О финансовом лизинге Қолданыста
Басқа 0
Қаржы лизингі туралы
Осы Заң қаржы лизингi процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және лизинг қызметi негiзiнде инвестициялар тартуға бағытталған.
Тарау 1. 1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Қаржы лизингiн құқықтық реттеу
1-бап. Қаржы лизингiн құқықтық реттеу
Тармақ 1
1. Қаржы лизингi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының қаржы лизингi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 1-1. 1-1-бап. Қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеті мен қағидаттары
1-1-бап. Қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеті мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Лизингтік қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, қаржы лизингі саласында тиісті бәсекелес орта құру, лизинг алушылардың және лизинг берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды құқықтық қамтамасыз ету қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Лизингтік қызмет негізінде инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті болып табылады.
Тармақ 3
3. Қаржы лизингі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) лизингтік қатынастар тараптарының тең құқықтылығы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лизингтік қызметті жүзеге асыру еркіндігі болып табылады.»;
📌 Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 2. 2-бап. Негiзгi ұғымдар
2-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылған:
қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және бір жылдан асатын мерзімге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтің түрі (жеке тұлғалар лизинг алушылар болып саналатын жағдайларды қоспағанда). Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс:
Тармақша 1
1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;
Тармақша 2
2) лизинг мерзiмi лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 75 процентiнен асады;
Тармақша 3
3) лизингтің бүкіл мерзімі ішіндегі лизинг төлемдерінің ағымдағы (дисконтталған) құны берілетін лизинг нысанасы құнының тоқсан пайызынан асады.
Жеке тұлғалармен лизингті және лизинг мәмілелерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді;
лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес;
лизинг алушы - лизинг шартының талаптарына орай лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмiлесiне қатысушы.
лизинг мәмiлесi - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келiсiлген iс-қимылының жиынтығы;
лизинг қызметi - лизинг берушiнiң лизинг шартының талаптарын орындау жөнiндегi қызметi;
тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған кезде тозатын, бiрақ пайдалану процесiнде табиғи қасиеттерiн жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлiк;
сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы. Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг) ретiнде iс-қимыл жасай алады;
лизинг мәмiлесiне қатысушылар - жеке кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар мен лизинг беруші және лизинг алушы ретiнде iс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ лизинг нысанасын сатушы ретiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар;
лизинг мерзiмi - лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл орайда лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде лизинг шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды.
📌 Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.03.2004 N 532; 05.10.2018 № 184-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2026 № 324-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 3. 3-бап. Лизингтiң нысандары мен түрлерi
3-бап. Лизингтiң нысандары мен түрлерi
Осы Заңмен лизингтiң мынадай негiзгi нысандары мен түрлерi реттеледi.
Тармақ 1
1. Лизингтiң нысандары:
Тармақша 1
1) iшкi лизинг. Iшкi лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi мен лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылады.
Тармақша 2
2) халықаралық лизинг. Халықаралық лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайды.
Тармақ 2
2. Лизингтiң түрлерi:
Тармақша 1
1) қайтару лизингi - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушiге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретiнде лизингке алу талабымен сатады;
Тармақша 1-1
1-1) қайталама лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi;
Тармақша 2
2) банк лизингi - лизингтiң бiр түрi, мұнда лизинг берушi банк болып табылады;
Тармақша 3
3) толық лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг берушi жүзеге асырады;
Тармақша 3-1
3-1) сублизинг - лизинг алушы (сублизинг берушi) осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушiден алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және үшiншi тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi;
Тармақша 4
4) таза лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг алушы жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) ислам лизингі – осы Заңның 2-1-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ислам банк операцияларын жүзеге асыратын банктер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк лицензиясы негізінде, сондай-ақ акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және банктер болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын лизингтің бір түрі;
Тармақша 6
6) жеке тұлғаларға арналған лизинг – инвестициялық қызметпен байланысты емес қаржы лизингінің бір түрі, бұл ретте лизинг алушы болып лизинг нысанасын жеке пайдалану немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін сатып алатын жеке тұлға әрекет етеді.
📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10. N 532; 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2026 № 324-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 4. 4-бап. Лизинг нысанасы
4-бап. Лизинг нысанасы
Тармақ 1
1. Ғимараттар, құрылысжайлар, машиналар, жабдық, мүкәммал, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын
заттар лизинг нысанасы бола алады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
Тармақ 3
3. Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг беруші басқа лизинг алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.
Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.
Тармақ 5
5. Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес көлік құралының типін мақұлдау негізінде айналымға шығарылатын, оның ішінде бұрын жасалған лизинг шарттары бойынша лизинг нысанасы болып саналатын M1, N1 санатындағы автокөлік құралдары ғана жеке тұлғалармен жасалатын лизинг шарттары бойынша лизинг нысанасы бола алады. Көлік құралының типін мақұлдау туралы мәліметтер көлік құралының электрондық паспортында және мүдделі тұлға алатын, жеке тұлғаға лизингке беруге болжанатын көлік құралының электрондық паспортынан үзінді көшірмеде міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10. N 532; 24.06.2026 № 324-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Лизинг нысанасына меншiк құқығы
5-бап. Лизинг нысанасына меншiк құқығы
Тармақ 1
1. Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлген лизинг нысанасына меншiк құқығы, лизинг алушы лизинг шарты бойынша өзiнiң барлық ақшалай мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жүзеге асыратын, лизинг шартының қолданылу мерзiмi өткенге дейiн (егер лизинг шартында мұндай өту көзделген болса) лизинг алушының меншiгiне лизинг нысанасы ауысқан жағдайларды қоспағанда, лизинг шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде лизинг берушiде сақталады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лизинг алушы таратылған немесе банкрот болған кезде, егер лизинг бағасы төленбесе, лизинг нысанасы лизинг берушіге қайтарылуға жатады.
Лизинг нысанасына тыйым салуға және оны тәркілеуге жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг нысанасын пайдалану нәтижесiнде алынған өнiм және өзге де
кірістер (оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кіріс деп танылатын субсидиялар), сондай-ақ лизинг алушы ажыратып алатындай дәрежеде жақсартқан лизинг нысанасы лизинг алушының меншiгi болып табылады.
Тармақ 4
4. Лизинг алушы өз қаражаты есебiнен және лизинг берушiнiң жазбаша келісімімен лизинг нысанасына зиян келтірмей ажыратуға болмайтындай дәрежеде жақсарту жүргiзген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, оның шарт тоқтатылғаннан кейiн осы жақсарту құнының өтемiн алуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Лизинг алушы лизинг берушiнiң келiсiмiнсiз жүргiзген ажыратуға болмайтындай дәрежедегi жақсарту құны, егер заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, өтелуге жатпайды.
Тармақ 6
6. Лизингке тапсырылған мүлiктiң меншiк, шаруашылық жүргiзу және оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға көшуi лизинг шартын өзгертуге немесе бұзуға негiз болып табылмайды. Бұл орайда лизинг шартында айқындалған лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа меншiк иесiне көшедi.
📌 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10. N 532; 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Сублизинг
6-бап. Сублизинг
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен лизинг нысанасын сублизингке өткiзуге құқылы. Бұл орайда сублизинг беруші мен сублизинг алушы лизинг берушi мен лизинг алушы ретiнде әрекет етедi және лизинг мәмiлесiне осы қатысушылар үшiн осы Заңда айқындалатын құқығы бар және жауаптылықта болады.
Бұл орайда лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн сублизинг алушыға аударуына лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Тармақ 2
2. Сублизинг шартын лизинг шартының мерзiмiнен асып кететiн уақытқа жасауға болмайды.
Тармақ 3
3. Егер заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сублизинг шартына лизинг шарты туралы ережелер қолданылады.
Тармақ 4
4. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған сублизинг шартын тоқтатуға әкеп соғады. Бұл орайда сублизинг алушы сублизинг шартына сәйкес өзiнiң пайдалануындағы лизинг нысанасына тоқтатылған лизинг шартының талаптарына сәйкес келетiн талаптармен сублизингтің қалған мерзiмi шегінде лизинг берушiмен лизинг шартын жасасуға құқылы.
