Об утверждении Правил согласования планов и программ развития территорий, стратегических планов местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы до их утверждения с уполномоченным органом в области охраны окружающей среды Күшін жойған
Басқа 0
Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларын бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 98-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Экологиялық саясат және орнықты даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі М. Мұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрімен
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 78-ө бұйрығы
бекітілді
Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу және келісілген құжаттамаға өзгерістер енгізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 98-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Егер одан әрі іс-шаралар жоспарларын іске асыру кезінде қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу талап етілген жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) бастамашылығымен ауыл және су шаруашылығы, орман және жерді пайдалану, балық шаруашылығы, энергетика, өнеркәсiп, кен өндіру, мұнай өңдеу, өңдеу және химия саласы, құрылыс индустриясы, металлургия, туризм, көлік үшін әзірленетін жоспарлар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісуге жатады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 3-тармағымен қамтылмаған ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісуге жатпайды.
Тарау 2. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органында аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын келісу тәртібі
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органында аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын келісу тәртібі
Тармақ 5
5. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары (бұдан әрі – ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттары) келісу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органға ұсынылады.
Тармақ 6
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшелері) және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелері) таралуын қамтамасыз етеді.
ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын қараудың жалпы мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Тармақ 7
7. ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, оның ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жоспарлардың экологиялық бөлімдері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісуге жатады.
ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының экологиялық бөлімдері таңдалған басым бағыттарға күштердің қажетті шоғырландыруын нақты негіздеуімен аумақтың экологиялық жай-күйін жақсартуға арналған жоспарлы қызметтің жалпы сипаттамасы, жоспарланған қызметті іске асырудың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық жағдайға және қоршаған ортаның жай-күйінің өзгеруін болжамдау және бағалау көрсетілген өңірдегі экологиялық мәселелерді есепке ала отырып, ағымдағы ахуал талдауының өзара үйлесімдігі қарастырылады, сонымен бірге:
атмосфералық ауаның жай-күйі;
су көздерінің жай-күйі;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға әсері;
топырақтардың ластануы;
жиналған қалдықтардың әсері;
флора мен фаунаға әсердің сипаты;
табиғи орта компоненттерінің табиғи қалпына келу мүмкіндігі және жаңартылатын табиғи қорлардың орнын толтыруы;
ауру-сырқау тәуекелінің дәрежесі;
тұрғындардың тiршiлiк ету жағдайлары (еңбек жағдайының және демалыстың нашарлауы, ауыр қол еңбегін қысқарту, инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларды дамыту, көгалдандыру және тағы басқалар);
антропогенді жүйелерге және олардың компоненттеріне әсері (ғимараттар, сәулеттік пен археологиялық ескерткіштер және басқа да материалдық және мәдени құндылықтар, көлiк қатынасы, ландшафттардың рекреациялық сапалары);
мүмкін болатын апаттық жағдайларды тұрғындардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаның барлық компоненттері үшін болатын салдарын бағалай отырып, анықтау; сонымен қатар жоспарланған қызметтен туындауы мүмкін жағымсыз салдардың алдын алу жөніндегі шаралардың болуын қарастыру.
Экологиялық бөлімді әзірлеуге арналған көздер ретінде:
ұқсас жағдайларда жұмыс жасайтын ұқсас-объектілерді талдау материалдары;
статистикалық есептіліктің деректері;
экологиялық мониторингтің деректері;
ғылыми ұйымдардың, салалық министрліктердің, ведомстволардың материалдары.
Тармақ 8
8. Аумақтық бөлімшелер ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
Тармақша 1
1) ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының:
талдамалық ақпараттың ағымдағы ахуалдың талдамасымен, негізгі экологиялық мәселелермен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы даму үрдісімен жеткілікті мазмұндалуын;
даму мен тіршілік етуді табиғи ресурстардың негізгі түрлерімен қамтамасыз етілуін, экологиялық шектеулерін (қоршаған ортаның ластану деңгейі);
экологиялық зардаптардың сипаттамасын;
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының мақсатына жетуді қамтамасыз ететін мақсатты индикаторларды, міндеттер және шараларды таңдаудың дұрыстығын қарайды;
Тармақша 2
2) өздерінің қорытындыларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
Тармақ 9
9. Мүдделі құрылымдық бөлімшелер ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
Тармақша 1
1) ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының:
Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негiзгi бағыттарына сәйкестігін;
аумақтың экологиялық жай-күйін жақсартуға арналған жоспарлы қызметтің жалпы сипаттамасы үйлесімдігінің бар болуын қарайды;
Тармақша 2
2) өздерінің қорытындыларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
Тармақ 10
10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын келісу бойынша жауапты құрылымдық бөлімшесі 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
Тармақша 1
1) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелердiң қорытындыларын жинау және талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ескертулер болмаған жағдайда ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын келісуді жүзеге асырады, оның iшiнде:
ЖАО стратегиялық жоспарлары және басқа да жоспарлары бойынша ЖАО атына келісу туралы хат ұсынады;
аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобалары бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның мекенжайына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы келісу парағын жолдайды;
Тармақша 3
3) құрылымдық бөлімшелердің ескертулері болған жағдайда, оларды жою үшін әзірлеушіге жібереді, жобаны пысықтау 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Осы тармақтың бірінші бөлімінде қарастырылған мерзім ішінде құжаттардағы бұрынғы ескертулерді есепке ала отырып, пысықталған, сонымен қатар жекелей пысықталған құжаттары ұсынылмаған жағдайда ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжатына келісім берілмейді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Аумақтарды дамыту жоспарлары
мен бағдарламаларын,
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы
органдарының стратегиялық
жоспарларын оларды бекіткенге
дейін қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті органмен
келісу қағидаларына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Аумақтарды дамыту бағдарламасының атауы _____________________________
_____________________________________________________________________
Әзірлеуші жергілікті атқарушы органның атауы_________________________
_____________________________________________________________________
Алынған күні
Келісуге жауапты адамдар
Келісу нәтижелері (қолы, күні)
лауазымы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)