Об образовании села имени Актан батыра в Актогайском сельском округе Шалкарского района Актюбинской области Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінде Ақтан батыр атындағы ауылды құру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 27-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес, тұрғындардың пікірін, Шалқар ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінде Ақтан батыр атындағы ауыл қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.