Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих офтальмологическую помощь населению Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының халқына (ересектер мен балаларға) офтальмологиялық көмекті ұйымдастырсын және көрсетсін;
Тармақша 2
2) мамандандырылған консультациялық-диагностикалық кабинеттердің: глаукома, тамырлық және көз онкопатологиясы, балалардың көруін сақтау, облыстық көз консультациялық-диагностикалық орталықтардың не көп бағдарлы ауруханалардың жанындағы көз амбулаториялық микрохирургиясы бөлімшелерінің және күндізгі көз стационарларының жұмысын;
Тармақша 3
3) балалар мен ересектердің офтальмологиялық патологиясын уақытылы диагностикалауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 120 бұйрығымен бекітілген Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Халыққа мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары көру мүшелері ауыратын науқастарды анықтауға, емдеу мен медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. Халыққа (ересектер мен балаларға) офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымның жұмысын штаттан тыс бас офтальмолог (республиканың, облыстық, қаланың) маман үйлестіреді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек аудандық, қалалық ауруханалардың бөлімшелерінде және емхананың көз кабинеттерінде, облыстық офтальмологиялық ауруханаларда (орталықтарда), облыстық көп бейінді ауруханаларда, республикалық деңгейдегі ұйымдарда («Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында – ҚазКАҒЗИ) жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Халыққа офтальмологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық және стационарды алмастыратын көмек түрінде көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Амбулаториялық-емханалық көмек қалалық, аудандық ауруханалар мен емханалардың, ведомстволық медициналық ұйымдардың және жеке меншік нысаны бар денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында ұйымдастырылады.
Тармақ 7
7. Кеңес беру-диагностикалық және стационарлық және стационарды алмастыратын көмек облыстық офтальмологиялық ауруханаларда (орталықтарда), облыстық, қалалық көп бейінді ауруханаларда, республикалық деңгейдегі ұйымдарда көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген ("Егемен Қазақстан" газетінде 16.10.2010 ж., № 274-275 (26335-26336) жарияланған, нормативтік құқықтық актісінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген 2010 жылдың 15 сәуіріндегі № 6173) үлгі штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 9
9. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, жоғары тұрған денсаулық сақтау органдарының бұйрықтары мен үкімдерін, Жарғыны және Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
2. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 10
10. Ересектерді және (немесе) балаларды амбулаториялық-емханалық қабылдауды жүзеге асыратын офтальмолог кабинетінің негізгі міндеттері мен функциялары:
Тармақша 1
1) көру мүшесі ауруларының (бұдан әрі – офтальмологиялық бейін аурулары) профилактикасы, ерте диагностикалау және емдеу;
Тармақша 2
2) офтальмологиялық бейін науқастарын диспансерлеу және емдік-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
Тармақша 4
4) көзді протездеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қосқанда офтальмопатологиясы бар науқастарды медициналық оңалту;
Тармақша 5
5) көз ауруларының профилактикасы бойынша санитариялық-гигиеналық жұмыстар жүргізу.
Тармақ 11
11. Облыстық офтальмологиялық ауруханалардың (орталықтардың), облыстық көп бейінді ауруханалардың консультациялық-диагностикалық және көз бөлімшелерінің негізгі міндеттері мен функциялары:
Тармақша 1
1) әкімшілік аумақтағы халыққа тиімді медициналық технологияларды қолдана отырып, амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған консультациялық-диагностикалық және емдік-профилактикалық офтальмологиялық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) офтальмологиялық бейін аурулары кезінде халыққа консультациялық, диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек мәселелері бойынша медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) қызмет көрсету аумағындағы офтальмологиялық көмектің жай-күйі мен оның медициналық көмек сапасын бағалау индикаторларына сәйкестігін талдау;
Тармақша 4
4) өңірдің офтальмологиялық қызметінің барлық түрлерінің нысаналы бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
Тармақша 5
5) салауатты өмір салты қызметтерімен бірлесіп, офтальмологиялық бейін ауруларының профилактикасы бойынша іс-шараларды, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) офтальмология мәселелері жөнінде ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
Тармақша 7
7) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу, статистикалық өңдеу мен басқа да құжаттардың негізінде қызмет туралы есеп беру.
Тарау 3. 3. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
3. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
Тармақ 12
12. Аудандық, қалалық емханалардың, ведомстволық медициналық ұйымдардың және жеке меншік нысаны бар денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында көз кабинеті, оптометрия және тонометрия кабинеттері, мамандандырылған балабақшалар мен мектеп-интернаттарда – көз кабинеттері ұйымдастырылады.
Тармақ 13
13. Облыстық офтальмологиялық ауруханалардың (орталықтардың), облыстық (қалалық) көп бейінді ауруханалардың, республикалық ауруханалардың, «Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институты» (бұдан әрі - ҚазКАҒЗИ) құрылымында:
Тармақша 1
1) консультациялық көз кабинетін, балалардың көзін қорғау, глаукома, тамыр және онкоофтальмопатология кабинеттерін қамтитын амбулаториялық-емханалық бөлімше, көздің амбулаториялық микрохирургиясы бөлімшесі; күндізгі стационар;
Тармақша 2
2) лазерлік офтальмология бөлімше (кабинет);
Тармақша 3
3) көз микрохирургиясы стационарлық бөлімшелері, оның ішінде шұғыл офтальмологиялық және офтальмотравматологиялық көмек орталығы бар балалар бөлімшелері;
Тармақша 4
4) көруді байланыстық түзету, көруді күрделі және арнайы түзету;
Тармақша 5
5) көзді жеке протездеу зертханасы;
Тармақша 6
6) ұйымдастыру-әдістемелік кабинет.
