Об утверждении Правил определения соответствия серий (партий) ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок и (или) ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, содержащих антибиотики, гормоны и биологические стимуляторы, требованиям ветеринарных нормативов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспалары сериясының (топтарының), оның ветеринариялық нормативінің талаптарына сәйкестігін анықтайтын Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 415 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2117 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл № 9-10, 805-құжат);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 5 қарашадағы № 639 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5892 тіркелген, 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 194 (1617) «Заң газетінде» жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (Н.Х.Жақыпбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушысының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 18-02/144 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының бар және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау Қағидасы, (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының (бұдан әрі – ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары) серияларының (топтарының) оларды өндіру жөніндегі ұйымдарда сонымен бірге мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде сәйкестігін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) сәйкестігін айқындау тиісті ветеринариялық препараттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының нормативтік-техникалық құжаттары (бұдан әрі – НТҚ) негізінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) антибиотиктер – микроорганизмдерден, өсімдіктерден және жануарлардан бөлінетін, антимикробтық, антипротозойлық және антигельминттік әсері бар химиялық заттар;
Тармақша 2
2) биологиялық стимуляторлар – организмдегі зат алмасу процестерін күшейтуге қолданылатын, жануардан немесе өсімдіктен алынатын ұлпа зат;
Тармақша 3
3) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ – ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына арналған техникалық шарттары, қолдану (пайдалану) жөніндегі нұсқауды, ветеринариялық препараттарды жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және бақылау жөніндегі нұсқаулықты қамтитын құжаттар пакеті;
Тармақша 4
4) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сериясы (тобы) – бірдей жағдайда алынған, бір ыдыста араластырылған, бір жұмыс циклінің ішінде өлшеп оралған, өзінің сериялық нөмерін, өндірістік бақылау нөмірін алған және белгіленген үлгідегі бір құжатпен толтырылған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының белгілі бір мөлшері;
Тармақша 5
5) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндірістік бақылау – ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасы туралы құжатты (паспортты) ресімдей отырып, олардың ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестігіне ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді және дайындауды жүзеге асыратын ұйымдардың өндірістік бақылау бөлімдерінде (бұдан әрі – ӨББ) жүргізілетін зерттеу;
Тармақша 6
6) ветеринариялық препараттардың жемшөп пен жемшөп қоспаларының, рекламациясы – ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оның әсер ету қасиетінде өзгеріс бары туралы мәлімет алынған жағдайда (иммунобиологиялық, технологиялық және басқа параметрлері бойынша нашарлығы) және ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ талаптарына сәйкес келмегенде немесе оны қолданудың регламенті бұзылғанын анықтайтын құжат (актісі).
Тармақша 7
7) гормондар – ішкі секреция бездерінен бөлінетін немесе синтетикалық жолмен алынатын және организмнің көптеген өмірлік қызметтеріне реттеуші әсері бар, биологиялық белсенді заттар.
Тармақ 4
4. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сәйкестігіне айқындау жүргізу үшін ӨББ және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары үлгілерді іріктеп алуды мынадай нормативтерде (көлемдерде) жүргізеді:
Тармақша 1
1) фармакологиялық заттар (паразиттерге қарсы заттар): сұйық – көлемі 0,5-тен 1 литрге дейін (үш бума); сусымалы – салмағы 0,5 килограмға (бұдан әрі – кг) дейін (үш бума);
Тармақша 2
2) фармакологиялық заттар (микробтарға қарсы және вирустарға қарсы препараттар, ферменттер, гормондар, витаминдер, витаминдік препараттар, аминқышқылдары): сұйық – 0,1-ден 1 литрге дейін (бес бума); сусымалы – салмағы 0,5-ден 1 кг дейін (үш бума);
Тармақша 3
3) дезинфекциялаушы заттар – салмағы 3 кг-нан 5 кг дейін;
Тармақша 4
4) биологиялық заттар (вакциналар, анатоксиндер, емдік-алдын алуға қолданылатын сары сулар және глобулиндер) – 20 флакон/ампула;
Тармақша 5
5) диагностикалық жиынтықтар – үш жиынтық;
Тармақша 6
6) жемшөп қоспалары, премикстер – салмағы 0,5-тен 1 кг дейін (дайындаушының затбелгісімен 3 бума);
Тармақша 7
7) жемшөп – салмағы 3-тен 5 кг дейін (дайындаушының затбелгісімен 3-5 бума);
Тармақша 8
8) микроэлементтер, ақуызды-витаминдік қоспалар – 0,5-тен 1 кг дейін (дайындаушының затбелгісімен 3 бума);
Тармақша 9
9) ферменттер, гормондар, витаминдер, витаминдік препараттар, аминқышқылдары: сұйық – 0,5-тен 1 литрге дейін (дайындаушының затбелгісімен 3 бума); сусымалы – салмағы 0,5-тен 1 кг дейін (дайындаушының затбелгісімен 3 бума).
