Об утверждении нормативов потерь воды в системах коммунального водоснабжения Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық сумен қамтамасыз ету жүйесiндегi су шығындарының нормативтерiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 23.10.2001 № 1-255ө өкімімен.
"Казводоканалналадка" мамандандырылған кәсiпорны "Водоканал" Шымкент басқармасы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны бойынша жасаған нормативтiк су шығынының және технологиялық мұқтаждарға кететiн су шығындарының есебi негiзiнде:
Тармақ 1
1. Су шығыны, есепке алынбайтын және технологиялық су шығындары
бойынша нормативтер бекiтiлсiн (тiркелген).
Тармақ 2
2. "Водоканал" Шымкент басқармасы мемлекеттiк коммуналдық
басқармасына (А. Орман) 2001 жылдың 1 жартыжылдығында жеке сектордағы жеке
үйлерге су шығынын есепке алу құралдарын орнатуды аяқтау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылауға алу облыс әкiмінiң орынбасары
Ә.С. Құртаевқа жүктелсiн.
Басқа 4
Облыс әкiмiнiң
25.04.2000ж. № 1-74ө өкiмiне
қосымша
Судың кемiп кетуi, есепке алынбауы және технологиялық
жұмсалуы бойынша нормативтер
Су шығындарының түрлерi
Судың жүйеге берiлуiнен болатын шығындарды бағалау
1. Жүйеге берiлетiн судың
көлемi
100
2. Сатылу көлемi
72,25
3. Сатылмайтын (жоғалып
кететiн) судың көлемi оның
iшiнде:
- технологиялық жағынан жоғалатын су
- өрт сөндiруге жұмсалатын су
- жүйеде ағып кететiн суды
жасырып қалу
- суды ұрлау
- су өлшеуiштерi есептемейтiн
шығындар
- апат кезiнде жұмсалатын су
27,75
5,11
0,98
8,3
1,0
4,0
8,36