Тармақ 5
5. Егер лизинг шарты осы Заңда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде немесе басқа да заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, онда соған сәйкес жасалған қосалқы лизинг шарты маңызсыз болып саналады.
📌 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10. N 532; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Лизинг алушының құқықтарын қорғау
7-бап. Лизинг алушының құқықтарын қорғау
Лизинг алушыға оның лизинг нысанасына құқығын қорғау меншiк құқығын қорғаумен тең дәрежеде қамтамасыз етiледi.
Лизинг алушының лизинг шартының қолданылу кезеңiнде талап-арыз беруге және өзiне тиесiлi құқықтарды өз атынан өзге де жолмен қорғауға құқығы бар.
Бап 8. 8-бап. Лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне өтуі
8-бап. Лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне өтуі
Ислам лизингі шартын қоспағанда, лизинг шартында лизинг алушының күні бұрын айқындалған баға бойынша лизинг нысанасын меншікке сатып алу құқығы не міндеттемесі көзделуі мүмкін.
📌 Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 9. 9-бап.
9-бап.
📌 Ескерту. 9-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 10. 10-бап. Лизинг қызметiн лицензиялау
10-бап. Лизинг қызметiн лицензиялау
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда лизинг беруші ретінде банктердің лизинг қызметiн лицензиялауды
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргiзедi.
Өзге заңды тұлғалар және дара кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қызметінің басталғандығы туралы хабарлама жібергеннен кейін лизинг берушi ретiнде лизинг қызметiн лицензиясыз жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 , 2005.12.23. N 107, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (20.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 2. 2-ТАРАУ. ЛИЗИНГТIК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГIЗДЕРI
2-ТАРАУ. ЛИЗИНГТIК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГIЗДЕРI
Бап 11. 11-бап. Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
11-бап. Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Лизинг берушi:
Тармақша 1
1) өзiне тиесiлi төленбеген лизинг төлемдерiн, сондай-ақ шығынның орнын толтыруды талап етуге;
Тармақша 2
2) лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шартының талаптарын орындауына бақылау жасауға;
Тармақша 3
3) лизинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзған жағдайда мерзiмi кешiктiрiлген уақытқа төлем жасауды және шығынның орнын толтыруды талап етуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын талап етуге құқылы.
Тармақ 2
2. Лизинг берушi:
Тармақша 1
1) лизинг алушымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшiн оны сатушыдан өз меншiгiне сатып алуға;
Тармақша 2
2) сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгiлi бiр лизинг алушыға (сублизинг алушыға) лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға;
Тармақша 2-1
2-1) лизинг нысанасы жаңа лизинг алушының иеленуi мен пайдалануына берiлгенi (қайталама лизинг, сублизинг, мiндеттемедегi тұлғалардың өзгеруi) туралы осындай берiлу кезiнен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша сатушыны жазбаша хабардар етуге;
Тармақша 3
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келiсiлген талаптармен беруге;
Тармақша 4
4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтер мен ақпаратты хабарлауға міндетті.
Тармақ 3
3. Лизинг шартында лизинг берушінiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
📌 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10. N 532; 02.08.2015 № 343-V (20.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.09.2025 № 219-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Лизинг алушының құқықтары мен мiндеттерi
12-бап. Лизинг алушының құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Лизинг алушы:
Тармақша 1
1) лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және пайдалануға;
Тармақша 2
2) лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткiзу мерзiмiне қатысты және сатушы мен лизинг берушi арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға;
Тармақша 3
3) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда лизинг берушi лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз мiндеттемелерiн орындағанға дейiн төленуге тиiстi лизинг төлемдерiн тоқтата тұруға;
Тармақша 4
4) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг берушi лизинг шартын бiржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретiнде төлеген лизинг төлемдерiн керi қайтаруды талап етуге;
Тармақша 5
5) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг нысанасы жеткiзiп берiлмеген, мерзiмi едәуiр өткiзiлiп жеткiзiлiп берiлген немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтiретiн кемшiлiктерi жойылмай жеткiзiп берiлген жағдайларда, лизинг алушының сатушыны және лизинг нысанасын таңдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап етуге, лизинг шартын бұзуға;
Тармақша 6
6) лизинг берушi лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиiстi дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге;
Тармақша 7
7) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулi түрде нашарлап кетсе, лизинг сомалары мен лизинг төлемдерiн тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы.
