Об утверждении Правил признания организациями, осуществляющими брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, индивидуальных и институциональных инвесторов квалифицированными инвесторами Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдары осы қаулының қолданылуы енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2012 жы­л­ғы 24 ақ­пан­да­ғы № 78 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 1
1. Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 2
2) тізілім - білікті инвесторлары деп танылған заңды және (немесе) жеке тұлғалар туралы мәліметтер жиынтығы;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
Тармақ 2
2. Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі - тұлға) осы Қағидалармен ұсынылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда білікті инвестор деп танылады.
Тармақ 3
3. Білікті инвестор деп танылуға ниеті бар тұлға білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаға мына құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) мыналардан тұратын өтініш: өтініш беруші туралы мәліметтер: жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері; заңды мекен жайы және тұрғылықты жері; заңды тұлға үшін: толық және қысқартылған атауы; заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні; орналасқан жері;
Тармақша 2
2) жеке тұлға үшін: жоғары экономикалық, математикалық немесе заңгерлік білімінің болуын растайтын құжаттар; қаржы ұйымында кемінде үш жыл жұмыс стажы болуын растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) заңды тұлға үшін - жоғары экономикалық, математикалық немесе заңгерлік білімі, сондай-ақ қаржы ұйымында кемінде үш жыл жұмыс стажы бар штатта кемінде екі қызметкерінің болуын растайтын құжаттар;
Тармақша 4
4) білікті инвестор деп тану туралы өтінішті берген күннің алдындағы бір күнтізбелік жыл ішінде бағалы қағаздармен және (немесе) өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің саны бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында кемінде елу мәмілені құрағаны туралы растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) тұлғаның білікті инвестор деп танылуға ниеті бар тұлғаға қатысты қызмет көрсетудің тізбесін және бағалы қағаздар және (немесе) өзге қаржы құралдар түрлерінің тізбесін көрсете отырып құжаттар;
Тармақша 6
6) өтініш беруші білікті инвесторларға арналған бағалы қағаздарға және (немесе) өзге қаржы құралдарға қатысты Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңнамасында белгіленген шектеулер, сондай-ақ осындай бағалы қағаздармен және (немесе) өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы хабардар болғанына көрсететін құжаттар;
Тармақша 7
7) Қағидалардың 12-тармағында белгіленген жағдайларда жасалған білікті инвесторлар қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарына жүзеге асыру бөлігінде қызмет көрсету бойынша шарт.
Тармақ 4
4. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өтініш беруші ұсынған құжаттардың сәйкес келуі тұлғаны білікті инвестор деп тану үшін қажетті белгіленген талаптардың сақталу мәніне тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімде Қағидалармен қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тұлғаны білікті инвестор деп танудан бас тартады. Тұлғаны білікті инвестор деп танудан бас тартқан жағдайда білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде бас тартудың негіздемелері туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
Тармақ 6
6. Тұлғаны білікті инвестор деп тану туралы шешім осы тұлға бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдардың қандай түрлеріне және (немесе) қызмет көрсетудің қандай түрлеріне қатысты білікті инвестор деп танылатыны көрсетілуі тиіс.
Тармақ 7
7. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қабылданған шешім туралы тұлғаға хабарлайды.
Тармақ 8
8. Тұлғаны білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға тізілімге қосу туралы жазбаны енгізген күнінен бастап ол білікті инвестор деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға білікті инвестор деп танылған заңды тұлғадан сәйкес келуі тұлғаны білікті инвестор деп тануы үшін қажетті талаптардың қадағалануын растауды және көрсетілген талаптардың тексерілуін жүзеге асыруды талап етуге міндетті. Тексеру тоқсанына бір рет жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Білікті инвестор деп танылған тұлға, оны білікті инвестор ретінде таныған тұлғаға білікті инвестор мәртебесінен жалпы немесе бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдардың және (немесе) білікті инвестор ретінде танылған көрсетілетін қызметтің белгілі бір түрлерінен бас тартуға өтініш береді (бұдан әрі - бас тарту туралы өтініш). Бас тарту туралы өтінішті білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қанағаттандырады. Тізілімге тиісті өзгерістер бас тарту туралы өтінішті алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал егер бас тарту туралы өтінішті берген білікті инвестор есебінен жасалған мәмілелер көрсетілген өтінішті алғанға дейін орындалмаса, соңғы жасалған мәміле орындалған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей енгізіледі.
