 1
1) профилактикаға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; зәр шығару жүйесінің ауруларынан сырқаттанушылықты, мүгедектікті, өлімді азайтуға; өмір сүру сапасын жақсартуға және ұзақтығын ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу және бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар (бұдан әрі – БСЖ) пациенттердің өмір сүру ұзақтығын және сапасын жақсарту;
Тармақша 2
2) зәр шығару жүйесі ағзаларының патологиясын (ушыққан және созылмалы пиелонефрит, ушыққан және созылмалы гломерулярлық аурулар, интерстициялық бүйрек аурулары, бүйрек және зәр шығару жүйесінің даму ақаулары) ерте анықтау;
Тармақша 3
3) емдеудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып бүйректің созылмалы ауруларымен (бұдан әрі – БСА) ауыратын науқастарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған сапалы медициналық көмек көрсету;
Тармақша 4
4) тәуліктік медициналық қадағалауды қажет етпейтін БСЖ-мен ауыратын науқастарға стационарды алмастыратын және оңалту көмегін ұйымдастыру және көрсету;
Тармақша 5
5) бүйрек трансплантациясына дайындау және трансплантацияланған бүйрек реципиенттерін қадағалау мақсатында БСЖ бар, сондай-ақ бүйрекке арналған толықтырғыш терапиясы (гемодиализ, перитонеалдық диализ, бүйрек трансплантациясы) әдістерімен ем қабылдайтын, диализбен жедел емделуге (тіркелім жүргізу) мұқтаж пациенттерді тіркеу;
Тармақша 6
6) мына санаттағы науқастардың бүйрек функциясының жағдайын тұрақты бақылай отырып, жылына кем дегенде 4 рет есепке алу және диспансерлеу:
ушыққан бүйрек функциясының жетіспеушілігі болғандарды;
себебі мен кезеңіне қарамастан бүйрек созылмалы ауруы бар тұлғалар (алғашқы және қайталанған нефропатиялар);
бүйрек зақымдануының жоғары тәуекел топтарына жататындар (артериялық гипертензиядан, көп таралған атеросклероз және/немесе кез келген топтағы стенокардиядан, жүрек функциясының жеткіліксіздігінен, қант диабетінен, III-IV дәрежелі семіздіктен зардап шегетіндер);
Тармақша 7
7) созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарға (гемодиализ, перитонеалдық диализ, гемофильтрлеу, гемодиафильтрлеу, уытсыздандырудың ұзартылған әдістері) жағдайы тұрақтанып, қалыптасқаннан кейін амбулаториялық диализге ауыстырумен бүйрек толықтыру терапиясын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 8
8) толықтырғыш бүйрек терапиясын қажет ететін пациенттерді уақтылы анықтау және осы пациенттерді дүниежүзілік стандарттарға сәйкес көмекпен қамтамасыз ету (2013 жылғы қарай 1 миллион адамға шаққанда 150, 2020 жылға қарай 500 пациентке дейін);
Тармақша 9
9) «Жасанды бүйрек» аппараттарымен немесе уытсыздандырудың ұзартылған әдістеріне арналған аппараттармен жарақталған реанимация бөлімшелерінде ушыққан бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде өмірге қауіп төндіретін жағдайды жою;
Тармақша 10
10) БСЖ-мен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 11
11) БСА диагностикасында және емдеуде инновациялық медициналық технологияларды енгізу болып табылады.
Тарау 3. 3. Халыққа нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы
3. Халыққа нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы
Тармақ 14
14. Өзіне жүктелген функцияларға байланысты халыққа нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына:
Тармақша 1
1) нефрология кабинеті;
Тармақша 2
2) нефрологиялық бөлімше;
Тармақша 3
3) қалалық, облыстық, республикалық клиникалардың, ғылыми-зерттеу институттардың амбулаториялық диализ бөлімшесі (орталығы);
Тармақша 4
4) республикалық клиниканың балалар диализ бөлімшесі (орталығы) жатады.
Тарау 4. 4. Нефрология кабинеті
4. Нефрология кабинеті
Тармақ 15
15. Нефрология кабинеті (бұдан әрі - Кабинет) халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың (ауданның, қаланың, облыстың, республиканың) және стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымында құрылады.
