О бизнес-инкубаторе для малого предпринимательства в Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысындағы шағын кәсіпкерлік бизнес-инкубаторы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында 19.06.1997 ж. облысымызда бизнес-инкубатордың консультатив Кеңесі құрылғаны, тендер өткізілгені, онда бизнес-инкубатордың 2000 жылғы бастапқы 10 кәсіпкер-клиенттері анықталғаны, соның ішінде бесеуі ауылдық және бесеуі қалалық шағын бизнес субъектісі екені назарға алынсын.
«Инвест Консалтинг-Көкшетау» фирмасы ұсынған, Евразия Қоры қолдаған Ақмола облысының шағын кәсіпкерлеріне арналған бизнес-инкубатор жұмысының жоспары әзірленді.
Евразия Қоры қаржыландыруды бастады, ал «Инвест Консалтинг-Көкшетау» фирмасы жұмыс органы ретінде осы жоспарды іске асыра бастады.
Тармақ 2
2. Консультативтік Кеңестің бизнес-инкубаторға соңғы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту ресурстық орталығы негізінде құру, консалтинглік қызметін оқыту және лизинг орталығын, кредит қоры мен басқа да нарықтық инфрақұрылым элементтерін қоса нақты көмектер көрсету жөніндегі бағдарламасы қолдансын.
Тармақ 3
3. Облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі басқармасы шығындар сметасында (бюджеттік классификация бойынша 272.02.31. бағдарлама) бизнес-инкубатор жұмысының жоспарын жүзеге асыру үшін 650,0 мың тенге ассигнование қарастырсын.
Осы сумманың «Инвест Консалтинг-Кокшетау» фирмасының есеп шотына түсуі қамтамасыз етілсін. Бұл қаржы Ақмола облысының бизнес-инкубаторының 2000 жылғы жұмысын жүргізу мен жобасын құруға арналған жарна деп есептелсін. (Қазақстан Республикасының 19.06.97 ж. № 135-1 «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы (Қосымша №1).
Тармақ 4
4. Облыстық мәслихаттың екінші шақырылған бірінші сессиясының 24.11.1999 ж. № С-1/11 шешімімен шағын кәсіпкерлікті дамытуды несиелендіруге арналған қаржының жалпы соммасынан 5 млн. теңге бизнес-инкубатор клиенттерін қаржыландыруға сақталсын. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі басқармасы «Инвест Консалтинг-Көкшетау» фирмасының бизнес-инкубатор клиенттерін сақталған бюджеттік ассигнованиелер есебінен қаржыландыруды облыс әкімінің 2 тамыз 1999 жылғы № 243 шешіміне сәйкес жүзеге асырсын.
Бюджеттік қаржының қаржылық операторы болып «ТұранӘлемБанкі» Көкшетау филиалы белгіленсін, негізгі шарттары - банк қосымша қаржыландыру міндеттерін жартылай орындауға тиіс, несиелеу мерзімі 18 ай және бюджеттік қаржы қайтарылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы (Т.С.Махметов), Зеренді (Вибе А.Н.) және Щучье (Әкімов Р.К.) аудандарының әкімдері инкубацияланған фермерлерге агротехникалы шаралар жүргізуге және ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге қажетті көмектер көрсетсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Әділбековке жүктелсін.
Басқа 7. Ақмола облысы бойынша бизнес-инкубатордың қызметінің жоспарын қаржыландыру тәсімі
Облыс әкімінің 2000 ж.
5 мамырдағы шешіміне № 490
№1 қосымша
Ақмола облысы бойынша бизнес-инкубатордың қызметінің жоспарын қаржыландыру тәсімі
Басқа 8. «Инвест-Консалтинг-Көкшетау» фирмасының, бизнес-инкубатордың клиенттерін несиелендіруге сақталған бюджеттік қаржы (5 млн.теңге) бойынша қаржыландыру тәсімі
Облыс әкімінің
2000 жылғы 5 мамырдағы
№490 шешіміне
№2 қосымша
«Инвест-Консалтинг-Көкшетау» фирмасының, бизнес-инкубатордың клиенттерін несиелендіруге сақталған бюджеттік қаржы (5 млн.теңге) бойынша қаржыландыру тәсімі