Тармақ 2
2. Лизинг алушы:
Тармақша 1
1) лизинг нысанасын лизинг шартында көзделген тәртiппен қабылдауға;
Тармақша 2
2) лизинг төлемдерiн дер кезiнде төлеп тұруға;
Тармақша 3
3) лизинг нысанасын лизинг шартына сәйкес оның мақсатына сәйкес пайдалануға;
Тармақша 4
4) лизинг нысанасындағы қалыпты тозуды және тараптар келiсiп алған өзгерiстердi ескере отырып, лизинг берушi лизинг нысанасын оған қандай күйде берсе, сондай күйiнде күтiп ұстауға;
Тармақша 5
5) егер лизинг шартында немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, лизинг нысанасын өз есебiнен күтiп ұстауға (оның iшiнде лизинг нысанасына байланысты қажетті коммуналдық төлемдерді жасауға) және оған техникалық қызмет көрсетуге, оның ағымдағы жөндеуiн жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) егер шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Лизинг шартында лизинг алушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 13. 13-бап. Сатушының құқықтары мен мiндеттерi
13-бап. Сатушының құқықтары мен мiндеттерi
Сатушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына және сатып алу-сату шартына сәйкес белгіленеді.
Лизинг шарты лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының қатысуымен жасалған жағдайда сатушының құқықтары мен мiндеттерi лизинг шартына сәйкес белгiленедi.
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 14. 14-бап. Лизингке қатысушылардың жауапкершiлiгi
14-бап. Лизингке қатысушылардың жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының жауапкершiлiгi лизинг шартында, сатып алу-сату шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
Тармақ 2
2. Лизинг нысанасын сатушы, сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнiнде, атап айтқанда, лизинг нысанасының сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тiкелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Бұл орайда лизинг алушы өзi аталған лизинг нысанасын сатып алу-сату тарабы болғандағыдай, сатып алынған лизинг нысанасына ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, сатып алушы үшiн Азаматтық кодексте көзделген құқықтарға ие болады және мiндеттеменi мойнына алады. Егер сатушы лизинг алушы қоятын талаптармен келiсетiн болса, онда лизинг алушыға лизинг нысанасын беру шарттарының кез келген өзгерiстерi (жиынтықтамалығы, жеткiзiлу мерзiмi және т.б.) мiндеттi түрде лизинг берушiмен келiсiлуге тиiс.
Сатушымен арадағы қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi ынтымақтас кредит берушiлер болады.
Тармақ 3
3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушыны таңдау құқығы лизинг берушiде болатын жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн лизинг алушының алдында жауап бермейдi. Мұндай жағдайда лизинг алушы өз қалауы бойынша ортақ жауапкершiлiкте болатын тiкелей мүлiк сатушыға да, лизинг берушiге де сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды қоюға құқылы.
Тармақ 4
4. Лизинг берушi сы Заңның 11-бабы 2-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес сатушыға хабарлау жөнiндегi мiндетiн бұзған жағдайда лизинг берушi сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының орындауы үшiн лизинг алушының алдында толық жауапты болады.
📌 Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 15. 15-бап. Лизинг шарты
15-бап. Лизинг шарты
Тармақ 1
1. Лизинг берушi лизинг шарты бойынша сатушыдан өз меншiгiне сатып алған және лизинг алушымен келiсiлген лизинг нысанасын төлемақысына лизинг алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.