Тармақ 16
16. Кабинетке нефрология бойынша маманданудан өткен, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар немесе нефрология бойынша интернатурадан (резидентурадан) өткен нефролог-дәрігер, нефролог-дәрігер болмағанда нефрология бойынша даярлықтан өткен жалпы практика дәрігері (терапевт, педиатр) басшылық етеді.
Тармақ 17
17. Кабинеттің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) тіркелген халық арасында бүйректің созылмалы ауруын ерте анықтау мақсатында скрининг зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу (артериялық қан қысымын өлшеу, қан креатининін анықтау, тест жолақшаларын пайдалана отырып ақуыз бен глюкозаның бар-жоғына зәрді сапалы талдау);
Тармақша 2
2) нефрологиялық аурулары бар науқастарға және олардың өршу қаупі жоғары адамдарға консультациялық, диагностикалық және емдік көмек көрсету;
Тармақша 3
3) бүйрек патологиясы бар (ушыққан және созылмалы нефрит, БСЖ) және бүйректің зақымдану қаупі жоғары адамдарды диспансерлеуді ұйымдастыру және жүргізу:
ушыққан бүйрек функциясының жетіспеушілігінен кейiн алғашқы 5 жыл;
бүйрек трансплантациясынан кейін (трансплантация орталығында ұйымдастырылған бақылау болмаған жағдайда) өмір бойы;
нефрогендік гипертензия кезінде;
гломерулярлық аурулардың кез келген түрінде және иммуносупрессивті терапияны үзбей жалғастырушыларға;
бағдарламалық диализ алатын науқастарды қоспағанда, бүйректің созылмалы функциясының жетіспеушілігінен зардап шегетіндердің (бүйректің созылмалы ауруының 3-4-сатысы) барлық кезеңінде;
урологқа қаралуға және емделуге жатпайтын, зәр шығару жүйесінде қайталама инфекциясы барларға;
клиникалық манифестік сатыда диабеттік нефропатиямен зардап шегетіндерге;
тұқым қуалаушы және туа біткен бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының кез келген түрімен зардап шегетіндерге.
Тармақша 4
4) зертханалық диагностикалық әдістердің көмегімен (УДЗ, компьютерлік томография, радиоизотопты ренография, биохимиялық, иммунологиялық және рентгендік зерттеулер) бүйректің жағдайына терең зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 5
5) амбулаториялық жағдайда емделу мүмкін емес, ушыққан бүйрек ақауы бар немесе созылмалы аурулары асқынған пациенттерді стационарлық емделуге жіберу;
Тармақша 6
6) бүйрек толықтырғыш терапиясына науқастарды іріктеу және бүйрек толықтырғыш емін бастау және мерзімі мәселелерін шешу үшін Комиссияға жолдама беру;
Тармақша 7
7) науқастарға бүйрек толықтырғыш терапиясын (гемодиализ, перитонеалдық диализ, сақтандырма/диализге дейінгі бүйрек трансплантациясы) таңдауға консультация беру; диализдің басталуын күтушілерді, оны алушыларды, сондай-ақ аллогенді бүйрек реципиенттерін есепке алу;
Тармақша 8
8) бүйрек аурулары және аралас патологиясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық және мүгедектік мәселесін шешуде ұсынымдар беру;
Тармақша 9
9) қызмет көрсететін ауданда БСА-мен сырқаттанудың, мүгедектіктің және өлімнің (емдеуге жатқызуға дейінгі және емдеуге жатқызу) негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштерінің мониторингі мен талдауы, тіркелген халықтың денсаулығын нығайту бойынша іс-шаралар әзірлеу;
Тармақша 10
10) осы өңірде бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын науқастардың тіркелімін жүргізу;
Тармақша 11
11) бүйрек функциясы бұзылған жүкті әйелдерге консультациялық, диагностикалық және емдік көмек көрсету;
Тармақша 12
12) медициналық айғақтар бойынша тәуліктік медициналық бақылауды қажет етпейтін пациенттерге стационарды алмастыратын және оңалту көмегін ұйымдастыру және көрсету;
Тармақша 13
13) БСА-мен ауыратын науқастарды амбулаториялық кезеңде қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттарға және медицинаға арналған бұйымдарға өтінім құруға қатысу;
Тармақша 14
14) саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп БСА профилактикалау, саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану мәселелері бойынша халыққа санитариялық-гигиеналық білім беру жөнінде іс-шаралар өткізу;
Тармақша 15
15) БСА-мен ауыратын және оның даму қаупі бар науқастардың әртүрлі санатына оқулар ұйымдастыру, оқудың бастапқы және қайталама циклдерін өткізу, жеке консультациялық жұмыстар жүргізу;
Тармақша 16
16) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (нормативтік және құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 тіркелген) сәйкес амбулаториялық деңгейдегі БСА, оның ішінде БСЖ пациенттерін дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру болып табылады.