Тарау 2. 2. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының оларды өндіру жөніндегі ұйымдарда НТҚ-ға сәйкестігін айқындау тәртібі
2. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының оларды өндіру жөніндегі ұйымдарда НТҚ-ға сәйкестігін айқындау тәртібі
Тармақ 5
5. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ-ға сәйкестігін айқындау ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын оларды өндіру жөніндегі ұйымдарда шығару кезінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ-ға сәйкестігін айқындау үшін оларды өндіру жөніндегі әр ұйым ӨББ құрады. ӨББ өндіру жөніндегі ұйымдарда өндірілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының әр сериясының (тобының) НТҚ-ға сәйкестігін айқындау жүргізеді.
Тармақ 7
7. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ-ға сәйкестігін айқындау аяқталғаннан кейін ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық талаптарға сәйкес келетіні сәйкес келмейтіні туралы еркін нысанды ішкі өндірістік акт жасалады.
Тармақ 8
8. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сериялары (топтары) НТҚ-ға сәйкес келген жағдайда ӨББ өндірістік бақылаудың нөмірін, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серия (тобы) атауын, оларды өндіру жөніндегі ұйымдардың аталуын, жасалған күнін, жарамдылық мерзімін және паспорттың берілген күнін көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспорт жасайды.
Тармақ 9
9. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сериялары (топтары) НТҚ-ға сәйкес келмеген жағдайда ӨББ олардың жойылуына еркін нысандағы акт жасайды және ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының барлық сериясы (тобы) жойылады.
Тармақ 10
10. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сериялары (топтарына) НТҚ-ға сәйкестігіне айқындауды жүзеге асырған кезде ӨББ-де осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша журналдар жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Журналдар нөмірленіп, жіппен тігіліп, мөрмен және ұйым басшысының және ӨББ бастығының қолдарымен бекітіледі.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) НТҚ-ға сәйкестігін айқындау тәртібі
3. Мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) НТҚ-ға сәйкестігін айқындау тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде (бұдан әрі – Зертхана) ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) сәйкестігін айқындау мынадай жағдайларда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шығарылған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасына жыл сайынғы жоспарлы тексеріс жүргізген кезде;
Тармақша 2
2) ветеринариялық препараттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының белгілі бір сериясына (тобына) рекламация келіп түскен кезде;
Тармақша 3
3) даулы жағдайлар кезде, және сондай-ақ ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары иесінің ниеті бойынша жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) сәйкестігін айқындау ветеринариялық нормативтерде көрсетілген бақылау тәсілдері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Шығарылған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасын жоспарлы тексерген кезде ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Жоспарлы тексеруді жүзеге асырған кезде, тексеруді жүргізетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексерілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының үлгілерін іріктейді және оларды Зертханаға жолдайды.
Тармақ 15
15. Рекламация түскен кезде, даулы жағдайларда сондай-ақ ветеринариялық препараттың, жемшөп пен жемшөп қоспалары иесінің ниеті бойынша ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) НТҚ-ға сәйкестігін айқындау жүргізу жеке және заңды тұлғалардың тиісті өтініштері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Зертхана келіп түскен ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалар үлгілерінің серияларын (топтарын) зерттеуді (сараптауды), оларды өндіру жөніндегі ұйымдардың мұрағатында сақталған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының үлгілерімен қатар жүргізеді.
Тармақ 17
17. Зертханада ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына зерттеу (сараптау) жүргізу мерзімдері ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының НТҚ-да анықталады.
