О ходе государственного регулирования цен и тарифов на работы и услуги и контроля за деятельностью субъектов естественных монополий Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыс, қызмет көрсету түрлерiнiң бағаларын және баға кестелерiн мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн бақылау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен. Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi Агенттiгiнің Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң қызметi туралы ақпаратты тыңдап, облыс әкiмi департаменттiң 1999 жылы атқарған жұмысын атап өттi. Табиғи монополист - кәсiпорындарында 127 тексеру өткiзiлiп, 139 бұзушылық фактiлерi анықталды. Тексеру актiлерiнде көрсетiлгенiндей, негiзгi бұзушылық - баға кестелерiн жасау кезiнде негiзге алынатын, тауар өндiру және қызмет көрсету түрлерi үшiн калькуляцияға енгiзiлген қаражаттардың толық игерiлмегенi болып табылады. Осындай баға мен баға кестелерiн төмендетуге бағытталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 573,7 млн. теңге болды, немесе бұл анықталған бұзушылық фактiсiнiң жалпы сомасы - 663,4 млн. теңгенiң 87 пайызын құрады. Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi Агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң директоры Қ.С. Iзбасқановтың ақпараты мәлiметке алынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi Агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң директоры (Қ.С. Iзбасқанов): - 1999 жылы жүргiзiлген тексерулердiң нәтижесiнде жалпы сомасы 573,7 млн. теңгеге анықталған жұмыс, тауар және қызмет көрсету түрлерiне жасалған көтерiңкi баға кестелерiн төмендету бойынша шара қабылдау; - коммуналдық қызмет түрлерiн (су, канализация, жылы, ыстық су, табиғи газ, телефон, қалалық жолаушы тасымалдау автомобиль көлiгi) өндiруге жұмсалатын нақты шығындарды тексерiп, 2000 жылғы 1 шiлдеге дейiн дұрыс баға кестелерiн бекiту; - монополист кәсiпорындардың қызметiне тиiстi бақылау орнату ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ә.С. Құртаевқа жүктелсiн.