Тарау 5. 5. Нефрология бөлімшесі
5. Нефрология бөлімшесі
Тармақ 18
18. Нефрология бөлімшесі республика, облыс, қала халқына (ересек адамдар мен балаларға) көп бейінді стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
Тармақ 19
19. Нефрология бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен (нормативтік және құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 тіркелген) (бұдан әрі - № 791 бұйрық) бекітілген талаптарға сәйкес келетін маман тағайындалады.
Тармақ 20
20. Нефрология бөлімшесінің дәрігері қызметіне «нефрология» мамандығының біліктілік сипатына сәйкес келетін маман тағайындалады.
Тармақ 21
21. Бөлімшенің құрылымы мен медициналық және оның өзге де персоналының штат саны нефрологиялық науқастардың стационарлық контингенттерінің қиындығы мен ауырлығы ескеріле отырып, жүргізілетін емдеу-диагностикалық жұмыстардың көлеміне байланысты айқындалады – 15 нефрологиялық төсекке 1 дәрігер лауазымы.
Тармақ 22
22. Нефрологиялық бөлімшенің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) гломерулярлы және гломерулярлы емес ауралардың, туа біткен және тұқым қуалайтын бүйрек ауруларының бастапқы және қайталама әртүрлі нысандарының диагностикасы және сараланған диагностикасы;
Тармақша 2
2) диализ терапиясына дер кезінде ауыстыру мақсатында әртүрлі ушыққан және созылмалы нефропатиясы бар науқастардың бүйрек функциялық жағдайын анықтау;
Тармақша 3
3) созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ерте сатысында бүйрек ауруларына кешендік консервативті ем жүргізу;
Тармақша 4
4) гемодиализ сеанстары арасында диализді пациенттерде симптомдық емді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) уремиялық синдромның асқынған ағымы пайда болған кезде амбулаториялық гемодиализдегі науқастарды бөлімшеге емдеуге жатқызу;
Тармақша 6
6) түзетудің хирургиялық әдістерін қолдануды қажет етпейтін жағдайларда бүйрек трансплантанты нефропатиясының симптомдық терапиясын жүргізу;
Тармақша 7
7) өңірдің басқа медицина ұйымында стационарлық немесе амбулаториялық емдеуде жатқан, бүйрегінің зақымы бар науқастарға консультациялық көмек;
Тармақша 8
8) нефропротекцияның қазіргі заманғы әдістері мен бүйректің пункциялық биопсиясын қоса отырып, клиникалық практикаға, нефрологиялық ауруларды диагностикалаудың, емдеудің, диспансерлеудің және профилактикасының жаңа әдістерін әзірлеу, енгізу және жаңа диагностикалық және емдік әдістерді енгізудің тиімділігіне талдау жүргізу;
Тармақша 9
9) нефрологиялық аурулармен ауыратын науқастарға диагностика және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша персоналдық кәсіби біліктілігін арттыру үдерісіне қатысу;
Тармақша 10
10) жеңілдікті дәрі-дәрмектерге қамтамасыз етілуге құқығы бар тұлғаларды нефрологиялық науқастарды емдеуге арналған өмірлік маңызды дәрілік препараттармен, оның ішінде нефрогенді анемияны түзетуге және бүйрек трансплантациясынан кейін иммуносупрессанттармен емдеуге арналған препараттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 11
11) пациенттермен және олардың туыстарымен санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 12
12) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) есепке алу және есеп беру құжаттамасын енгізу және белгіленген тәртіп бойынша қызметі туралы есепті ұсыну, сондай-ақ бүйректің созылмалы ауруларының (БСА) тіркелімін жүргізу;
Тармақша 14
14) медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру және БСА-дан өлім санын азайту бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
Тармақша 15
15) БСА-мен ауыратын науқастардың профилактикасының, диагностикасының, емдеу мен оңалтудың жаңа тиімді әдістерін жүйелі түрде меңгеру және практикаға енгізу;
Тармақша 16
16) БСА-мен ауыратын пациенттерді бақылау, асқынулардың профилактикасына, аурудың үдеуін тежеу әдістеріне оқыту.
