Об утверждении Правил субсидирования ставки вознаграждения по кредитам, выдаваемым на поддержку сельского хозяйства Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 488 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген және қарыз алушылардың кредиттер (лизинг) бойынша сыйақыны төлеуге жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуге 2012 жылға арналған 039 "Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен субсидиялар беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақша 2
2) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар;
Тармақша 3
3) қарыз алушы – меншік нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын жеке, заңды тұлға;
Тармақша 4
4) кредит (лизинг) – қаржы институты қарыз алушыға кредиттік келісім негізінде ұсынатын ақша сомасы (лизинг нысанасы);
Тармақша 5
5) кредиттік келісім – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз (қаржы лизингі) шарты;
Тармақша 6
6) сыйақы ставкасы – қаржы институты мен қарыз алушы арасындағы кредиттік келісімде кредитті (лизингті) пайдаланғаны үшін белгіленген сыйақы мөлшері.
Тармақ 2. 2. Субсидиялар берілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін (қайта өңдейтін) кіші салалар және шығындардың түрлері
2. Субсидиялар берілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін (қайта өңдейтін) кіші салалар және шығындардың түрлері
Тармақ 3
3. Қаржылық қолдау көрсету мақсатында субсидиялар республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай басым бағыттар бойынша беріледі:
Тармақша 1
1) "А" тобы: жемістерді, жидектерді, көкөністерді қайта өңдеумен және жеміс-көкөніс консервілерін өндірумен; құс етін, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағын өндірумен; балықты және балық өнімдерін қайта өңдеумен; сүтті қайта өңдеумен және сүт өнімдерін өндірумен; майлы дақылдарды қайта өңдеумен және май-тоң май өнімдерін өндірумен; етті қайта өңдеумен және ет өнімдерін өндірумен; ақ қант өндірумен; жүгеріні қайта өңдеумен айналысатын қарыз алушылар;
Тармақша 2
2) "Б" тобы: былғары шикізаты мен жүнді қайта өңдеумен; жармаларды өндірумен айналысатын қарыз алушылар.
Тармақ 4
4. Субсидиялар:
Тармақша 1
1) мыналарға: бастапқы және өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін ауыл шаруашылығы шикізатын, дайын өнім өндіруге қажетті қосалқы шикізат пен материалдар сатып алуға; жанар-жағар май материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, машиналарын, сорғы станцияларын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен материалдарды, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау заттарын, жем-шөп, ветеринариялық препараттарды және маусымдық жұмыстарды жүргізуге арналған басқа материалдық ресурстарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы малдарының төлдерін сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда); ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техниканы, ауыл шаруашылығы өнімін тоңазытып өңдеуді және сақтауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы қайта өңдеу және (немесе) қабылдау пункттерін сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда); дайын өнім өндіру үшін қажетті технологиялық жабдықты, автоматты және күш беретін машиналарды (автоматты ағынды желілер, электрлі қозғалтқыштар, бу машиналары және т.б.) сатып алуға алынған кредиттер бойынша;
Тармақша 2
2) мыналарға: ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы өнімін тоңазытып өңдеуді және сақтауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы қайта өңдеу және (немесе) қабылдау пункттерін жарақтандыруға қажетті ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда); дайын өнім өндіру үшін қажетті технологиялық жабдықты, автоматты және күш беретін машиналарды (автоматты ағынды желілер, электрлі қозғалтқыштар, бу машиналары және т.б.) сатып алуға алынған лизинг бойынша;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген кредиттерді (лизингті) қайта қаржыландыруға алынған кредиттер (лизинг) бойынша "А" және "Б" топтарының қарыз алушылары шығындардың бір бөлігін өтеуге байланысты шығыстық міндеттемелерді орындаған кезде беріледі.
