О ратификации Протокола об обеспечении технической и информационной совместимости вооружения и военной техники сил и средств системы коллективной безопасности Организации Договора о коллективной безопасности Қолданыста
Басқа 0
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының қару-жарағы мен әскери техникасының техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ету туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының қару-жарағы мен әскери техникасының техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ету туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының қару-жарағы мен әскери техникасының техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ету туралы
ХАТТАМА
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрі - Тараптар),
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың ережелерін және бірлескен міндеттерді орындау кезінде Тараптардың қарулы күштерінің өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету қажеттігін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Осы Хаттаманың мынадай мақсаты бар:
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының (бұдан әрі - ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары) құрамына Тараптардың ұлттық қарулы күштерінен және басқа да әскерлерінен бөлінген бірлестіктерді, құрамаларды, бөлімдер мен бөлімшелерді қолдануды ұйымдастыру кезінде бірыңғай тәсілдерді іске асыру;
олар қойылған міндеттерді орындауы кезінде ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын техникалық, тылдық және ақпараттық қамтамасыз етуде қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін жағдай жасау.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Осы Хаттамада қару-жарақ пен әскери техника (бұдан әрі - ҚЖӘТ) үлгілерінің техникалық және ақпараттық үйлесімділігі ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының құрамына Тараптардың ұлттық қарулы күштерінен және басқа да әскерлерінен бөлінген бірлестіктердің, құрамалардың, бөлімдер мен бөлімшелердің қару-жарағында тұрған ҚЖӘТ-ның деп белгіленген жағдайда бірлесіп пайдалануға, келісілген жедел-тактикалық нормативтерді орындауға, Тараптардың қарулы күштерінің жарақтандыруында тұрған техникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып, техникалық қызмет көрсетуді және әскери жөндеуді жүзеге асыруға жарамдылығы түсіндіріледі.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Осы Хаттаманы іске асыру мақсатында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабы ол күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде Тараптардың қорғаныс министрліктерінің ұсыныстары бойынша ҚЖӘТ үлгілерінің, олардың техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ететін параметрлерінің және сандық сипаттамаларының тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастырады.
Тізбенің міндетті сипаты бар, ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің шешімімен бекітіледі және қажеттілігіне қарай түзетіледі.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрліктері келіскен мерзімдерде ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің көпжақты күштері мен құралдарының құрамына бөлінетін өздерінің қарулы күштерінің бірлестіктерін, құрамаларын, бөлімдері мен бөлімшелерін Тізбенің шарттарын қанағаттандыратын ҚЖӘТ үлгілерімен жарақтандырады.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Осы Хаттаманы қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер консультациялар және мүдделі Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Осы Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар өзара келісу бойынша енгізіледі және осы Хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Хаттаманың 7-бабында көзделген тәртіпте күшіне енеді.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Қажетті мемлекетішілік рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін, осы Хаттама депозитарийге тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Егер Тараптар өзге туралы уағдаласпаса, осы Хаттама 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде қолданылады.
Әрбір Тарап осы Хаттаманың қолданылуы уақытында туындаған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттей отырып, шығу күніне дейін алты айдан кешіктірмей депозитарийге жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Хаттамадан шыға алады.
2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жолдайтын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады.
2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының қару-жарағы мен әскери техникасының техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ету туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.