Тармақ 14
14. Тіндер трансплантологиясы зертханасы ҚазКАҒЗИ құрамында ұйымдастырылады.
Тармақ 1. Параграф 1. Емханалардағы көз кабинеті, оптометрия және тонометрия кабинеттері (қалалық, аудандық), мамандандырылған балабақшалар мен мектеп-интернаттардың көз кабинеті (қалалық, аудандық)
Параграф 1. Емханалардағы көз кабинеті, оптометрия және тонометрия кабинеттері (қалалық, аудандық), мамандандырылған балабақшалар мен мектеп-интернаттардың көз кабинеті (қалалық, аудандық)
Тармақ 15
15. Көз кабинеті мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) балаларды профилактикалық зерттеп-қарау және мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің медицина қызметкерлерінің күшімен балалардың көру өткірлігін жыл сайын зерттеуді ұйымдастыру, көруі бұзылған балаларды балаларға арналған мамандандырылған мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне жіберу;
Тармақша 2
2) қант диабетімен және гипертониялық аурумен ауыратын науқастарды жыл сайынғы профилактикалық зерттеп-қарау;
Тармақша 3
3) қалалық, аудандық емханалардың, дәрігерлік амбулаториялардың, фельдшерлік-акушериялық пункттердің, медициналық тармақтардың тонометрия кабинеттерін глаукома скринингі бойынша қызметін ұйымдастыру және мониторингі, қызметкерлер жіберген науқастардың глаукома диагнозын нақтылау (бұдан әрі - МСАК);
Тармақша 4
4) офтальмопатологиясы бар науқастарды тексеріп-қарау, емдеу және диспансерлік бақылау;
Тармақша 5
5) науқастарды іріктеу және облыстық (қалалық) кеңес беру-диагностикалық орталыққа және стационарлық емдеуге жіберу;
Тармақша 6
6) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру, айғақтар болған кезде – науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жіберу;
Тармақша 7
7) офтальмопатологиясы бар науқастар профилактикасының, диагностикасының, емдеу мен оңалтудың жаңа әдістерін практикаға енгізу;
Тармақша 8
8) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу, белгіленген тәртіппен қызметі туралы есеп беру.
Тармақ 16
16. Тонометрия кабинеті атқарады:
Тармақша 1
1) кез келген медициналық көмек үшін емханаға жүгінген 40 жастан асқан адамдарға көз іші қан қысымын өлшеуді және скрининг-тест бойынша сұрақ жүргізу;
Тармақша 2
2) глаукомаға күдікті адамдарды офтальмолог-дәрігерге жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Оптометрия кабинеті атқарады:
Тармақша 1
1) көздің өткірлігін зерттеуді, аметропияны анықтау және түзету (балалар мен жасөспірімдерден басқалар үшін);
Тармақша 2
2) түзететін көзілдіріктер тағайындауды және көзілдірікке рецепт жазып беруі;
Тармақша 3
3) емдеуді немесе түзетудің арнайы түрлерін қажет ететіндерді офтальмолог-дәрігерге жіберуді;
Тармақша 4
4) көз іші қан қысымын өлшеуді жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Мамандандырылған балабақшалар мен мектеп-интернаттардың көз кабинеті мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) көру функцияларының жай-күйін жүйелі бақылау, көру жүктемесін бағалау, көздің шаршауының алдын алу;
Тармақша 2
2) қалған көру функцияларын сақтау мен ішінара қалпына келтіру мақсатында балаларды емдеу, аурулар өршіген кезде стационарлық емге жіберу;
Тармақша 3
3) көздің қосалқы ауруларының асқынуларының одан әрі дамуының профилактикасы;
Тармақша 4
4) педагогикалық құрамның, ата-аналар мен балалар арасында әңгімелер, лекциялар өткізу, профбағдарлау жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 5
5) тиісті құжаттаманы жүргізу, 16 жасқа толған соң балаларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу;
Тармақ 19
19. Кабинеттің дәрігерлері балабақшалардың, мектептердің тәрбиешілерімен, педагогтарымен, тифлопедагогтарымен, педиатрларымен және әдіскерлерімен, аумақтық емхананың мамандарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Тармақ 2. Параграф 2. Консультациялық-диагностикалық орталық офтальмологиясының амбулаториялық-емхана бөлімшесі
Параграф 2. Консультациялық-диагностикалық орталық офтальмологиясының амбулаториялық-емхана бөлімшесі
Тармақ 20
20. Офтальмологияның амбулаториялық-емхана бөлімшесі облыстық офтальмологиялық аурухананың (орталықтың), облыстық (қалалық) көп бейінді аурухананың консультациялық-диагностикалық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 21
21. Амбулаторлық-емхана бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) консультациялық және диагнозды нақтылауға жіберілген науқастарды терең зерттеп-тексеру;
Тармақша 2
2) облыстық немесе республикалық деңгейдегі көз бөлімшесіне жоспарлы немесе шұғыл емдеуге жатқызуға және микрохирургиялық емдеуге жіберу;
Тармақша 4
4) қазіргі заманғы және тиімді микрохирургиялық операцияларды амбулаторлық жағдайда жасау және енгізу;
Тармақша 5
5) офтальмопатологияны диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін клиникаға енгізу және олардың тиімділігін талдау;
Тармақша 6
6) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру;
Тармақша 7
7) офтальмопатология, оның ішінде балалардың офтальмопатологиясының профилактикасы бойынша санитариялық-ағарту жұмысы;
Тармақша 8
8) бекітілген нысандарға сәйкес есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу, белгіленген тәртіппен қызметі туралы есепті ұсыну.
