Об утверждении Правил инвестирования финансовых инструментов и иного имущества, входящего в состав активов инвестиционного фонда, и перечня финансовых инструментов, которые могут входить в состав активов акционерных и паевых инвестиционных фондов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 37-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары;
Тармақша 2
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Инвестициялық қордың активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 258 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3131 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Басқарушы компаниялар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде өз қызметін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына 1-қосымша Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары Осы Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Заңына сәйкес әзірленді және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) баға белгілеу – почта, электронды немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қаржы құралдары бойынша қарсы әріптестерінің баға ұсыныстары;
Тармақша 2
2) басқарушы компания - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген лицензиясы негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
Тармақша 3
3) биржалық ивестициялық пай қоры (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) – пайлары қор биржасында айналыста болатын индекстік инвестициялаудың аралық ивестициялық пай қоры;
Тармақша 4
4) инвестициялық қор – Заңға сәйкес құрылған акционерлік немесе инвестициялық қор;
Тармақша 5
5) қарсы әріптес – Қазақстан Республикасының немесе шетел мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға;
Тармақша 6
6) халықаралық қаржы ұйымы – халықаралық шарты (келісімі) не жарғы негізінде құрылған және қолданыстағы халықаралық мәртебесі бар ұйым;
Тармақша 7
7) Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары – баға белгілеу сол немесе өзге активтер (акциялар, облигациялар, тауар өнімдері) сыныбына не индекстерге байланысты гибридтік сауда құралы;
Тармақша 8
8) principal protected notes (принципл протектед ноутс) – негізгі борыш сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздары.
Тармақ 2
2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды Заңның, осы Қағидалардың, «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген), «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) талаптарына және инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарушы компания брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде не Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялық қор активтерінің есебінен мәмілелер жасаған кезде) заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлғалардың қызметтерін пайдалана отырып, инвестициялық басқаруға қабылданған инвестициялық қорлар активтерінің есебінен мәмілелерді дербес жасайды. Басқарушы компания инвестициялық басқаруға қабылдаған инвестициялық қор активтерінің есебінен бастапқы ұйымдастырылмаған нарықтағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен (оларды орналастырған кезде), сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналысқа жіберілмеген бағалы қағаздармен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерімен мәмілелерді басқарушы компания дербес жасайды.
Тармақ 4
4. Басқарушы компания қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған кезде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) белгіленген талаптарды басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Егер инвестициялық қордың инвестициялық портфелін басқару бойынша шартымен басқарушы компания осы шарттың талаптарын орындалуын үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі көзделсе, онда шарт мыналарды:
Тармақша 1
1) акционерлік инвестициялық қордың не инвестициялық пай қорының ұстаушылары алдындағы міндеттемелері бойынша басқарушы компанияның жауапкершілігін;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларды және осы инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын сақтауымен инвестициялық қордың активтерін басқару шартын көздейді.
Тармақ 6
6. Басқарушы компания инвестициялық басқарудағы ашық және аралық инвестициялық пай қорларының және жылжымайтын мүлік қорларының активтерін Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесіне инвестициялайды. Басқарушы компанияда инвестициялық басқаруындағы акционерлік инвестициялық қорлардың (жылжымайтын мүлік қорларын қоспағанда) және жабық инвестициялық қорларының активтері инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялау объектілерінің тізбесінде инвестицияланады.
Тармақ 7
7. Жылжымайтын мүлік қорларының, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының активтері есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға осы туынды қаржы құралдары Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіре алатын қаржы құралдарының тізбесінде көзделген жағдайда хеджирлеу мақсаты үшін рұқсат етіледі.
Тармақ 8
8. Басқарушы компания инвестициялық қор активтерін инвестициялауды Қағидаларда және инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялау лимиттерін сақтаған кезде жүзеге асырады.
