Об утверждении Правил выбора и условий осуществления деятельности временного исполняющего по базовому договору при проектном финансировании с участием государства Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттің қатысуымен жобалық қаржыландыру кезінде базалық шарт бойынша уақытша орындаушыны таңдау және қызметін жүзеге асыру шарттарының қағидаларын бекіту туралы
«Жобалық қаржыландыру мен секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы Заңының 6-9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің қатысуымен жобалық қаржыландыру кезінде базалық шарт бойынша уақытша орындаушыны таңдау және қызметін жүзеге асыру шарттарының қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттің қатысуымен жобалық қаржыландыру кезінде базалық шарт бойынша уақытша орындаушыны таңдау және қызметін жүзеге асыру шарттарының қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 532 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттің қатысуымен жобалық қаржыландыру кезінде базалық шарт бойынша уақытша орындаушыны таңдау және қызметін жүзеге асыру шарттарының қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттің қатысуымен жобалық қаржыландыру кезінде базалық шарт бойынша уақытша орындаушыны таңдау және қызметін жүзеге асыру шартарының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және базалық шарт бойынша уақытша орындаушыны таңдау тәртібін, сондай-ақ оның қызметін жүзеге асыру шарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) базалық шарт – ол бойынша бір тарап мүлікті түзуге және екінші тарапқа беруге немесе түзілген мүлікті пайдалану үдерісінде қызметтер көрсетуге және (немесе) тауарлар өндіруге және (немесе) жұмыстар орындауға міндеттеме алатын жазбаша келісім;
Тармақша 2
2) уақытша орындаушы – базалық шартты уақытша орындау шартына сәйкес базалық шарттың іске асырылуын басқаруды уақытша жүзеге асыратын заңды тұлға немесе бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі кредиторлар бірлестігі (консорциум, жай серіктестік);
Тармақша 3
3) базалық шартты уақытша орындау туралы шарт – базалық шарт бойынша орындаушыны ауыстырған кезінде базалық шарттың іске асырылуын уақытша басқарудың шарттарын анықтайтын тапсырыс беруші мен уақытша орындаушы арасында жасалатын шарт;
Тармақша 4
4) кредитор – облигацияларды ұстаушы болып табылатын жеке тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 5
5) тапсырыс беруші – жеке немесе заңды тұлға, мемлекет атынан Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар уәкілеттік берген, олардың тапсырмасы бойынша базалық шарт іске асырылатын мемлекеттік органдар;
Тармақша 6
6) орындаушы – базалық шартқа сәйкес мүлікті түзетін және беретін, сондай-ақ түзілген мүлікті пайдалану үдерісіне қызметтер көрсететін және (немесе) тауарлар өндіретін және (немесе) жұмыстар орындайтын заңды тұлға.
Тарау 2. 2. Базалық шарт бойынша уақытша орындаушыны таңдау тәртібі
2. Базалық шарт бойынша уақытша орындаушыны таңдау тәртібі
Тармақ 3
3. Тапсырыс беруші базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау конкурсын өткізу уақытына базалық шарт бойынша уақытша орындаушыны тарта алады.
Тармақ 4
4. Тапсырыс беруші базалық шартты іске асыруды басқаруға уақытша орындаушыны тартуды осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімде кредиторлармен келісім бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Тапсырыс беруші Заңның 6-9-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен кредиторларға қажет болған жағдайда тапсырыс беруші ұсынатын уақытша орындаушының кандидатурасы көрсетілетін базалық шартты орындаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді. Кредиторлар хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тапсырыс беруші ұсынған уақытша орындаушының кандидатурасын келіседі немесе оны бекіту үшін өз кандидатурасын ұсынады.
Тармақ 6
6. Бірлескен қызмет туралы (консорциум, жай серіктестік) шарттың негізінде уақытша орындаушы ретінде базалық шартты іске асыруды басқару мақсатында базалық шартты басқаруға қатысуға тілек білдірген барлық кредиторлар қатыса алады.
Тармақ 7
7. Егер кандидатураны келісу туралы шешімді орындаушы міндеттемелерінің сомасы кредиторлар алдындағы кредиторлық берешектің жалпы сомасының кемінде үштен екісін құрайтын кредиторлар қабылдаса, базалық шарт бойынша уақытша орындаушының кандидатурасы келісілген болып саналады.
Тармақ 8
8. Уақытша орындаушының кандидатурасына мынадай талаптар койылады:
Тармақша 1
1) құқықтық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін); әрекет қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
Тармақша 2
2) төлем қабілеттілігінің болуы, үш айдан асатын мерзімге салықтық берешегінің болмауы;
Тармақша 3
3) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауы.
Тармақ 9
9. Әлеуетті уақытша орындаушы осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растау үшін тапсырыс берушінің сұрауы бойынша тиісті құжаттарды ұсынады.
Тарау 3. 3. Уақытша орындаушының қызметін жүзеге асыру шарттары
3. Уақытша орындаушының қызметін жүзеге асыру шарттары
Тармақ 10
10. Кредиторлар уақытша орындаушының кандидатурасын келіскен немесе ұсынған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уақытша орындаушы мен тапсырыс берушінің арасында базалық шартты уақытша орындау туралы шарт жасалады.
Тармақ 11
11. Базалық шартты уақытша орындау туралы шартта уақытша атқарушының тапсырыс беруші мен кредиторлар алдындағы жауапкершілігін қоса алғанда, оның құқықтары мен міндеттерінің көлемі, шығындарды өтеу тәртібі мен басқа да шарттар айқындалады.
Тармақ 12
12. Егер базалық шартты уақытша орындау туралы шартта өзгеше белгіленбесе, базалық шартты уақытша орындау туралы шарт жасалған сәттегі орындаушының құқықтары мен міндеттері уақытша орындаушыға толық көлемде ауысады.
Тармақ 13
13. Егер базалық шартты уақытша орындау туралы шартта көзделсе, уақытша орындаушыға сыйақы төленеді.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайда, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше белгіленбейтін болса, кредитор базалық шартты іске асыруды басқару бойынша шешімдер қабылданған кезде борышкерге қойылатын талаптардың жалпы көлемінде оның үлесіне тең дауыс санына ие болады.
Шешімдер қабылдау кезінде облигация ұстаушылар атынан бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес анықталатын олардың өкілі қатысады. Облигацияларды ұстаушылар өкілі шешімдер қабылдаған кезде дауыстар саны олардың атынан қатысатын облигацияларды ұстаушылар талаптарының сомасын жинақтау жолымен айқындалады.
Тармақ 15
15. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушы таңдалған жағдайда базалық шарттың талаптары уақытша орындаушының нақты орындалған міндеттеріне байланысты өзгерістерді және жаңа орындаушы ұсынған базалық шарттың алдыңғы талаптарымен салыстырғанда барынша тиімді талаптарды қамтитын ұсыныстарын ескереді.
Тармақ 16
16. Жаңа орындаушымен базалық шарт жасалған сәттен бастап әрекеттегі орындаушымен базалық шарт бұзылды деп саналады.
Тармақ 17
17. Уақытша орындаушының құқықтары мен міндеттері жаңа орындаушы мен тапсырыс беруші арасында базалық шарт жасалған сәттен бастап тоқтатылады.