Тармақ 2
2. Лизинг шартының мынадай елеулi талаптары болуы тиiс:
Тармақша 1
1) шарттың нысанасы;
Тармақша 2
2) сатушыны және лизинг нысанасын кiмнiң таңдап алғаны көрсетiлген лизинг нысанасын сатушының атауы;
Тармақша 3
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға берудiң шарттары мен мерзiмi;
Тармақша 4
4) лизинг төлемдерiнiң мөлшерi мен кезеңдiлiгi;
Тармақша 5
5) лизинг нысанасының құны;
Тармақша 6
6) шарттың қолданылу мерзiмi;
Тармақша 7
7) егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары;
Тармақша 8
8) лизинг нысанасының сипаттамасы;
Тармақша 9
9)-13)
Осы талаптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған болып саналады.
Тармақ 3
3. Тараптардың келiсiмi бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Лизинг шарты жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Лизинг шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
Тармақ 5
5. Лизинг беруші базалық активі лизинг шарты бойынша құқықтар (талаптар) болып табылатын цифрлық қаржы активтерін шығару арқылы қаржыландыруды тартуға құқылы.
📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10. N 532; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16. 16-бап. Лизинг шартының қолданылуы
16-бап. Лизинг шартының қолданылуы
Тармақ 1
1. Лизинг шартының мерзiмiн осы Заңның 2-бабында белгiленген ережелердi ескере отырып, тараптар айқындайды.
Тармақ 2
2. Егер заңдарда немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг шарты оған қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 3
3. Лизинг шарты тараптар өздерiнiң барлық мiндеттемелерiн орындап болған кезден бастап, сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда өзiнiң күшiн жояды.
📌 Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 17. 17-бап. Лизинг шартын өзгерту және бұзу
17-бап. Лизинг шартын өзгерту және бұзу
Лизинг шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында немесе лизинг шартында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 18. 18-бап. Лизинг берушiнi немесе лизинг алушыны ауыстыру
18-бап. Лизинг берушiнi немесе лизинг алушыны ауыстыру
Егер осы Заңда, лизинг шартында немесе Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, лизинг берушi және лизинг алушы лизинг шарты бойынша өздерiне тиесiлi құқықтың бәрiн тараптардың екiжақты келiсiм бойынша үшiншi бiр тұлғаларға беруге құқылы.
Бап 19. 19-бап. Лизинг нысанасын лизинг алушыға беру
19-бап. Лизинг нысанасын лизинг алушыға беру
Тармақ 1
1. Егер лизинг шартында немесе сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушы лизинг нысанасын тiкелей лизинг алушыға оның жүрген жерiнде бередi.
Тармақ 2
2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасы лизинг алушыға оның барлық керек-жарағымен және оған қатысты құжаттармен (жинақталымын, қауiпсiздігін, сапасын, монтаждалуын, жөнге келтiрiлуiн, пайдаланылуын және басқаларын куәландыратын құжаттарымен) бiрге берiледi.
Тармақ 3
3. Сатушы лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi бұзған жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының сатушыны таңдаған тарабы көтередi.
Тармақ 4
4. Лизинг нысанасы лизинг шарты бойынша оны пайдалану мақсаттарына сәйкес келмеген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының лизинг нысанасын таңдаған тарабы мойнына алады.
📌 Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 20. 20-бап. Лизинг нысанасына байланысты мүлiктiк тәуекелдер
20-бап. Лизинг нысанасына байланысты мүлiктiк тәуекелдер
Тармақ 1
1. Лизинг нысанасының сақталуы үшiн, сондай-ақ оны техникалық құжаттамада көзделген көлемде пайдалануға болмайтын жағдайға әкеп соқтырған оның жойылуына, жоғалуына, бүлiнуiне, мерзiмiнен бұрын қирауына, ұрлануына және лизинг нысанасын монтаждау, жинау немесе пайдалану кезiнде жiберiлген ағаттықтарға байланысты тәуекелдер және лизинг нысанасын нақты қабылдау кезiндегi басқа да мүлiктiк тәуекелдер үшiн жауапкершiлiктi, егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг алушы мойнына алады.