Тармақ 22
22. Консультациялық-диагностикалық орталықтың офтальмология бөлімшесі мынадай кабинеттер мен бөлімшелерді қамтиды:
Тармақша 1
1) көз консультациялық;
Тармақша 2
2) балалардың көруін сақтау;
Тармақша 3
3) глаукома;
Тармақша 4
4) көз тамырлық және онкопатология;
Тармақша 5
5) күндізгі стационар;
Тармақша 6
6) көздің амбулаторлық микрохирургиясы.
Тармақ 23
23. Көз консультациялық кабинеті мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) дәрігерлер аудандық және қалалық емханаларға жіберген науқастарға консультация беру;
Тармақша 2
2) қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып, қажетті зертханалық, аспаптық және диагностикалық зерттеулердің көмегімен диагнозды нақтылау;
Тармақша 3
3) науқастарды іріктеу және стационарлық емдеуге жіберу;
Тармақша 4
4) науқасты МСАК немесе күндізгі стационар деңгейінде одан әрі емдеу жөнінде ұсыным беру;
Тармақ 24
24. Балалардың көруін сақтау кабинеті мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) күрделі офтальмопатологиясы бар балаларды кешенді тексеріп-қарау және емдеу, хирургиялық емдеуге, протездеуге, көруді күрделі және әлеуметтік түзетуге жіберу;
Тармақша 2
2) қыликөзділігі және амблиопиясы бар, нашар көретін және нашар көретін балаларды мамандандырылған мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне іріктеу;
Тармақша 3
3) көру мүшесінің туа біткен және тұқым қуалайтын патологиясы бар, шала туған рентинопатиясы бар, алыстан көрмейтін, көру нервісінің атрофиясы, ретинобластомасы және басқа да офтальмопотологиясы бар балаларды динамикалық бақылау;
Тармақша 4
4) балаларды диагностикалаудың, емдеу мен оңалтудың тиімді жаңа әдістерін енгізу;
Тармақша 5
5) балалардың көруін сақтау бойынша санитариялық-ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 6
6) емханалардың (балалар немесе аралас қабылдау) көз кабинеттерінің офтальмологтарына, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің педиатрларына көз ауруларының және көру бұзылуларының профилактикасы, ерте анықтау, емдеу бойынша кеңестік көмек көрсету;
Тармақша 7
7) мамандандырылған балалар мекемелерінің көз кабинеттерінің офтальмологтарына әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 8
8) сырқаттанушылықты және емдеу тиімділігін талдау, медициналық-педагогикалық комиссияның жұмысына қатысу.
Тармақ 25
25. Глаукома кабинеті мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) глаукома диагнозын нақтылау үшін кешенді тексеріп-қарау, глаукомамен ауыратын пациенттерге бекітілген хаттамаларға сәйкес ем тағайындау, диспансерлік байқау;
Тармақша 2
2) тиісті жабдығы болған кезде глаукоманы лазермен емдеу немесе науқасты ҚазКАҒЗИ-дің республикалық лазерлік орталығына жіберу;
Тармақша 3
3) глаукоманы диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу;
Тармақша 4
4) емханалардың офтальмологтары мен МСАК медицина қызметкерлеріне глаукома скринингін өткізуде ұйымдастыру-әдістемелік көмек;
Тармақша 5
5) амбулаториялық-емханадық көмек көрсететін ұйымдардың базасында көз тономериясы бойынша мейірбикелерді даярлауға қатысу;
Тармақша 6
6) «Глаукома науқастары мектебінің» жұмысын қоса алғанда, халық арасында глаукома мәселелері бойынша санитариялық-ағарту жұмысын ұйымдастыру.
Тармақ 26
26. Көздің тамырлық және онкопатологиясы кабинеті мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) бар науқастарға консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету: диабеттік, гипертониялық және гипотониялық ретинопатиясы; жасына байланысты макулярлық дегенерациясы; торқабықтар мен көру нерві қан айналымының жіті бұзылулары; торқабықтардың, тамырлық қабықтар мен көру нервінің қабынған және дистрофиялық аурулары; торқабықтардың және тамырлық қабықтардың туа біткен және тұқым қуалайтын ауытқулары; көру мүшесі мен көз шарасының қатерсіз, қатерлі және жалған ісік аурулары; эндокриндік офтальмопатиясы.
Тармақша 2
2) зерттеудің зертханалық, аспаптық және жоғары технологиялық әдістерінің көмегімен диагнозды нақтылау;
Тармақша 3
3) көз кабинеттерінің офтальмологтарына әдістемелік көмек.