Тармақ 18
18. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларына (топтарына) жүргізілген зерттеулер (сараптаулар) нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес сараптама актісі (сынақ хаттамасы) жасалады. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын зерттеудің (сараптаудың) оң нәтижесі болған жағдайда ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының аталған сериясының (тобының) айналымына жол беріледі; Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын зерттеудің (сараптаудың) теріс нәтижесі болған жағдайда жануарлардың және адамдардың денсаулығы үшін қауіп туғызатын серияларына (топтарына) осы ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының осы сериясы (тобы) залалсыздандырылады (зарарсыздандырылады).
Тармақ 19
19. Ветеринариялық препараттар серияларының (партияларының), жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін сатып алынатын ветеринариялық препараттардың НТҚ-ға сәйкестігін айқындау, НТҚ-да ветеринариялық препаратқа көрсетілген зертханалық және нысаналы жануарларды бақылау әдістері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Ветеринариялық препараттар серияларының (партияларының), жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында сатып алынатын ветеринариялық препараттардың НТҚ-ға сәйкестігін айқындау үшін келіп түскен сериялардың (партиялардың) жалпы көлемінен ветеринариялық препараттар серияларының (партияларының) 30%-ы мынадай арақатынаста (көлемде) іріктеледі: келіп түскен 3 серияға (партияға) дейін 1 серия зерттеуге жатады; келіп түскен 6 серияға (партияға) дейін 2 серия зерттеуге жатады; келіп түскен 10 серияға (партияға) дейін 3 серия зерттеуге жатады; келіп түскен 15 серияға (партияға) дейін 5 серия зерттеуге жатады; келіп түскен 20 серияға (партияға) дейін 7 серия зерттеуге жатады; келіп түскен 30 серияға (партияға) дейін 9 серия зерттеуге жатады; келіп түскен 40 серияға (партияға) дейін 11 серия зерттеуге жатады; келіп түскен 50 серияға (партияға) дейін 13 серия зерттеуге жатады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік ветеринариялық ұйым осы Қағидалардың 20-тармағында айқындалған мөлшерде ветеринариялық препараттардың іріктелген үлгілерін НТҚ-да көрсетілген талаптарға сәйкестігін айқындау жөнінде іс-шаралар жүргізеді.
Тармақ 22
22. Кәсіпкерлік субъектілері жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне дау тудырған, ветеринариялық препараттар серияларының (партияларының) НТК талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайларда, сондай-ақ жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін растау немесе нақтылау қажет болған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық ұйым сериялардың (партиялардың) іріктелген көлемінен ветеринариялық препараттардың үлгілерін халықаралық референттік зертханаларға НТК талаптарына зерттеулер жүргізу үшін жібереді.
Тармақ 23
23. Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдар жүргізген зерттеулердің қорытындылары бойынша мемлекеттік ветеринариялық ұйым алынған ақпаратты талдайды, жануарлардың саулығы мен өмірі үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкелуі мүмкін анықталған жанама әсерлер, ветеринариялық препараттың тиімділігі туралы тәуекелдің жай-күйін бағалайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық препараттардың іріктелген серияларына (партияларына) жүргізілген зерттеулер туралы актін ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына жолдайды.
Тармақ 24
24. Ветеринариялық препараттар сериялары (партиялары) референттік зертхана мен халықаралық референттік зертханалардың сынау нәтижелері бойынша НТҚ талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ЖАО және ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері ветеринариялық препараттарды толық ауыстыру үшін оларды иесіне қайтару мақсатында «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның негізгі қоймаларына бүлінген ветеринариялық препараттар серияларының (партияларының) қалған ветеринариялық препараттардың жиналуын және жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Басқа 1. ПАСПОРТ
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау Қағидаларына 1-қосымша Нысан ___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, мекен жайы, телефоны, факсы және банктік реквизиттері) ПАСПОРТ ___________________________________________________________________ (ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының аталуы) Серия № ______________ Өндірістік бақылау №_______________ Талдау ветеринариялық норматив бойынша жүргізілді __________________ Сақталу мерзімі ________________ Дайындау уақыты _______________ № Көр­сет­кіш­тер­дің ата­луы Нор­ма­тив­тер­дің та­лап­та­ры Тал­дау нәти­же­ле­рі Қорытынды:__________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Өндірістік бақылау бөлімінің бастығы __________________________________________________ Датасы "____" _______________ 20 _ ж. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға рұқсат беремін. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындайтын және өндіретін ұйымның басшысы _____________________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты – болған кезде) Датасы "____" _______________ 20 _ ж.