Тармақ 23
23. Бөлімше құрылған медицина ұйымында шұғыл түрде емдеу-диагностикалық қызметтердің (тәулік бойы жұмыс істейтін режімде) орындалуы қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) шұғыл түрде:
перифериялық және орталық көктамырлар пункциялары немесе катетерлеу;
ішперде қуысы және ішперде артындағы қуысы ағзаларын УДЗ;
анализімен қоса электрокардиограмманы тіркеу;
экскреторды урография;
уролог консультациясы;
қуықты катетерлеу және диурез мониторингі;
қарқынды терапия бөлімшесі бар болған жағдайда өкпенің жасанды вентиляциясы;
диализ бөлімшесі болған жағдайда гемодиализдің, ультрафильтрлеудің,
гемофильтрлеудің шұғыл сеансын немесе перитонеалдық диализ емшараларын жүргізу;
қанды толық гематологиялық және биохимиялық зерттеу;
кеуде ағзаларының және ішперде қуысының рентгенографиясы;
Тармақ 2
2. гастродуоденоскопия;
жоспарлы түрде:
эхокардиографиялар;
бүйрек тамырларының және басқа да тамырлы жерлерді ультрадыбыстық допплерографиялары;
Тармақша 3
3) сәулелі диагностика бөлімшесі болған жағдайда бүйрек, ішперде қуысы ағзалары, ішперде артындағы кеңістік, өкпенің компьютерлік томографиясы, оның ішінде қолқа және бүйрек артериясының спиральді компьютерлік томографиясы;
Тармақша 4
4) бүйректің пункциялық биопсиясы.
Тармақ 24
24. Стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында нефрология бөлімшесі болмағанда нефрологиялық төсектер соматикалық бөлімшенің құрамында болуы мүмкін.
Тарау 6. 6. Қалалық, облыстық, республикалық клиникалардың, ғылыми-зерттеу институттардың амбулаториялық диализ бөлімшесі (орталығы)
6. Қалалық, облыстық, республикалық клиникалардың, ғылыми-зерттеу институттардың амбулаториялық диализ бөлімшесі (орталығы)
Тармақ 26
26. Қалалық, облыстық, республикалық клиникалардың, ғылыми-зерттеу институттардың амбулаториялық диализ бөлімшесі (орталығы) (бұдан әрі – бөлімше, орталық) республика, облыс, қала халқына көп бейінді стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, жедел медициналық жәрдем ауруханаларының, госпитальдардың, консультациялық-диагностикалық орталықтардың құрылымдық бөлімшесі ретінде немесе бүйрек сыртындағы қанды тазарту үшін тиісті мүмкіндігі бар дербес орталық ретінде құрылады.
Тармақ 27
27. Бөлімшені № 791 бұйрықпен бекітілген біліктілік сипаттамасына сәйкес келетін меңгеруші басқарады.
Тармақ 28
28. Бүйректің толықтырғыш терапиясын алатын пациенттерге мамандандырылған көмекті «нефрология» мамандығы бойынша алғашқы мамандануы және реанимация бойынша тақырыптық жетілдіру циклынан өткен мамандар көрсетеді.
