О ратификации Договора между Республикой Казахстан и Республикой Индия об оказании правовой помощи по гражданским делам Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартты ратификациялау туралы
2011 жылғы 16 сәуірде Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарт ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық шарттың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық шартының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық шарттарын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарт
Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы,
екі мемлекет арасындағы достық және сот пен құқық салаларындағы жемісті ынтымақтастық байланыстарын нығайтуға ниет білдіре отырып,
осы Шарт шеңберінде азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуді оңайлату қажеттігін тани отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
Бап 1. 1-бап Жалпы ережелер
1-бап Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шартты іске асыру шеңберінде және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Уағдаласушы Тараптар бір-біріне азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетеді.
Тармақ 2
2. Осы Шартқа сәйкес құқықтық көмек:
Тармақша 1
1) соттың шақыру қағаздарын және басқа да сот материалдарын
тапсыруды;
Тармақша 2
2) сұрау салу немесе тапсырмалар арқылы дәлелдемелерді талап етуді;
Тармақша 3
3) сот және төрелік шешімдерін тану мен орындауды қамтиды.
Тармақ 3
3. Осы Шарттың ережелері Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Тармақ 4
4. Осы Шарт ол күшіне енгеннен кейін туындаған азаматтық істерге қатысты өзара құқықтық көмек көрсету туралы барлық сұрау салуларға қолданылады.
Бап 2. 2-бап Орталық органдар және құжаттардың түпнұсқалығын белгілеу
2-бап Орталық органдар және құжаттардың түпнұсқалығын белгілеу
Тармақ 1
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салулар уағдаласушы Тараптардың орталық органдары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Орталық органдарға:
Қазақстан Республикасы тарапынан - Әділет министрлігі,
Үндістан Республикасы тарапынан - Құқық және әділет министрлігі жатады.
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы орталық органды ауыстыру құқығын өзінде қалдырады, ол туралы екінші Уағдаласушы Тарапты дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, құқықтық көмек көрсетуге байланысты ресми қол қойылған және соттың немесе басқа құзыретті органның мөрімен бекітілген барлық құжаттарды сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың орталық органы куәландырады.
Тармақ 4
4. Барлық сұрау салулар мен ілеспе құжаттар екі данада беріледі және сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың мемлекеттік тіліне немесе ағылшын тіліне аудармамен қоса беріледі.
Бап 3. 3-бап Соттың шақыру қағаздарын және басқа да құжаттарды тапсыру
3-бап Соттың шақыру қағаздарын және басқа да құжаттарды тапсыру
Тармақ 1
1. Соттың шақыру қағаздары және істің басқа да материалдары:
Тармақша 1
1) Үндістан Республикасы жағдайында заңды құзырына тиісті тұлғалар қатысатын істі қарау жататын соттар арқылы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы жағдайында заңды құзырына тиісті тұлғалар қатысатын істі қарау жататын соттар немесе басқа да уәкілетті органдар арқылы беріледі.
Тармақ 2
2. Соттың шақыру қағаздарын және басқа да сот құжаттарын тапсыру сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес не егер бұл әдіс сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап айқындаған арнайы әдіспен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы Шарттың шеңберінде жіберілетін бір Уағдаласушы Тараптың аумағында ресми деп қаралатын соттың шақыру қағаздары мен басқа да сот құжаттары екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында ресми құжаттардың дәлелді күшіне ие болады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағының ережелері Уағдаласушы Тараптардың қандай да бір күш қолдану әдістерін қолданбай, өздерінің дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері арқылы екінші Уағдаласушы Тараптың аумағындағы өзінің азаматтарына соттың шақыру қағаздары мен басқа да сот құжаттарын тапсыруды жүзеге асыру құқығын бұзбайды. Мұндай жағдайларда тапсыру болу мемлекетінің тарапынан жауапкершілікке әкеп соқпайды.
Тармақ 5
5. Осы баптың 2-тармағының қолданыс аясына түсетін соттың шақыру қағаздары мен басқа да сот құжаттары пошта арналары арқылы жіберілуі немесе оларды өз еркімен қабылдайтын адресатқа жеткізілуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Аумағында тапсыру жүзеге асырылуға тиіс Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адресатқа қатысты кез келген талап осы Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады.