Тармақ 27
27. Күндізгі стационар АОА деңгейінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың, облыстық офтальмологиялық аурухананың (орталықтың) консультациялық-диагностикалық орталығының, республикалық деңгейдегі облыстық (қалалық) көп бейінді аурухананың құрамында ұйымдастырылады. Күндізгі стационардың негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) жағдайы тәулік бойы бақылауды және стационарда емдеуді қажет етпейтін ересектер мен балаларға мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) диспансерлік науқастарға емдік және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
Тармақша 3
3) аурудың диагнозы алғаш белгіленген науқастарға немесе созылмалы науқастарға аурудың ауырлық деңгейі өзгерген кезде барабар терапияны таңдау. Күндізгі стационардың құрамына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) науқастарды қабылдауға арналған кабинет;
Тармақша 2
2) емшара кабинеті;
Тармақша 3
3) науқастарға арналған палаталар;
Тармақша 4
4) манипуляция кабинеті;
Тармақша 5
5) медперсонал кабинеті;
Тармақша 6
6) киім-кешекті, төсек жабдықтарын және шаруашылыққа қажетті заттарды сақтауға арналған үй-жай. Күндізгі стационар функцияларын жүзеге асыру үшін медициналық ұйымның барлық клиникалық және қос клиникалық бөлімшелерін пайдаланады.
Тармақ 28
28. Көздің амбулаториялық микрохирургиясы бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) науқастарды амбулаториялық операцияға іріктеу;
Тармақша 2
2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық жағдайда көру мүшесіне жасалатын микрохирургиялық әрекеттер тізбесіне сәйкес офтальмомикрохирургиялық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) операциядан кейінгі кезеңде науқастарды байқау және қажетті манипуляцияларды (таңу, тігістерді алу және басқа) орындау;
Тармақша 4
4) науқастарды операциядан кейінгі кезеңде режимге, ал оның сенімді адамдарын науқасқа күтім жасауға үйрету.
Тармақ 3. Параграф 3. Лазерлік офтальмологиялық бөлімше (кабинет)
Параграф 3. Лазерлік офтальмологиялық бөлімше (кабинет)
Тармақ 29
29. Лазерлік офтальмологиялық бөлімше офтальмологиялық аурухананың консультациялық-диагностикалық орталығының, республикалық деңгейдегі облыстық (қалалық), көп бейінді аурухананың құрамында құрылады.
Тармақ 30
30. Бөлімшенің негізгі міндеттері мен функциялары:
Тармақша 1
1) қазіргі заманғы лазерлік технологияларды қолдана отырып, офтальмопатологиясы бар науқастарды емдеу;
Тармақша 2
2) лазерлік емдеудің инновациялық әдістерін практикаға енгізу;
Тармақша 3
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға лазерлік технологияларды қолдану мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік, үйлестіру және косультациялық көмек көрсету, дәрігерлерді қайта даярлауға және тақырыптық жетілдіруге қатысу;
Тармақша 4
4) жұмыстың нәтижелері мен есептілігін белгіленген тәртіппен талдау;
Тармақша 5
5) қызметкерлердің еңбегін қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария қағидаларын сақтау бойынша іс-шаралар өткізу.
Тармақ 31
31. Бөлімшенің құрамында мыналар болады:
Тармақша 1
1) науқастарды қабылдауға арналған кабинет;
Тармақша 2
2) лазерлік әрекеттерге арналған операция бөлімі;
Тармақша 3
3) ангиографиялық зерттеулер жүргізуге арналған кабинет.
Тармақ 32
32. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының перинаталдық орталықтарының жанынан ұйымдастырылатын лазерлік офтальмологиялық кабинет шала туған нәрестелердің ретинопатиясын анықтауға және емдеуге арналады.
Тармақ 33
33. Перинаталдық орталық кабинетінің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) 34 аптаға жетпей, дене салмағы 2000 граммнан аз, гестация мерзімінде туған балаларды, сондай-ақ туғаннан соң 3-6 аптадан кейін жалпы соматикалық статусы ауырлаған шала туған балаларды тексеріп-қарау;
Тармақша 2
2) шала туған нәрестелердің ретинопатия скринингі, ретинопатия клиникасы байқалған кезде шала туған нәрестелерді одан әрі зерттеп-қарау;
Тармақша 3
3) ауруы анықталған сәтінен бастап 72 сағаттың ішінде шала туған нәрестелердің ретинопатиясының белсенді сатысында лазерлік емдеуді жүргізу;
Тармақша 4
4) торқабық қабатының клиникалық айқындалуы бар шала туған нәрестелердің ретинопатиясының ауыр нысандары анықталған кезде хирургиялық емдеуге Қаз КАҒЗИ-ға уақтылы жіберуді қамтамасыз ету.