Тармақ 29
29. Бөлімше (орталық) гемодиализ аппараттарын пайдалана отырып бір гемодиализ орнының өткізу мүмкіндігі күнтізбелік күн бойынша жылына кемінде 624 сеанс (2496 сағат/жылына) (бір пациентке аптасына 12 сағат) күн сайын екі ауысыммен бүйректен тыс қанды тазалайды.
Тармақ 30
30. Бөлімше мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өңірді гемодиализге арналған жасанды бүйрек аппараттарымен (ЖБА) және циклдермен қамтамасыз ету бойынша жетілдіру, талдау, үйлестіру және бақылау;
Тармақша 2
2) өңірде амбулаториялық диализ желісінің дамуына талдау жүргізу;
Тармақша 3
3) облыстың (қаланың) денсаулық сақтау ұйымдарында арнайы іріктейтін комиссияның қатысуымен созылмалы бүйрек ауруының соңғы сатысындағы пациенттерді іріктеу және бүйрек толықтырғыш терапиясын бастауға айғақтарды айқындау;
Тармақша 4
4) БСЖ соңғы сатысындағы науқастардың ұзақ уақыт тіршілік етуін қамтамасыз ету және (немесе) бүйрек трансплантациясына дайындау мақсатында оларға бағдарламалық гемодиализді және тұрақты перитонеалдық диализді жүргізу;
Тармақша 5
5) трансплантат функциялары ауырлаған немесе болмаған жағдайда ерте немесе бұрынғы трансплантациядан кейінгі донор бүйрегінің реципиенттеріне гемодиализ немесе перитонеалдық диализ жүргізу;
Тармақша 6
6) БСЖ соңғы сатысының асқынған ағымында бастапқы және қайталама нефропатиясы бар науқастардың бүйрек сыртындағы қанды тазартудың басқа әдістерін (гемодиафильтрлеу, гемофильтрлеу) жүргізу;
Тармақша 7
7) донор бүйрегінің «күту парағына» қорытындыларды фенотиптеу және қосу үшін трансплантация орталығына әлеуетті реципиенттердің қан үлгілерін жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Астана, Алматы қалаларының трансплантация бөлімшелеріне (орталықтарына) операция өткізу үшін іріктелген реципиенттерді ауыстыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас нефрологына облыстағы (қаладағы, республикадағы) жағдай және жұмыс үдерісі кезінде туындаған проблемалар туралы мәліметтерді беру;
Тармақша 10
10) құрамына Бөлімше (орталық) кіретін медицина ұйымдарының базасында гемодиализ немесе перитонеалдық диализ емін алатын, оның ішінде амбулаториялық режімдегі пациентттерге зертханалық, аспаптық тексеріп-қарау және дәрі-дәрмектік терапия жүргізу;
Тармақша 11
11) амбулаториялық гемо немесе перитонеалдық диализдегі пациенттерді мынадай медициналық айғақтар болған жағдайда бөлімшеге емдеуге жатқызу:
диализ жолының асқынуы;
бүйрек функциясының соңғы созылмалы жеткіліксіздігі, оның ішінде инфекциялық, кардио-васкулярлық және т.б. асқынулар;
диализ терапиясының асқынуы;
Тармақша 12
12) диализдің басталуын күтуші пациенттерді, бүйрек трансплантациясына жататын әлеуетті реципиенттерді, сондай-ақ, бүйрек трансплантациясы жасалған пациенттерді тіркеу және есепке алу;
Тармақша 13
13) қажет болған жағдайда бүйрек функциясының жеткіліксіздігін диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша басқа медицина ұйымдарының дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 14
14) күнтізбелік күн бойынша жылына кемінде 624 (2496 сағ/жыл) гемодиализ сеанстарының бір диализ орнының өткізгіштік қабілеті болған жағдайда гемодиализ аппаратурасын күн сайын екі ауысыммен пайдалану (1 пациентке аптасына 12 сағат) арқылы жұмысты жоспарлау;
Тармақша 15
15) диализдің басқа бөлімшелерінде жұмыс істеу үшін нефролог дәрігерлерді және орта медициналық персоналды жұмыс орнында даярлау; 16 жүкті әйелдерге, кез келген этиологияда ушыққан бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге гемодиализ және перитонеалдық диализ жүргізу.