Бап 4. 4-бап Сот құжаттарын тапсыру туралы сұрау салудың мазмұны
4-бап Сот құжаттарын тапсыру туралы сұрау салудың мазмұны
Соттың шақыру қағазын және басқа да сот құжаттарын тапсыру туралы осы сұрау салуға қатысы бар тұлғалардың аты мен тегі, олардың азаматтығы, сұрау салуда айналысатын кәсібі және тұрғылықты жері немесе келген жері туралы мәліметтер мен осы тұлғаға тапсырылуға тиіс құжаттар тізімі қамтылуға тиіс. Егер құжаттарды тапсырудың өзге тәсілі көзделсе, онда сұрау салудың мазмұнында бұл да көрсетілуге тиіс.
Бап 5. 5-бап Сот құжаттарын тапсыру туралы сұрау салуды орындау
5-бап Сот құжаттарын тапсыру туралы сұрау салуды орындау
Тармақ 1
1. Егер сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап құқықтық көмек көрсету өзінің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртібіне залал келтіреді деп есептемесе ғана осы Шартта көзделген сотқа шақыру қағазын және басқа да сот құжаттарын тапсыру туралы сұраудан бас тартылмауға тиіс.
Тармақ 2
2. Сұрау салуда істің мәні бойынша жеткілікті заңдық негіздемелер қамтылмаған деген негізде соттың шақыру қағазын тапсырудан бас тартылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Егер соттың шақыру қағазын тапсыруды орындау мүмкін болмаса, сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап осы сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа себептері туралы дереу хабарлайды.
Бап 6. 6-бап Сот құжаттарын тапсыру
6-бап Сот құжаттарын тапсыру
Тармақ 1
1. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың уәкілетті органы құжаттар мен соттың шақыру қағаздарын тапсыруды өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Құжаттарды тапсырғаны үшін төлемді немесе шығыстарды ұстап қалуға болмайды.
Тармақ 2
2. Егер бұл сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, тапсыру сұрау салушы Уағдаласушы Тарап көрсеткен тәсілмен сот құжаттарын тапсырудың арнайы тәсіліне байланысты шығыстарды кейіннен төлеу нысанасы көрсетіле отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.
Бап 7. 7-бап Құжаттар мен соттың шақыру қағаздарын тапсыруды растау
7-бап Құжаттар мен соттың шақыру қағаздарын тапсыруды растау
Тармақ 1
1. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарының өкілеттігі алушыға сот құжаттарын тапсырумен шектеледі.
Тармақ 2
2. Тапсыру сот құжатының немесе шақыру қағазының көшірмелеріне алушының қол қоюымен немесе құзыретті орган берген анықтамамен расталады, онда алушының аты, тапсыру күні және тәсілі көрсетіледі және тапсыруды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, тиісті себептері көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Сот құжатының немесе алушы қол қойған құжаттың көшірмесі немесе құжаттардың алынғанын растайтын анықтама орталық орган арқылы сұрау салушы құзыретті органға жіберіледі.
Тармақ 4
4. Жеткізілмеген жағдайда, сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың
орталық органы жеткізілмеу себептерін жазбаша баяндап, сот құжаттарының түпнұсқаларын және құжаттарды сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың орталық органына дереу қайтаруға тиіс.
Бап 8. 8-бап Дәлелдемелерді талап ету
8-бап Дәлелдемелерді талап ету
Тармақ 1
1. Бір Уағдаласушы Тараптың сот органдары немесе басқа уәкілетті органдары өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес екінші Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органдарына немесе басқа уәкілетті органдарына жазбаша сұрау салу арқылы азаматтық істер бойынша дәлелдемелерді талап ете алады.
Тармақ 2
2. Осы Шарттың мақсаттары үшін дәлелдемелерді талап ету:
Тармақша 1
1) сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес тараптардың өтініштерін және куәгерлік айғақтарын талап етуді;
Тармақша 2
2) сұрау салынатын және осы баптың 1) тармақшасына сәйкес айғақ алынған тұлға ұсынған құжаттарды, жазбаларды, материалдық дәлелдемелерді ұсынуды, айқындауды немесе тексеруді қамтиды.
