Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра Қолданыста
Басқа 0
Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтары күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрі
______________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы 28 наурыз
Басқа 1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 131 бұйрығымен
бекітілген
Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер.
1-тарау. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес құқықтық кадастрдан ақпаратты ұсыну тәртібін, соның ішінде, «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер беру», «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру», «Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтардың ауыртпалықтары, заңды талаптары туралы мәліметтер беру», «Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар саны туралы мәліметтер Әділет министрлігінің интернет-ресурсында тоқсан сайын жариялауға жатады.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) құқықтық кадастрдан мәліметтер - құқықтық кадастрда қамтылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат және тіркеуші орган ұсынатын тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 2
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 3
3) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
Тармақ 4
4. Мемлекеттік құпияларға жататын ақпараттарды беру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңымен бекітілген нормаларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Құқық иесін сәйкестендіретін мәліметтерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және туған күні, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірі) қоспағанда, азаматтар (дербес деректер) және басқа құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер берілмейді.
Тармақ 6
6. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері адвокат куәлігімен және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламамен расталады.
Уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларының өкілеттігі соттың борышкерді дәрменсіз деп тану туралы шешімімен және сыртқы бақылауды енгізу туралы ұйғарымымен және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларын тағайындау туралы бұйрығымен расталады.
Мәжбүрлі таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушы) өкілеттігі тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұрығымен және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхатпен расталады.
Мұрагерлердің жылжымайтын мүлікке мұра берушіге тіркелген құқықтары туралы ақпарат алуға өкілеттігі мұраға құқығы туралы куәлікпен немесе мүліктік емес құқықтардан тұратын мұраға құқығы туралы куәлікпен расталады.
Кондоминиум объектісі қатысушының өкілеттігі құқық белгілейтін құжатты не кондоминиумның осы қатысушысына меншік құқығының негізінде жататын жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне құқық белгілейтін құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын хаттамасын ұсынумен расталады.
Өзге тұлғалардың өкілеттігі құқық иесінің жазбаша нотариалды куәландырылған келісімімен расталады.
Кондоминиум объектісі қатысушыларына жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат ғана беріледі.
Тармақ 7
7. Құқық қорғау, сот органдарының өндірістегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының олардың құзыретіне сәйкес жазбаша өтініш жасаған жағдайларда, хатта талап етілген ақпарат негізі, сұралатын ақпараттарды пайдалану мақсаты, сондай-ақ сұралатын субъектілердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және жеке тұлғаның ЖСН, заңды тұлғаның атауы және БСН) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Тіркеуші орган құқық қорғау, сот органдарының өндірістегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша, сот орындаушыларының өндірісінде атқарушылық құжат бойынша, мемлекеттік кіріс органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының ақпарат алуға сұрау салу берілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат береді.
Тармақ 9
9. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат төмендегі анықтамаларды беру түрінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат.
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада жылжымайтын мүліктің нақты объектісіне бар құқықтар (ауыртпалықтар) көрсетіледі;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат.
Жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамада жеке немесе заңды тұлғаға тіркелген барлық жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтер (оның ішінде иеліктен айырылған) көрсетіледі;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 3-1-қосымшасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтық ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтер.
Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтық ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтерде жеке немесе заңды тұлғаларға құқықтары тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің барлық ауыртпалықтар және заңдық талаптары туралы мәліметтер көрсетіледі;
Тармақша 4
4) жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелері.
Тармақ 10
10. Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ақпарат Заңның 17-бабының 2, 3, 3-2, және 3-3 тармақтарына сәйкес беріледі.
Тармақ 11
11. Құқықтық кадастрдан электрондық түрде ақпарат алуға сауал жәнеөтініш берушінің оған қоса берілген құжаттары Мемлекеттік корпорацияның электрондық мұрағатында сауал берілген күннен бастап екі жыл бойы сақталады.
Тармақ 12
12. Электрондық түрде ақпарат беру Мемлекеттік корпорацияның немесе өтініш иесінің электрондық қолтаңбасы бар болған жағдайда «электрондық үкімет» портал арқылы жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЖМБМК) пайдаланып беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Құқықтық кадастрдан анықтамалар беру туралы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Құқықтық кадастрдан анықтамалар беру туралы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 13
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкімет» веб-портал www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) немесе ақпараттандыру объектілері арқылы осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салады (бұдан әрі – сұрау салу).
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мынадай қосымшаларға сәйкес келтірілген:
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес;
«Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес;
«Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар ауыртпалықтары, заңды талаптары туралы мәліметтер беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес.