Тармақ 2
2. Лизинг шартында лизинг берушiнiң немесе лизинг алушының лизинг нысанасын сақтандыру жөнiндегi мiндетi көзделуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Егер лизинг нысанасын сақтандыруға мiндеттi тарап лизинг шартының талаптарына сәйкес сақтандыруды жүзеге асырмаған болса басқа тарап лизинг нысанасын сақтандырып, мiндеттi тараптан сақтандыру төлемi түрiндегi шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
Тармақ 4
4. Лизинг нысанасының жойылуы, жоғалуы, бүлiнуi, ұрлануы немесе лизинг нысанасының өз функцияларын жоғалтуы немесе егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты мүлiк пайдалануға жарамсыз күйде болса, лизинг алушыны лизинг шарты бойынша мiндеттемелерден босатпайды және, егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушының талабы бойынша лизинг шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға негiз болып табылмайды.
📌 Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 21. 21-бап. Лизинг төлемдерi
21-бап. Лизинг төлемдерi
Лизинг төлемдерi - лизинг шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:
Тармақша 1
1) лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;
Тармақша 2
2) лизинг бойынша сыйақы.
📌 Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 22. 22-бап. Лизинг есебi
22-бап. Лизинг есебi
Лизинг есебi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi заңдардың талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
Бап 23. 23-бап. Лизинг нысанасын қайтару
23-бап. Лизинг нысанасын қайтару
Тармақ 1
1. Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу құқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген құқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бұрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс.
Тармақ 2
2. Лизинг нысанасы қалыпты тозуды ескере отырып, лизинг алушы оны қандай күйде алса, сондай күйiнде немесе лизинг шартында ескертiлген күйiнде қайтарылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Қайтарылатын лизинг нысанасының жай-күйi осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн болса, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушiге келтiрiлген залалды өтейдi.
Тармақ 4
4. Егер лизинг нысанасы лизинг алушының дұрыс пайдаланбауы салдарынан оның техникалық сипаттамаларында ескертiлген мерзiмнен бұрын қалыпты жұмыс жағдайынан шығып қалып, лизинг берушiге қайтарып берiлсе, онда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушiге залалды өтеуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Егер лизинг алушы лизинг нысанасын қайтаруға мiндеттi болғанымен, оны қайтармаса не дер кезiнде қайтармаса, лизинг берушiнiң бүкiл кешiктiрiлген кезең үшiн лизинг төлемдерiн төлеудi талап етуге құқығы бар. Егер лизинг төлемдерi лизинг берушiге келтiрiлген залалдың орнын толтырмайтын болса, оның осы залалды өтеудi талап етуге құқығы бар.
📌 Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 24. 24-бап. Лизинг нысанасын талап ету
24-бап. Лизинг нысанасын талап ету
Тармақ 1
1. Лизинг берушiнiң, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасын, шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалатын жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талап етуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Лизинг берушiнiң лизинг нысанасын мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) егер лизинг алушы лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн шектесе;
Тармақша 3
3) егер лизинг алушы белгiленген көлемдегi лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн шартта көзделген мерзiмде қатарынан екi немесе одан көп рет төлемесе даусыз талап етуге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Лизинг нысанасын даусыз талап ету Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес бұйрық iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Сот бұйрығын шығару үшiн лизинг берушi:
Тармақша 1
1) өтiнiш;
Тармақша 2
2) лизинг шартын;
Тармақша 3
3) өтiнiш берерден кемiнде бiр ай бұрын лизинг алушыға жiберiлген лизинг нысанасын ықтимал талап ету туралы жазбаша Ескертудi;
Тармақша 4
4) лизинг алушының лизинг төлемдерiн нақты төлегенiн растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 5
5. Лизинг алушы сот бұйрығының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде лизинг нысанасын талап ету туралы мәлiмделген талапқа бiлдiрген қарсылығын кез келген байланыс құралдарын пайдалана отырып, бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы.
