Об утверждении Правил обеспечения кандидата в космонавты, космонавта ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 қаулысымен бекiтiлген Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруы шартымен ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат (бұдан әрi – ғарышкерлікке кандидат) – алдын ала iрiктеуден өткен және ғарышкер бiлiктiлiгiн алу үшiн даярлыққа жiберiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ғарышкерi (бұдан әрi – ғарышкер) – даярлықтан өткен, ғарышкер (сынаушы ғарышкер, зерттеушi ғарышкер, нұсқаушы ғарышкер) бiлiктiлiгiнің және ғарышкер мәртебесiнің берілгені туралы құжаттар алған Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 3
3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Тармақша 4
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.
Тарау 2. 2-тарау. Жыл сайынғы профилактикалық тексерілуді және медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі
2-тарау. Жыл сайынғы профилактикалық тексерілуді және медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 3
3. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, 15 қаңтардан кешіктірмей ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге және олардың бірге тұратын отбасы мүшелеріне денсаулық сақтау ұйымдарында жыл сайынғы профилактикалық тексерілуден өту қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 4
4. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің және олардың бірге тұратын отбасы мүшелерінің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуі ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің мәртебесі Заңның 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларымен расталады. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің бірге тұратын отбасы мүшелері денсаулық сақтау ұйымына медициналық қызмет көрсету үшін қажетті бірге тұратынын растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 6
6. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер және олардың бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы.
Тармақ 7
7. Пациентті стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға ауыстыру қажеттілігі туындаған кезде ауыстыру «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес бекітілген Медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Санаторийлік-курорттық емделуді қамтамасыз ету тәртібі
3-тарау. Санаторийлік-курорттық емделуді қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 8
8. Туа біткен аурулардан, жіті жай-күйлерден, хирургиялық араласудан және жарақаттардан, сондай-ақ олардың салдарынан кейін зардап шегіп жүрген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер және олардың бірге тұратын отбасы мүшелері Кодекстің 125-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген Медициналық оңалту көрсету қағидаларына сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық оңалтуға жіберіледі.