Тармақ 14
14. Тіркелген құқық ауыртпалығы және жылжымайтын мүлік объектісіне заңдық талап туралы ақпарат порталда кез келген тұлғаға қолжетімді.
Тармақ 15
15. «Ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін куәландыру (қол қою) порталдың есептік жазбасына қосу тіркелген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салады және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) не біржолғы парольді алу арқылы қол қояды.
Тармақ 16
16. Сұрау салу ЖМБМК өңдеуге беріледі, онда өңдеу 20 минут ішінде ЖМБМК жүзеге асырылады.
«Сұрау салу өңдеуде» деген мәртебе сұрау салу өңдеуде екенін білдіреді.
Сұрау салу өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға «Сұрау салу оң өңделді» деген мәртебе беріледі.
Тармақ 17
17. ЖМБМК арқылы қалыптастырылған электрондық құжаттың тиісті мәліметі көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне»:
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы;
жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы;
жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар ауыртпалықтары, заңды талаптары туралы мәліметтер нысанында жіберіледі.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) басқа жеке тұлғаға қатысты электрондық нысанда ЭҮП арқылы ол келіскен кезде көрсетіледі.
Үшінші түлғалар ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу жібереді. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы ЭҮП-тегі «жеке кабинетінен» ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу арқылы субъектінің ұялы байланысының ЭҮП-те тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады.
Қызметті көрсетуге мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі (бас тартуы) сұрау салу алынған кезден бастап 2 (екі) сағат ішінде жіберіледі. Келісім алынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, ЖМБМК арқылы қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі үшінші тұлғаның «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 19
19. Құқықтық кадастрдан ақпарат беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5 - бабының 2 - тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 21
21. ЖМБМК бұзылған жағдайда бір жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.
Тарау 3. 3-тарау. «Жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3-тарау. «Жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 22
22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес (бұдан әрі – Тізбе) сұрау салады және құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорацияға немесе Порталға береді.
Тармақ 23
Тармақ 24
24. Құжаттарды қабылдау кезіндекөрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты некөрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттамалары сервисіненэлектрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегіқамтылған мәліметтермен тексереді (сәйкестендіру үшін).
Тармақ 25
25. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат бере отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Тармақ 26
26. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 27
27. «Жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасына (бөліміне) жолдайды.
Жауапты орындаушы: ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді; мұрағатта тіркеу ісін іздестіруді жүзеге асырады; тіркеу ісі құжатының түпнұсқасынан көшірмені алу жолымен жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжатының көшірмесін қағаз тасығышта дайындайды.
Жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін көрсетілетін қызметті беруші «көшірмесі дұрыс» деген мөртабанын қояды.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация 1 (бір) ай ішінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Порталға жүгінген кезде электрондық сұрау салуды жіберу көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу таңдалған қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына автоматты түрде жіберіледі. Қызмет көрсету осы Қағиданың 25 тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама - есеп жіберіледі
Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.
Тармақ 30
30. Ақпараттық жүйесі бұзылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор ақпараттық жүйенің бұзылу себебін анықтау бойынша шаралар қабылдайды 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға береді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 31
31. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарауды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 32
Тармақ 33
Басқа 1.2
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну туралы қағидаға
қосымша-2
Басқа 1.3
Құқықтық кадастрдан
ақпарат ұсыну туралы
қағидаға қосымша-3
Нысан
_________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)
Жылжымайтын мүлкінің бар (жоқ) екендігі туралы ақпарат
№ ________ «___» ________ ____ жыл
Берілді
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және ЖСН;
_________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы және БСН, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________________
тұлғаға (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және ЖСН)
_________________________________________________________________
заңды тұлға үшін - атауы және БСН)
Тармақ 1
Тармақша 1
_________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі)
Құқықтың түрі, меншік нысаны (дара немесе жалпы үлес)
Құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты
Тіркелген ауыртпалықтардың болуы (ауыртпалықтың түрі, мүдделі тұлға, ауыртпалықтың туындау негізі, тіркеу күні және уақыты)
Жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар мен мәмілелердің тіркелуі
Тармақша 2
2) мекенжайы бойынша:
__________________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда).........
Тармақ 2
2. Жылжымайтын мүлікке жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығы тіркелген, құқық иесі (меншік иесі) басқа тұлға болып табылады.
