О критериях достаточной переработки товаров, произведенных на территории свободного склада и реализуемых с данной территории на остальную часть территории Республики Казахстан, товаров, произведенных на территории свободного склада и реализуемых владельцем свободного склада на территории Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Еркін қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін тауарларды, еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 225-бабының 17) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекiтiлген Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ереженiң 37-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) еркін қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін;
Тармақша 2
2) еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін тауарлар үшін белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.