Тармақ 3. 3. Субсидияларды беру шарттары
3. Субсидияларды беру шарттары
Тармақ 5
5. Қаржы институттары меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен берген кредиттер (лизинг) субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақы ставкасы қаржы институттарын айқындау жүргізілген күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасынан асуы, бірақ жылдық 14%-дан (он төрт пайыздан) артық болмауы тиіс. Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттер (лизинг) сомасы ұлттық валютада бір қарыз алушыға 3 000 000 000 (үш миллиард) теңгеден аспауға тиіс. Шетелдік валютадағы кредиттер (лизинг) сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит беретін күнгі қолданыстағы ресми бағамына сәйкес ұлттық валютада жоғарыда көрсетілген сомаға барабар болуға тиіс. Субсидиялауға жататын кредиттік лимит сомасы 2012 жылдың ішінде мерзімінен бұрын немесе уақтылы өтелген кредиттерге (лизингке) де қолданылады.
Тармақ 6
6. Субсидиялау мерзімі 12 (он екі) айды құрайды. Бұл ретте қолданыстағы кредит (лизинг) бойынша субсидиялау бойынша есеп беру мерзімі өткен жылғы субсидияларды игеру аяқталған сәттен немесе 2012 жылғы 1 қаңтардан басталады. Қаржы институты шетелдік валютада берген кредит (лизинг) бойынша субсидиялар қаржы институттарын айқындау жүргізілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданыстағы бағамы бойынша есептеледі.
Тармақ 7
7. Республикалық бюджеттен субсидиялар мынадай мөлшерлерде беріледі:
Тармақша 1
1) "А" тобының қарыз алушылары алған кредиттер (лизинг) бойынша қаржы институттарын айқындау жүргізілген күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасының 100 пайызы мөлшерінде;
Тармақша 2
2) "Б" тобының қарыз алушылары алған кредиттер (лизинг) бойынша қаржы институттарын айқындау жүргізілген күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасының 60 пайызы мөлшерінде.
Тармақ 8
8. Басқа бюджеттік бағдарламалар шеңберінде субсидиялар алатын қарыз алушылардың кредиттері (лизингі), сондай-ақ арнайы аккредитивтік қызмет көрсету бойынша кредиттер субсидиялауға жатпайды.
Тармақ 4. 4. Қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу жөніндегі комиссияның құрылуы
4. Қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу жөніндегі комиссияның құрылуы
Тармақ 9
9. Қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі құрамында комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссияның мүшелері мен хатшысы бар қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу жөнінде комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады. Комиссияның құрамы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшілерінің өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді, бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 10
10. Комиссияның отырысы 2012 жылғы мамыр айының төртінші бейсенбісінде өтеді. 2012 жылы көзделген субсидиялар толығымен бөлінбеген және (немесе) өткізілген алдыңғы айқындаудың қорытындылары бойынша қаражат үнемделген жағдайда, комиссияның қайталама отырысы 2012 жылғы тамыз және қазан айларының бірінші сейсенбісінде өтеді.
Тармақ 5. 5. Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру тәртібі
5. Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру тәртібі
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) қаржы институттарын айқындау (осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайда қосымша айқындау жүргізіледі);
Тармақша 2
2) 2012 жылға арналған субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін қаржы институттарының өтінім беруі;
Тармақша 3
3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институттары арасында субсидиялау шартын жасасу.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген топтар бойынша қарыз алушыларға республикалық бюджеттен берілетін субсидиялардың көлемі мынадай формула бойынша айқындалады: W1 = 0,8W1а + 0,2W1б, мұнда: W1 – бюджеттен бөлінетін қаражаттың көлемі, теңге; W1а – А тобының қарыз алушыларына берілетін қаражаттың көлемі, теңге; W1б – Б тобының қарыз алушыларына берілетін қаражаттың көлемі, теңге.
Тармақ 13
13. Комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген мөлшерлерге сәйкес, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес айқындалған топ ішіндегі кезектілік тәртібімен қарыз алушыларға субсидиялар бөледі. Қаржы институттары ұсынған өтінімдерге сәйкес бір топ ішінде субсидияларға деген барлық қажеттілік қанағаттандырылған және онда бөлінбеген қаражат қалдығы түзілген жағдайда комиссия аталған қаражат қалдығын басқа топтың қарыз алушыларына бөледі. Егер бірінші айқындау қорытындылары бойынша бөлінбеген қаражаттың қалдығы түзілсе, онда комиссия осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген топтар бойынша субсидиялар көлемін мынадай формула бойынша айқындайды: Wо = 0,8Wоа + 0,2Wоб, мұнда: Wо – бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, теңге; Wоа – А тобының қарыз алушыларына берілетін қаражат көлемі, теңге; Wоб – Б тобының қарыз алушыларына берілетін қаражат көлемі, теңге. Егер қалған қаражат осы немесе басқа топтағы субсидияларға деген қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса, онда комиссия қалған қаражатты бір топ ішінде тең үлестермен кредит (лизинг) бойынша сыйақы сомасына тікелей пропорционалды түрдес дербес бөледі.