Тармақ 3
3. Жазбаша сұрау салуда:
Тармақша 1
1) дәлелдемелерді сұрау салынған сот органы немесе басқа уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) дәлелдемелер сұратылған істің сипаты және осы мәселе бойынша барлық қажетті ақпарат;
Тармақша 3
3) іс тараптарының аты-жөні мен мекенжайы;
Тармақша 4
4) сұратылатын дәлелдемелер;
Тармақша 5
5) жауап алынатын тұлғалардың аты-жөні және мекенжайы көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Қажет болған жағдайда жазбаша сұрау салу даудың нысанасы бойынша куәгерлерге немесе басқа да мүдделі тұлғаларға қойылуға тиіс сұрақтар тізбесімен не тиісті тұлғалардан жауап алынатын дау нысанасының сипатымен, сондай-ақ дәлелдемелерді немесе өтінішті алу үшін қажетті құжаттармен қоса беріледі.
Бап 9. 9-бап Дәлелдемелерді талап ету жөніндегі сұрау салуды орындау
9-бап Дәлелдемелерді талап ету жөніндегі сұрау салуды орындау
Тармақ 1
1. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдары сұрау салуды өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес орындайды, дәлелдемелерді талап етеді және тиісті мәжбүрлеу әдістерін қоса алғанда, өздерінің ұлттық заңнамасында рұқсат етілетін әдістер мен рәсімдерді қолданады.
Тармақ 2
2. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, ол сұрау салуында көрсетілген арнайы тәртіпті немесе рәсімді ұстанады.
Тармақ 3
3. Сұрау мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындалады.
Тармақ 4
4. Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың қалауымен оған іс бойынша тараптар немесе егер бар болса, олардың өкілдері оған қатысуы үшін сот талқылауы өтетін уақыт пен орны туралы хабарланады. Ақпарат сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың сұрау салуымен бірге тікелей тараптарға немесе олардың өкілдеріне жіберіледі.
Тармақ 5
5. Егер сұрау орындалса, оның орындалғанын растайтын қажетті құжаттар сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа жіберіледі.
Тармақ 6
6. Егер сұрау салу толық орындалмаса немесе ішінара орындалса, сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа орындалмау себептері көрсетіле отырып, бұл туралы хабарланады.
Бап 10. 10-бап Сұрау салуды орындаудан бас тарту
10-бап Сұрау салуды орындаудан бас тарту
Тармақ 1
1. Мынадай:
Тармақша 1
1) егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың соттарының немесе басқа құзыретті органдарының құзыретіне жатпаған;
Тармақша 2
2) егер сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап сұрау салуды орындау мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігін бұзады деп есептеген жағдайларда, сұрау салуды орындаудан бас тартылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес оның сот талқылауының нысанасы бойынша ерекше заңдық құзыры бар немесе оны жүргізуге құқығы жоқ деген негізде ғана сұрау салуды орындаудан бас тартылмайды.
Бап 11. 11-бап Сұрау салуларды орындау кезіндегі шығыстарды өтеу
11-бап Сұрау салуларды орындау кезіндегі шығыстарды өтеу
Сұрау салуды орындау және сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың дәлелдемелерді талап етуі сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың шығыстарды төлеуіне әкеп соқпайды. Алайда, сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың:
Тармақша 1
1) куәгерлерге, сарапшыларға немесе аудармашыларға төленген шығыстарға, шығындарға;
Тармақша 2
2) сұрау салуды орындау кезінде арнайы әдісті қолдану нәтижесінде шеккен шығыстарға, шығындарға байланысты өтемақы талап етуге құқығы бар.
Бап 12. 12-бап Дипломатиялық өкілдің немесе консулдық қызметшінің дәлелдемелерді талап етуі
12-бап Дипломатиялық өкілдің немесе консулдық қызметшінің дәлелдемелерді талап етуі
Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің дипломатиялық агенті немесе консулдық қызметшісі екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында өзі өкілі болып табылатын Уағдаласушы Тараптың азаматтарына қатысты мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қолданбай, өзі өкілі болып табылатын Уағдаласушы Тараптың соттарында басталған сот талқылауына көмектесу үшін дәлелдемелер талап ете алады.
Бап 13. 13-бап Басқа тұлғалардың дәлелдемелерді талап етуі
13-бап Басқа тұлғалардың дәлелдемелерді талап етуі
Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың соттары тиісті түрде тағайындаған тұлға екінші Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес оның аумағында мәжбүрлеусіз дәлелдемелер талап ете алады.
Бап 14. 14-бап Сот шешімін мойындау және орындау
14-бап Сот шешімін мойындау және орындау
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес азаматтық істер бойынша екінші Уағдаласушы Тараптың соттары шығарған шешімдерді мойындайды және/немесе орындайды.
Тармақ 2
2. Осы Шартта пайдаланылатын «сот шешімі» термині Уағдаласушы Тараптардың құзыретті соттары сот ісін жүргізу бойынша қабылдайтын кез келген шешімді білдіреді.
Тармақ 3
3. Осы Шарт уақытша немесе қосымша шараларға немесе банкроттық жағдайында кредиторлардың талаптарына, сондай-ақ салық, айыппұлдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жинауға байланысты істер бойынша шығарылған сот шешімдеріне қолданылмайды.
Бап 15. 15-бап Тұлғаның өкілеттіктері мен мәртебесі
15-бап Тұлғаның өкілеттіктері мен мәртебесі
Тұлғаның өкілеттіктері немесе мәртебесі мәселесіне қатысты талқылаулар бойынша талап қою берілген кезде осы тұлға азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың соты қарауға өкілетті болуға тиіс.
Бап 16. 16-бап Меншік құқықтарын айқындау
16-бап Меншік құқықтарын айқындау
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын осы мүлік орналасқан жердегі Уағдаласушы Тараптың соттары айқындайды.
Бап 17. 17-бап Соттардың заңдық құзыры
17-бап Соттардың заңдық құзыры
Тұлғаның өкілеттіктері мен мәртебесіне немесе жылжымайтын мүлікке қатысты істерді қоспағанда, сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың соттары заңдық құзырын мынадай:
Тармақша 1
1) егер талап қою берілген кезде жауапкердің тұрғылықты жері болған немесе оның аумағында жүрген;
Тармақша 2
2) егер талап қою берілген кезде оның аумағында жауапкердің заңды тұлғасы (кәсіпорны/мекемесі) немесе оның филиалы болған және талап қою оның аумағындағы осындай заңды тұлғаның (кәсіпорынның/мекеменің) немесе оның филиалының қызметіне байланысты болған;
Тармақша 3
3) егер талапкер мен жауапкер арасындағы тікелей немесе жанама келісім бойынша сот ісін жүргізу қозғалған шарттық міндеттемелер оның аумағында орындалған немесе орындалуға тиіс болған;
Тармақша 4
4) егер оның аумағында шартқа жатпайтын жауапкершілікке әкеп соққан әрекет жүзеге асырылған;
Тармақша 5
5) егер жауапкер оның соттарының заңдық құзырын нақты немесе жанама мойындаған және бұл оның ұлттық заңнамасына қайшы келмеген;
Тармақша 6
6) егер оның соттары осы Шарттың ережелеріне орай негізгі дауды тыңдауға уәкілетті болған, қосымша шаралар қабылдаған жағдайларда жүзеге асырады.
Бап 18. 18-бап Сот шешімін мойындау және/немесе орындау үшін негіздемелер
18-бап Сот шешімін мойындау және/немесе орындау үшін негіздемелер
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптың сұрау салынатын соты өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес сот шешімін мойындайды және орындайды.
Тармақ 2
2. Уағдаласушы Тараптың сұрау салынатын соты сот шешімінің осы Шарттың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Тармақ 3
3. Уағдаласушы Тараптың сұрау салынатын соты осы Шартқа сәйкес сот шешімін мойындауға немесе/және орындауға қатысты рәсімдерге қатысты қосымша ақпарат сұрата алады.
Бап 19. 19-бап Сот шешімін мойындаудан және орындаудан бас тарту
19-бап Сот шешімін мойындаудан және орындаудан бас тарту
Егер сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес бұл сот шешімін мойындауға және орындауға болмайтын болса, сот шешімін мойындаудан және орындаудан бас тартылуы мүмкін.
Бап 20. 20-бап Сот шешімін мойындауға және/немесе орындауға қатысты рәсімдер
20-бап Сот шешімін мойындауға және/немесе орындауға қатысты рәсімдер
Сот шешімін мойындауға және/немесе орындауға қатысты рәсімдер сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес қолданылуға тиіс.
Бап 21. 21-бап Құзыретті сот
21-бап Құзыретті сот
Тармақ 1
1. Сот шешімін мойындаған және/немесе орындаған кезде сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органы істі мәні бойынша қайта қарамайды және сот шешімінің осы Шартта көзделген талаптарға сәйкестігіне көз жеткізуге және мұның нәтижелерін өз шешімінде көрсетуге тиіс.
Тармақ 2
2. Егер бұл ұлттық заңнамада көзделмесе, сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органы сот шешімін орындаған кезде жұртшылықтың қол жеткізуі үшін сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында қарау кезінде орын алатындай қажетті шараларды қабылдайды.
Тармақ 3
3. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органы сот шешімін орындауды толығымен немесе егер сот шешімін орындау ішінара жүзеге асырылуы мүмкін болса ішінара қамтамасыз ете алады.
Бап 22. 22-бап Сот шешімін мойындау және/немесе орындау үшін ұсынылатын құжаттар тізімі
22-бап Сот шешімін мойындау және/немесе орындау үшін ұсынылатын құжаттар тізімі
Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың орталық органы арқылы сот шешімін мойындау немесе орындау туралы сұрау жіберетін сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың орталық органы:
Тармақша 1
1) тиісті нысандағы сот шешімінің ресми көшірмесін;
Тармақша 2
2) егер бұл сот шешімінің өзінде көрсетілмесе, сот шешімінің түпкілікті және орындауға жататыны туралы анықтаманы;
Тармақша 3
3) сот шешімі сырттай қабылданған жағдайда - жауапкердің тиісті түрде хабардар етілгенін куәландыратын шақыру қағазының немесе өзге де құжаттардың куәландырылған көшірмесін;
Тармақша 4
4) егер ішінара орындауға жол берілсе, сот шешімінің ішінара орындалғанын растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Бап 23. 23-бап Талаптарды реттеу (бітімгершілік келісім)
23-бап Талаптарды реттеу (бітімгершілік келісім)
Тармақ 1
1. Қол жеткізілген және Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің ұлттық заңнамасына сәйкес олардың талаптарды қарауға уәкілеттік берілген құзыретті соты мақұлдаған талаптарды реттеу (бітімгершілік келісім) ол жасалған мемлекетте оны атқаруға болатын жағдайлар орындалғаннан кейін екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында мойындалады және орындалады әрі сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмейді.
Бап 24. 24-бап Төрелік шешімдер
24-бап Төрелік шешімдер
Тармақ 1
1. Осы Шарттың 20 және 23-баптарының ережелеріне нұқсан келтірмей:
Тармақша 1
1) төрешілердің шешімі құқықтық қатынастардан туындаған кез келген дауды шешуді өздеріне алуды мақсат еткен сот талқылауы тараптарының жазбаша келісіміне негізделген;
Тармақша 2
2) төрелік шешім сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың сот шешімін мойындау және орындау үшін сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес төрелік талқылаудың нысанасы болуы мүмкін мәселеге қатысты шығарылған болса, Уағдаласушы Тараптардың бірінің аумағында шығарылған төрелік шешімдерді екінші Уағдаласушы Тарап мойындайды және орындайды.
Тармақ 2
2. Төрелік шешімді мойындауды немесе орындауды сұрау салушы Уағдаласушы Тарап төрелік шешімнің көшірмесін және төрелік шешімді орындауға болатынын растайтын сот анықтамасын ұсынады.
Тармақ 3
3. Төрешілерге даулы мәселені шешуге уәкілеттік беретін дауласушы тараптар арасындағы келісімнің куәландырылған көшірмесі де ұсынылады.
Бап 25. 25-бап Толықтырулар және түзетулер
25-бап Толықтырулар және түзетулер
Уағдаласушы Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Шартқа тиісті хаттамамен ресімделетін, осы Шарттың 27-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бап 26. 26-бап Консультациялар
26-бап Консультациялар
Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша олар осы Шартты түсіндіру мен қолдануға қатысты консультация жүргізеді.
Бап 27. 27-бап Ратификациялау және қолданылуын тоқтату
27-бап Ратификациялау және қолданылуын тоқтату
Тармақ 1
1. Осы Шарт ратификациялауға жатады және ратификациялау
грамоталарымен алмасқан күні күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады және Уағдаласушы Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Уағдаласушы Тараптың оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады.
2011 жылғы «16» сәуірде Астана қаласында әрқайсысы орыс, хинди және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы. Алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басымдыққа ие болады.
Астанада, 2011 жылғы 16 сәуірде жасалған Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың орыс және қазақ тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын растаймын.
Қазақстан Республикасының
Заң шығару институты
Лингвистика орталығының
Бастығы - Бас сарапшы
Н. Примашев
2011 жылғы 16 сәуірде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы
Б. Пискорский