О звании "Почетный Гражданин Восточно-Казахстанской области" Күшін жойған
Басқа 0
"Шығыс Қазақстан облысының Құрметтi Азаматы" атағы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының IX сессиясының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 9/116-III шешімімен.
Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. "Шығыс Қазақстан облысының Құрметтi Азаматы" атағы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. "Шығыс Қазақстан облысының Құрметтi Азаматы" атағы туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджетте, құрметтi атақты ұйымдастыру-техникалық шараларды қамтамасыз етуге байланысты шығындарды ескерсiн.
Басқа 4. "Шығыс Қазақстан облысының Құрметтi Азаматы" атағы туралы
ШҚ облыстық мәслихатының
2000 жылдың 27 маусымдағы
№ 4/6-II шешiмiне қосымшасы
"Шығыс Қазақстан облысының Құрметтi Азаматы" атағы туралы
ЕРЕЖЕ
"Шығыс Қазақстан облысының Құрметтi Азаматы" атағын тағайындау, қоғамға еңбегi сiңген дарындығы, iскерлiгi және белсендiлiгi, көп жылғы қызметiн қоғам алдында танылғандығын бiлдiретiн, моральдық стимулдардың бiрi болып табылады. Ол азаматтардың еңбектегi және қоғамдық екпiндiлiгiн көтеруге, олардың облыстық экономикалық және әлеуметтiк дамудағы қызметiн, қабiлеттiлiгiн арттыруға, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм негiзiнде және ұлтаралық достықты күшейтуге бағытталған.
Бөлім 1. 1 бөлiм.
1 бөлiм.
Негiзгi ережелер
Тармақ 1
1. "Шығыс Қазақстан облысының Құрметтi Азаматы" атағын облыстық Мәслихат тағайындайды.
Тармақ 2
2. Бұл атақ экономиканы, әлеуметтiк сфераны, ғылым және мәдениеттi, денсаулықты қорғауды және бiлiмдi дамытудағы, мемлекеттiк қоғамдық және қайырымдылық жасау қызметiндегi облыстық әлеуметтiк-экономикалық дамуына және ұлтаралық достықты күшейтуге үлкен үлесi үшiн тағайындалады. Атақ облыстың аумағында тұрмайтын адамдарға да тағайындалуы мүмкiн облыс Әкiмiнiң шешiмiмен.
Тармақ 3
3. Құрметтi атаққа ие болған адамға, куәлiк, кеудеге тағылатын белгiсi берiлiп, оның есiмi облыстың өлкетану мұражайында сақталатын облыстың Құрметтi Азаматтары Кiтабына енгiзiледi.
Тармақ 4
4. Куәлiктi, кеуде белгiсiн, құрметтi азаматтар кiтабын жобалау және жасап шығару облыс әкiмiнiң қасындағы марапаттау комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысының Құрметтi Азаматы есiмiн мәңгiлiк ескерткiш ретiнде, көпшiлiктiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес қала, кент не ауыл көшелерiне берiлуi мүмкiн.
Бөлім 2. 2 бөлiм.
2 бөлiм.
"Шығыс Қазақстан облысының Құрметтi Азаматы" атағын беруге ұсыныс жасау тәртiбi
Тармақ 1
1. Атақты тағайындау үшiн белгiленген кандидатуралар қала және аудан Әкiмдерiнiң сол жердегi қала, аудан мәслихаттарымен бiрiгiп қаралып, облыс Әкiмiнiң қасындағы марапаттау комиссиясына ұсыныс жасау арқылы iске асырылады.
Тармақ 2
2. Ұсынылған кандидатураға өндiрiстiк, шығармашылық, қайырымдылық сферасында сiңiрген еңбегi, атқарылған жұмыстың сапасы және қажеттiлiгi туралы, құрмет белгiсiмен марапатталуы жайында деректер толық енген мiнездеме жазылады.
Тармақ 3
3. Атақты тағайындау туралы қала және аудан әкiмi мен мәслихаттың шешiмi, 3х4 және 6х9 көлемiндегi екi фотосурет облыс әкiмiнiң қасындағы марапаттау комиссиясына алдын-ала қаралуы үшiн ұсынылады.
Тармақ 4
4. Марапаттау комиссиясының жасаған қорытындысын ескере отырып облыс Әкiмi атақты тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 5
5. Осы атақты беру үшiн, бiр жыл iшiнде үш адамға ұсыну шектеуi туралы кандидатураларға квота белгiленсiн.
Бөлім 3. 3 бөлiм.
3 бөлiм.
Куәлiктi, кеуде белгiсiн тапсыру тәртiбi
Тармақ 1
1. Куәлiк және кеуде белгiсiн облыс әкiмi, облыстық Мәслихатының хатшысы салтанатты түрде және жария негiзiнде тапсырады.