Тармақ 4. Параграф 4. Ересектерге және (немесе) балаларға арналған көз микрохирургиясы стационарлық бөлімшесі
Параграф 4. Ересектерге және (немесе) балаларға арналған көз микрохирургиясы стационарлық бөлімшесі
Тармақ 34
34. Ересектерге және (немесе) балаларға арналған көз микрохирургиясының стационар бөлімшесі (бұдан әрі – Стационар бөлімшесі) тәулік бойы медициналық бақылауды қажет ететін науқастарды емдеуге арналған облыстық офтальмологиялық аурухананың (орталықтың), облыстық (қалалық) көп бейінді аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 35
35. Стационар бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес көру мүшесіне жасалатын міндетті микрохирургиялық әрекеттер тізбесіне сәйкес науқастарға мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық офтальмологиялық көмек көрсету. Ересектерге арналған бөлімшеде микрохирургиялық белсенділік кемінде 70 %, хирургиялық – кемінде 60 %, балаларға арналған бөлімшеде – тиісінше кемінде 60 және 50 % құрайды, хирургиялық белсенділікті есептеу операциялардың санына қарай жүргізіледі;
Тармақша 2
2) диагностиканың, емдеудің және офтальмопатология микрохирургиясының қазіргі заманғы әдістерін әзірлеу және клиникалық практикаға енгізу;
Тармақша 3
3) офтальмопатологиясы бар пациенттерді оңалтудың емдеуге жатқызу кезегін жүргізу;
Тармақша 4
4) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу, бөлімшенің қызметі туралы есептерді ұсыну;
Тармақша 6
6) офтальмология саласында медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйым персоналының біліктілігін арттыру үдерісіне қатысу. Стационар бөлімшесінің құрамына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) қабылдау бөлімі;
Тармақша 2
2) науқастарға арналған палаталар;
Тармақша 3
3) аппарат бөлмесі;
Тармақша 4
4) манипуляция, емшара және таңу кабинеттері;
Тармақша 5
5) операциялық блок;
Тармақша 6
6) лазерлік кабинет;
Тармақша 7
7) бөлімше меңгерушісінің және дәрігерлердің, аға мейіргердің кабинеттері;
Тармақша 8
8) киім-кешекті, төсек жабдықтарын және шаруашылыққа қажетті заттарды сақтауға арналған;
Тармақша 9
9) науқастарға тамақ қабылдауға арналған үй-жайлар.
Тармақ 36
36. Облыстық (қалалық) офтальмологиялық және офтальмотравматологиялық шұғыл көмек орталығы (бұдан әрі – Орталық) облыстық офтальмологиялық аурухананың стационарының құрамында немесе облыстық (қалалық) көп бағдарлы аурухананың көз бөлімшесінің жанынан құрылады, орталықтың негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) күйікпен, көз алмасының және көздің қосалқы аппаратының жарақаттары бар пациенттерге тәулік бойы мамандандырылған микрохирургиялық көмек;
Тармақша 2
2) көз алмасының тесіп өткен жараларын, аққабықтың контузиялық жыртылуларын, көздің қосалқы аппаратын бастапқы хирургиялық тазарту, көз жасы түтікшелерінің бүтіндігін қалпына келтіру;
Тармақша 3
3) мөлдір қабықтағы және конъюнктивиттік қуыстағы бөгде заттарды алу;
Тармақша 4
4) глаукоманың жіті ұстамасы, шұғыл көмекті қажет ететін көздік жіті асқынған, тамырлық және басқа да аурулары кезіндегі шұғыл көмек. Орталық құрылымына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) дәрігердің қабылдау кабинеті және аппарат бөлмесі;
Тармақша 2
2) операциялық микрохирургия бөлмесі;
Тармақша 3
3) таңу бөлмесі.
Тармақ 37
37. Шұғыл хирургиялық және жедел офтальмологиялық көмек көрсетілгеннен кейін науқастарды тұрғылықты жері бойынша офтальмологқа амбулаториялық емделуге, емдеуге жатқызуды қажет ететіндерді көз стационарына, қажет болған жағдайда (шұғыл түрде) ҚазКАҒЗИ-ға жібереді.
Тармақ 5. Параграф 5. Көруді байланыстық, күрделі және арнайы түзету кабинеті
Параграф 5. Көруді байланыстық, күрделі және арнайы түзету кабинеті
Тармақ 38
38. Көруді байланыстық түзету кабинеті облыстық офтальмологиялық аурухананың (орталықтың) консультациялық-диагностикалық орталығының, облыстық (қалалық) көп бейінді аурухананың, ҚазКАҒЗИ-дің құрамында шаруашылық-есептік негізде ұйымдастырылады.
Тармақ 39
39. Кабинеттің негізгі міндеттері мен функциялары:
Тармақша 1
1) дайын жұмсақ байланыс линзаларын талдау;
Тармақша 2
2) қатты және косметикалық байланыс линзаларын талдау және дайындау;
Тармақша 3
3) көзге салынған линзаға бейімделуін бақылау;
Тармақша 4
4) көруді түзетудің жаңа әдістерін меңгеру және практикаға енгізу;
Тармақша 5
5) санитариялық-ағарту жұмысы.
Тармақ 40
40. Көзді байланыстық түзету кабинетінің құрамында немесе дербес көруді күрделі және арнайы түзету кабинеті ұйымдастырылады, ол мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) көрудің күрделі оптикалық кемістіктері бар пациенттерге призматтық, сферопризматтық және изейкониялық түзету құралдарын таңдау және пациенттерге оларды пайдалануды үйрету;
Тармақша 2
2) тексеріп-қарау мен оптикалық түзетудің жаңа прогрессивтік әдістерін меңгеру және енгізу.
