О материальном обеспечении детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому Қолданыста
Басқа 0
Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, бюджетті іске асыру мақсатында, Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әрбір балаға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылының ішінде төленеді деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары М.А. Соқытбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз іс-әрекетін таратады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдіқара ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мелекеттік
мекемесінің бастығы
__________ С. Плотникова