Тармақ 11
11. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға тізілімді жүргізуді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін бағдарламалық қамтамасыз етуде электрондық түрде жүзеге асырады. Тұлғаны білікті инвестор деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тұлғаны тізілімге қосу жүзеге асырылады. Тізілімде білікті инвестор туралы мынадай ақпарат қамтылады: тұлға туралы жазбаны тізілімге енгізу күні; осы тұлға білікті инвестор болып танылғанға қатысты қызмет түрлері және (немесе) бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрлері; тұлғаны тізілімнен алып тастау күні; тұлғаны тізілімнен алып тастау себебі; жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса); жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері; заңды мекенжайы және тұрғылықты жері; заңды тұлға үшін: толық және қысқартылған атауы; заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі мен күні; орналасқан жері. Тізілімге өзгерістер енгізу білікті инвестордың өтініші, оның ішінде білікті инвестор мәртебесінен бас тарту туралы өтініш бойынша жүзеге асырылады. Тізілімнен заңды тұлғаны алып тастауға байланысты өзгерістер енгізу, сондай-ақ егер заңды тұлға белгіленген талаптардың сақталуын растамаған жағдайда жүзеге асырылады. Білікті инвестордың сұрау салуы бойынша білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға білікті инвесторға осы тұлға туралы ақпараттан тұратын тізілімнен үзінді көшірмені ұсынады. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша білікті инвесторлар туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынады. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға уәкілетті органның талабы бойынша сұрау салуда айқындалған мерзімде электронды нысанда және (немесе) қағаз тасымалдауышта тізілімді ұсынады.
Тармақ 12
12. Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген шарт білікті инвестор деп тану туралы өтінішті берген күннің алдындағы бір күнтізбелік жыл ішінде меншікті қаражат есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен жасалу тиіс.
Басқа 2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Әкімшілік деректер нысаны http://finreg.kz интернет-ресурсына орналастырылады. Білікті инвесторлар туралы мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексі: F1-QI Кезеңділігі: тоқсан сайын Есепті кезең: 20 __ жылғы «_____» ____________ жағдай бойынша Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға Әкімшілік деректерді ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірілмеуі керек. Нысан 20 __ «____» _____________ жағдай бойынша ____________________________ ____________________________ (білікті инвесторлар деп тануды жүзеге асыратын тұлғаның толық атауы) 1. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер 1.1 Ұйымның толық атауы 1.2 Ұйымның қысқартылған атауы 1.3 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 1.4 Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың болуы туралы мәліметтер 1.5 Лицензияның нөмірі 1.6 Лицензия берілген күн 2. Білікті инвесторлардың тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн 2.1 Білікті инвесторлардың тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн 2.2 Есепті кезеңде тізілімге енгізілген жеке тұлғалардың саны 2.3 Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған жеке тұлғалардың саны 2.4 Тізілімде тұрған жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің саны 2.5 Есепті кезеңде тізілімге енгізілген заңды тұлғалардың саны 2.6 Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған заңды тұлғалардың саны 2.7 Тізілімде тұрған заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің саны 3. Жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты білікті инвесторлар деп танылған қызмет түрлері туралы мәліметтер 3.1 Қызмет түрі 3.2 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны 3.3 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны 4 Жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты білікті инвесторлар деп танылған бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрлері туралы мәліметтер 4.1 Бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрі 4.2 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны 4.3 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны 5. Есепті кезеңде білікті инвесторлардың қаражаты есебінен қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің көлемі туралы мәліметтер (мың теңгемен) 5.1 Жеке тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі 5.2 Заңды тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі Ұйымның атауы ____________ Ұйымның мекенжайы ____________ Телефоны ________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________ Орындаушы _________________________________________ _________ __________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам __________________________________________ _________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген
Басқа 3. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Білікті инвесторлар туралы мәліметтердің нысанына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Білікті инвесторлар туралы мәліметтер» (F1-QI, тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Білікті инвесторлар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 3-тармағына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді. Нысанда қолданылатын терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген мағынада қолданылады.
Тармақ 3
3. Білікті инвесторларды тануды жүзеге асыратын тұлға Нысанды есепті кезеңің соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес) жүз теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес) жүз теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5 және 1.6-жолдарда білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаны сәйкестендіретін мәліметтердің негізіндегі деректер көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6 және 2.7-жолдарда білікті инвесторлар тізілімінен алынған ақпарат негізіндегі деректер көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 3.1, 3.2 және 3.3-жолдарда білікті инвесторлар тізілімінен алынған ақпарат негізіндегі деректер көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 4.1, 4.2 және 4.3-жолдарда эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы және иеленушілері, номиналды ұстауды есепке алу жүйесі туралы ақпараттың негізіндегі деректер көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 5.1 және 5.2-жолдарда есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті жылдағы деректер көрсетіледі.