Тармақша 1
1) мекенжайы бойынша:
__________________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі)
Құқық иеленуші, (меншік иесі)
Меншік құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты
Жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару негізі, тіркеу күні және уақыты
Тармақша 2
2) мекенжайы бойынша:
__________________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)...........
Тармақ 3
3. Бұрын осы тұлғаға жылжымайтын мүлікке құқықтары тіркелген:
Тармақша 1
1) Мекенжайы бойынша:
__________________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі)
Құқықтың түрі, меншік нысаны (дара немесе жалпы, үлес)
Құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты
Құқықты тоқтату негізі, тіркеу күні және уақыты
Тармақша 2
2) мекенжайы бойынша:
_________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
...........
Тармақ 4
4. Бұрын осы тұлғаға жылжымайтын мүлікке жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығы тіркелген, құқық иесі (меншік иесі) басқа тұлға болып табылады.
Тармақша 1
1) мекенжайы бойынша:
_________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі)
Құқық иеленуші, (меншік иесі)
Жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығының пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты
Жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығының тоқтату негізі, тіркеу күні және уақыты
Тармақша 2
2) мекенжайы бойынша:
___________________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
...........
Орындаушы: ______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы:
_________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басшысы:
__________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны (болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
Ескертпе: ақпараттар берген сәтінде жарамды болып табылады.
Басқа 3-1
Құқықтық кадастрдан
алынған ақпаратты беру
қағидасына 3-1- қосымша
Нысан
____________________________________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы)
Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтер
___ жылғы «___» ______
____________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және ЖСН; заңды тұлғаның
атауы және БСН, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
жылжымайтын мүлік
объектісіне:__________________________________________________________________________
растама
мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды (болған жағдайда)
тіркелген______________ заңды
(құқық түрі)
тұлға________________________________________________________________________________
(атауы, БСН)
1) құқық ауыртпалығы тіркелді:
Ауыртпалық түрі
Мазмұны
Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға)
Ортақ меншік нысаны, үлесі
Ауыртпалықтың туындау негізі
Тіркелген күні, уақыты
2) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқпайтын заңдық талаптар мен мәмілелер тіркелді:
Заңдық талаптар және мәмілелер
Мазмұны
Өтініш беруші (мүдделі тұлға)
Пайда болу негізі тіркеу күні, уақыты
Тоқтату негізі тіркеу күні, уақыты
Орындаушы: ______________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы: ____________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басшысы: ______________ _____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны (болған жағдайда) ___________________________________________
Ескертпе: Ақпараттар берген сәтінде жарамды болып табылады.
Басқа 1.4
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну туралы қағидаға
қосымша-4
Басқа 1.5
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну туралы қағидаға
5-қосымша
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы)
Құқықтық кадастардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сауал №_________
Мен,_________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (егер қолжетімді болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) паспорт деректері (жеке куәлігінің
деректері) және жеке тұлғаның тұратын жері, заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
__________________________________________________________атынан әрекет етуші
(уәкілетті өкіл толтырады)
____________________________________________________________ негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжатының деректері)
Маған беруіңізді сұраймын: керегіне белгі қою
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат;
- жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат.
- жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар ауыртпалықтары, заңды талаптары туралы ақпарат;
- жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган растаған тіркеу істері құжаттарының көшірмесін.
Жылжымайтын мүлік объектісінің түрі__________________________________
Объектінің тұрған жері_______________________________________________
Мына құжаттарды қоса беремін:________________________________________
Күні_______,_______________________________________/_________________
(өтініш берушінің/уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. және қолы)
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі:______тексерілді: күні__20_____ж.
_____________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және қолы)
Ескертпе: Сауалда арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжат мәліметтері, жеке басын растайтын төлқұжат деректер, жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және деректемелері, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, мекенжайы, нақты жылжымайтын мүлік объектісіне ақпарат алу үшін кадастрлық нөмір көрсетіледі.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ «___» ________ 20__ ж.
(қолы)
Басқа 1.6. «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну туралы қағидаға
6-қосымша
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат беру»
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
«Электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz;
ақпараттандыру объектілері.
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген сәттен бастап мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде қызмет 20 (жиырма) минут ішінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыны күту мен қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәлімет көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі
6
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
1) Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік корпорацияның филиалдарында - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастан жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) құжаттарды қабылдау және беру жөніндегі Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты, жексенбі және мереке күндері аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
порталға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бір реттік құпиясөзбен куәландырылған, қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты алуға сұрау салу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес; ұялы байланыс операторы ұсынған субъектінің абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда субъектінің жеке кабинетінде және/немесе тіркелген жағдайда sms-хабарлама түрінде субъектінің келісімі болған жағдайда субъектінің жеке кабинетінде үшінші тұлғалардан электрондық сұрау салу және/немесе SMS-хабарлама түрінде ұялы байланыс операторы ұсынған субъектінің абоненттік нөмірін қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы порталдың есептік жазбасына қосу. мемлекеттік қызметке жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме
Жоқ
10
Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің ақпарат қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы порталдағы «жеке кабинетінен» ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ бірреттік пароль беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабарлама жіберу арқылы орындалады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшасында және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет.
