Об утверждении Положения о порядке размещения Департаментом казначейства Министерства финансов Республики Казахстан временно свободных денег со счетов органов казначейства во вклады в банках Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктерiндегi салымдарға орналастыруының тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктерiндегi салымдарға орналастыруының тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнің 25.02.1999 № 172 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктерiндегi салымдарға орналастыруының тәртiбi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерiн орналастыруды ұйымдастырсын. 📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнің 25.02.1999 № 172 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімдерімен қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктеріндегі салымға орналастыруды сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша және міндеттемені (кепілді) қамтамасыз етпестен орналастыруға рұқсат берілуі мүмкін деп белгіленсін. 📌 Ескерту. Жаңа 3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 20.10.1998 № 1061 қаулысымен.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктерiндегi салымдарға орналастыруының тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 451 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктерiндегi салымдарға орналастыруының тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже "Бюджет жүйесi туралы", Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi туралы ережеге сәйкес әзiрлендi және ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi органдарының шоттарындағы уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктерiндегi (бұдан әрi - Банктер) салымдарға орналастыру шарттарына қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейдi. 📌 Ескерту. Атауы мен Кіріспе өзгерді - ҚР Үкiметiнің 25.02.1999 № 172 қаулысымен.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi (бұдан әрi - Департамент) қазынашылық органдарының корреспонденттiк шоттарынан уақытша бос ақшаны банктердегi салымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен Департаменттiң уақытша ақша тартуы туралы тиiстi келiсiмдер жасасу жолымен тартады. 📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнің 25.02.1999 № 172 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Уақытша бос ақша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң салымдарына орналастырылады. Департаменттiң Бiрыңғай қазынашылық шотынан және шетел валютасындағы корреспонденттiк шотынан, сондай-ақ басқармалардың ұлттық валютадағы корреспонденттiк шоттарынан орналастыру екiншi деңгейдегi банктермен жасалатын Банктiк салым шартының және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын Кепiл туралы шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Екiншi деңгейдегi банктердi айқындаудың шарттары банкте аудиттiң халықаралық стандарттарына сәйкес аудит жүргiзу, банктiң Банктiк салым шарты жасалған күнге дейiн үш ай бойы пруденциялық нормативтердi және басқа да нормалар мен лимиттердi сақтауы және банктiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бiрiншi топқа енгiзiлуi болып табылады.
Тармақ 3
3. Мiндеттеменi қамтамасыз ету (кепiл) - сыйақыны (мүдденi), айыппұлдарды, өсiмдердi, тұрақсыздық айыптарын, шығындарды өтеудi, алымдар бойынша шығыстарды және басқаларын есепке ала отырып салымды толық қайтаруды қамтамасыз етуге қажеттi мөлшерде Кепiл шарты бойынша Департаментке берiлетiн (аударылатын) мемлекеттiк бағалы қағаздар немесе еркiн айналымдағы валюта.
Тармақ 4
4. Басқармалардың корреспонденттiк шоттарындағы және Бiрыңғай қазынашылық шоттағы уақытша бос ақшаны жинақтау үшiн Департамент ұлттық валютада шот ашады.
Тарау 2. 2. Уақытша бос ақшаны банктiк салымдарға орналастырудың шектi мерзiмдерi мен сомалары
2. Уақытша бос ақшаны банктiк салымдарға орналастырудың шектi мерзiмдерi мен сомалары
Тармақ 5
5. Департамент Банктердегi салымдарға Бiрыңғай қазынашылық шоттағы және қазынашылықтың облыстық басқармаларының корреспонденттiк шоттарындағы, сондай-ақ Департаменттiң шетел валютасындағы корреспонденттiк шотындағы алдыңғы айдағы қаражаттың орташа күндiк қалдығының 50 процентiнен аспайтын жалпы сомада орналастыруға құқылы.
Тармақ 6
6. Банктердегi мерзiмдi салымдарға орналастырылатын бос ақшаның нақты сомасын Департамент белгiлейдi.
Тармақ 7
7. Басқармалар Департаменттiң нұсқауы бойынша өздерiнiң корреспонденттiк шотынан ақшаны кейiн оларды банктiк салымдарға орналастыру үшiн Департаменттiң шотына аударады.
Тармақ 8
8. Мерзiмдi банктiк салымдарды орналастырудың ең үлкен мерзiмi үш күнтiзбелiк айдан аспауы керек және ол үш айдан астам мерзiмге ұзартыла алмайды. Бұл ретте банктiк салымды қайтарудың шектi мерзiмi тиісті қаржы жылының 30 қарашасынан кеш болмауға тиiс. 📌 Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнің 25.02.1999 № 172 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Банктiк салым шартын ұзарту Банктiк салым шартына қосымша келiсiммен ресiмделедi. Бұл ретте кепiлге салынған және олар бойынша өтеу мерзiмi банктiк салым мерзiмi аяқталғанға дейiн аяқталатын мемлекеттiк бағалы қағаздар ауыстыруға жатады.
Тармақ 10
10. Қазынашылық органдарының корреспонденттiк шоттарындағы және Бiрыңғай қазынашылық шоттағы дебеттiк сальдоларға жол бермеу мақсатында Банктiк салым шартын Департамент бiржақты тәртiппен бұзуы және салым жоғарыда аталған шоттарға қайтарылуы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Сыйақысы (мүддесi) есептелген банктiк салымды қайтару мерзiмi Банктiк салым шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда тараптардың келiсiмi бойынша Банктiк салым шартында белгiленедi, бiрақ талап ету түскен күндi қоса алғанда 3 банктік күннен аспауы керек. 📌 Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнің 25.02.1999 № 172 қаулысымен.
