О переименовании некоторых населенных пунктов Павлодарской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" № 281 қаулысына, Май ауданы әкімдігі мен мәслихатының 2011 жылғы 13 шілдедегі "Май ауданының Қаратерек селолық округінің Орджоникидзе ауылын Хасен Сейтказин ауылы деп қайта атау туралы" № 7/38 бірлескен қаулысы мен шешіміне, Баянауыл ауданы әкімдігі мен мәслихатының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі "Баянауыл ауданының Қызылтау ауылдық округінде орналасқан Жуантөбе ауылының атауын Жүсіпбек Аймауытов ауылы деп өзгерту туралы" № 246/39 бірлескен қаулысы мен шешіміне, облыстық ономастика комиссиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы "Елді мекендер мен мекемелерге ат қою және атауын өзгерту туралы" қорытындысына сәйкес, облыс әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы "Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы" № 36/1 қаулысына сәйкес, Баянауыл және Май аудандары тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Май және Баянауыл аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін: Май ауданының Қаратерек селолық округінің Орджоникидзе ауылы Хасен Сейтказин ауылы деп қайта аталсын; Баянауыл ауданының Қызылтау ауылдық округінде орналасқан Жуантөбе ауылының атауы Жүсіпбек Аймауытов ауылы деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.