Об установлении границы (черты) села Мостик Долонского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Долон ауылдық округінің Мостик ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 5, 12 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес алаңдарда Долон ауылдық округінің Мостик ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін және Долон ауылдық округінің Мостик ауылының елді мекенінің шекарасын (шегін) белгілеудің жерге орналастыру жобасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Калиновский В. Я.) жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістерді енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Мостик ауылының елді мекенінің Экспликациясы
Бірлескен Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 142 қаулысы мен Бесқарағай аудандық мәслихатының  2012 жылғы 6 сәуірдегі № 2/8-V шешіміне қосымша Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Мостик ауылының елді мекенінің Экспликациясы № Жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы Жос­пар­да­ғы бар­лық жер­лер, га Өнер­к­ә­сіп­тік және өзге де а/ш ма­ңы­зын­да­ғы емес жер­лер, га Ел­ді ме­кен­ге бе­кі­ті­ле­ді, га а/ш ал­қап­та­ры, бар­лы­ғы га олар­дан: өзге де жер­лер, га егі­стік ты­ңай­ма ша­бын­дық жай­ы­лым бар­лы­ғы Құ­ры­лыс үшін Да­ла­лық жол­дар Ор­ман қо­ры­на кір­мей­тін аға­шты-тал­ды ек­пе­лер, зи­рат 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 № 1 те­лім Мо­стик ауы­лы­ның жер­ле­рі 655,0255 1,0255 654,0 539,0 5,0 - 26,0 508,0 115,0 49,5 3,4 62,1