Басқа 2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын бақылау журналы
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау Қағидаларына 2-қосымша Нысан Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын бақылау журналы ӨНДІРІСТІК БАҚЫЛАУ №_________ Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының аталуы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Серия № _________ дайындалған датасы_________ саны____________________Вакцинаның сутектік көрсеткіші (РН) ___________________________________ Микробтардың концентрациясы ________________________________________ Дайындау тәсілдері ___________________________________________________ ____________________________________________________________________ Бақылауға түскен датасы ______________________________________________ Стерилдігіне және тазалығына тексеру_______ сынама саны ________________ Себудің қорытындылары: _____________________________________________ етпептондық сорпада (флакондарда) __________________________________ етпептондық сорпада (пробиркада) ___________________________________ етпептондық агарда (пробиркада)_____________________________________ етпептондық бауыр сорпасында (флакондарда)__________________________ етпептондық бауыр сорпасында ( пробиркада)__________________________ Микроскопияның нәтижесі ____________________________________________ Қорытынды __________________________________________________________ _____________________________________ Датасы «_____»_________ 20 __ж. Ветеринариялық препараттардың жемшөп пен жемшөп қоспаларының залалсыздығын және авируленттілігін тексеру Жа­ну­ар­дың тү­рі Сал­ма­ғы До­за­сы Ен­гі­зу да­та­сы Ен­гі­зу тә­сіл­де­рі Нәти­же­ле­рі Қорытындысы: ______________________________________ Датасы «____» _______________ 20 ___ ж. Ветеринариялық препараттардың жемшөп пен жемшөп қоспаларының белсенділігін тексеру Жа­ну­ар­лар­дың тү­рі Са­ны Егу да­та­сы Жұқ­ты­ру да­та­сы Нәти­же­ле­рі Бел­сен­ді­лік про­цен­ты өл­ді ті­рі қал­ды Қорытынды __________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Өндірістік бақылау бөлімінің бастығы ________________________________________ Датасы «____» _______________ 20 _ ж.
Басқа 3. Өндірістік бақылау бөлімшелерінде ветеринариялық препараттардың жемшөп пен жемшөп қоспаларының архивтік үлгілерінің келіп түсуі және сақталуы жөніндегі есепке алу журналы
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау Қағидаларына 3-қосымша Нысан Өндірістік бақылау бөлімшелерінде ветеринариялық препараттардың жемшөп пен жемшөп қоспаларының архивтік үлгілерінің келіп түсуі және сақталуы жөніндегі есепке алу журналы № Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­дың жем­шөп және жем­шөп қо­с­па­ла­ры­ның ата­луы Се­ри­я­ның но­мі­рі Дай­ын­дал­ған да­та­сы Түс­кен да­та­сы Үл­гі­лер­дің са­ны Жа­рам­сызд ық­қа жі­бе­ру да­та­сы Орын­да­у­шы­ның қо­лы
Басқа 4. 20____ жылғы «____» ________ № __сараптама актісі (сынақ хаттамасы)
Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларына 4-қосымша Нысан 20____ жылғы «____» ________ № __сараптама актісі (сынақ хаттамасы) Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы және мекенжайы Үлгінің атауы, типі, маркасы, сериясы Үлгінің сынаққа келіп түскен күні Үлгінің алынған күні Дайындаушы (ел, кәсіпорын) Партия өлшемі (көлемі), массасы Сынама саны Нормативтік құжаттың белгіленуі Сынақтар жүргізілген күн Сынақтар түрі Сыртқы беті Сараптамалар (сынақтар) нәтижелері/ 20____ жылғы «____» № __ Р/с № Зерттеулер/сынақтар атауы Зерттеулер/сынақтар әдістемелеріне нормативтік құжат Көрсеткіштердің нормаланатын мәні Зерттеулер/сынақтар нәтижелері/ Сынақтар нәтижесі бойынша қорытынды: НТҚ сәйкес қолданылған бақылау материалдары (диагностикумдар) ____________________________________________________________________ Сынақтарды жүргізу шарттары: ____________________________________________________________________ санитариялық нормаларының талаптарына сәйкес Ескертпе: осы сараптама актісін (сынақ хаттамасын) зерттеу/сынақ жүргізген ветеринариялық зертхананың рұқсатынсыз толықтай немесе ішінара қайта шығаруға немесе тираждауға болмайды