Тармақ 31
31. Бөлімшенің (орталықтың) құрылымы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құрылады.
Тармақ 32
32. Уронефрологиялық ауруларды емдеуге арналған медициналық техниканың және дәрілік препараттардың клиникалық сынақтарына қатысу.
Тармақ 33
33. Бөлімше (орталық) диализ кезінде және диализ арасындағы уақытта гемодиализге арналған суды биохимиялық зерттеу жолымен диализдік терапия сапасын зертханалық бақылаумен және шұғыл реанимациялық іс-шараларды көрсету мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 34
34. Бөлімшеде (орталықта) гемодиализ сеансын өткізуге белгіленген тариф шегінде гемодиализ сеансын өткізгеннен кейін амбулаториялық пациенттерді тамақтандыру ұсынылады.
Тармақ 35
35. Гемодиализ қызметтерін ұсынатын бөлімшеде (орталықта) гемодиализ сеансын өткізуге белгіленген тариф шегінде гемодиализ сеансын өткізу үшін пациенттерді тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Тарау 7. 7. Республикалық клиниканың балалар диализ бөлімшесі (орталығы)
7. Республикалық клиниканың балалар диализ бөлімшесі (орталығы)
Тармақ 36
36. Республикалық клиниканың балалар диализ бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) бүйрек сыртындағы қанды тазартуға мүмкіндігі бар, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарының (республикалық, облыстық, қалалық ауруханалар) базасында құрылады.
Тармақ 37
37. Балалар диализі бөлімшесін (орталығын) № 791 бұйрыққа сәйкес біліктілік сипаттамаға сәйкес келетін меңгеруші басқарады.
Тармақ 38
38. Бүйректің толықтырғыш терапиясын алатын балаларға мамандандырылған көмекті «Нефрология» мамандығы бойынша алғашқы мамандануы және реанимация бойынша тақырыптық жетілдіру циклы бар мамандар көрсетеді.
Тармақ 39
39. Бөлімше мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар балаларды жасанды бүйрек аппараттарымен (бұдан әрі – ЖБА) және перитонеалдық диализге арналған циклерлермен қамтамасыз ету бойынша жетілдіру, талдау, үйлестіру және бақылау;
Тармақша 2
2) балалардағы бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігін бүйректің толықтырғыш терапиясы (бағдарламалық гемодиализ, перитонеалдық диализ) әдістерімен емдеудің медициналық-экономикалық хаттамаларын және тарифтерін әзірлеу және жетілдіру;
Тармақша 3
3) тамырға енгізуді қалыптастыруға дайындау және арнайы іріктеу комиссиясының қатысуымен диализ терапиясы үшін облыстың (қаланың) денсаулық сақтау ұйымдарында бүйректің созылмалы ауруының соңғы сатысындағы пациенттерді іріктеу және бүйрек толықтырғыш терапиясын бастауға айғақтарды айқындау;
Тармақша 4
4) БСЖ соңғы сатысындағы балалардың өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз ету және (немесе) бүйрек трансплантациясына дайындау мақсатында оларға бағдарламалық гемодиализ және тұрақты перитонеалдық диализ жүргізу;
Тармақша 5
5) донор бүйрегінің «күту парағына» қорытындыларды фенотиптеу және қосу үшін трансплантация орталықтарына әлеуетті реципиенттердің қан үлгілерін жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) операция өткізу үшін іріктелген реципиенттерді трансплантация бөлімшелеріне ауыстыру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар нефрологына республикадағы балалар диализі қызметінің жағдайы және жұмыс үдерісі кезінде туындаған проблемалар туралы мәліметтер беру;
Тармақша 8
8) гемодиализбен немесе перитонеалдық диализбен ем қабылдайтын пациенттерді, оның ішінде амбулаториялық режімдегі пациенттерді зертханалық, аспаптық тексеруді және дәрі-дәрмектік терапияны жүргізу, бұл ретте соңғыларын дәрі-дәрмектік және зертханалық-аспаптық қамтамасыз ету құрамына бөлімше кіретін медициналық ұйымдардың қорынан жүзеге асырылады;
Тармақша 9
9) бүйрек функциясы қалпына келгенге дейін кез келген этиологияда ушыққан бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар балаларға гемодиализ немесе перитонеалдық диализ жүргізу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының басқа диализ бөлімшелерінде жұмыс істеу үшін нефролог-дәрігерлерді және орта медициналық персоналдарды жұмыс орнында даярлау;
Тармақша 11
11) амбулаториялық гемодиализ немесе перитонеалдық диализдегі пациенттерді мынадай медициналық көрсеткіштері болған кезде балалар диализі бөлімшесіне емдеуге жатқызу:
диализ жолының асқынуы;
бүйрек функциясының соңғы созылмалы жеткіліксіздігі, оның ішінде инфекциялық, кардио-васкулярлы және т.б. асқынулар;
диализ терапиясының асқынуы;
Тармақша 12
12) диализдің басталуын күтушілерді, бүйрек трансплантациясына жататын әлеуетті реципиенттерді, сондай-ақ, бүйрек трансплантациясы жасалған пациенттерді тіркеу және есепке алу;
Тармақша 13
13) қажет болған жағдайда балалардағы бүйрек функциясының жеткіліксіздігін диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша басқа медицина ұйымдарының дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 14
14) күнтізбелік күн бойынша жылына кемінде 624 (2496 сағ/жыл) гемодиализ сеанстарының бір диализді орнының өткізгіштік қабілеті болған жағдайда гемодиализ аппаратурасын күн сайын екі ауысыммен пайдалану (1 пациентке аптасына 12 сағат) арқылы жұмысты жоспарлау;
Тармақша 15
15) бүйректің толықтырғыш терапиясының қазіргі заманғы әдістерін (перитонеалдық диализ, уытсыздандырудың жалғастырылған әдістері) дамыту;
Тармақша 16
16) республиканың басқа медицина ұйымдарында емдеу мүмкін емес қайталама нефропатиясы бар науқастардағы ауыр уремияның түрлі асқынулары кезінде бүйрек сыртындағы және интракорпоралды қанды тазартудың (перитонеалдық диализ) арнайы режімін жүргізу;
Тармақша 17
17) бүйрегі ауыстырып қондырылған балаларды бүйрек функциясы төмендеген кезде бақылау және емдеу, созылмалы гемодиализ және перитонеалдық диализді дайындау және өткізу, трансплантатэктомия қажеттілігі туралы мәселені шешу;
Тармақша 18
18) барлық өңірлердегі ушыққан бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар балаларға консультациялық көмек көрсету, емдеу және қажет болған жағдайда емдеуге жатқызу;
Тармақша 19
19) аумақтардың мамандарымен, республиканың нефрология және гемодиализ бөлімшелерімен тұрақты байланыста болу, пайда болған проблемаларды жедел шешу;
Тармақша 20
20) бағдарламалық диализдің әртүрлі аспектілері (гемодиализ және перитонеалдық) бойынша дәрігерлерді, мейіргерлерді және инженер-техник қызметкерлерді жұмыс орнында даярлау және тиісті құжаттарды беру;
Тармақша 21
21) диализ техникасының, зертханалық жабдықтардың және қазіргі заманғы нефротропты препараттардың бүйрек функциясының жеткіліксіздігін түзетуге арналған препараттардың жаңа үлгілерін сынау.
Тармақ 40
40. Бөлімшенің (орталықтың) құрылымы осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес құрылады.
Тармақ 41
41. Балалар диализі бөлімшесі (орталық) диализ кезінде және диализ арасындағы уақытта шұғыл реанимациялық іс-шараларды көрсету және диализ терапиясының сапасын гемодиализге арналған суды биохимиялық зерттеу жолымен зертханалық бақылау мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 42
42. Бөлімше (орталық) пациенттің тұратын мекенжайына қарамай, диализден өткен жері бойынша балаларға амбулаториялық түрде көмек көрсете алады.
Тармақ 43
43. Бөлімше (орталық) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 89-бабына және «Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 974 бұйрығына (Нормативтік және құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3303 тіркелген) сәйкес ұзақ уақыт диализдік ем қабылдап жатқан балаларды арнайы әзірленген мектеп бағдарламасы бойынша оқытуды және орта мектепті аяқтау туралы анықтама беруді қамтамасыз етеді.
Басқа 1. Қалалық, облыстық, республикалық клиникалардың, ғылыми-зерттеу институттарының амбулаториялық диализ бөлімшесінің (орталығының) құрылымы
Қазақстан Республикасының
халқына нефрологиялық
көмек көрсететін денсаулық
сақтау ұйымдарының
қызметі туралы ережеге
1-қосымша
Қалалық, облыстық, республикалық клиникалардың, ғылыми-зерттеу институттарының амбулаториялық диализ бөлімшесінің (орталығының) құрылымы
1
Диализ залы/гемодиализ емшарасын жүргізуге арналған залдар
2
Диализ залы/перитонеалдық диализ жүргізуге арналған залдар
3
Диализ терапиясын алып жатқан, бақылауды қажет ететін науқастарды емдеуге жатқызуға арналған палаталар – 4 төсекке кемінде 2 палата
4
Емшара бөлмесі
5
Таңу бөлмесі
6
Тамыр арқылы немесе перитонеалдық енгізуге арналған бөлме
7
Су дайындау жүйесі
8
Су дайындау жүйесіне арналған үй-жай
9
Диализ ертінділері бар контейнерлерді сақтауға арналған үй-жай
10
Пайдаланылған шығыс материалын уақытша сақтайтын үй-жай
11
Зарарсыздандырылған шығыс материалын сақтауға арналған үй-жай
12
Амбулаториялық гемодиализ және перитонеалдық диализ алатын науқастарға консультация беруге арналған үй-жай
13
Амбулаториялық диализ емін алатын науқастардың демалуына және киімін сақтауға арналған үй-жай
14
Медициналық персоналына арналған үй-жай – бөлім меңгерушісінің кабинеті, аға мейіргер бөлмесі, ординатор бөлмесі, мейіргерлер бөлмесі, кіші медицина қызметкерлерінің бөлмесі, шаруашылық иесінің бөлмесі
15
Дезинфекциялау құралдарын сақтауға және дайындауға арналған үй-жай
16
Экспресс зертхана
Басқа 2. Республикалық клиниканың балалар диализі бөлімшесінің (орталығының) құрылымы
Қазақстан Республикасының
халқына нефрологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының
қызметі туралы ережеге
2-қосымша
Республикалық клиниканың балалар диализі бөлімшесінің (орталығының) құрылымы
1
Диализ залы/гемодиализ емшарасын жүргізуге арналған залдар
2
Диализ залы/перитонеалдық диализ жүргізуге арналған залдар
3
Созылмалы бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызуға арналған кемінде 10 төсектік палаталар
4
Ушыққан бүйрек функциясының жеткіліксіздігі асқынған, ушыққан ішек инфекциясы бар балаларды оқшаулауға арналған палата
5
Емшара бөлмесі
6
Таңу бөлмесі
7
Тамыр арқылы немесе перитонеалдық енгізуге арналған бөлме
8
Су дайындау жүйесі
9
Су дайындау жүйесіне арналған үй-жай
10
Диализ ертінділері бар контейнерлерді сақтауға арналған үй-жай
11
Пайдаланылған шығыс материалын уақытша сақтайтын үй-жай
12
Зарарсыздандырылған шығыс материалын сақтауға арналған үй-жай
13
Амбулаториялық гемодиализ және перитонеалдық диализ алатын науқастарға консультация беруге арналған үй-жай
14
Амбулаториялық диализ емін алатын науқастардың демалуына және киімін сақтауға арналған үй-жай
15
Медициналық персоналына арналған үй-жай – бөлім меңгерушісінің кабинеті, аға мейіргер бөлмесі, ординатор бөлмесі, мейіргерлер бөлмесі, кіші медицина қызметкерлерінің бөлмесі, шаруашылық иесінің бөлмесі
16
Дезинфекциялау құралдарын сақтауға және дайындауға арналған үй-жай
17
Ем қабылдау арасындағы кезеңде балалардың демалуына арналған ойын бөлмесі
18
Сабақ оқуға арналған бөлме
19
Экспресс зертхана