Тармақ 41
41. Көрудің күрделі және арнайы түзету кабинетінде алғаш келген науқастарды қабылдау офтальмолог-дәрігерлер мен оптометристердің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6. Параграф 6. Көзді жеке протездеу зертханасы
Параграф 6. Көзді жеке протездеу зертханасы
Тармақ 42
42. Көзді жеке протездеу зертханасы ҚазКАҒЗИ-дің, облыстық офтальмологиялық аурухананың консультациялық-диагностикалық орталығының, облыстық (қалалық) көп бейінді аурухананың құрамында шаруашылық-есеп негізінде ұйымдастырылады.
Тармақ 43
43. Зертхананың негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) көз протездерін және эктопротездерді таңдау және дайындау;
Тармақша 2
2) стандарттық көз протездерін таңдау;
Тармақша 3
3) энуклеациядан кейін алғашқы протездеуді жүргізу;
Тармақша 4
4) балалар көз протездеуі;
Тармақша 5
5) айғақтар болғанда: туа біткен көз алмасының ауытқулары кезінде, сәулелік терапиядан, күйіктен, қабақтар мен конъюнктивиттік қуысқа жасалған пластикалық операциялардан кейінгі субатрофиялық және атрофиялық көздерді протездеуді жүргізу.
Тармақ 7. Параграф 7. Ұйымдастыру-әдістемелік кабинет
Параграф 7. Ұйымдастыру-әдістемелік кабинет
Тармақ 44
44. Ұйымдастыру-әдістемелік кабинет облыстық офтальмологиялық аурухананың (орталықтың), ҚазКАҒЗИ-дің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізуді, қызметі туралы есепті белгіленген тәртіппен ұсынуды жүзеге асырады. Оның құрамында (немесе дербес) медициналық статистика кабинеті ұйымдастырылады.
Тармақ 45
45. Ұйымдастыру-әдістемелік кабинет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында офтальмологиялық бейіндегі аурулардың таралуын талдау;
Тармақша 2
2) әзірлік нысаналы бағдарламаларды, басқару құжаттарын әзірлеуге қатысу, медициналық көмек стандарттарын және Қазақстан Республикасының аумағында офтальмологиялық бейіндегі аурулардың профиилактикасын, диагностикалау мен емдеуді жетілдіру бойынша басқа да құжаттарды енгізу және қолдануды практикалық іске асыру;
Тармақша 3
3) офтальмологиялық бейіндегі аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың қызметіне, оның ішінде статистикалық есеп пен есептілікті жүргізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) есепке алу және есеп беру статистикалық нысандарына мониторинг және талдау, құжаттаманы жүргізу жөніндегі бағдарламалық кешендердің жұмысын қамтамасыз ету, оның ішінде төсекпен қамтылу және қажеттілік, емдеуге жатқызудың негізділігі, орташа есеппен төсекте болу, жоспарланбаған қайталап түсу көрсеткіші (бір ауру бойынша бір ай ішінде) және т.б.;
Тармақша 5
5) МСАК көрсететін ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсетудің амбулаториялық және стационарлық деңгейлерінің диагноздарының айырмашылықтары жағдайларына мониторинг;
Тармақша 6
6) социологиялық сұраулар жүргізу, негізделген шағымдарды талдау;
Тармақша 7
7) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелерді тәжірбиеге енгізу.
Тармақ 46
46. Облыстық (қалалық) көп бейінді ауруханада бұл функциялар сол ұйымның тиісті құрылымына жүктеледі.
Тармақ 8. Параграф 8. Тіндер трансплантологиялық зертханасы
Параграф 8. Тіндер трансплантологиялық зертханасы
Тармақ 47
47. Тіндер трансплантологиясы зертханасы ҚазКАҒЗИ құрамында ұйымдастырылады, оның қызметі «Адамнан адамға және жануарлардан адамға тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу, консервілеу, трансплантация жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 623 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 48
48. Тіндер трансплантологиялық зертханасының негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) жалпыға бірдей медициналық өлшемдерге сәйкес донор мәйіттерді іріктеу және донор материалының донор мәйіттері мен реципиенттерін гемотрансфузиологиялық инфекцияға тексеруді қамтамасыз ету және бақылау;
Тармақша 2
2) дайындалған және берілген донорлық материалды алу, паспорттау, тіркеу және есепке алу;
Тармақша 3
3) консервілеу алдындағы тазарту және донор материалын консервілеу мен оның зарарсыздығын қамтамасыз ету және бақылау;
Тармақша 4
4) транспланттауға жарамсыз материалды кәдеге жаратуды қамтамасыз ету.
Тармақ 49
49. Офтальмолог дәрігер донор материалды ауыстырып қондыруды қажет ететін науқастардың консилиумына және оны транспланттауға айғақтар мен қарсы айғақтарды бағалауға қатысады, донор материалды транспланттауға жатқызылған науқастардың хирургиялық емдеу нәтижелерін бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 50
50. Тіндер трансплантологиясы зертханасының офтальмолог дәрігерінің міндетіне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) донор мәйіттің көз алмасын тексеріп-қарау;
Тармақша 2
2) зертханашылар мен санитарлардың тіндерді алуын бақылау;
Тармақша 3
3) консервіленген материалдардың сапасын экспресс-тестілеу сараптамасын жүргізу.
