Об утверждении Правил по процедуре согласования с Правительством Республики Казахстан региональных инвестиционных программ, финансируемых за счет заимствования местных исполнительных органов Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу рәсімі жөніндегі ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.11.2002 N 1219 қаулысымен.
Жергілiктi атқарушы органдар қарыз алу жолымен тартатын қаражатты экономиканың басым секторларына ұтымды және тиiмдi инвестициялауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Yкiметiмен келiсу рәсiмi жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды экономикалық бағалауды жүргiзуге өкiлеттi орган болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. Жергіліктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсу рәсiмi жөнiндегi ереже
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2000 жылғы
17 шілдедегі N 1082 қаулысымен
бекітiлген
Жергіліктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсу рәсiмi жөнiндегi ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсу рәсімі жөнiндегi осы ереже (бұдан әрi - Ереже), жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламалардың (бұдан әрi - АИБ) нысаны мен мазмұнына және АИБ-ты келiсу үшін қажеттi басқа да материалдарға қойылатын талаптардың және оларды келiсудiң тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. АИБ-ты Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсудiң мақсаты АИБ-ты экономикалық бағалаудың нәтижесiнде жергіліктi атқарушы органдар қарыз алу жолымен тартатын қаражатты экономиканың басым секторларына ұтымды және тиiмдi инвестициялауды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 3
3. Ереже АИБ-қа экономикалық бағалау жүргiзуге өкiлеттi органның (бұдан әрi - өкiлеттi орган), АИБ әзiрлеу және iске асыруды жүзеге асырушы басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергіліктi атқарушы органдардың қолдануы үшiн мiндеттi.
Тармақ 4
4. Осы Ереже "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына және "Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу және борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.
Тармақ 5
5. Осы Ереже республикалық бюджеттен жергiлікті атқарушы органдарды несиелендiру жолымен қаржыландырылатын жобаларға қатысты, оларды тек АИБ-та ескеру бөлiгiнде қолданылады. Мұндай жобалар бойынша рәсiмдер Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына байланысты заңнамамен реттеледi.
Тарау 2. 2. АИБ-ты келiсу тәртiбi
2. АИБ-ты келiсу тәртiбi
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Парламентiне алдағы қаржы жылына Республикалық бюджет туралы заңның жобасын ұсынғаннан кейiн өкiлеттi органға аталған Заңның жобасындағы, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық лимитi шеңберінде, жергілiктi атқарушы органдардың қарыз алуы лимитiнiң бастапқы мөлшерлерiн ұсынады. Бұл ретте әрбiр жергілiктi атқарушы орган бойынша Республикалық бюджет туралы заңның жобасында көзделген инвестициялық бағдарламаларды республикалық бюджеттен несиелендiрудiң мөлшерi көрсетiлуге тиiстi. Осы көрсеткiштер нақтыланады және аталған заң бекiтiлгеннен кейiн қайтадан жiберiледi.
Тармақ 7
7. Өкiлеттi орган осы ақпараттың негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдарға АИБ жобаларын беруге сұрау салады.
Тармақ 8
8. Жергiлiктi атқарушы орган осы Ереженiң 3-тарауының талаптарына сәйкес өкiлеттi органға АИБ жобасын жөне АИБ-ты келiсу үшiн қажет басқа да материалдарды бередi.
Тармақ 9
9. Өкiлеттi орган берiлген материалдардың негiзiнде олар берiлген кезден бастап 10 күн мерзiмде жергiлiктi атқарушы органның АИБ-ты қаржыландыру үшiн қарыз алуының көлемi, шарттары, сызбасы және мерзiмдерi туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ақпарат жiбередi.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өкiлеттi органның ақпараты берiлген кезден бастап 15 күн мерзiмде тиiстi жергілiктi бюджеттiң бекiтiлген, жоспарланатын және болжамды өлшемдерiн ескерiп АИБ-ты қаржыландыру үшiн жергiлiктi атқарушы органның қарыз алуының көлемдерiн және шарттарын бағалауды жүзеге асырады және өкiлетті органға тиiстi қорытынды бередi.
Тармақ 11
11. Өкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган берген материалдардың негiзiнде, олар түскен кезден бастап 30 күн мерзiмде АИБ жобасын экономикалық бағалауды жүзеге асырады, экономикалық қорытынды әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қорытындысымен бiрге жергiлiктi атқарушы органға жiбередi.