Тармақ 6. 6. Субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін қаржы институттарын айқындау
6. Субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін қаржы институттарын айқындау
Тармақ 14
14. Айқындауға қатысуға ниет білдірген қаржы институттары бюджеттік бағдарлама әкімшісіне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны (қаржы институтын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 2
2) банктік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (лизингтік компаниялардан басқа);
Тармақ 15
15. Қаржы институттары осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттарды мөрленген конвертте ұсынады, онда:
Тармақша 1
1) қаржы институтының толық атауы және мекенжайы;
Тармақша 2
2) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мекенжайы: 010000, Астана қ., Кенесары көшесі, 36, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, 1402 кабинет;
Тармақша 3
3) мынадай: "039 "Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу" бағдарламасы бойынша қаржы институттарын айқындау"; "Қаржы институттарын айқындау жүргізілгенге дейін ашылмасын" деген сөздер көрсетіледі. Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – қаржы институттарын айқындау жүргізілетін күні 12 сағат 00 минутқа дейін.
Тармақ 16
16. Комиссия хатшысы айқындауға қатысуға арналған қаржы институттарының құжаттарын нөмірленуге, тігілуге және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мөрімен бекітілуге тиіс арнайы журналда тіркейді. Комиссия осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде қаржы институттарын айқындауды жүзеге асырады және айқындау жүргізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде айқындаудан өткен қаржы институттарының тізбесін қалыптастырады. Қаржы институты айқындаудан өткендігі туралы комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда 2012 жыл ішінде қосымша айқындау талап етілмейді.
Тармақ 7. 7. Қаржы институттарының 2012 жылға арналған субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінім беруі
7. Қаржы институттарының 2012 жылға арналған субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінім беруі
Тармақ 17
17. Қаржы институттары қаржы институттарын айқындауға қатысуға арналған құжаттарды тапсырумен бір уақытта осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді. Өтінімге қаржы институтының басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына сенімхаты бар тұлға қол қоюға тиіс және ол қаржы институтының мөрімен бекітіледі. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жеке өтінімдер қабылданбайды. Комиссия хатшысы қаржы институттарының өтінімдерін нөмірленуге, тігілуге және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мөрімен бекітілуге тиіс арнайы журналда жеке тіркейді.
Тармақ 18
18. Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) кредитті (лизингі) өтеу және олар бойынша пайыздарды төлеу кестесі қоса берілген қаржы институты мен қарыз алушының арасында жасалған кредиттік келісімнің және (немесе) алдын ала кредиттік келісімінің қаржы институты куәландырған көшірмесі;
Тармақша 2
2) қаржы институты куәландырған кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын қарыз алушының тиісті құжаттарының (шарттар, келісімшарттар, актілер) көшірмелері;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің жеке меншік өндіріс көлемі туралы қарыз алушының анықтамасы;
Тармақша 4
4) кредит (лизинг) алғаны туралы қарыз алушының несие шотынан алынған үзіндінің қаржы институты куәландырған көшірмесі немесе қарыз, лизинг затын алғанын растайтын құжат;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 6
6) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы жобасының қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 7
7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қарыз алушының әрбір кредиті (лизингі) бойынша сыйақы есебі;
Тармақша 8
8) қарыз алушының салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының көшірмесі. Анықтаманы беру күні айқындау жүргізілген күннің алдындағы үш айдан артық болмауы, оған салық органының мөрімен бірге, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылуы тиіс;
Тармақша 9
9) осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарыз алушылармен кредиттік келісімдер жасасу және қарыз алушыларға кредит беру туралы қаржы институтының жазбаша міндеттемесі;
Тармақша 10
10) егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда, басқа тұлғаға қол қою құқығына сенімхаттың немесе бұйрықтың көшірмесі.
