О создании областной Государственной земельной инспекции Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық Мемлекеттік жер инспекциясын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007.05.24 № 16 шешімімен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Жер туралы" Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы N 2718 N952718_ өкiмiн жер туралы заңдардың сақталуын, жер ресурстарын пайдалану және қорғауға мемлекеттiк бақылауды күшейту үшiн 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 75-21/165үкiметтiн жеделхатын орындау үшiн облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитеттiң жанынан 5 адамнан тұратын жердi пайдалану мен оның қорғалуын бақылау жөнiндегi облыстық Мемлекеттiк инспекция құрылсын.
Тармақ 2
2. Жердi пайдалану мен оның қорғалуын бақылау жөнiндегi облыстық Мемлекеттiк инспекция жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн. /қосымшаға сәйкес/.
Тармақ 3
3. "Облыстық Мемлкеттік инспекция мен оңың аумақтық органдары ұстау жер учаскелерін сатудан, жалға беруден және жер ресурстар басқару жөніндегі облыстық комиттетің арнайы есеп-шотына аудалатын жалпы төлемдер сомасын 10 пайыздық адарылымдар есебін жүзеге асырылады".
📌 Ескерту. Пункт 3 жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1998.05.08 № 109 шешімімен.
Тармақ 4
4. Петропавл, Көкшетау қалаларының әкiмдерi қалалардың, аудандардың мемлекеттiк басқару қызметкерлерiнiң жалпы саны есебiнен /лимитi есебiнен/ әр қалада екi адамнан, ал селолық аудандарда бiр адамнан мемлекеттiк жер инспекторын енгiзсiн.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудан әкiмдерi оларға жүктелген мiндеттерiне сәйкес жердi пайдалану және оның қорғалуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың қызметтерiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.Қ.Қалиевқа жүктелсiн.