Тармақ 12
12. Өкiлеттi орган экономикалық бағалауға басқа да орталық атқарушы органдарды тартуға құқылы.
Тармақ 13
13. Өкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган АИБ-ты жергiлiктi бюджетте көрсетеді және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметiне қаулының тиiстi жобасын енгiзедi.
Тарау 3. 3. АИБ-қа және АИБ-ты келiсу үшін қажетті басқа да материалдарға қойылатын талаптар
3. АИБ-қа және АИБ-ты келiсу үшін қажетті басқа да материалдарға қойылатын талаптар
Тармақ 14
14. АИБ жергiлiктi атқарушы орган қарыз алу жолымен тартатын қаражат есебiнен iшiнара немесе толық қаржыландыруын жүзеге асыру жоспарланған инвестициялық жобаларды iске асыру бағдарламасы болып табылады. АИБ қарызға алынған қаражатты игерудiң әр жылында Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiлiп отыруға тиiстi. АИБ-қа өзгерiстер енгiзiлуi осы ережемен белгіленген рәсiмдердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметiмен келiсудi қажет етедi.
Тармақ 15
15. АИБ жобалардың талдау бөлiгiнен және тiзбесiнен тұруға тиiстi. Шағын және орта бизнестiң жобалары және шаруа мен фермер шаруашылықтарын дамытудың жобалары АИБ құрамында бiртұтас кешендi жобалар (бағдарламалар) ретінде бiрiктiрiлген түрiнде берiлуге тиiсті.
Тармақ 16
16. АИБ-тың талдау бөлiгi аймақтағы жалпы экономикалық жағдайды талдаудан, өткен жылдардағы АИБ-тың iске асырылуын талдаудан, АИБ-тың, соның iшiнде қарызға алынған қаражаттар есебiнен қаржыландыру көлемiнен, аймақтық инвестициялық саясат басымдықтарынан, олардың аймақтық даму стратегиялары мен бағдарламаларының өзара байланысынан және АИБ жобаларының құрамына кiретiн жобалардың оларға сәйкестігiнен тұруға тиiсті.
Тармақ 17
17. АИБ жобаларының тiзбесi 1-қосымшаға сәйкес нысанда берілуге және әрбiр жоба бойынша мынадай ақпараттан тұруға тиiстi:
Тармақша 1
1) жобаның атауы;
Тармақша 2
2) жобаны iске асыру кезеңі;
Тармақша 3
3) қаржыландыру көздерi (республикалық бюджеттен несиелендiру, кредиторы көрсетiле отырып, кредитормен займ туралы шарт (келiсiм) жасау жолымен тартылған қаражат есебiнен қаржыландыру, бағалы қағаздар шығару жолымен тартылған қаражат есебiнен қаржыландыру, жобаны жергiлiкті бюджеттiң өз көздерiнен және заң актiлерiмен көзделген қаржыландырудың өзге де көздерiнен қаржыландыру);
Тармақша 4
4) жобаның жалпы құны;
Тармақша 5
5) жылдар бойынша бөле отырып қаржыландыру көздерi бойынша жобаны қаржыландыру көлемi (қаражатты игерудiң жылдық көлемi бойынша);
Тармақша 6
6) жоба бойынша қуаттардың заттай көрсеткiштерiмен алынған көлемдерi және оларды пайдалануға қосудың жылдық көлемдерi.
Тармақ 18
18. АИБ жобаларының тiзбесiнде құндық көрсеткiштер қаржыландыру валютасымен және теңгемен көрсетіледi. Бұл ретте шетел валюталарын теңгемен есептеу үшiн қабылданған айырбас бағамы көрсетілуге тиiстi.
Тармақ 19
19. АИБ жобалары тiзбесiнiң соңында АИБ жобаларын және соның ішінде қарызға алынған қаражат есебiнен қаржыландырудың қорытынды сомасы теңгемен көрсетiледi.