Тармақ 19
19. Қаржы институттары осы Қағидаларда қойылған талаптарға сәйкестігі және үш айдан артық есепте тұрған салық, басқа міндетті төлемдер, әлеуметтік аударымдар бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы негізінде қарыз алушыларды дербес анықтайды.
Тармақ 20
20. Қарыз алушының қысқаша сипаттамасына, жобаның қысқаша сипаттамасына, қарыз алушының анықтамасына қарыз алушының бірінші басшысының қолы қойылады және оның мөрімен куәландырылады. Мәліметтерді қарыз алушыға қызмет көрсететін қаржы институты (немесе оның филиалы) растайды (лауазымды тұлғаның қолы және қаржы институтының мөрі). Қарыз алушының қысқаша сипаттамасының, жобаның қысқаша сипаттамасының, сыйақы есебінің қарыз алушы анықтамасының ксерокс көшірмелері немесе сканерленген көшірмелері ұсынылған жағдайда, олар қаржы институтының түпнұсқа мөрімен және соған уәкілеттік берілген тұлғаның қолымен куәландырылады.
Тармақ 21
21. Өтінім мен барлық қоса берілетін құжаттар бір пакетке тігілуі, беттері нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің артқы жағына жіптің ұшына "__ парақ тігілді және нөмірленді. Күні 201_ жылғы "___" ______" деген сөздер жазылған қағаз жапсырылып, лауазымды тұлғаның қолы қойылуы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген, жеке құжаттардың болуына рұқсат етілмейді, мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және қаржы институтына қайтарады. Қаржы институты бірден артық өтінім берген жағдайда барлық өтінімдер ретімен нөмірленуге жатады.
Тармақ 22
22. Қаржы институты бір уақытта бірнеше өтінім ұсынған жағдайда, қаржы институты бір уақытта басқа өтінімдерге көрсетілген құжаттардың тиісті өтінімге салынғандығы туралы қаржы институтының құжатын қоса бере отырып, өтінімдердің біріне осы Қағидалардың 18-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
Тармақ 23
23. Осы Қағидалардың ережелеріне түсініктеме алу қажет болған жағдайда қаржы институты бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қаржы институттарын айқындауға қатысу үшін қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша сұраумен жүгінеді.
Тармақ 8. 8. Комиссияның қаржы институттарының субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерін қарау тәртібі
8. Комиссияның қаржы институттарының субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерін қарау тәртібі
Тармақ 24
24. Қаржы институттарына айқындау жүргізу жөніндегі комиссия отырысымен бір уақытта қаржы институттарының өтінімдері салынған конверттерді ашу рәсімі өтеді, содан соң конверттерді ашқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес барлық ұсынылған құжаттарды көрсете отырып, өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.
Тармақ 25
25. Комиссия конверттерді ашу хаттамасына қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушыларды (кредиттік келісімдерді) субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту және оларға субсидиялау сомасын бөлу туралы комиссияның отырысын өткізеді. Қарыз алушыға және (немесе) қарыз алушылардың кредиттік келісімдері бойынша субсидияларды беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
Тармақ 1
1. осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбау;
Тармақ 2
2. салық органы анықтама берген күні қарыз алушыда мерзімі өткен салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің (3 айдан аса) болуы;
Тармақ 3
3. осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
Тармақ 4
4. осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7),  9) және 10) тармақшаларында көзделген құжаттарда қарыз алушының, қаржы институтының мөрінің және (немесе) қолының болмауы.
Тармақ 26
26. Комиссияда қаржы институты ұсынған құжаттарды қарастыру барысында сұрақтар туындаған жағдайда, комиссия түсіндірме алу үшін тиісті қаржы институттарына және (немесе) мамандандырылған ұйымдарға сұраныс жіберуге құқылы, олар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауап беруге тиіс.
Тармақ 27
27. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде қарыз алушыларды (кредиттік келісімдерді) субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту және оларға субсидиялар сомасын бөлу туралы хаттама жасалады, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды. Хаттамада қаржы институтының атауы, қарыз алушылардың тізбесі, субсидиялар көлемі, сондай-ақ бас тарту себептерін көрсете отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін қарыз алушының атауы көрсетіледі. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша нәтижелер комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысқан барлық қаржы институттарына жазбаша нысандағы хабарламамен хабарланады.