Басқа 1.7
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну туралы қағидаға
қосымша-7
Басқа 1.8. «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну туралы қағидаға
8-қосымша
«Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру»
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
«Электрондық үкімет» веб-порталы: www. egov. kz;
ақпараттандыру объектілері.
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті берген кезден бастап көрсетілетін қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде көрсетіледі.
4
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған);
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы тиісті мәлімет көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі
6
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
тегін
7
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
1) Мемлекеттік корпорация филиалдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейiн, түскі үзiлiс сағат 13.00-тен 14.30-ға дейін,
2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында-дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты, жексенбі және мереке күндері аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Порталға:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
cубъектінің порталының жеке кабинетінде үшінші тұлғалардан электрондық сұрау және/немесе ұялы байланыс операторы ұсынған порталдың есептік жазбасына субъектінің абоненттік нөмері тіркелген және қосылған жағдайда sms-хабарлама түрінде, субъектінің келісімі жағдайда, субъектінің порталының жеке кабинетінен және/немесе субъектінің абоненттік номері тіркелген және қосылған жағдайда, sms-хабарлама түрінде, ұялы байланыс операторымен порталдың есептік жазбасына қысқа мәтіндік хабарлама жіберу.
Мемлекеттік қызмет алуға жүгінген кезде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік құпия сөзді беру жолымен немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен алады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме
Жоқ.
10
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы порталдағы «жеке кабинетінен» ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу жолымен субъектінің ұялы байланысының порталда тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады.
Цифрлық құжаттар сервисі пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет.
Басқа 1.9
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну туралы қағидаға
қосымша-9
Басқа 1.12. «Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну туралы қағидаға
12-қосымша
«Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген ауыртпалықтар, заңдық талаптар туралы мәліметтер беру»
1
Қызмет берушінің атауы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
«Электрондық үкімет» веб-порталы: www. egov. kz;
ақпараттандыру объектілері.
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті берген сәттен бастап қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде көрсетіледі.
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған);
5
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі
жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген ауыртпалықтар, заңды талаптар туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі
6
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
тегін
7
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
1) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді Мемлекеттік корпорация филиалдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейiн, түскі үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) құжаттарды қабылдау және беру жөніндегі Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты, жексенбі және мереке күндері аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Порталға:
осы қағидаға 5-қосымшаға сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынатын көрсетілетін қызметті алушының нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
cубъектінің порталының жеке кабинетінде үшінші тұлғалардан электрондық сұрау және/немесе ұялы байланыс операторы ұсынылған порталдың есептік жазбасына субъектінің абоненттік номірі тіркелген және қосылған жағдайда sms-хабарлама түрінде, субъектінің келісімі жағдайында, субъектінің порталда жеке кабинетінен және/немесе субъектінің абоненттік номірі тіркелген және қосылған жағдайда, sms-хабарлама түрінде, ұялы байланыс операторымен порталдың есептік жазбасына қысқа мәтіндік хабарлама жіберу.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет алуға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік құпия сөзді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер
Жоқ.
10
Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің ақпарат қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы порталдағы «жеке кабинетінен» ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу арқылы субъектінің ұялы байланысының порталда тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады.
Цифрлық құжаттар сервисі пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет.
Басқа 1.11. «Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну туралы қағидаға
12-қосымша
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелерін беру»
1
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
2) «Электрондық үкімет» веб-порталы: www. egov. kz;
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті берген кезден бастап көрсетілетін қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде үш жұмыс күн ішінде көрсетіледі.
4
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны
1) электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемаларын) қоса алғанда, тіркеуші орган куәландырған тіркеу құжаттарының көшірмелері;
порталда – «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне орны мен алынған күні көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.
6
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
тегін
7
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
көрсетілетін қызметті беруші:
1) Мемлекеттік корпорация филиалдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейiн, түскі үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін,
2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында-дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
3) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы мемлекеттік қызмет жеделдетіп көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы броньға коюға болады;
www.egov.kz порталында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойына.