Тармақ 20
20. АИБ жобаларының құрамына енгізiлген әрбiр жобаға мынадай материалдар қоса берiлуге тиiстi:
Тармақша 1
1) анықтама парағы;
Тармақша 2
2) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрi - ТЭН). Бұл ТЭН-ге қойылатын талаптар Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлiмделетiн жобалар жөнiндегi ТЭН-ге қойылатын талаптарға ұқсас;
Тармақша 3
3) тиiстi салалық жергiлiктi атқарушы органның салалық сараптамасы қорытындысының көшірмесi;
Тармақша 4
4) сол аймақта қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк басқарудың функциясын жүзеге асырушы жергiлiктi атқарушы органның экологиялық сараптама қорытындысының көшiрмесi (заңнамада көзделген жағдайларда);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi Мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасы (Мемсараптама) аумақтық бөлiмшесi қорытындысының көшiрмесi (заңнамамен көзделген жағдайларда);
Тармақша 6
6) түпкi заемшылар ретiнде Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң және Қазақстан Республикасы рыногындағы үстем жағдайдағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнің жергіліктi бөлiмдерiне енгiзiлген шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң қатысуы iске асырылуында көзделетiн жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық бөлiмшесi қорытындысының көшiрмесi.
Тармақ 21
21. АИБ жобаларына енгiзiлген жоба бойынша анықтама парағы мынадай ақпараттан тұруға тиiстi:
Тармақша 1
1) жобаның атауы;
Тармақша 2
2) жобаның мақсаты мен мәнi;
Тармақша 3
3) жобаның аймақтық инвестициялық саясат басымдықтарына және аймақтық даму стратегиялары мен бағдарламаларының басымдықтарына сәйкестiгi;
Тармақша 4
4) жобаның теңгемен алғандағы құны;
Тармақша 5
5) жобаның iске асырылу кезеңi;
Тармақша 6
6) жобаның орналасқан жерi;
Тармақша 7
7) қаржыландыру көздерi (республикалық бюджеттен несиелендiру, кредиторы көрсетiле отырып, кредитормен займ туралы шарт (келiсiм) жасау жолымен тартылған қаражат есебiнен қаржыландыру, бағалы қағаздар шығару жолымен тартылған қаражат есебiнен қаржыландыру, жобаны жергілiкті бюджеттің өз көздерiнен және қаржыландырудың өзге де көздерiнен қаржыландыру);
Тармақша 8
8) қарыз алудың қаржылық шарттары (өтеу мерзiмi, жеңiлдік кезеңi, пайыздық ставкасы, комиссиялық төлемдер және тағы басқалары);
Тармақша 9
9) жобаны iске асырудың барлық жылдары бойынша бөле отырып қаржыландыру көздерi бойынша жобаны қаржыландыру көлемi (қаражатты игерудiң жылдық көлемi бойынша) қаржыландыру валютасымен;
Тармақша 10
10) жоба бойынша қуаттардың заттай көрсеткіштерiмен алынған көлемдерi және оларды пайдалануға енгiзудiң жылдық көлемдерi;
Тармақша 11
11) жобаның еңбек ресурстарын қажет етуi және оның халықты еңбекпен қамтуға әсерi;
Тармақша 12
12) жобаны iске асыру үшін институциональдық (ұйымдастыру)
мүмкiндiктерi.
Тарау 4. 4. Экономикалық бағалау барысында тексеруге жататын негізгi мәселелер және өкiлетті органның қорытындысының құрамы
4. Экономикалық бағалау барысында тексеруге жататын негізгi мәселелер және өкiлетті органның қорытындысының құрамы
Тармақ 22
22. Экономикалық бағалау жүргiзу барысында АИБ жобалары бойынша берiлген материалдардың мазмұнына талдау жасалады және оларды АИБ-қа енгiзудiң орындылығы, бағалаудың мынадай түрлерiн орындау негiзiнде талданады:
Тармақша 1
1) жобалардың инвестициялық басымдықтарға сәйкестiгiн бағалау;
Тармақша 2
2) жобаны институциональдық (ұйымдастырушылық) бағалау;
Тармақша 3
3) тиiстi сарапшы органдар орындаған сараптамалардың жобаның мазмұнына сәйкестігі;
Тармақша 4
4) жобаны әлеуметтiк бағалау;
Тармақша 5
5) жобаны қаржылық бағалау;
Тармақша 6
6) жобаны экономикалық бағалау (iске асырылуының экономикалық орындылығы);
Тармақша 7
7) жобаның жоспарланған мерзiмде аяқталмауының, жобаның мақсаттарына қол жетпеуiнiң, заем қаражатының қайтарылмауының қатерiн бағалау.