Тармақ 28
28. Комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаржы институттары өздеріне ұсынылған алдын ала кредиттік келісімдерге сәйкес қарыз алушыларға кредиттер береді.
Тармақ 29
29. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына айқындау жүргізудің қорытындылары туралы ақпаратты орналастырады.
Тармақ 9. 9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институттары арасында субсидиялау шартын жасасу
9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институттары арасында субсидиялау шартын жасасу
Тармақ 30
30. Қаржы институттары қарыз алушыларға кредиттер бергеннен кейін, сондай-ақ комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттаманың негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институты арасында қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін және өзге де шарттарды көздейтін субсидиялау шарты жасалады.
Тармақ 31
31. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне кейіннен қаржы институтының есепшотына аудару үшін қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидиялауға арналған шартқа сәйкес қаржы институтына субсидияларды аванстық төлем арқылы аударуды жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаражатты республикалық бюджеттен қаржы институтының есепшотына аударуға қаржы институты берген өтінімді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексереді және оларды қарағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредит (лизинг) бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ведомость пен төлем шоттарын қалыптастырады.
Тармақ 32
32. Қаржы институтына субсидиялар төлеу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.
Тармақ 33
33. Субсидия алған қарыз алушылар 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаржы институтына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат береді. Қаржы институты 2012 жылғы 15 желтоқсанға дейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне барлық қарыз алушылар бойынша жиынтық ақпарат береді.
Тармақ 34
34. Қарыз алушы кредит (лизинг) сыйақы ставкасын өтеу бөлігінде кредиттік келісім бойынша міндеттемелерін 20 (жиырма) күнтізбелік күннен артық орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қарыз алушы міндеттемелерді бұзған кезеңге субсидиялар берілмейді және келесі айға (тоқсанға) арналған субсидиялар есебіне пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте келесі тоқсандағы субсидияларды аударуға өтінім берген кезде субсидиялардың мөлшері алдыңғы тоқсанда төленген, пайдаланылмаған субсидиялар сомасына азайтылады.
Тармақ 35
35. Қаржы институты кредиттік келісім бойынша қаржыландыру шарттарын өзгерткен, сондай-ақ қаржы институты сыйақы ставкасын азаю жағына қарай өзгерткен жағдайды қоспағанда, субсидиялауға арналған шартқа екіжақты қол қойылғаннан кейін кредиттік келісімді қайта құрылымдау жүргізілген жағдайда, осы кредиттік келісімдер бойынша субсидиялар жаңа кестелер бекітілген және (немесе) кредиттік келісімге қосымша келісімдер жасалған сәттен бастап берілмейді.
Басқа 83. ӨТІНІМ
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша ӨТІНІМ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы "___" ____ № ____ қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын қарап, _____________ _____________________________________________________________________ (қаржы институтының толық атауы) cубсидияларды алуға 039 "Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу" бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді. Осы өтінім қарыз алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтерді қамтиды Р/с № Заң­ды тұл­ға­ның, кә­сі­по­рын­ның то­лық ата­уы Ме­кен-жайы Негіз­гі қыз­мет тү­рі Кре­дит­тің мақ­са­ты Кре­дит со­ма­сы, млн.тең­ге Кре­дит­тің қол­да­ны­лу мер­зі­мі, ай Бірінші басшы __________________ (Т.А.Ә) (қолы) М.О. (Күні)
Басқа 84. Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы*
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы*
Тармақ 1
1. Толық атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны _______________________
Тармақ 2
2. Меншік нысаны ______________________________________________
Тармақ 3
