Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о сотрудничестве в области охраны окружающей среды Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 13 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2012 жылғы 18 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2012 ж., N 6, 79-құжат) Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі, екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында, халықаралық құқықтың, бір-бірінің ішкі істеріне араласпаудың, теңдіктің және бейбіт қатар өмір сүрудің жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, 2002 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарттың 10-бабына сәйкес, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды пайдалану процесінде экожүйелерді сақтаудың маңыздылығын сезіне отырып, қоршаған ортаны сақтау, экологиялық апаттарды және табиғи ортаның тозуын болғызбау үшін бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, қоршаған ортаны қорғау саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға және мәселелерді бейбіт реттеуге ықпал етуге ниеттене отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Осы Келісім Тараптардың осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген бағыттар бойынша ынтымақтастығы шеңберінде олардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметін регламенттейді.
Бап 2. 2-бап
2-бап Тараптар ынтымақтастығы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) атмосфералық ауаның ластануының алдын алу және оны бақылау;
Тармақша 2
2) трансшекаралық өзендер суының сапасын мониторингілеуді, судың ластануына байланысты төтенше жағдайлар туралы өзара ақпарат беруді қоса алғанда, судың ластануының алдын алу және оны бақылау әрі ластануды жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау;
Тармақша 3
3) қатты қалдықтармен ластанудың алдын алу және оны бақылау, сондай-ақ оларды залалсыздандыру;
Тармақша 4
4) қауіпті қалдықтарды заңсыз трансшекаралық өткізудің алдын алуды қоса алғанда, оларды басқару;
Тармақша 5
5) радиоактивті ластанудың алдын алу және оны бақылау;
Тармақша 6
6) биологиялық сан алуандықты сақтау;
Тармақша 7
7) экожүйелерді тозудан қорғау және құмды борандардың алдын алу;
Тармақша 8
8) жер ресурстарын пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау;
Тармақша 9
9) қоршаған ортаға әсерін тигізетін төтенше жағдайларға бірлесіп ден қою;
Тармақша 10
10) қоршаған ортаның мониторингі;
Тармақша 11
11) бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу және Тараптар үшін қолайлы қоршаған орта мониторингінің қағидалары мен көрсеткіштерін және оларды талдау әдістемелерін келісу;
Тармақша 12
12) өндірістің экологиялық таза технологияларын енгізуге және таратуға жәрдем көрсету;
Тармақша 13
13) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, білім беру, кадрлар даярлау және насихаттау;
Тармақша 14
14) ынтымақтастықтың Тараптармен келісілген өзге салалары.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптар ынтымақтастығы мынадай негізгі нысандарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ынтымақтастық бағдарламалары мен жобаларын бірлесіп әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 2
2) сарапшылар арасындағы пікір алмасу және консультациялар, делегациялардың өзара сапарлары және кадрлар даярлау;
Тармақша 3
3) бірлескен жиналыстар, конференциялар және ғылыми семинарлар өткізу;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаның жай-күйі туралы баяндамалар, сондай-ақ ғылым, техника, технологиялар, саясат, заңнама, нормативтер және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа мәселелер бойынша ақпарат пен материалдар алмасу;
Тармақша 5
5) бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу;
Тармақша 6
6) ынтымақтастықтың Тараптармен келісілген өзге түрлері.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тармақ 1
1. Тараптар қоршаған ортаға трансшекаралық әсер ететін төтенше жағдайлар туралы өзара ақпараттандырудың жұмыс тетігін құрады.
Тармақ 2
2. Тараптар өзара қолдау негізінде екінші Тарап мемлекетінің қоршаған ортасына зиян келтіретін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, сондай-ақ қоршаған ортаға трансшекаралық әсерді барынша жою немесе азайту жөніндегі қажетті және ұтымды шараларды қабылдайды.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Тармақ 1
1. Тараптардың осы Келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті органдары: Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі; Қытай Тарапынан - Қытай Халық Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. Құзыретті органдардың атаулары мен функциялары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар етеді.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің орындалуын үйлестіруді 2011 жылғы 22 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау туралы келісімге сәйкес құрылған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясы (бүдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Комиссия осы Келісімді іске асыру мақсатында қажет болуына қарай өз қызметін оның басшылығымен жүзеге асыратын жұмыс топтарын құрады.
Тармақ 3
3. Комиссия отырыстары Тараптар мемлекеттерінің аумағында кезек-кезек өткізіледі. Отырыс өткізу үшін қабылдаушы Тарап орын және көлік құралдарын ұсынады. Тараптар іссапарға жіберуге, тұруға және тамақтануға байланысты қаржылық шығыстарды дербес көтереді. Комиссияның жұмыс тілдері орыс және қытай тілдері болып табылады.
Бап 7. 7-бап
7-бап Осы Келісім Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Тармақ 1
1. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса Тараптардың бірде біреуі өзі екінші Тараптан осы Келісімді іске асыру шеңберінде алған ақпаратты үшінші тарапқа бермейді.
Тармақ 2
2. Осы Келісімді іске асыру кезінде Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерді екінші Тарапқа бермеуге құқылы.
Бап 9. 9-бап
9-бап Тараптар осы Келісімді іске асыруға байланысты қаржылық шығыстарды өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегінде дербес көтереді.
Бап 10. 10-бап
10-бап Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бап 11. 11-бап
11-бап Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану жөнінде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер және консультациялар жолымен шешеді.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың бірде-біреуі кезекті кезең аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы өзінің оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама жібермесе, келесі бес жылдық кезеңдерге өздігінен ұзартылады. 2011 жылғы 13 маусымда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Осы Келісімді түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс және қытай тілдеріндегі мәтіндерге жүгінетін болады. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін 2011 жылғы 13 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.