Тармақ 8-1
8-1. Инвестициялық қордың активтерінің есебінен жасалған инвестициялардың жиынтық мөлшері Қағидалардың 8-2-тармағында белгіленген қаржы құралдарын қоспағанда, инвестициялық қордың активтерінің есебінен бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына инвестициялардың жиынтық мөлшері:
Тармақша 1
1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының жиырма пайызынан;
Тармақша 2
2) акционерлік инвестициялық қор және жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының отыз пайызынан;
Тармақша 3
3) ақшаға, орталық контрагенттің қатысуымен жасалған кері репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, Exchange Traded Funds-тың (Эксчейндж Трэйдэд Фандстың) баға құру қор индекстеріне байланысты пайларына қатысты ашық, аралық және жабдық инвестициялық пай қорының және акционерлік инвестициялық қорының активтері құнының бір жүз пайызынан аспайды.
Тармақ 8-2
8-2. Дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке және оның қызметін ұлттық экономиканың бір саласында жүзеге асыратын үлестес тұлғаларына тиесілі болатын бір тұлға шығарған (ұсынған) қаржы құраларына инвестициялық қордың активтерінің есебінен жасалған инвестициялардың жиынтық мөлшері:
Тармақша 1
1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының отыз пайызынан;
Тармақша 2
2) акционерлік инвестициялық қор және жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының елу пайызынан аспайды.
Тармақ 8-3
8-3. Қағидалардың 8-1 және 8-2-тармақтарыда көрсетілген қаржы құралдарына инвестициялық қорлар активтерінің есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлардың активтері құнының бір жүз пайызынан және жылжымайтын мүлік қорының таза активтері құнының жиырма пайызынан аспайды.
Тармақ 8-4
8-4. Қағидалардың 8-1 және 8-2-тармақтарында көрсетілген қаржы құралдарына биржалық пай қорының (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фанд) активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық қордың инвестициялық декларациясымен белгіленеді.
Тармақ 9
9. Басқарушы компания инвестициялық қор (тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларды қоспағанда) активтерін басқару процесінде мыналарды болжайтын инвестициялық шешімдерді қабылдамайды:
Тармақша 1
1) эмитентте дефолт болған (эмитенттің бағалы қағаздарын және басқа міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда) не қор биржасының осы қаржы құралдарымен сауда-саттықты тоқтау күнінен бастап акционерлік инвестициялық қордың, сондай-ақ ашық және инвестициялық аралық пай қорының активтері есебінен қаржы құралдарын сатып алу;
Тармақша 2
2) ұйымдастырылмаған нарықта талаптарында мәміле мәні болып табылатын қаржы құралдарын қайта сатып алу не қайта сату міндеттемесі көзделген қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;
Тармақша 3
3) ашық және инвестициялық аралық пай қорларының активтерімен жай серіктестіктерде қатысу;
Тармақша 4
4) инвестициялық шешім қабылдау күнінде теріс меншікті капиталы бар шаруашылық серіктестіктерде қатысу үлесін сатып алу;
Тармақша 5
5) активтерінің елу пайызынан астамы сот талқылауының мәні болып табылатын заңды тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын сатып алу.
Тармақ 10
10. Инвестициялық қордың активтері есебінен мәмілелер мынадай талаптарды орындау кезінде халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында жасалады:
Тармақша 1
1) акцияларды (акциялар олардың базалық активі болып табылатын депозитарлық сенімхаттарды) сатып алу бойынша мәміле Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралы айналысында болған халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәміле жасау күнінде болған осы қаржы құралы бойынша бағасының барынша көп мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;
Тармақша 2
2) акцияларды (акциялар олардың базалық активі болып табылатын депозитарлық сенімхаттарды) сату бойынша мәміле Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысында болған халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәміле жасау күнінде болған осы қаржы құралы бойынша бағасының ең аз мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;
Тармақша 3
3) борыштық бағалы қағаздар бойынша, principal protected notes қоспағанда, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінен сатып алуға және (немесе) сатуға баға белгілеулердің талдамасы бар не осындай баға белгілеулер болмаған жағдайда әртүрлі үш қарсы әріптестің кем дегенде үш баға белгілеуі болады. Қарсы әріптестің осы қаржы құралы бойынша баға ұсыныстары болмаған жағдайда қарсы әріптестің баға белгілеулерінің жоқтығы немесе қаржы құралына баға белгілеуден бас тартуы туралы хабарламасы мәміле жасау туралы есепке (құжатқа) енгізіледі.