3. Заңды, іс жүзіндегі және электрондық мекенжайлары, телефондары, факсы _____________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (ЖСН), куәлікті берген орган (нөмірі, күні мен берілген орны) ______________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары _____ _____________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Негізгі қызмет түрі (ӘҚЖЖ бойынша), кәсіпорынның қуаты _____ _____________________________________________________________________
Тармақ 7
7. Пайдаланылатын жабдықтардың негізгі түрлері және олардың өнімділігі (ауысымында тонна, литр, дана) ___________________________ _____________________________________________________________________
Тармақ 8
8. 039 "Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша субсидиялар алуға қаржы институттары берген кредиттер "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде және басқа сыйақы ставкасын субсидиялау бағдарламаларына қатыспаған. Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________ (Т.А.Ә.) (лауазымы)                   (қолы) М.О. (күні) ________________________________________________ туралы мәліметтер ** (кәсіпорынның атауы) растаймын:__________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі) (қолы) Ескертпе: * Әрбір қарыз алушы бойынша жеке толтырылады. ** Мәліметтер қаржы институты немесе қарыз алушыға қызмет көрсетілетін оның филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Басқа 93. Қарыз алушы жобасының қысқаша сипаттамасы*
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Қарыз алушы жобасының қысқаша сипаттамасы*
Тармақ 1
1. Қарыз алушының атауы _____________________________________________
Тармақ 2
2. Кредиттің сомасы, теңге/АҚШ долл./евро ___________________________
Тармақ 3
3. Кредит (лизинг) беру мерзімі, айы ________________________________
Тармақ 4
4. Сыйақы ставкасы, % _______________________________________________
Тармақ 5
5. Жобаның мақсаты __________________________________________________ _____________________________________________________________________ Р/с № Са­тып алы­на­тын ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ши­кі­за­ты­ның, жаб­дық­та­ры­ның және т.б. ата­уы Ба­ға­сы Са­ны Со­ма­сы Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________ (Т.А.Ә.) (лауазымы)             (қолы) М.О. (күні) ________________________________________________ туралы мәліметтер ** (кәсіпорынның атауы) растаймын:__________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі) (қолы) Ескертпе: * Қарыз алушының әрбір кредиті бойынша жеке толтырылады ** Мәліметтер қаржы институты немесе оның қарыз алушыға қызмет көрсететін филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Басқа 99. Қаржы институты субсидиялауға берген кредит бойынша сыйақы есептемесі _______ жылғы __________ № _______ (кредиттік келісімінің нөмірі және күні)
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша Қаржы институты субсидиялауға берген кредит бойынша сыйақы есептемесі _______ жылғы __________ № _______ (кредиттік келісімінің нөмірі және күні) Айы Кре­дит­тің со­ма­сы/2012 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай­да кре­дит (ли­зинг) бой­ын­ша несие бе­ре­ше­гі­нің қал­ды­ғы, тең­ге/АҚШ долл./ев­ро Кре­дит (ли­зинг) бой­ын­ша сый­а­қы став­ка­сы­ның мөл­ше­рі % Негіз­гі бо­ры­шты өтеу со­ма­сы, тең­ге/АҚШ долл./ев­ро Сый­а­қы­ны өтеу со­ма­сы, тең­ге/ АҚШ долл./ев­ро Бі­рін­ші Екін­ші Үшін­ші Төр­тін­ші Бе­сін­ші Ал­тын­шы Же­тін­ші Се­гі­зін­ші То­ғы­зын­шы Онын­шы Он бі­рін­ші Он екін­ші Жиы­ны: Қаржы институты филиалының бірінші басшысы _________________________________(қолы, Т.А.Ә.) Күні М.О. Кәсіпорынның бірінші басшысы ____________________(қолы, Т.А.Ә.) Күні М.О.
Басқа 100. Қаржы институты қарыз алушыларға беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтінім
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша Қаржы институты қарыз алушыларға беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтінім Осымен ________________________________________ қаржы институты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 20___ жылғы "___" ______________ №____ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен 039 "Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу" бағдарламасы бойынша ашылған қаржы институтының № _______ шотына __________________ кезеңіне ___________ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды. Қаржы институтының басшысы __________________________(қолы, Т.А.Ә.) М.О.
