О переименовании улиц в селе Айнабулак Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Айнабұлақ ауылындағы көшелердің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)тармақшасына сәйкес Айнабұлақ ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере келе, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Айнабұлақ ауылындағы Кеңес көшесінің атауы Чайзаданов Сейтқали атындағы көшеге өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Мектеп көшесінің атауы Бариева Фатима атындағы көшеге өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бас маман Ж. Сағымжановаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.