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемаларын) қоса алғанда, тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін алуға сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
2) порталда:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және қосқан жағдайда, ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемаларын) қоса алғанда, тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін алуға сұрау салу;
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті қамтылған және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі кезінде;
10
Мемлекеттік көрсетілген қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар
Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8800080777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Басқа 1.12. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну туралы қағидаға
14-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, болған
жағдайда әкесінің
аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)
не ұйымының атауы)
_______________________
(көрсетілетін қызмет
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көзделген тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________
Телефон __________
Алдым: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) /____/ көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________
Басқа 1.11. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне жаңадан
құрылған жылжымайтын
мүлікке ғимараттардың,
құрылыстардың және (немесе)
олардың құрамдастарының
сәйкестендіру және техникалық
мәліметтерін енгізу, мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
қағидалары мен мерзімдеріне
және «Жылжымайтын мүліктің
техникалық паспортының
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидаларына
№ 1 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру»
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
«Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) және порталға:
«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңа құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу» - бір жұмыс күні.
Жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, жүргізілген техникалық тексеру қорытындысы бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру:
пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер үшінші жұмыс күніне беріледі;
жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бесінші жұмыс күніне беріледі;
жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері жетінші жұмыс күні беріледі;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілер көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап оныншы жұмыс күні беріледі;
бірінші күрделілік санатына жататын осы тармақшаның екі және үш абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілері бесінші жұмыс күні беріледі.
Мерзімді одан әрі ұзарту көрсетілетін қызметті алушымен келісім бойынша объектінің күрделілік санатына байланысты жүргізіледі, бұл ретте жалпы мерзім көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 минут;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 минут
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Жүгіну кезінде:
1) қөрсетілетін қызметті берушіге:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу туралы белгісі бар жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау акті;
Техникалық паспортты қоса бере отырып, жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды немесе № 1 Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі;
пәтерге, жатақханалардағы бөлмеге, жеке гараждарға және саяжай құрылыстарына электрондық техникалық паспорт.
Жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Бұл ретте жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды) көрсетілетін қызметті беруші жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, қорытынды бергені үшін қосымша төлемді растайтын құжатты береді, ал заңды тұлғалармен қызмет көрсету шартын жасасу кезінде олар қол қойған орындалған жұмыстар актісі қосымша ұсынылады.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) бекітілген салық салу объектілерінің құнын айқындау саласындағы ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына (бұдан әрі – Тауарлардың жұмыстардың көрсетілетін бағалары) сәйкес айқындалады.
Төлем сондай-ақ портал арқылы «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.
7
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
1) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік корпорация филиалдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiс сағат 13.00-тен 14.00-ге дейін;
2) құжаттарды қабылдау және беру жөніндегі мемлекеттік корпорацияның филиалдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты, жексенбі және мереке күндері аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша:
жүгіну кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш;
жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілетті растайтын құжаттың көшірмесі;
жылжымайтын мүлік объектісін жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне пайдалануға қабылдау актісі және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты;
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларына сәйкес төлемді растайтын құжат.
жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру бойынша:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны алуға өтініш;
жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
бар болған жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, техникалық паспортты беру үшін төлемді растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады:
мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш берген кезде ақы төлеу Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызметтердің базалық құны түрінде жүргізіледі;
мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған кезде Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы (қосымша ақы) жүргізіледі;
Пәтерді, жатақханалардағы бөлмелерді және жапсарлас үй-жайды техникалық тексеруге өтініш білдірген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылмайды.
2) порталға:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау актісінің және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру бойынша:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
бар болған жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, техникалық паспортты беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі екі кезеңде ұсынылады:
мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш берген кезде ақы төлеу тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызметтердің базалық құны түрінде жүргізіледі;
мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған кезде Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы (қосымша ақы) жүргізіледі;
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздері
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған сот шешімі болса.
4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
10
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін өзге де талаптар
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жүзеге асыру, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану мүмкіндігі немесе қабілетінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті беруші тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің-www интернет-ресурсында орналастырылған. gov. kz.
Көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда ЭЦҚ болған немесе бір реттік пароль пайдаланылған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады.
Цифрлық құжаттар сервисі пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір күшін жойған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 131 бұйрығына
2 қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір күшін жойған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4926 тіркелген, 2007 жылғы 19 қазандағы № 161 «Заң газетінде» жарияланған);
2) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 330 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 тіркелген, 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 195 (1595) «Заң газетінде» жарияланған);
3) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5555 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жыл, № 4 жарияланған).