Басқа 101. 20__ жылғы __-тоқсандағы кредиттер бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде есептеу мен өтеу туралы есеп және 20__ жылғы __-тоқсандағы субсидиялар аударуға арналған өтінім
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларына 6-қосымша 20__ жылғы __-тоқсандағы кредиттер бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде есептеу мен өтеу туралы есеп және 20__ жылғы __-тоқсандағы субсидиялар аударуға арналған өтінім Р/с № Қарыз алушы­ның ата­уы Бар­лық көз­дел­ген суб­си­ди­я­лар, тең­ге Есеп­ті ке­зең­де бар­лық ауда­ры­л­ған суб­си­ди­я­лар, тең­ге Іс жү­зін­де есеп­тел­ген суб­си­ди­я­лар, тең­ге Ауыт­қуы (+,-) (+) ар­тық тө­лен­ге­ні, (-) ке­мі бар­лы­ғы оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де бар­лы­ғы оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де 4-бағ.-6-бағ. 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Қарыз алушы­ға іс жү­зін­де есеп­тел­ген* сый­а­қы, тең­ге Қарыз алушы тө­ле­ген сый­а­қы, тең­ге 20__ жы­л­ғы __-тоқ­сан­ға қар­жы ин­сти­ту­ты­ның өті­ні­мі, тең­ге жал­пы со­ма­сы қарыз алушы­ның өте­ге­ні бюд­жет­тен суб­си­ди­я­лау** бар­лы­ғы оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де бар­лы­ғы оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де % со­ма­сы % со­ма­сы % со­ма­сы 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 Ескертпе: * субсидиялар сомасын есептемегенде ** 8-бағ. бойынша ауытқу сомасын ескере отырып Қаржы институтының басшысы _____________________ (қолы, Т.А.Ә.) М.О.
Басқа 102. 20__ жылғы ________ № ___ субсидиялау шартына сәйкес 039 "Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша кредиттің пайыздық сыйақы ставкасын субсидиялау ведомосі
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларына 7-қосымша "Бекітемін" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы ______________________________ 20___ жылғы "__" ________ 20__ жылғы ________ № ___ субсидиялау шартына сәйкес 039 "Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін несие бойынша сыйақы ставкасын өтеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша кредиттің пайыздық сыйақы ставкасын субсидиялау ведомосі Қар­жы ин­сти­ту­ты­ның ата­уы Кре­дит бе­ру шар­ты ҚР АШМ суб­си­ди­я­ла­ры­ның іс жү­зін­де ауда­ры­л­ған со­ма­сы Бар­лы­ғы қал­дық (5-бағ.– 6-бағ.) кре­дит со­ма­сы сый­а­қы став­ка­сын өте­удің жыл­дық со­ма­сы ҚР АШМ суб­си­ди­я­лай­тын жыл­дық со­ма 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Қар­жы ин­сти­ту­ты­ның 20__ жы­л­ғы __ тоқ­сан­ға өті­ні­мі Суб­си­ди­я­лау жал­пы со­ма­сы қарыз алушы­ның өте­ге­ні бюд­жет­тен суб­си­ди­я­лау өт­кен жыл­дар­да есеп­тел­ге­ні қар­жы ин­сти­ту­ты­ның өті­ні­мін ес­ке­ре оты­рып есеп­тел­ген жиы­ны ауда­ру­ға жа­та­ты­ны (12-бағ.– 6-бағ.) со­ма­сы со­ма­сы 7 8 9 10 11 12 Жауапты департамент директоры _______________________ (қолы, Т.А.Ә.)
Басқа 103. __________________ (қарыз алушының атауы) қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларына 8-қосымша __________________ (қарыз алушының атауы) қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат Жыл­дар Са­тып алын­ған ши­кі­зат Өн­ді­рі­л­ген дай­ын өнім Қыз­мет­кер­лер­дің са­ны Тө­лен­ген са­лық­тық тө­лем­дер­дің со­ма­сы, мың тең­ге Құн­дық мән­де экс­порт­та­ла­тын өнім­нің кө­ле­мі**, АҚШ долл. ақ­ша­лай мән­де, мың тең­ге заттай мән­де, өл­шем бір­лі­гі ақ­ша­лай мән­де, мың тең­ге заттай мән­де, өл­шем бір­лі­гі Бы­л­тыр­ғы жы­лы Ағым­да­ғы жы­лы Ескертпе: * желтоқсан айының жоспарлы көрсеткіштерін қоса алғанда ** өз өнімін экспорттаған жағдайда Қарыз алушының бірінші басшысы _________________ (қолы, Т.А.Ә.) Бас бухгалтер __________________________________ (қолы, Т.А.Ә.)