📌 Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Тарау 2-1. 2-1-тарау. Ислам лизингін жүзеге асырудың ерекшеліктері
2-1-тарау. Ислам лизингін жүзеге асырудың ерекшеліктері
📌 Ескерту. Заң 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 24-1. 24-1-бап. Ислам лизингін жүзеге асыруға қойылатын талаптар
24-1-бап. Ислам лизингін жүзеге асыруға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Ислам лизингі бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалар исламдық қаржыландыру қағидаттарын, сондай-ақ осы бапта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары:
Тармақша 1
1) лизинг берушінің темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруына тыйым салу;
Тармақша 2
2) лизинг берушінің ислам лизингіне жататын ақшаны инвестициялаудан түскен пайыздар түрінде сыйақы алуына тыйым салу болып табылады.
Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі сыртқы тәуелсіз сарапшы (бұдан әрі – сыртқы тәуелсіз сарапшылар) лизинг беруші мен лизинг алушының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
Тармақ 3
3. Лизинг алушының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің
Тармақша 1
1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін лизинг нысанасын пайдалануына немесе оны қосалқы лизингке беруіне жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Лизинг нысанасына меншік құқығы лизинг алушыға ислам лизингі шарты бойынша лизинг берушінің алдындағы міндеттемелерді ол орындағаннан кейін жеке келісім негізінде өтеді.
Тармақ 5
5. Лизинг нысанасы лизинг алушыға берілгеннен кейін лизинг алушы лизинг төлемдерін төлеуді жүргізеді.
Тармақ 6
6. Лизинг алушының міндеттемелерді ішінара немесе толық көлемде орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасын лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың шешімі бойынша қайырымдылық көмекке жіберуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Ислам банкі болып табылмайтын лизинг беруші өзге де қызмет бойынша кірістер мен шығыстардан ислам лизингі бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді.
Бап 24-2. 24-2-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
24-2-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
Тармақ 1
1. Ислам лизингі мәмілелерінің сәйкестігін айқындау үшін лизинг беруші міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрады.
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда, лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрмай, ислам лизингі мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптар
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды лизинг берушінің директорлар кеңесі айқындайды.
Тармақ 3
3. Лизинг берушінің ислам лизингін реттейтін ішкі нормативтік құжаттары исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың оң қорытындысы болған кезде лизинг берушінің директорлар кеңесінің бекітуіне жатады.
Тармақ 4
4. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және оның мүшелеріне қойылатын талаптар лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен ережеде айқындалады.
Тармақ 5
5. Сыртқы тәуелсіз сарапшылардың міндеттері, функциялары, өкілеттіктері және оларға қойылатын талаптар лизинг берушінің директорлар кеңесі бекіткен ережеде айқындалады.
📌 Ескерту. 24-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
Бап 24-3. 24-3-бап. Ислам лизингі шарты
24-3-бап. Ислам лизингі шарты
Тармақ 1
1. Ислам лизингі шартында мынадай елеулі талаптар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) шарт нысанасы;
Тармақша 2
2) лизинг нысанасын пайдалану мақсатын және исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес лизинг нысанасын лизинг алушының нысаналы пайдалануын сақтау міндеттемесін көрсету;
Тармақша 3
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға беру шарттары мен мерзімі;
Тармақша 4
4) лизинг төлемдерінің тіркелген мөлшері мен мерзімділігі;
Тармақша 5
5) лизинг нысанасының тіркелген құны;
Тармақша 6
6) лизинг нысанасының берілуіне байланысты лизинг алушы өтеуге жататын лизинг беруші шығыстарының толық тізбесі мен мөлшері;
Тармақша 7
7) шарттың қолданылу мерзімі.
Тармақ 2
2. Ислам лизингі шартында лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне өтуі көзделмейді. Лизинг нысанасына меншік құқығы жеке келісім негізінде лизинг алушыға өтуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Лизинг берушінің меншігінде емес лизинг нысанасына ислам лизингі шарты жасалған жағдайда, ислам лизингі шартында сол уақыт ішінде лизинг берушіге лизинг нысанасын құру немесе оны меншігіне сатып алу құқығы берілетін мерзім көзделеді.
Тармақ 4
4. Лизинг беруші ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келмейтін мүлікті берген жағдайда, лизинг алушының ислам лизингі шартын орындаудан бас тартуға немесе ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келетін мүлікті лизингке беруді талап етуге құқығы бар.