Тарау 3. 3. Сыйақыны (мүдденi) есептеу
3. Сыйақыны (мүдденi) есептеу 12. Департамент уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктерiнде ұлттық валютадағы салымдарға орналастырылған кезде сыйақының (мүдденiң) ең аз ставкасы 3 процентi шегерiлген соңғы аукциондағы МЕККАМ-3 нақты кiрiстiлiгi бойынша Банктiк салым шарты жасалған күнi айқындалады. 📌 Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнің 25.02.1999 № 172 қаулысымен. 13. Сыйақының (мүдденiң) ставкасы 12-тармақта көрсетiлген ең аз ставкаға мынадай түзетушi есудi (кемудi) ескере отырып айқындалады: - банктiк салымның мерзiмiне қарай 20 күнге дейiн төмен деңгейдiң 0,5 % шегеру 20-дан 35 күнге дейiн ең төмен деңгейдiң 0 % 35 күннен астам ең төмен деңгейдiң 0,5 % қосу - банктiк салымға орналастырылатын сомаға қарай 100 млн. теңгеге дейiн мөлшерде 0,5 % қосу 100 млн. теңгеден астам мөлшерде 0% - кепiлге ұсынылатын бағалы қағаздардың мерзiмдiлiгiне қарай 12 айлық мемлекеттiк бағалы қағаздар 1 % қосу 3 және 6 айлық мемлекеттiк бағалы қағаздар 0 %. Банктiк салым шарты мерзiмiнен бұрын бұзылғанда осы тармақта белгiленген талаптар қолданылмайды.
Тармақ 14
14. Банктiк салым шартын жасасу кезiнде сыйақының (мүдденiң) ставкасы нарық конъюктурасына және банктiң ұсынысына сүйене отырып, бiрақ 12-тармақта белгiленген деңгейiнен кем болмай белгiленуi мүмкiн. Бұл ретте уақытша бос ақша неғұрлым ұтымды шарттарды ұсынған банкте салымға орналастырады.
Тарау 4. 4. Сыйақыны (мүдденi) төлеу шарттары
4. Сыйақыны (мүдденi) төлеу шарттары
Тармақ 15
15. Банктiк салым шартының мерзiмi аяқталғанда Банк банктiк салым сомасын Банктiк салым шартында көрсетiлген деректемелер бойынша Департаментке қарайды, ал сыйақыны (мүдденi) Банктiк салым шартына сәйкес онда көрсетiлген деректемелер бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударады.
Тармақ 16
16. Сыйақының (мүдденiң) сомасы Банктiк салым шартында көзделген ставкаға сәйкес есептеледi.
Тарау 5. 5. Мiндеттемелердi қамтамасыз ету және кепiлге қойылатын талаптар
5. Мiндеттемелердi қамтамасыз ету және кепiлге қойылатын талаптар
Тармақ 17
17. Кепiл ретiнде банктiк салымды өтеу мерзiмiне тең және одан асатын айналым мерзiмi бар мемлекеттiк бағалы қағаздар, сондай-ақ еркiн өтiмдi валюта қабылдануы мүмкiн.
Тармақ 18
18. Кепiлдi мемлекеттiк бағалы қағаздардың кепiлдi қамтамасыз ету сомасы эмиссиялау сәтiндегi олардың аукциондық кiрiстiлiгiн есепке ала отырып есептеледi.
Тармақ 19
19. Шетел валютасындағы кепiл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банктiк салым шарты жасалған күнгi ресми валюталық бағамы бойынша есептеледi.
Тармақ 20
20. Департамент пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында Банктiк салым шарты жасалған кезде осы Ереженiң 13-тармағында көзделген шарттар қолданылмайды.
Тармақ 21
21. Кепiлдi ресiмдеу кезiнде Департамент Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын басшылыққа алады. Кепiл туралы шарт Орталық депозитарийде белгiленген тәртiппен тiркеледi.
Тармақ 22
22. Банктiк салымға ақшаны аудару Банктiк салым шартында белгiленген мерзiмде, Банк Департаментке: Банктiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарының кепiлiн тiркегенi туралы Орталық депозитарийдiң жазбаша растауын; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарының Банктiң негiзгi ДЕПО шотынан оның Орталық депозитарийдегi "Кепiл операциялары бойынша тосқауыл қойылған" деген қосалқы шотына шеттетiлгенi туралы Орталық депозитарийдiң растауын ұсынғаннан кейiн жүзеге асырылады. Мiндеттемелер еркiн өтiмдi валютамен қамтамасыз етiлгенде Банк Департаментке Департаменттiң шотына ақшаның кепiл ретiнде еркiн айналымдағы валютада аударылғаны туралы қуаттауды ұсынуы керек. 📌 Ескерту. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнің 25.02.1999 № 172 қаулысымен.
Тармақ 23
23. Банктiк салым шарты бойынша барлық мiндеттемелердi орындағаннан кейiн Департамент Орталық депозитарийге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздардың кепiлi тоқтатылғаны туралы ДЕПО тапсырысын жiбередi және/немесе кепілдің сомасын шетелдік валютада банктің - кепіл берушінің шотына аударады. 📌 Ескерту. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнің 25.02.1999 № 172 қаулысымен.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 24
24. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешiледi.