Об изменении границы населенного пункта Атбулак сельского округа Каракозы Абдалиева Казыгуртского района Қолданыста
Басқа 0
Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі Атбұлақ елді мекенінің
шекарасына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің пікірін ескере отырып, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі, Атбұлақ елді мекенінің аумағына ауданның арнайы жер қорынан жалпы көлемі 4,15 гектар жер қосылып, шекарасына өзгеріс енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.