О некоторых вопросах базовых ставок налога на земли выделенные под автостоянки (паркинги) Күшін жойған
Басқа 0
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 381 бабына және 386 бабының 3 тармағына сәйкес V-ші сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Белгіленсін:
осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Алматы қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаты;
осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының көлемі.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.С. Шинға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Алматы қаласының мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін. (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
V-ші сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
III сессиясының
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 12 шешіміне 1 қосымша
Алматы қаласындағы автотұрақтардың
(паркингтердің) санаты
№
Автотұрақ тардың (паркинг тердің) типтері және түрлері
Автотұрақ тардың (паркинг тердің) мақсаты
Алматы қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты
Автотұрақ тардың (паркинг тердің) санаты
1
Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөліктерді тегін негізде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету
I санат
2
Айып автотұрақтары
Көлік құралдарын айып автотұрақта
рында сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету
3
Аз қозғалатын (мүгедектер) топтардың көлік құралдарын және велотранс
портты қоятын орындар
Аз қозғалатын (мүгедектер) топтардың көлік құралдарын және велотранс
портты сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету
4
Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер)
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы және тегін негізде сақтау
Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты пайдалану және қызмет көрсету
II санат
5
Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)
Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын сақтау
Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету
5-1
Мыналармен жабдықталған жеке және заңды
тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге тиесілі автотұрақтар (алаң түріндегі):
- энергиямен жабдықтауды жоғалтумен
байланысты төтенше жағдайларда шлагбаумдарды апат жағдайында ашу мүмкіндігі бар
жабық тұрақтарға арналған тұрақ жабдығымен;
- операторда тұрақтар мен тұрақ жабдықтарының
жағдайын бақылау және басқару орталығымен кемінде 3 желісі бар техникалық
қолдау орталығының бірегей телефон нөмірінің болуы;
- тұраққа кіретін және шығатын автокөлік
құралдарының мемлекеттік нөмірлерін бейне бақылау жүйесімен, оларды автоматты
түрде тану, ақпаратты ішкі істер органдарының процессингтік орталығына
қорғалған арна бойынша орталықтандырылған биллингтік жүйесіне беру мүмкіндігімен;
- Қазақстан Республикасының қазыналық органдары мен
орталық биллингтік жүйесіне онлайн режимінде тұрақ транзакцияларын беру
жүйесімен
Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды
тұлғаларға, жеке кәсіпкер-лерге тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімге қою
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және оларға
қызмет көрсету үшін
6
Тұрақты орындары белгіленген ашық типтегі жерүсті автотұрақтары (паркингтері)
Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету
III санат
7
Тәулік бойы бір орынға бірнеше көлік қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету
IV санат
Басқа 6
V-ші сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
III сессиясының
2012 жылғы 29 ақпандағы № 12
шешіміне 2 қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына
қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін
бөлінген жерлерге салынатын
базалық салық ставкасының көлемі
Автотұрақ тардың (паркинг тердің) санаты
Тұрғын үй қорының, оның ішінде құрылыстар және құрылғылар орналасқан жерлерді қоспағанда Алматы қаласындағы жерлердің базалық ставкасы
Салық кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының ұлғайтылған көлемі
Алматы қаласында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасы, ұлғайтылған көлемі есепке алынған, теңгемен
I санат
28,95
1
28,95
II санат
28,95
2
57,9
III санат
28,95
5
144,75
IV санат
28,95
10
289,5