Тармақ 11
11. Инвестициялық қордың активтері есебінен рrincipal protected notes сатып алу кезінде есеп айырысулар «жеткізілім төлемге қарсы» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтері есебінен мүлікті сатып алуды сатып алынатын мүлікке қатысты инвестициялық қордың меншік құқығын белгілейтін құжаттарды ресімдеу жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Инвестициялық қор активтері құрылымының осы Қағидаларда және (немесе) инвестициялық декларацияда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне әкеп соқтырған, басқарушы компанияның іс-қимылына байланысты емес жағдайлар туындаған кезде басқарушы компания осындай сәйкессіздікке байланысты инвестициялық қызметін тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс-шаралардың атауын, оларды орындауға жауапты басқарушы компанияның басшы қызметкерлерін және орындау мерзімін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса беріп, осындай сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда басқарушы компания оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шараларды орындаудың мерзімі аяқталған соң бес жұмыс күнінен кешіктірмей іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді. Іс-шаралар жоспарына қатысты уәкілетті органның ескертулерін алған кезде басқарушы компания уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хат алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.
Басқа 1. Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына 2-қосымша Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Басқарушы компания инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке ашық не аралық инвестициялық пай қорының активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар: № Қар­жы құ­ра­лы­ның ата­уы 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (оның ішін­де шет мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес эмис­си­я­лан­ған), сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ке­піл­ді­гі­мен шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар 2. Қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған және (неме­се) «Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғын­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын қор бир­жа­сын­да жа­рия са­уда­ға са­лу­ға рұқ­сат еті­л­ген об­ли­га­ци­я­лар 3. «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы және оның ен­ші­лес ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 4. Мы­на та­лап­тар­дың бі­ріне сәй­кес кел­ген­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рін­де­гі са­лым­дар: Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі «В-» тө­мен емес неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша «kzBВ-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар банк­тер; банк­тер бей­ре­зи­дент бас бан­кі Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі «А-» тө­мен емес неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар бей­ре­зи­дент ен­ші­лес банк­тер, бей­ре­зи­дент бас банк бо­лып та­бы­ла­ды 5. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның неме­се шет мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар: Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «В-» тө­мен емес рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша «kzBВ-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры және (неме­се) қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «ак­ци­я­лар» сек­тор­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры және (неме­се) «Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғын­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын қор бир­жа­сын­да жа­рия са­уда­ға са­лу­ға рұқ­сат еті­л­ген эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры; Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша рей­тин­гі «В-» тө­мен емес неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша «kzBВ-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар неме­се қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­тор­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар және (неме­се) ше­тел ва­лю­та­сын­да но­ми­нир­лен­ген және «Аста­на» Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғын­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын қор бир­жа­сын­да жа­рия са­уда­ға са­лу­ға рұқ­сат еті­л­ген бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар; қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның ин­фра­құ­ры­лым­дық об­ли­га­ци­я­ла­ры және (неме­се) «Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғын­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын қор бир­жа­сын­да жа­рия са­уда­ға са­лу­ға рұқ­сат еті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның ин­фра­құ­ры­лым­дық об­ли­га­ци­я­ла­ры; бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес құ­ры­л­ған заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын ара­лық ин­ве­сти­ци­я­лық пай қор­ла­ры­ның (бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы ак­тив­те­рі есе­бі­нен осы пай­лар са­тып алы­на­тын ин­ве­сти­ци­я­лық пай қор­ла­ры­ның бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы бо­лып та­бы­ла­тын ин­ве­сти­ци­я­лық пай қор­ла­рын қо­с­па­ған­да), қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген және (неме­се) «Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғын­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын қор бир­жа­сын­да жа­рия са­уда­ға са­лу­ға рұқ­сат еті­л­ген пай­ла­ры; осы эми­тент­тің бұ­рын шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры­на не өзге мін­дет­те­ме­ле­ріне ай­ыр­ба­стау мақ­са­тын­да эми­тент мін­дет­те­ме­ле­рін қай­та құ­ры­лым­дау шең­бе­рін­де шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар; 6. Mornіngstar (Морн­ин­стар) рей­тинг­тік агент­ті­гі­нің «3 жұл­ды­здан» тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Фандс), Exchange Traded Commodіtіes (ETC) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Ком­мо­ди­тис), Exchange Traded Notes (ETN) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Но­утс) пай­ла­ры 7. Ба­за­лық ак­ти­ві осы тар­мақ­тың 5, 12, 13-жол­да­рын­да көр­се­ті­л­ген ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын не ба­за­лық ак­ти­ві Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша рей­тин­гі­сі «В-» тө­мен емес неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар эми­тент­тер­дің ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар 8. Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «ВВВ» тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар 9. Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «ВВВ» тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ше­тел ва­лю­та­сы 10. Лон­дон қым­бат ме­тал­дар на­ры­ғы­ның қа­уым­да­стығы (London bullіon market assocіatіon) (Лон­дон бил­ли­он мар­кет асо­ци­эйшн) қа­был­да­ған ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дар­ты­на сәй­кес ке­ле­тін және осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да Лон­дон­дық са­па­лы жет­кі­зі­лім (London good delіvery) («Лон­дон гуд де­ли­ве­ри») стан­дар­ты ре­т­ін­де бел­гі­лен­ген та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар мен он екі ай­дан ас­пай­тын мер­зі­мі бар ме­талл де­по­зит­те­рі, оның ішін­де Standard & Ро­оr's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «А-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент банк­те­рін­де­гі ме­талл де­по­зит­тер 11. Мы­на­дай ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар: Азия да­му бан­кі; Аф­ри­ка да­му бан­кі; Ха­лы­қа­ра­лық есеп ай­ы­ры­су бан­кі; Еура­зи­я­лық да­му бан­кі; Еуро­па ин­ве­сти­ци­я­лық бан­кі; Еуро­па Қай­та құ­ру және да­му бан­кі; Ис­лам да­му бан­кі; Аме­ри­ка­ара­лық да­му бан­кі; Ха­лы­қа­ра­лық Қай­та құ­ру және да­му бан­кі; Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы кор­по­ра­ци­я­сы 12. Ше­тел ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар: Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «ВВ-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін қор бир­жа­сы­мен та­ны­ла­тын ше­тел ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар; Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «ВВ-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар ше­тел ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған ак­ци­я­лар және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін қор бир­жа­сы­мен та­ны­ла­тын ше­тел ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген ак­ци­я­лар 13. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі «Ба­ға­лы қа­ға­з­дар ры­но­гы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы 22-1-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес та­ни­тын ше­тел ұй­ы­мы шы­ғар­ған, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін қор бир­жа­сы­мен та­ны­ла­тын ше­тел ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар 14. Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «А-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар ұй­ым­дар шы­ғар­ған Prіncіpal protected notes (Прин­ципл про­тек­тед но­утс), ол мы­на та­лап­тар­дың бі­ріне сәй­кес ке­ле­ді: ай­на­лыс мер­зі­мі бес жыл­дан ас­пай­ды; prіncіpal protected notes (прин­ципл про­тек­тед но­утс) шы­ға­ры­лым та­лап­та­ры­мен қан­дай да бір мем­ле­кет­тің, эми­тент­тің өз мін­дет­те­ме­ле­рі бой­ын­ша де­фолт жағ­дайы көз­дел­ме­ген 15. Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «А-» тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар бей­ре­зи­дент банк­тер­де­гі са­лым­да­ры 16. Ба­за­лық ак­ти­ві ашық және ара­лық ин­ве­сти­ци­я­лық пай қор­ла­ры ак­тив­те­рі­нің құ­ра­мы­на кі­ре­тін қар­жы құ­рал­да­ры, ше­тел ва­лю­та­сы, сон­дай-ақ мы­на­дай есеп­ті көр­сет­кіш­тер (ин­дек­с­тер) бо­лып та­бы­ла­тын, хеджир­леу мақ­са­тын­да жа­сал­ған туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры (фью­черстер, оп­ци­он­дар, своптар, фор­вард­тар): AІX (Astana Іnternatіonal Exchange) (Аста­на Ин­тер­нейш­нл Экс­чейндж); САС 40 (Compagnіe des Agents de Change 40 Іndex) (Ком­па­ни дэ Эжон дэ Шанж 40 Ин­декс); DAX (Deutscher Aktіenіndex) (Дойт­че Ак­ци­е­нин­декс) DJІA (Dow Jones Іndustrіal Average) (Доу Джонс Ин­даст­ри­ал Эве­редж); EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Prіce Іndex) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Ин­декс) FTSE 100 (Fіnancіal Tіmes Stock Exchange 100 Іndex) (Фай­нэн­шл Таймс Сток Экс­чейндж 100 Ин­декс); HSІ (Hang Seng Іndex) (Ханг Сенг Ин­декс) KASE (Kazakhstan Stock Exchange Іndex) (Ка­зах­стан Сток Экс­чейндж Ин­декс) MSCІ World Іndex (Morgan Stanley Capіtal Іnternatіonal World Іndex) (Мор­ган Стэн­ли Кэпи­тал Ин­тер­неш­нл Ворлд Ин­декс); MOEX Russіa (Moscow Exchange Russіa Іndex) (Москоу Экс­чейндж Ра­ша Ин­декс) NІKKEІ 225 (Nіkkeі-225 Stock Average Іndex ) (Ник­кэй-225 Сток Эве­редж Ин­декс) RTSІ (Russіan Trade System Іndex) (Ра­шен Трейд Си­стем Ин­декс) S&P 500 (Standard and Poor's 500 Іndex) (Стан­дард энд Пурс 500 Ин­декс) TOPІX 100 (Tokyo Stock Prіce 100 Іndex) (То­кио Сток Прайс 100 Ин­декс) NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Іndex) (На­сдак-100 Ин­декс) 17. Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стікке қа­ты­су үле­сі 18. Ак­тив­те­рі­нің құ­ры­лы­мы негіз­гі қор ин­дек­с­те­рі­нің бі­рі­нің құ­ры­лы­мын қай­та­лай­тын Exchange Traded Funds (ETF) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Фандс) пай­ла­ры неме­се негіз­гі қор ин­дек­с­те­ріне бай­ла­ны­сты­ры­л­ған пай­ла­ры бой­ын­ша ба­ға құ­ру
Тармақ 2
2. Басқарушы компания инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі, жылжымайтын мүлік әрбір жеке қорының инвестициялық басқарудағы активтері және оларға қойылатын талаптар: № Қар­жы құ­ра­лы­ның ата­уы 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (оның ішін­де бас­қа мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сы­на сәй­кес эмис­си­я­лан­ған), сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ке­піл­ді­гі­мен шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар 2. Қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған об­ли­га­ци­я­лар 3. «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 4. Мы­на та­лап­тар­дың бі­ріне сәй­кес кел­ген­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рін­де­гі са­лым­дар: Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі «В-» тө­мен емес неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша «kzBВ-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар банк­тер; банк­тер бей­ре­зи­дент бас бан­кі Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі «А-» тө­мен емес неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар бей­ре­зи­дент ен­ші­лес банк­тер бо­лып та­бы­ла­ды 5. Мәмі­ле жа­сау кү­ніне олар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін қор бир­жа­сы ин­дек­сі­нің өкіл­дік ті­зі­мін­де болған жағ­дай­да­ғы ак­ци­я­лар 6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның неме­се шет мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «ВВ-» тө­мен емес рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша «kzА» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 7. Ше­тел ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «АА-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 8. Ше­тел ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «АА-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар ак­ци­я­лар 9. Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «ВВВ» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар мы­на­дай ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры: Азия да­му бан­кі; Аме­ри­ка­ара­лық да­му бан­кі; Аф­ри­ка да­му бан­кі; Еуро­па Да­му бан­кі; Еуро­па ин­ве­сти­ци­я­лық бан­кі; Еуро­па Қай­та құ­ру және да­му бан­кі; Ис­лам да­му бан­кі; Ха­лы­қа­ра­лық есеп ай­ы­ры­су бан­кі; Ха­лы­қа­ра­лық Қай­та құ­ру және да­му бан­кі; Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы кор­по­ра­ци­я­сы 10. Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «ВВВ» тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тинг неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар 11. Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «ВВВ» тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ше­тел ва­лю­та­сы 12. Лон­дон қым­бат ме­тал­дар на­ры­ғы­ның қа­уым­да­стығы (London bullіon market assocіatіon) (Лон­дон бил­ли­он мар­кет асо­ци­эйшн) қа­был­да­ған ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дар­ты­на сәй­кес ке­ле­тін және осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да Лон­дон­дық са­па­лы жет­кі­зі­лім (London good delіvery) («Лон­дон гуд де­ли­ве­ри») стан­дар­ты ре­т­ін­де бел­гі­лен­ген та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар мен он екі ай­дан ас­пай­тын мер­зі­мі бар ме­талл де­по­зит­те­рі, оның ішін­де Standard & Ро­оr's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша «А-» тө­мен емес рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі­лік ба­ға­сы бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент банк­те­рін­де­гі ме­талл де­по­зит­тер 13. Хеджир­леу мақ­са­тын­да жа­сал­ған туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры осы Тіз­бе­ге сәй­кес ба­за­лық ак­ти­ві жы­л­жы­май­тын мү­лік қо­ры ак­тив­те­рі­нің есе­бі­нен са­тып алу­ға рұқ­сат еті­л­ген қар­жы құ­рал­да­ры бо­лып та­бы­ла­ды 14. Жы­л­жы­май­тын мү­лік қо­ры­на кі­ре­тін мү­лік­ке қыз­мет көр­се­ту­ді жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұл­ға­ға қа­ты­су үле­сі
Тармақ 3
3. Басқарушы компания инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке биржалық инвестициялық пай қорының (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар: № Қар­жы құ­ра­лы­ның ата­уы 1. Ин­декс KASE (Kazakhstan Stock Exchange) (Қа­зақ­стан Сток Экс­чейндж) 2. Ин­декс KZGB (Kazakhstan Government Bonds) (Қа­зақ­стан Га­ве­мент Бондс) 3. Ин­декс KASE_BM (Kazakhstan Stock Exchange Bond Market) (Қа­зақ­стан Сток Экс­чейндж Бонд Мар­кет) 4. Ин­декс TONIA (Tenge OverNight Index Average) (Тең­ге Овер­Найт Ин­декс Эве­редж) 5. Ха­лы­қа­ра­лық қор бир­жа­ла­ры­ның ин­дек­с­те­рі: САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Ком­па­ни дэ Эжон дэ Шанж 40 Ин­дек­сі); DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойт­че Ак­ци­е­нин­декс); DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Ин­даст­ри­ал Эве­редж); EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Ин­дек­сі); FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Фай­нэн­шл Таймс Сток Экс­чейндж 100 Ин­дек­сі); HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Ин­дек­сі); MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Мор­ган Стэн­ли Кэпи­тал Ин­тер­неш­нл Ворлд Ин­дек­сі); MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Экс­чейндж Ра­ша Ин­дек­сі); NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Ник­кэй-225 Сток Эве­редж Ин­дек­сі); RTSI (Russian Trade System Index) (Ра­шен Трейд Си­стем Ин­дек­сі); S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стан­дард энд Пурс 500 Ин­дек­сі); TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (То­кио Сток Прайс 100 Ин­дек­сі); NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (На­сдак-100 Ин­дек­сі)