Тармақ 9. Параграф 9. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ
Параграф 9. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ
Тармақ 51
51. «Құрмет белгісі» орденді» Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазКАҒЗИ) – акционерлік қоғам, Қазақстан Республикасының заңнамасымен заңды тұлға болып табылады, тіркеу нөмірі, дербес теңгерімі, банктік есепшоттары, өзінің атауы жазылған мөрі, бланкілері және оның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де деректемелері болады.
Тармақ 52
52. ҚазКАҒЗИ мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) диагностиканың, офтальмомикрохирургияның, лазермен емдеудің, эксперименттік, клиникалық және статистикалық зерттеулердің жоғары технологиялық әдістерінің негізінде офтальмология саласындағы ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 2
2) стационарлық және стационарды алмастыратын технологияларды пайдалана отырып, диагностика мен емдеудің клиникалық нұсқаулықтары мен кезеңдік хаттамаларына сәйкес ересектер мен балаларға жоғары мамандандырылған және мамандандырылған офтальмологиялық медициналық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес Республикалық деңгейде көру мүшелеріне жасалатын міндетті микрохирургиялық әрекеттер тізбесіне сәйкес көз микрохирургиясының қазіргі заманғы технологияларын қолдана отырып, науқастарды операциялық емдеу. Ересектерге арналған бөлімшедегі микрохирургиялық белсенділік кемінде 90 %, хирургиялық – кемінде 80 %, балаларға арналған бөлімшеде - тиісінше кемінде 80 % және 70 % құрауы тиіс;
Тармақша 4
4) офтальмопатологияны диагностикалау мен емдеудің жаңа технологияларын әзірлеу, оларды практикалық денсаулық сақтауға енгізу;
Тармақша 5
5) сырқаттанушылықты талдау және оны төмендету бойынша кешенді профилактикалық шараларды әзірлеу, Қазақстан Республикасындағы офтальмологиялық ауруларды анықтау жөніндегі скринигілік бағдарламаларды әзірлеуге, енгізуге, мониторингіне қатысу;
Тармақша 6
6) көз ауруларын емдеу, офтальмомикрохирургияны дамыту және офтальмопатология профилактикасы мәселелері бойынша стратегияны және нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуге қатысу;
Тармақша 7
7) офтальмологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін барлық меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеуге қатысу;
Тармақша 8
8) медициналық ғылым мен практикалық денсаулық сақтау саласының жаңа жетістіктерін насихаттау мақсатында офтальмология мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу және дайындау, монографияларды, еңбектердің жинақтарын, әдістемелік ұсынымдарды және мерзімдік басылымдарды (журналдарды) басып шығару;
Тармақша 9
9) съездерді, симпозиумдарды, ғылыми конференцияларды, мастер-кластар мен кеңестерді (оның ішінде халықаралық) ұйымдастыруға, өткізуге және дайындау мен өткізуге қатысу;
Тармақша 10
10) жоғары және орта білімі бар медицина кадрларын оқытудың әртүрлі нысандарын (стационарлық, жүрмелі және қашықтықтан) пайдалана отырып, офтальмология бойынша біліктілігін арттыру және қайта даярлау циклдарын өткізу, резидентурада оқыту;
Тармақша 11
11) Қазақ офтальмология қоғамының жұмысына қатысу, офтальмопатология мәселелері бойынша халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.
Тармақ 53
53. ҚазКАҒЗИ құрылымында мыналар ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) балалар мен ересектерге арналған стационарлық микрохирургиялық бөлімшелер;
Тармақша 2
2) консультациялық-диагностикалық орталық, мынадай кабинеттерді қамтиды: консультациялық қабылдау, глаукома, тамырлық және көз онкопатологиясы, балалардың көруін сақтау, байланыстық көруді, күрделі және арнайы түзету, көзді протездеу, амбулаториялық хирургия, лазермен емдеу, күндізгі стационар;
Тармақша 3
3) функциялық диагностика және клиникалық кабинеттер, зертханалар;
Тармақша 4
4) ұйымдастыру-әдістемелік және статистикалық кабинет.
Тармақ 54
54. Құрылымды, штат кестесін, жекелеген құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы ережені, ҚазКА ҒЗИ қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен сыйлықақы ставкаларын Директорлар кеңесі бекітеді.
Басқа 1. Амбулаториялық жағдайда көру мүшесіне жасалатын микрохирургиялық әрекеттер тізбесі
Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы Ережеге 1-қосымша Амбулаториялық жағдайда көру мүшесіне жасалатын микрохирургиялық әрекеттер тізбесі
Тармақ 1
1. І және ІІ сатыдағы птеригиумды алып тастау.
Тармақ 2
2. Пингвекулдарды алып тастау.
Тармақ 3
3. Халязионды алып тастау.
Тармақ 4
4. Қабақ ксантелазмдарын алып тастау.
Тармақ 5
5. Шағын көлемді ісіктерді алып тастау.
Тармақ 6
6. Дұрыс өспеген кірпіктер диатермокоагуляциясы.
Тармақ 7
7. Қабақтың ішке қарай кіруін және сыртқа айналуын жою.
Тармақ 8
8. Конъюнктивтердің көптеген бөгде денелерін алып тастау.
Тармақ 9
9. Мейбомиялық бездерді тазарту.