Тармақ 5
5. Ислам лизингі шарты бойынша лизинг төлемдеріне тараптардың өзара келісуі бойынша лизинг берушінің сақтандыруға, күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстары және өзге де шығыстар қосылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды, сондай-ақ ислам лизингі нысанасын монтаждау және жинау кезінде жол берілген жаңсақтықтарға байланысты мерзімінен бұрын қирау жағдайын қоспағанда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы осы Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген мүліктер мен тәуекелдердің сақталуына жауапты болады.
Тармақ 7
7. Лизинг нысанасы жойылған, жоғалған, бүлінген, ұрланған немесе лизинг алушы жауап бермейтін мән-жайларға орай лизинг нысанасы өзінің функцияларын жоғалтқан жағдайда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы міндеттемелерден босатылады және оның ислам лизингі шартын бұзуға құқығы бар.
Бап 24-4. 24-4-бап. Ислам лизингі операцияларын исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келмейді деп тану салдарлары
24-4-бап. Ислам лизингі операцияларын исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келмейді деп тану салдарлары
Тармақ 1
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасалмайды және орындалмайды.
Тармақ 2
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
Тармақ 3
3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар орындалған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле бойынша кіріс қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.
Тарау 2-2. 2-2-тарау. Жеке тұлғаларға арналған лизингті беру
ерекшеліктері
2-2-тарау. Жеке тұлғаларға арналған лизингті беру
ерекшеліктері
📌 Ескерту. Заң 2-2-тараумен толықтырылды – ҚР 24.06.2026 № 324-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 24-5. 24-5-бап. Жеке тұлғаларға арналған лизингті беру
шарттары
24-5-бап. Жеке тұлғаларға арналған лизингті беру
шарттары
Тармақ 1
1. Лизинг шарты бойынша жеке тұлғаларға арналған лизинг нысанасын беру мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
Тармақша 1
1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншігіне беру және (немесе) лизинг алушыға лизинг нысанасын тіркеп-белгіленген бағамен сатып алуға құқық беру лизинг шартында айқындалған;
Тармақша 2
2) лизинг мерзімі сексен төрт айдан аспайды;
Тармақша 3
3) айыппұлдар және (немесе) өсімпұлдар мөлшері мерзімі өткен берешек сомасының он пайызынан аспайды.
Лизинг шарты бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің және осы бапта көзделмеген өзге де төлемдердің мөлшері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Бап 24-6. 24-6-бап. Жеке тұлғаларға арналған лизингті беретін
лизинг берушілерге қойылатын талаптар
24-6-бап. Жеке тұлғаларға арналған лизингті беретін
лизинг берушілерге қойылатын талаптар
Осы Заңның 4-бабының 5-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарының лизингін мынадай талаптарға сәйкес келетін:
Тармақша 1
1) жарғылық және (немесе) меншікті капиталының ең төмен мөлшері кемінде бір жүз миллион теңгені құрайтын;
Тармақша 2
2) басшысының алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы жоқ, ол банкрот деп танылмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басшы лауазымдарды атқару құқығы шектелмеген заңды тұлға ғана бере алады.
Тарау 3. 3-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 25. 25-бап. Лизинг қызметiн жүзеге асыру режимi
25-бап. Лизинг қызметiн жүзеге асыру режимi
Тармақ 1
1. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын лизинг қызметіне, жеке тұлғаларға арналған лизингті берумен байланысты лизинг қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында көзделген инвестициялық қызметтi жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық режимі қолданылады.
Тармақ 2
2. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тауарларды уақытша әкелудің және уақытша әкетудің кедендік рәсімі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
📌 Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10. N 532, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2026 № 324-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 25-1. 25-1-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершiлiк
25-1-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершiлiк
Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
📌 Ескерту. 25-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.
Бап 26. 26-бап. Осы Заңның қолданысқа енуi
26-бап. Осы Заңның қолданысқа енуi
Осы Заң жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.