Об утверждении правил и условий совмещения видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг Қолданыста
Басқа 0
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптарын бекіту туралы
Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 120 қаулысына
1-қосымша
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару тәртібін және талаптарын айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару тәртібі
2-тарау. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару тәртібі
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің мынадай түрлері қоса атқарылады:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздармен, цифрлық қаржы активтерімен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметпен және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының және (немесе) цифрлық активтер сауда платформасы операторының қызметімен;
Тармақша 2
2) брокерлік және (немесе) дилерлік – кастодиандық қызметпен, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметпен, сондай-ақ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын Ұлттық пошта операторы және банктер үшін трансфер-агенттiк қызметпен;
Тармақша 3
3) депозитарлық – бағалы қағаздарды және цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу, бағалы қағаздармен, және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша қызметпен, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметпен, трансфер-агенттік қызметпен, кастодиандық қызметпен, цифрлық қаржы активтері платформасы операторының және (немесе) цифрлық активтер сауда платформасы операторының қызметімен және цифрлық активтерді, оның ішінде Ұлттық стратегиялық крипторезервтің құрамына кіретін активтерді есепке алу және сақтау жөніндегі қызметпен;
Тармақша 4
4) инвестициялық портфельдi басқару – брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен;
Тармақша 5
5) кастодиандық – брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен, трансфер-агенттiк қызметпен;
Тармақша 6
6) қаржы құралдарымен және цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті – брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен.
Тарау 3. 3-тарау. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару талаптары
3-тарау. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару талаптары
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаруға бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрлеріне қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда рұқсат беріледі.
Тармақ 4
4. Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті лицензияланатын түрін жүзеге асыруға лицензиясын алады.
Тармақ 5
5. Орталық депозитарий трансфер-агенттік қызметті және кастодиандық қызметті қоспағанда, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-1-тармағына сәйкес уәкілетті органның лицензиясынсыз кәсіби қызмет түрлерін қоса атқарады.
Басқа 2. Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 120 қаулысына
2-қосымша
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2583 тіркелген, 2004 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде, № 1-4, 905-құжатта жарияланған).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 396 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3416 тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 278 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3854 тіркелген).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 45 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4612 тіркелген, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4828 тіркелген).
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4978 тіркелген).