Тармақ 10
10. Көз жасы жолдарына операциялар; көз жасы қабының флегмондарын ашу, көз жасы нүктелерін кеңейту, көз жасы нүктелерінің теріс айналуын жою, каналикулит кезіндегі операциялар, дакриоцисториностомия.
Тармақ 11
11. Қабақ пен конъюнктивтер ісіктерінің криодеструкциясы.
Тармақ 12
12. Көктемгі катар кезінде емізіктердің криодеструкциясы.
Тармақ 13
13. Криоретинопексия және криоциклопексия
Тармақ 14
14. Облыстық және қалалық деңгейлерде (тек ҚазКАҒЗИ-пен келісім бойынша) ФЭК-ті қоса алғанда ИОЛ-ды импланттай отырып, катаракта экстракциясы.
Тармақ 15
15. Гипотензиялық операциялар.
Тармақ 16
16. Қыликөзділік кезіндегі операциялар (резекция, рецессия, көзден тыс бұлшық еттердің біреуін алып тастау).
Тармақ 17
17. Блефаропластика.
Тармақ 18
18. Блефарорафия.
Тармақ 19
19. Қабақтарға косметикалық операциялар - қабақты тарту (беттің пластикалық хирургиясы бойынша мамандандыру болған жағдайда). Балаларға операция наркозбен жасалады.
Басқа 2. Ересектерге және/немесе балаларға арналған облыстық (қалалық) көз микрохирургиясы бөлімшесінде көру мүшесіне жасалатын міндетті микрохирургиялық әрекеттердің ТІЗБЕСІ
Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы Ережеге 2-қосымша Ересектерге және/немесе балаларға арналған облыстық (қалалық) көз микрохирургиясы бөлімшесінде көру мүшесіне жасалатын міндетті микрохирургиялық әрекеттердің ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Балалардағы туа біткендерден басқа интраокулярлық линзаларды импланттациясы бар катарактаның интракапсулярлық және экстракапсулярлық экстракциясы.
Тармақ 2
2. Балалардағы туа біткендерден басқа, глаукома кезіндегі патогенетикалық бағдарланған операциялар.
Тармақ 3
3. Торқабықтардың ажырауы кезіндегі экстрасклералық операциялар.
Тармақ 4
4. Көз алмасын тесіп өткен жарақаттар кезіндегі, оның ішінде бөгде денелердің түсуіне байланысты операциялар.
Тармақ 5
5. Қабақтарға және көз жасы жолдарына операциялар.
Тармақ 6
6. Тамырлық реконструкциялық операциялар.
Тармақ 7
7. Көздің алдыңғы қиығына реконструкциялық операциялар.
Тармақ 8
8. Перфорация кезіндегі шұғыл жағдайларда емдеу мақсатында қабақты жабу.
Тармақ 9
9. Жергілікті тіндермен пластикасы бар және кемістіктерді тері транспланттарымен жабуға байланысты қабақтың ісіктері кезіндегі операциялар.
Тармақ 10
10. Трансплантациясыз 2-3-сатыдағы птеригиумды алып тастау.
Тармақ 11
11. Қыликөзділік кезіндегі операциялар.
Басқа 3. Республикалық деңгейде көру мүшесіне жасалатын міндетті микрохирургиялық әрекеттер ТІЗБЕСІ
Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы Ережеге 3-қосымша Республикалық деңгейде көру мүшесіне жасалатын міндетті микрохирургиялық әрекеттер ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Жасқа байланысты катарактаның және туа біткен, асқынған және интраокулярлық линзаларды имплантациясымен қайталанған катарактаның барлық түрлерінің интракапсулярлық және экстракапсулярлық экстракциясы.
Тармақ 2
2. Интраокулярлық линзаларды қайта импланттау.
Тармақ 3
3. Глаукома, оның ішінде туа біткен глаукома кезіндегі патогенетикалық бағдарланған операциялар.
Тармақ 4
4. Көру мүшесінің үйлескен патологиясы кезіндегі құрамдасқан әрекеттердің барлық түрлері.
Тармақ 5
5. Офтальмологияда тіндерді, оның ішінде аққабықты ауыстырып қондырудың барлық түрлері.
Тармақ 6
6. Торқабықтардың ажырауына, оның күшеюіне және бұрын жасалған операциялардың асқынуларына байланысты операциялар.
Тармақ 7
7. Шыны тәріздес денеге, оның ішінде оның ортаңғы және артқы бөлімдеріне жасалатын операциялар.
Тармақ 8
8. Рефракциялық операциялар.
Тармақ 9
9. Көзге, көзішілік терең тесіп өткен жарақаттар кезінде және көз шарасындағы бөгде денелер болғанда жасалатын операциялар.
Тармақ 10
10. Көру мүшесі жарақаттарының ауыр нәтижесі кезінде, көз шарасы ауруларының оптикалық-реконструкциялық және пластикалық операциялары.
Тармақ 11
11. Қабақтарға және көз жасы жолдарының күрделі реконструкциялық операциялары.
Тармақ 12
12. Тамырлы реконструкциялық операциялар.
Тармақ 13
13. Қыликөзділік кезінде жасалатын операциялар.
Тармақ 14
14. Функциялық тұрғыда көретін бір көзге жасалатын операциялардың барлық түрлері (екі көздің көру өткірлігі 0,05д және одан төмен не қайтымсыз соқырлық кезінде).