О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредита для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Улытауского района Қолданыста
Басқа 0
Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін 2012 жылы келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомада көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет пен қаржы, экономикалық реформа мен заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Ұлытау ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы
К. Омарова
16.04.2012 ж.