Об изменении границ (черт) населенных пунктов Талгарского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талғар ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес Талғар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Талғар ауданы елді мекендерінің шекаралары (шегі) ұсынылған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Гүлдала ауылдық округінің Қайрат ауылына жалпы көлемі 20,0 гектар жер қосылсын.
Тармақша 2
2) Панфилов ауылдық округінің Қарабұлақ ауылына жалпы көлемі 67, 87 гектар жер қосылсын.
Тармақ 2
2. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына (Жұмағұлов Талғат Жапашұлына) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. КЕЛІСІЛДІ: "Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Тұрысбеков Рүстем Бейсенұлы 13 сәуір 2012 жыл "Талғар ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Рысбеков Марат Тұқанұлы 13 сәуір 2012 жыл