О мерах по улучшению противопожарной защиты объектов хозяйствования области Қолданыста
Басқа 0
Облыстың шаруашылық объектілеріндегі өрттен қорғау шараларын жақсарту туралы
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Републикасныың 1996 жыл 22 қарашадағы Заңын және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жыл 22 мамырдағы № 616 қаулысын орындау, меншіктік нысанына қарамастан барлық объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өртті сөндіру, төтенше жағдайларды және олардан келетін зардаптарды болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдері өртке қарсы қызметі міндетті түрде құрылатын ұйымдардың тиісті тізімін бекітсін. Жеке құрамның штаттық және өрт сөндіру техникасының саны Мемлекеттік өртке қарсы қызметімен келісілсін.
Тармақ 2
2. Облыс Әкімінің 1997 жылдың 15 қазанындагы № 199 шешімінің күші жойылсын.
З. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. СУПРУНҒА жүктелсін.