Тармақ 23
23. Өкiлеттi органның қорытындысына мынадай бөлiмдер кiредi:
Тармақша 1
1) АИБ жобаларының қысқаша сипаттамасы (жобалар саны, жобалардың салалық бағдарлануы, қаржыландырудың жалпы көлемi, АИБ-ты iске асырудың қорытындысы бойынша күтiліп отырған нәтижелердің жалпы баяндалуы);
Тармақша 2
2) берiлген және жоқ құжаттардың құрамы туралы қорытынды;
Тармақша 3
3) осы Ереженiң 22-тармағында аталған, АИБ-ты бағалаудың нәтижелерiнiң жалпы баяндалуы;
Тармақша 4
4) қорытындылар және ұсыныстар.
Тарау 5. 5. АИБ-тың iске асырылуын бақылау
5. АИБ-тың iске асырылуын бақылау
Тармақ 24
24. Жергілiктi атқарушы орган АИБ-ты iске асыру барысында, есепті айдан кейiнгi айдың 25-шi күнiне дейiнгі мерзiмде, өкiлеттi органға АИБ-ты iске асыру барысы туралы тоқсан сайын есеп бередi.
Тармақ 25
25. АИБ-тың iске асырылуы туралы есеп мынадай ақпараттан тұруға тиісті:
Тармақша 1
1) қаржыландыру көздерi бойынша бөле отырып тұтастай және әрбiр жоба бойынша жекелей АИБ жобаларын нақты қаржыландыру көлемi (теңгемен және қаржыландыру валютасымен). Бұл ретте шетел валюталарын теңгемен қайта есептеу үшін қабылданған айырбас бағамы көрсетiлуге тиiстi (бүкiл жылға тұтас қабылданады). Деректер есептi кезеңге және жыл басынан өсу жиынтығымен берiледi;
Тармақша 2
2) АИБ жобалары бойынша қуаттарды пайдалануға қосу туралы мәлiметтер. Деректер есептi кезеңге және жыл басынан өсу жиынтығымен берiледi;
Тармақша 3
3) АИБ жобаларын iске асыру нәтижесiнде жұмыс орындарын құру
туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) АИБ жобаларын iске асыру барысында туындаған проблемалар және оларды жою үшiн қолданылған, қабылданған шаралар туралы мәлiметтер.
Басқа 74. Жергілікті атқарушы органның қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарлама жобаларының тізбесі
Қосымша
Жергілікті атқарушы органның қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарлама жобаларының тізбесі
(облыс/қала атауы) ______________________________
----------------------------------------------------------------------
N ! Жобаның атауы ! Іске асыру ! Қаржыландыру ! Өлшем !
! ! кезеңі ! көздері/Жоба !бірліктері!---------
! ! (жылдар) ! бойынша қуаттар ! ! Барлығы
----------------------------------------------------------------------
1 ... ...-... Барлығы теңге .../...
... */теңге .../...
... */теңге .../...
(қаржыландыру
көздерінің атауы)
----------------------------------------------------------------------
... ... ...
... ... ...
(жоба бойынша (заттай
қуаттардың атауы) көрсеткіштер)
----------------------------------------------------------------------
2 ... ...-... Барлығы теңге .../...
... */теңге .../...
... */теңге .../...
----------------------------------------------------------------------
... ... ...
----------------------------------------------------------------------
... ... ... ... ... ...
----------------------------------------------------------------------
Барлық қаржыландыру теңге ...
----------------------------------------------------------------------
Соның ішінде қарызға алынған қаражат есебінен теңге ...
----------------------------------------------------------------------
Шетел валюталарын теңгемен есептеудің бағамы:
...
...
__________________
*-қаржыландыру валютасы
таблицаның жалғасы
----------------------------------------------------------------------
Қаржыландыру көлемі/ Жоба бойынша қуаттарды пайдалануға беру
----------------------------------------------------------------------
Жоспарланатын ! Жоспарланатын ! Болжам
жылға дейін ! жылға (жоспар)!---------------------------------------
(факт) ! ! Жоспарланатыннан ! Жоспарла-! Кейінгі
! ! кейінгі 1-і жылға! натыннан ! жылдарға
! ! ! кейінгі !
! ! !2-і жылға !
--------------!---------------!------------------!----------!---------
.../... .../... .../... .../... .../...
.../... .../... .../... .../... .../...
... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
.../... .../... .../... .../... .../...
.../... .../... .../... .../... .../...
.../... .../... .../... .../... .../...
... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
... ... ... ... ...